Доклат "Оқу пәні құралдарымен оқушы тұлғаның әлеуметтілігі". Социализация личности школьника средствами предмета
Оценка 4.8
Повышение квалификации
docx
воспитательная работа
5 кл
07.05.2017
Доклад по обобщению передового педагогического опыта работы по теме "Социализация личности школьника средствами предмета" . В данном докладе предлагается материал по социализации личности школьника через учебный предмет - казахский язык. Предназначен для работы учителям казахского языка и литературы. Материал представлен в качестве повышения квалификации педагогов.
Доклад по ОППО.docx
Оқу пәні құралдарымен оқушы тұлғаның әлеуметтілігі.
(тәжірибені қорыту)
Сәрсенбаева Айсұлу Бахтиярқызы
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
«Мектеплицей» КММ
Лисаков қаласы
Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар , өзгерістер
мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні,
келешегі мен болашағы жайында толғануына, жаңа идеялар мен жаңа
жүйелермен жұмыс жасауына негіз болар анық.
Оқу орнын бітіруші жас түлек еліміздің саясатындағы өзгерістер мен
жаңалықтардан толық хабардар бола отырып, өмірдің кезкелген
жағдаяттарынан шыға білетін алғыр да білімді жас болып тәрбиеленуі тиіс.
Олай болса, жас түлектің құзырлылық қабілеттерінің артуына, өзінөзі
дамытуына, жаналық ашып, ізденуіне педагогтың құзыреттілік қасиеті
маңызды рөл атқарады.
Құзыреттілік – бұл танымда пайда болған мәселені өз бетінше шешу үшін
қажетті, өз позициясын анықтауға, адамға қоғамдағы өмірлік нормалар мен
ережелерді дұрыс орындауға мүмкіндік беретін даму деңгейі. Бала өз
жұмысын өзі жоспарлап, алдына мақсат қойып, оған қол жеткізуге үйренуі
тиіс. Мектепке дейінгі жастағы балада әлеуметтікмәдени тұрғының
ауысуында қабілетінің еркіндік қимылы қалыптасуы тиіс.
Білім сатылары бойынша «Қазақ тілі» пәнінен құзыреттілік түрінде
күтілетін нәтижелер анықталып беріледі. Қазақ тілі пәнінен күтілетін
нәтижелер үш түрлі құзыреттілік бойынша сараланады.
Проблемаларды шешу құзыреттілігі;
Ақпараттық құзыреттілігі;
Коммуникативтік құзыреттілігі
Құзыреттілік дегеніміз тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік
күшжігердің болуы. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады.
Құзіреттілік оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті
өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешу үшін
қолдана алу қабілеттілігі. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың
коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамытудың маңызы
зор. Оқушылар қарым – қатынас моделдерін, мәдениеттік стереотиптерді,
мәдениет образдары мен символдарын білулері керек. Бұл оқушылардың
қазақ тілінде еркін сөйлесуін қамтамасыз ете алады.
«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» қол жеткізу,
сәйкес келу, сөзінен шыққан) – қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және
оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды.
Оқушы хат жаза, анкета толтыра, арыз жаза, сұрақ қоя, пікір таластыра т.б.
білуі тиіс. Коммуникативтік құзыреттілік екінші тілді үйренуші оқушыларға
тілдің заңдылықтарын жаттанды үйретпей, сол тілді тілдік және қатысымдық
тәсілдерді орынды қолданумен байланыстыру. Коммуникативтік құзыреттілік
жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне
көмектеседі.
Өз істәжірибемде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін
қалыптастыру мен дамыту жолдарын қарастырамын. Осы мақсаттарға жету
үшін өз жұмысымда қазіргі заманға сай сабақтарды өткіземін, өйткені
заманауи сабақ – оқушының қандай да бір құзыреттілігін қалыптастыруға
бағытталған. Өз сабақтарымда түрлі құзыреттілік тапсырмаларды қолданып
жүремін.
Бұл тақрып бойынша мен өз тәжірибемді жоғарыда айтылған тақырыбы
бойынша қорытып, оқуәдістемелік кешенді шығарып дайындадым. Бұл оқу
әдістемелік кешенді бағдарлама, күнтізбелік жоспарлар жинағы және жұмыс
дәптері құрайды (презентация арқылы ОӘК таныстыру).
Білім беру мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағытталған парадигмасында
қазақ тілін оқытудың негізгі қағидалары:
Әлеуметтік мәдени бағдар ;
Оқытуда пән ұстанымын жүзеге асыру болып табылады.
Бұл курс оқушы өзінің шығармашылық мүмкіншілігін толық аша алатын,
ізденушілік қабілетін, көркем қиялын, жасампаздығын, белсенділігін, өз
бетінше жұмыс істей алуын көрсете алатын жеке және әлеуметтік мәні бар
оқу үрдісін жасауға қабілетті. Курста ауызша қарымқатынас басқа
қызметтің интеллектуалдық және эмоционалдық тұрғысына ( рөлдік ойын ,
түрлі проблема жағдайлар ) іштей сабақтасатын оқушылардың өз беттерінше
жоспарлай және жүзеге асыра алатын жұмыстары бейнеленген. Бұл курста
коммуникативтік құзіреттілікке қатысты адамның әртүрлі қызметтері
( әлеуметтік қызмет көрсету орындарындағы диалогтар, өмірде қажетті
заттардың бағасын білу, қандай да бір құжаттарды рәсімдеу ,т.б)қамтылған,
олар оқушылардың саналы, үлкендердің экономикалық, әлеуметтік, білім
беру мәселелеріне араласуына көмектеседі.
Бұл жобаның нәтижесінің ерекшелігі әдістемелік, дидактикалық және
анықтамалық қолдаудың болуы.Әзірленген тапсырмалар оқушылармен жеке
де, топпен де жүргізуге мүмкіндік береді.Оларды жаңа материалды
түсіндіргенде және тақырыпты пысықтағанда, тесттер мен бақылау
жұмыстарында қолдануға болады.
Курстың мақсаты: оқушының жеке және кәсіби өзін өзі анықтауында жеке
көмек көрсетуге бағытталған білім беру үрдісін ұйымдастыру .
Курстың міндеттері: Қазақ тіліндегі құзіреттілік тапсырмалармен жұмыс істей алуға
қалыптастыру, сөздік қорын молайту және қолдандыру;
Құзіреттілік тапсырмалар арқылы құжаттармен жұмыс істейтін ауызша
және жазбаша дағдыларын қалыптастыру;
Қазіргі кездегі әлеуметтік экономикалық жағдайда өздерінің болашақ
мамандықтарында өздерін көрсете алу үшін оқушылардың бойында
шығармашыл, белсенді және жеңіл бейімделе алатын тұлға белгілерін
қалыптастыру;
Оқу материалы негізінде мамандық туралы білімдерін кеңейту;
Аймақтағы мамандық иесі болудың болашағымен, қоғамдағы кадрлардың
сапалық және сандық қажеттіліктерімен таныстыру.
Курсты іске асыру уақыты: 2 жыл.
Жұмыс түрлері: жеке, топтық жұмыс.
Қолдану аймағы:
Бұл жобаны мұғалімдер 5 сыныпта қазақ тілі және тіл дамыту сабақтарында
пайдалана алады.
Оқу –әдістемелік кесені: Бағдарлама,оқушының жұмыс дәптері, 5 сыныпқа
арналған қазақ тілі оқулығы, авторлары: Т.М. Артықова, Ж.Н. Қыстаубаева,
Л.З. Бисенова, Н.Ж. Сагирова, Алматы “Атамұра” 2010 ж.
1 кезеңнен күтілетін нәтижелер.
Оқушы мен мұғалімнің әлеуметтік дамуы, әлеуметтік құзіреттілік пен
жеке тұлғаның әлеуметтік өзінөзі анықтауының қалыптасуы.
Оқушының әлеуметтік өмірге және құзіреттілік тапсырмаларды
мемлекеттік тілде ауызша және жазбаша орындай алуына және қарым –
қатынас жасауына байланысты туындаған мәселелерді шешуге дайын
болуы;
Жеке тұлғаның дамуына жақсы жағдайды қамтамасыз ететін ерте
бейімдеуді іске асыру.
Мұғалім мен оқушының әлеуметтік дамуы,әлеуметтік құзіреттілік пен
жеке тұлғаның әлеуметтік өзінөзі тануының қалыптасуы.
Оқушылардың әлеуметтік өмірге, қарымқатынасқа және мемлекеттік
тілде құзіреттілік тапсырмаларды ауызша және жазбаша орындай
алуына байланысты туындаған мәселелерді шешуге дайын болуы;
Жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдайды туғызуды қамтамасыз
ететін ерте бейімдеуді іске асыру.
2 кезеңнен күтілетін нәтижелер
Оқушылардың алған білімдерінің сапасы мен жеке тұлғаның
әлеуметтенуінің диагностикасы мен мониторингінің жүйесін оқушының
электрондық портфолиосы ретінде ұсынылғанда пән бойынша білім
сапасының көтерілуінің көрініс табуы. Қазақ тілі сабағында жеке тұлғаның әлеуметтенуі бойынша оқу
әдістемелік кешенін құрастыру ( бағдарлама, жұмыс дәптері, мұғалімге
арналған конспектілер жинағы).
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға бағдарланған
тапсырмалар топтамасын дайындадым: «Тілдескіш» (сөйлесу үлгілерінен
құрастырылған сөздікше), «Баяндамашы», «Жазбаша қатынас». Аталмыш
топтамалар мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастырады,
өмірлік жағдайларда қазақ тілінде қарымқатынас орнатуға мүмкіндік
туғызады, оқушы бойынан табиғатынан берілген шығармашылық әлеуітін іске
асыруына ықпал етеді. Осы әдістәсілдерді қолдану барысында, өз
сабақтарымда сөйлесімнің барлық компоненттеріне тән дағдылары меңгеріліп,
оқушылардың жеке тұлға ретінде өздеріне деген сенімділігі артып,
шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары қалыптасуда. Мысалы, бастауыш
сыныптарда «Дәрігерде», «Дүкенде» деген тақырыптарды өткен кезде
«Тілдескіш» әдісін қолдандым. Оқушы «Тілдескішті» қолдана отырып,
берілген жағдаятқа серіктесімен әнгіме құрастырып, өзара әңгімелесе алды.
«Жазбаша қатынас» әдісі 56 сыныптардағы «Менің отбасым»,«Менің
досым» т.б. тақырыптарын өткен кезде тиімді. «Жазбаша қатынас» үлгісін
қолдану арқылы, оқушылар атаанасына, достарына хат немесе құттықтау хат
жазуды, интернет, ұялы телефон арқылы сондай хаттарды жазып жіберуге
үйренеді.
«Баяндамашы» әдісі жоғары сынып оқушыларына тиімді. Сабақтың бір
кезеңінде белгілі бір тақырыпта баяндама жаза отырып, мәдениетті сөйлеуге,
қазақша ойлауға дағдыланады.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың бойында коммуникативті
құзіреттілікті қалыптастырып, дамыту үшін тақырыпқа байланысты диалог,
койылымдар әзірлеу, рөлдік ойындар ойнау т.с.с. тапсырмаларды орындатуға
болады.
Қорыта келгенде өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде
коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру заман талабы. Сондықтан
оқушыларымыз жаңа заман талабына сай білімді, жанжақты, қазақ тілінде
өзіндік ойтолғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым
қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге икемделген
тұлға болуы үшін оның бойында коммуникативтік құзыреттілікті дамыту
ұстаздың қолында. Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы.
2. Ә. Әлметова, «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А. Арыс, 2007
3.
Левитан, К.М. О содержании понятия "коммуникативная
компетентность". Перевод и межкультурная коммуникация. / К.М. Левитан.
Екатеринбург.: Издательство АБМ, 2001. №.2.8991б
4. Пассов, Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному
говорению. М., 1991.
Доклат "Оқу пәні құралдарымен оқушы тұлғаның әлеуметтілігі". Социализация личности школьника средствами предмета
Доклат "Оқу пәні құралдарымен оқушы тұлғаның әлеуметтілігі". Социализация личности школьника средствами предмета
Доклат "Оқу пәні құралдарымен оқушы тұлғаның әлеуметтілігі". Социализация личности школьника средствами предмета
Доклат "Оқу пәні құралдарымен оқушы тұлғаның әлеуметтілігі". Социализация личности школьника средствами предмета
Доклат "Оқу пәні құралдарымен оқушы тұлғаның әлеуметтілігі". Социализация личности школьника средствами предмета
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.