_В жизни каждого человека есть место для большой духовной Музыки. Это чудо можно объяснить, с возможностью отображения состояний людей в различные моменты пережить, как и эстетическому воспитанию подрастающего поколения. Поэтому, особое место на пути развития способности ребенка понимать мир музыки дают теоретические уроки в школе.
Наряду с предоставлением морального воспитания школьников способствует укреплению кругозора, эстетического вкуса, несут уроки изучения народного творчества казахских композиторов.доклад на тему "Воспитательное значение музыки"
Музыканың тәрбиелік мәні.doc
Музыканың тәрбиелік мәні.
Б. А. Минжанова
Қарағанды қ. «№ 3 Балалар музыка мектебі».
Музыка адамның рухани дуниесіне зор әсерететін адамдардың
өмірінің әр түрлі сәттеріндегі бастан кешкен күйлерін бейнелеп беретін
ғажайып мүмкіндігімен түсіндіруге болады. Музыка адамның өмірлік серігі,
рухани азығы және өзінің көркемділігімен адам жынын баурап, жақсы мінез
құлықтарының қалыптасуына әсерін тигізеді. Осыған М. Әүезов, «Әнге әүез,
күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деп айтқандай жас
ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде музыканың атқаратын рөлі шексіз.
Сондықтан, мектептегі музыка сабағы баланың музыка әлемін түсініп
қабылдау және музыка қабілетін дамыту жолында алатын орны ерекше.
Мектепте музыка сабағы оқушыларды патриоттық тәрбиеге баули
отырып, оқушыларға моральдік тәрбие беруімен қатар ой өрісінің өсіп
нығаюына көмектеседі, эстетикалық талғамын көтереді.
Музыка сабағы оқушыларды жалпы халық әндерімен,
классиктермен, Қазақстан композиторларымен, олардың шығармаларымен
таныстырады, балалардың есту қабілетін және ырғақ сезімдерін өсіреді,
оқушыларға музыканы дұрыс тыңдатып, музыкалық сауатын ашады.
Мектептегі музыкалық білім беруде күні бүгінге дейін нота сауаттылығын
әркім әрқалай түсінеді. Бұл музыкалық сауаттылықты, музыка мен
музыканттар жөніндегікең мағынасы мен ноталық жазу білімімен ғана
байланысты тар мағынасында түсіндіретін мектеп бағдарламасында көрсеткен
фактінің көрінісі болса керек. Бағдарламадағы шалағайлық музыкалық білім
аясының мазмұн тұрғысынан шектеулі болуына әкеліп соқтырады.*
Ән және музыка арқылы оқушыларды өз Отанан шексіз сүйіп,
патриотизм сезімі рухында сонымен қатар, өнерді сүю бағытында тәрбиелеу
міндеті туып отыр.
Мектептегі сабақтар оқушылардің музыкалық таным дамуының
маңызды кезеңі – сапалы деңгейдегі сананың қалыптасуы болып табылады.
Білім алудің алғашқы кезеңінде барлық оқушылар бірдей ақыл тоқтата
қоймағандықтан, олардің мінез құлқына әліде ерекшеліктер байқалады.
Олардің музыка мәдениетінің қайнар көзіне деген құштарлығы біртебірте
пайда болады. Ән сабағының басты мақсаты:
Оқушылардың есту, ырғақ сезімдерін, даустарын қалыптастыру және
алғашқы ән сабағынан бастап балалардың алдына қойылған талаптарды
орындаумен қатар, жас балалалрдың дауысын бұзып алмай, сақтай білетін етіп
өткізу.
Оқушыларды бір және екі дауысты әндерді музыка аспабымен және «а
капелла» бәрі қосылып хормен орындағанда бәрі бір бастап,бір аяқтауға,
мұнымен қатар әннің ырғағын бұзбай таза орындайтын етіп дағдыландыру.
Сабақ барысында мұғалім оқушыларды халық музыкасымен, әлемдегі ұлы
композиторлармен таныстырады. Әр түрлі сауық кештерді өткізеді.
1.
2. Мектеп оқушылары үшін мұндай жұмыстардың зор маңызы бар: бұл
балаларға нақтылыбілім беріп, сана сезімін, сөз байлығын дамытып
жетілдіреді. Сонымен қатар балалар өздерінің жастарына сай түрлі әндерді,
күйлерді үйренеді, олардың музыкаға құмарлығы артады. Балаларға музыка
тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыру арқылы осы міндетті орындауға болады.
Эстетикалық тәрбие – мектеп оқушыларының әсемдікті қабылдап,
сезіну және түсіну, жақсымен жаманды байқап, творчестволық тұрғыдан жеке
қимыл жасау, сөйтіп көркемдікқызметтік әр түріне қамтылу қабілеттерін
дамытуға бағытталған.
Эстетикалық тәрбиенің жарқын құралдарының бірі – музыка. Олай
болса шығармашылық талғамын көтеріп, оқушының жалпы музыкалық
қабылетін дамыту керек. Музыкалық қабілетттің бірінші белгісі музыувлық
шығарманың мінездемесін, мазмұнын сезіну, естігенімен қуану, күйіну,
эмоциялық әсерін көрсету.
Музыка оқушыларды толғандырады,
қабылдаушылық қабылетін оятады, өмір құбылыстарымен таныстырады,
лоарды бірбірімен салыстыра отырып ой туғызады.
Музыка қабілетінің екінші белгісі – тыңдау қабілеттілігі, неғұрлым
жарқын және түсініктімузыкалық құбылыстарды салыстыру, оларға баға беру
қабілеті.
Мұның өзі ең қарапайым музыкалық шығарманы тыңдап, естіп білу
мәдениетін, қайсыбір бейнелеу құралдарына ден қойып, еркін тіңдау қабілетін
талап етеді. Мәселен, балалар музыкалық дыбыстардың ең қарапайым
қабілеттерін бірбірімен салыстырады, музыкалық шығарманың құрылымын,
әннің бастамасын, қайырмасын, музыкалық пьесадағы үш бөлімін бірбірімен
айырады, бірбіріне қарама қарсы көркем бейнелербің айқындылығын (өлең
бастамасының биязы, жұмсақ және созылыңқы сипатымен қайыырманың
жігерлі, тез сипатын) байқайды.
Барабара балалардың өздері бір ынтасымен және орындайтын сүйікті
шығармаларының қоры жинақталады, музыкалық талғамдарының алғашқы
негіздері қаланады.
Музыкалық қабілеттің үшінші белгісі – музыкаға деген көзқарастың
көрінісі.
Оқушы музыканы тыңдап отырғанда көркем бейнені, әнді, аспаптық музыканы
көз алдына елестете отырып, өзінше қабылдайды.
Музыкаға жалпы бейімділіктің дамыуна қарай балалардың музыкаға
деген эмоциялық көз қарасты қалыптастырып, есту қабілеті жетілдіре түседі,
шығармашылық елестету пайда болады. Балалардың тербеністолғаныстары
өзіндік эстетикалық рең алады.
Музыка баланың сезіміне тікілеі әсер ете отырып, оның моральдік
бейнесін қалыптастырады. Музыканың ықпвлы кейде үгіттеуденде,
нұсқауданда неғұрлым күшті болады.
Оқушылардың эмоциялық бейнелік мазмұны әр түрлі шығармалармен
таныстыра отырып, біз оларды қосымша әсерленуге баулиміз.
Балалардың хормен ән салуы көп ретте тәрбиелік міндеттерді шешуге
көмектеседі.Мұндайда олардың бәрі бір әсерге бөленеді. Ән айту
қатысушылардың бәрінің бірдей күш салуын қажет етеді. Әүенді дәл айтпайтын адам әнің жақсы айтылып, орындауынакедергі жасайды, ал ло
бәрінің сәтсіздігі ретінде қабылданады. Жолдастарының үлгісі, бәрі бірдей
шаттанып, қуанышты түрде орындауыжүрексіз, батылсыз балаларды
қанаттандырады. Басқа балалардың сәтті шыққан өнері ықылассыз, өр көкірек
баланың жағымсыз қылықтарға бой ұруына белгілі дәрежеде кедергі жасай
алады. Ондай балаға жолдастық көмек көрсетуге және оның басқадай
қабілеттерін дамытуға болады.Сөйтіп музыка баланың жеке басының
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар туғызады,
болашақ тұлғаның жалпы мәдениетінің алғашқы түп негіздерін қалайды.
1. «Қазақстан мектебі», 2002 ж. № 8
2. «Музыка әлемінде» 2004 ж. № 6
Әдебиеттер:
Доклад "Воспитательное значение музыки"
Доклад "Воспитательное значение музыки"
Доклад "Воспитательное значение музыки"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.