Бұл ашық шара, шараға 3 сынып оқушылары қатысты. Әр сыныптан 5 оқушыдан, олар топтарының атын құрды, топ басшысын сайлады. Тақтада номерленген жұлдызшалар тұрды, солардың астында сұрақтар жасырылынды. Әр топ кезек-кезегімен жұлдызшаларды таңдап, сұрақтарға жауап беріп отырды. Кейбір жауап бере алмаған топтардың орнына басқа топ қолдарын көтеріп, жауап берді.
3 сынып ашық шара жоспар.docx
Сынып: 3 Мерзімі: 19.01.2018 ж.
Ашық шара: 3 сыныптар арасында «Дәстүрлі музыка әлеміне саяхат»
Ашық шараның мақсаты:
Білімділігі: Қазақ халқының дәстүрлі музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға
қазақтың халық композиторларының ән – күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Рухани мәдениетке деген көзқарастарын қалыптастыру, өз беттерінше мәдени
құндылықтарды түсіне білу және оларды бағалай білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Рухани құндылықты құрметтеуге үйрету, халқымыздың ұлттық мәдениетіне деген
сүйіспеншілігін ояту, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Қолданған көрнекіліктері: музыкалық орталық, ноутбук, 3 сынып кітабы, сұрақтары жазылған
беттер.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, ана тілі, дүниетану
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу;
2. Топқа бөліп отырғызу; (әр 3 сыныптан 5 бала, сыныптарымен отырғызу).
Ашық шараның мақсатымен таныстыру. Негізгі бүгінгі айыс 3 кезеңнен тұрады.
2. Негізгі кезең:
1 кезең – ойлан да, тап ...
2 кезең – бұл қандай ән?
3 кезең – кел, оркестрмен танысайық ... – деп аталады, 3 кезеңде де сұрақтары өте қызықты, 1 кезең 15
сұрақтан, 2 кезең 10 әннен, 3 кезең 13 сұрақтан құралған.
Топтар арасынан топ басшысы сайланып, өздерін бағалайды, мұғалім қосымша бағалайды.
3.Бағалау
1. Жеңімпаз топты анықтау, марапттау.
2. Оқушылармен қоштасу.
4. Қорытынды:
Дәстүрлі музыка әлеміне саяхат
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.