Дәстүрлі қазақ мәдениеті. Халық ауыз әдебиеті
Оценка 4.6

Дәстүрлі қазақ мәдениеті. Халық ауыз әдебиеті

Оценка 4.6
docx
30.11.2020
Дәстүрлі қазақ мәдениеті. Халық ауыз әдебиеті
Ашық сабақ — копия.docx

«АКАДЕМИК С.А.ДЖИЕНКУЛОВ АТЫНДАҒЫ БАЙҚОҢЫР КОЛЛЕДЖІ»

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ

 

      «КЕЛІСІЛДІ»                                                                                                       «БЕКІТЕМІН»              Директордың оқу-әдістемелік                                                                             Директордың оқу-ісі  жұмысы жөніндегі  орынбасары                                                                       жөніндегі орынбасары ____________Р.А.Турмаханова                                                                 __________ Ш.А.Дауленбаева                                                                                                              «___»_________________2020ж                                                                   «___»___________2020ж.                                                                                                                                        

                                                                                                                           

 

                                                                           

 

 

 

                Ашық сабақ

     Тақырыбы: «Дәстүрлі қазақ мәдениеті. Халық ауыз әдебиеті»

Өтетін күні: 03.11.2020ж

Қашықтықтан оқыту: «ZOOM» ,«CollegeSmartNation» платформалары, «WhatsApp» желісі

Оқу тобы: «О-181», «О-18»

Курсы: 3

Пәні: Мәдениеттану

Пән мұғалімі: Сахитжанова А.А.

 

 

 

Жалпы  пәндер бірлестігінің жетекшісі:                       С.Т.Темирханова

 

 

 

 

 

Байқоңыр қаласы, 2020-2021 оқу жылы

Сабақ жоспары

                                                                                                                                                                 Күні: 03.11.2020 ж

Пән оқытушысы:  Сахитжанова Аида Алимжановна  

Оқу тобы: О-181, О-18

Пәні: Мәдениеттану 

Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі қазақ мәдениеті. Халық ауыз әдебиеті

Мақсаты:

Халқымыздың игі дәстүрін, ізгі қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт-дәстүрлері, әнші-күйші композиторлары туралы мәлімет аласыздар.

а) Білімділік:      

Студенттерге ХҮІ – ХҮІІ ғасырлардағы қазақтың материалдық және рухани  мәдениетінің дамуы туралы түсінік беру.

ә) Тәрбиелік:      

Бүгінгі мәдени жетістіктеріміздің бастау бұлағы – мәдениет ескерткіштерін     қадірлеп, қастерлеуге, мәдениеттілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

б) Дамытушылық: 

Рухани және  материалдық мәдениеттің даму барысын бүгінгі мәдени 

жетістіктермен ұштастыра отырып өз бетінше қорытынды жасауға   дағдыландыру.

Сабақ барысындағы әдіс-тәсілдері: Алтын қақпа, қара жәшік, INSERT, галереяға саяхат, киіз үй құрастыру, кім жүйрік, ребус, фишбоун, ассоциация, Венн диаграммасы, смайлик

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақта қолданылатын көрнекілік құралдар: тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар, бейнеролик, презентация, смайликтер;

Пәнаралық байланыс: География, әдебиет, дінтану, тарих,  математика

 

 

 

 

Cабақтың өту барысы

Реттік №

Сабақ/ оқу кезеңі

 

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Журналға белгі соғу.

2

Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру (үй тапсырмасын сұрау)

Көшпелі өркениет  құндылықтары

     3

 

Жаңа сабақты (материалды түсіндіру)

Дәстүрлі қазақ мәдениеті. Халық ауыз әдебиеті

4

Өтілген сабақты (материалды) бекіту

«Фишбоун» әдісі арқылы бекітілді.

5

Үйге тапсырма

Жоғарыда берілген тапсырмаларды орындау.

               

6

Сабақ/ оқу қорытындысын жасау, бағалау

Студенттер білімін бағалау

             Сабақтың басы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

*оқушылармен амандасу;

*топты  түгендеу;

*оқушылардің зейінін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы «Алтын қақпа» ойыны арқылы сұралады.  Сұрақтар конвертке салынады.               Әр конвертте үш сұрақтан болады.

1. Тас қақпаның сұрақтары:

1. Жоңғарлар кімдер?

2. Сібір атауының шығуы туралы не айтасың?

3. Сібір хандығының құлауы нәтижесінде Қазақ хандығында қандай өзгерістер болды?

2. Күміс қақпаның сұрақтары:

1. Жоңғар шапқыншылығының басты себебі неде?

2. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама  оқиғасы қай жылдары болды?

3. Аңырақай шайқасының маңызы неде?

3. Алтын қақпаның сұрақтары:

1. Көшім тұсында Сібір  хандығының күш қуатының арту себебі неде?

2. Ресейдің Сібір хандығын жаулап алудағы мақсаты не еді?

3. Сібірді жаулап алу саясаты қалай жүзеге асырылды?

4. Алтын сандық сұрақтары:

1.Сен қалмақ та, біз қазақ,

   Қарпысқалы келгенбіз.

   Сен темір де, біз көмір,

   Еріткелі келгенбіз.

   Екі еліктің лағын

   Теліткелі келгенбіз.

   Танымайтын жат елге

   Танытқалы келгенбіз.

   Танысуға келмесең,

   Шабысқалы келгенбіз.

   Сен қабылан да, біз арыстан,

    Алысқалы келгенбіз.

   Жаңа үйреткен жас тұлпар,

   Жарысқалы келгенбіз

   Тұтқыр сары желімбіз,

    Жабысқалы келгенбіз.

    Берсең, жөндеп бітімді айт.

    Бермесең, дірілдемей жөніңді айт.    Не тұрысатын жеріңді айт! – Бұл кімнің кімге айтқан сөзі?

Жауап: Қазыбек бидің  қалмақ ханы Қоңтайшыға айтқаны.

2. Бұл ауыр  оқиға қазақ тарихында  «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталды. Мұның былай аталуы: жаудан қашып жаяу шұбырған қалың қауым әрі болдырып, әрі ашаршылықтан бұралып, Алқакөл жағасына келіп сұлап  жатқанда, көп ішінен бір ақсақал адам шығып: «Адам баласы өмірде көрген жақсылық пен жамандықтың бәрін ұмытпауы керек, біз осы көрген күнімізді   не деп атасақ болар?» деп сұрапты. Сонда тағы бір қария тұрып: мұның аты «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» болсын депті. Мұңын мәнісі не?

Жауап:  Атамекен, мал- мүлкінен айырылып, жаяу – жалпы, аш-жалаңаш босқан ел шұбыра -  шұбыра табаны ағарып, азып – тозды деген сөз екен.

3. Жоңғар шапқыншылығынан босып, ел үдере көшкенде ол  үйін жықпай, жұртта қалыпты-мыс.

      Қалмақтың әскербасы бұған таңданып, көшпеген себебін сұрағанда, ол:

     - Биыл шаңырағыма бір қарлығаш ұя салып еді, бұл бүкіл дүниежүзін топан су басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін суға батудан сақтап қалған, жыланға адам баласының жем болу қаупі туғанда, содан қорғаған құс еді. Мен өз болашағымды қорғап қалған құстың ұясын бұзып, балапандарын қырып кете алмадым, -дейді.

        Мұны естіген қалмақ қонтайшысы «бұл кісі әулие» екен деп, оның өзіне де, маңайындағы еліне де тимепті – міс.   Бұл кісі кім? Бұл кісіні  өз атымен атамай әлі күнге дейін қандай атпен қадірлейді?

        Жауап: Төле би «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би»

Сабақтың ортасы:

(Жәшік ішіне жасырылған сөзді табу)

(Киіз үй құрастыру)

INSERT

«V» – бұрыннан білемін»

«+» жаңалық

«-» басқаша ойладым

«?» сұрағым бар

 

Жаңа тақырып

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Мәдениетке жалпы сипаттама

2. Рухани мәдениет туындылары.

3. Материалдық мәдениет қазыналары.

           

                                

     ХҮІ – ХҮІІ ғғ қазақ халқының мәдениеті – қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы. Ол жаңа заманға сай дамып отырды. Қазақ халқының мәдениеті - өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет.  Қазақ халқының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті де дамып, жетіліп отырды.

    Қазақ  халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және рухани  мәдениеттің  сипатты белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата – бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т.б. ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет, рухани мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды.

    ХҮІ – ХҮІІ ғасырларда қазақ халқы мәдениетінің өркендеп, дамуына феодалдық соғыстар кедергі болды. Әсіресе ХҮІ – ХҮІ ғғ Жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының мәдениетіне ауыр зардабын тигізді.

    Қазақ халқының ауыз әдебиеті ХҮІ – ХҮІІ ғғ кеңінен өркендеді.  Халық арасында көп тараған батырлық эпостар: «Қобыланды», «Ер Тарған», «Қамбар», «Алпамыс», «Ер Қосай» т.б.                            ХҮІ – ХҮІІ ғғ өмір сүрген жыраулар: Доспамбет, Марғасқа, Жиембет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұхар, Үмбетей.

     ХҮІ – ХҮІІ ғғ – қазақтар ресми түрде ислам дінін ұстанды.  Исламды таратушылар – Түркістан,  Бұхара, Астарханның дінбасылары.

      Тұрғын үй түрлері: киіз үй және  шымнан, балшықтан, тастан салынған жылы үй. Жазғы үй түрлері: киіз үй және арба үстіне тігілген жылжымалы үй – күйме.

      Қысқы киімдері: күпі, шидем,  ішік, тон, шалбар, жарғақ шалбар, тымақ.

     Ұлттық тағам түрлері: ет, сүт, май, қымыз, шұбат, айран, қатық, құрт, ірімшік, жент.

            Сергіту сәті.  «Кім жүйрік?» математикалық ойын.

Математикалық есептерді  шешіп  тарихи датаны тауып,  сол жылға қатысты тарихи оқиғаны атау керек.

1. 728 х 2 + 0 = 1456     (Қазақ хандығы құрылған жыл)

2. 415 х 4 + 50  = 1710 (Қарақорымда жоңғарларға қарсы үш жүздің бас қосқан жыл)

3. 560 + 1200 – 108 = 1652 (Салқам Жәңгір хан қайтыс болған жыл)

4. (8425 / 5) – 5 = 1680  (Тәуке ханның таққа отырған жылы)

5. 483 + 164 + 996 = 1643 ( Орбұлақ шайқасы болған жыл)

6. (1901 + 110) -  (1568 – 143) = 300  (2011 – 1711 яғни Абылай ханның биыл 300 жасқа келген  жылы)

Сабақтың соңы:

Қорытындылау

Қазіргі таңда Студенттердың бойына ата-баба дәстүрі мен ел-халқының тарихын қастерлеуге, ал ең бастысы, отансүйгіштікті нығайту үшін ұлтының  рухани-мәдени құндылықтарын сіңіру қажет.

 «Салынған жол, тұрғызылған ғимарат, тіпті ең озық ғылыми жаңалық саналатын жаңа технологияның өзі жыл сайын тозады, ескіреді. Ал бабаларымыз айтқандай, ешқашан  азбайтын, тозбайтын, керісінше уақыт өткен сайын сан қырынан жарқырап, ұрпақ санасына шұғыла шашатын мәңгі өлмейтін құдіретті күштің аты – ғылым мен мәдениет. Ендеше сол ата – бабаларымыздың тарихи  - мәдени мұрасын бірлесіп түлетейік» -деді еліміздің Президенті Н. Назарбаев өз сөзінде.  Бүгінде мұндай тоқтамға, яғни өз тамыры мен өткеніне, ана тіліне, ата дініне, діліне әлемнің біраз мемлекеті бет бұра бастады. Оның жолын әркім өзінше танып, өзінше бағамдауда. Солардың қатарында әлемдік қауымдастықтың назарына ілігіп, бірқатар беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып үлгерген Қазақстан орта мерзімді мемлекеттік 2004-2006, 2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдаған тұңғыш ел.

Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады.  Өз еліңнің мәдени мұрасына ұқыпты қарау мен басқа мәдениеттің құнды элементтерін қабылдау – адамзат өркениеті дамуының сара жолы.

«Фишбоун» әдісі арқылы сабақты бекіту.  

 

Бағалау:«College SmartNation» платформасында бағалау

Үйге тапсырма: Дәстүрлі қазақ мәдениеті. Халық ауыз әдебиеті «Мен өз мәдениетімді мақтан тұтамын» тақырыбында шағын әңгіме жазып келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабаққа өзіндік талдау

     2020 жылдың 03 қараша күні О-181 және О-18 топтарына «Дәстүрлі қазақ мәдениеті. Халық ауыз әдебиеті» тақырыбында ашық сабақ өткіздім.

     Сабақтың мақсаты:

     Халқымыздың игі дәстүрін, ізгі қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт-дәстүрлері, әнші-күйші композиторлары туралы мәлімет аласыздар.

     а) Білімділік:      

     Студенттерге ХҮІ – ХҮІІ ғасырлардағы қазақтың материалдық және рухани  мәдениетінің дамуы туралы түсінік беру.

     ә) Тәрбиелік:      

     Бүгінгі мәдени жетістіктеріміздің бастау бұлағы – мәдениет ескерткіштерін     қадірлеп, қастерлеуге, мәдениеттілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

     б) Дамытушылық: 

     Рухани және  материалдық мәдениеттің даму барысын бүгінгі мәдени  жетістіктермен ұштастыра отырып өз бетінше қорытынды жасауға   дағдыландыру.

     Сабақ барысындағы әдіс-тәсілдері: Алтын қақпа, қара жәшік, INSERT, галереяға саяхат, киіз үй құрастыру, кім жүйрік, ребус, фишбоун, ассоциация, Венн диаграммасы, смайлик

     Сабақта қолданылатын көрнекілік құралдар: Кітаптар, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар, бейнеролик, презентация, смайликтер;

     Сабақтың типі: Жаңа біліді меңгерту

       Білімгерлер бір-бірін оқыта отырып, орындалған тапсырмаларды тексереді. Білімгерлердің ой-өрісі, дүниетанымы кеңейеді, көркем сөзді өз сөздік қорларын пайдалана алады, ауызша сөйлеуге дағдыланады. Қазақ халқының мәдениетімен, тарихымен және халық ауыз әдебиетімен таныса отырып, адамгершіліке, білімге, өз елінің ұлттық құндылығын танып, құрметтеуге баулиды.

     Сабақ барысында: «Алтын қақпа» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралып, «қара жәшік» әдісі арқылы үй тапсырмасы бекітілді. Сабақты ашу мақсатында бейнеролик қойылды. «Киіз үйді құрастыру» әдісі арқылы білімгерлерге жаңа сабақ меңгертілді. «INSERT» әдісімен жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендігі туралы хабардар болдым. Салт дәстүрге және халық ауыз әдебиетіне байланысты бейнеролик қойылып, ребустар шешілді. Сергіту сәтінде «Кім жүйрік» математикалық ойынына білімгерлер белсене қатысып, сабақтың соңында жасырынған сөздерді тауып балл жинады. Сабағымды бекіту үшін «фишбоун» әдісін қолдандым.

     Студенттер өз деңгейіне қарай «College SmartNation» платформасында бағаланды.

     Білімгерлерге «Дәстүрлі қазақ мәдениеті мен халық ауыз әдебиетін» пысықтауға және «Мен өз мәдениетімді мақтан тұтамын» тақырыбында шағын әңгіме жазып келуге үй тапсырмасын бердім.

     Сабаққа директордың оқу әдістемелік-ісі жөніндегі орынбасары Р.А.Турмаханова, директордың өндірістік жөніндегі орынбасары С.Е.Есеналиев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Қ.Айбосынова арнайы пәндер бірлестігінің жетекшісі Ш.Е.Назарбаева және жалпы пәндер бірлестігінің жетекшісі С.Т.Темирханова, жалпы пән оқытушылары Ш.Қ.Өмірзақ, С.С.Құрманбеков және жас мамандар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы С.С.Салмаханова, физика пәнінің оқытушысы Д.У.Сұлтанай туризм мамандығының оқытушысы А.С.Нагыманова сабаққа қатысып, талдау жасап сабағымды «Өте жақсы» деп бағалады.  

      

 

Жалпы пәндер оқытушысы:                                    Сахитжанова А.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

АКАДЕМИК С.А.ДЖИЕНКУЛОВ АТЫНДАҒЫ

АКАДЕМИК С.А.ДЖИЕНКУЛОВ АТЫНДАҒЫ

Сабақ жоспары

Сабақ жоспары

C абақтың өту барысы Реттік №

C абақтың өту барысы Реттік №

Сібірді жаулап алу саясаты қалай жүзеге асырылды? 4

Сібірді жаулап алу саясаты қалай жүзеге асырылды? 4

Жоңғар шапқыншылығынан босып, ел үдере көшкенде ол үйін жықпай, жұртта қалыпты-мыс

Жоңғар шапқыншылығынан босып, ел үдере көшкенде ол үйін жықпай, жұртта қалыпты-мыс

Жаңа сабақтың жоспары: 1. Мәдениетке жалпы сипаттама 2

Жаңа сабақтың жоспары: 1. Мәдениетке жалпы сипаттама 2

Сергіту сәті. «Кім жүйрік?» математикалық ойын

Сергіту сәті. «Кім жүйрік?» математикалық ойын

Бағалау: «College SmartNation» платформасында бағалау Үйге тапсырма:

Бағалау: «College SmartNation» платформасында бағалау Үйге тапсырма:

Ашық сабаққа өзіндік талдау 2020 жылдың 03 қараша күні

Ашық сабаққа өзіндік талдау 2020 жылдың 03 қараша күні

Сабаққа директордың оқу әдістемелік-ісі жөніндегі орынбасары

Сабаққа директордың оқу әдістемелік-ісі жөніндегі орынбасары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.11.2020