Доклад на тему "Причины Декабрьских событий 1986 года"
Оценка 5
Презентации учебные
docx
история
9 кл
14.12.2017
1980 жылдардың ортасына қарай Коммунистік ұлыдержавашыл, империяшыл аппараттың кеңес қоғамын дағдарыстан алып шығуға қабілетсіз екендігі белгілі болды. Алда аса ауыр да күрделі, аумалы-төкпелі заман келе жатты. Ол 1985 жылдың көктемінен басталды. 1986 жылдың желтоқсанына дейінгі бір жыл, сегіз ай ішінде республикада қоғамдық – саяси даму бағыттарын тереңнен қозғаған реформалар бола қойған жоқ. Мұндай жағдай Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Қазақстандағы басшылықты ескі тәсілмен бір-ақ күнде ауыстыра салу әрекетіне итермелейді.
доклад.docx
Баяндама тақырыбы:
1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының себептері
ұстаздар,
оқушылар,
құрметті
Армысыздар,
конференцияға
қатысушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына
арналған «Желтоқсан жаңғырығы жадымда» атты конференцияға қош
келдіңіздер! Мен өз баяндамамда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының
себептері туралы айтқым келіп отыр.
1980 жылдардың ортасына қарай Коммунистік ұлыдержавашыл,
империяшыл аппараттың кеңес қоғамын дағдарыстан алып шығуға қабілетсіз
екендігі белгілі болды. Алда аса ауыр да күрделі, аумалытөкпелі заман келе
жатты. Ол 1985 жылдың көктемінен басталды.
1986 жылдың желтоқсанына дейінгі бір жыл, сегіз ай ішінде
республикада қоғамдық – саяси даму бағыттарын тереңнен қозғаған
реформалар бола қойған жоқ. Мұндай жағдай Кеңес Одағы Коммунистік
партиясы Орталық Комитетінің Қазақстандағы басшылықты ескі тәсілмен бір
ақ күнде ауыстыра салу әрекетіне итермелейді.
Қырық жылдан астам жауапты қызметтерде Қазақстан үкіметінің,
республика партия ұйымының партия басшылығында болған Дінмұхамед
Қонаев КОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне дейін
көтерілді, Кеңес Одағының ішкі және сыртқы саясатына араласты. Д.Қонаев
басқарған онжылдықтарда Қазақстан әлеуметтікэкономикалық салаларда
айтарлықтай жетістіктерге жетті: табиғи байлықтары игеру кең ауқымда
жүргізілді, ауыр өнеркәсіп белгілі деңгейде өсу үстінде болды, ұлт зиялы
қауымы жаңа сапалық деңгейге көтерілді.
Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің нұсқауымен
1986 жылы желтоқсанның 16сы күні Қазақстан Коммунистік партиясы
ОРталық Комитетінің хатшысы Г.Разумовский жүргізді. Күн тәртібінде бір
ғана ұйымдастыру мәселесі тұрды. Д.Қонаевтың орнына Орталықтың шешімі
бойынша Геннадий Колбинді сайлау ұсынылды.
Ондаған жылдар бойы қордаланып қалған келеңсіздіктер – қоғамдық
әлеуметтік және мәдени салаларды қамтыған өрескел кемшіліктер, ұлт
мәселелерінің қатты шиеленісуі республика жастарының ызасын келтіріп,
оларды ашық қимылға еріксіз алып келді. Республиканың бірінші басшысының
ауыстырылуы пісіпжетіліп тұрған жаппай наразылықтың ашық қарсылық
түрінде көрініс беруіне түрткі болды.
Келес күні таңертеңнен бастап Брежнев атындағы алаңға (қазіргі
Ресрублика алаңы) аамар жинала бастады. Олардың дені студенттер мен
жұмысшы жастар еді. Жиналғандар орталықтың кадр саясатын жүргізудегі
өктемдігіне наразылық білдірді. Орталық өкілдерінен жергілікті билік
органдарымен санасуды талап етті. Лениндік ұлт саясатының іс жүзінде дұрыс
жүргізілуін, республиканың егемендігін сыйлауды, ұлттық тіл мен мәениеттің дамуын қамтамасыз етуді, жергілікті халық арасынан саяси қайраткерлердің
шығуына кедергі келтірмеуді, кадр саясатын әділ жүргізуді талап еткен
ауыстар естіліп, транспаранттар көтерілді. Митинг бірқалыпты, тәртіппен
өтіп жатты.
Алаңға жиналғандарға партия мен үкімет басшылары танымал
адамдарды жіберіп, ақыл айтқызып, таратпақ болған әрекеттерінен нәтиже
шықпаған соң, әміршіләкімшіл басқару жүйесінің үйреншікті әдістеріне
көшті.
Алматыға елдің түрлі өңірлерінен Ішкі істер министрлігіне қарасты
арнайы әскери бөлімшелері әкелінді. Желтоқсанның 18і күні сағат 13те
алаңға әскери училищенің жеке құрамасы енгізіліп, Орталық Комитет үйі
қоршауға алынды. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің шекара
учмлищесінің курсанттары ерекше қатыгездігімен көзге түсті. Ереуілшілдерді
ұстап, жазалау басталды. Олардың қолға түскендері арнайы қабылдау
орындарына, тергеу аластағыштарына, ақпараттыесептеу жүйесі үйлеріне
орналастырылды. Шерушілерге қарсы сапер күректері, үйретілген иттер,
өртсөндіруші машиналар, бронды транспортерлер жіберілді. Қолға түскен
жігіттер мен қыздар қақаған аязда бірнеше сағат бойы зорлықпен қар үстіне
жатқызылды, қаладан алысқа апарылып, жұқа және су киімдерімен түнгі аяз
ызғарында ұсталды.
Желтоқсан оқиғалары – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр
және қайғылы беттердің бірі. Бұл оқиғалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл
Кеңес Одағына жаңа еніп келепжатқан жас демократия үшін күрестің басы
болды. Сондықтан да оның жүгі ауыр, шығыны көп болды.
Назарларыңызға рахмет!
Доклад на тему "Причины Декабрьских событий 1986 года"
Доклад на тему "Причины Декабрьских событий 1986 года"
Доклад на тему "Причины Декабрьских событий 1986 года"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.