Экзаменационные задания для 10 классов по казахскому языку 1 вариант
Оценка 5

Экзаменационные задания для 10 классов по казахскому языку 1 вариант

Оценка 5
docx
22.05.2024
Экзаменационные задания для 10 классов по казахскому  языку 1 вариант
10 сынып емтихан (1-вар).docx

10 сынып бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша

аралық аттестаттау тапсырмалары

Емтихан мазмұны:

1)Тыңдалым

10.1.5.1 мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтау.

2)Айтылым

10.2.1.1  ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану

3)Оқылым

10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау

4)Жазылым

10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

5)Тілдік бағдар

10.5.1.2 сын есімнің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану;

Рубрика

10- сынып

 

Төмен деңгей  1-2 балл

Орта деңгей    3-4 балл

Жоғары деңгей  5 балл

Тыңдалым

10.1.5.1 мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтау, автордың көзқарасын 1-2 сөйлеммен   дәлелдеу

10.1.5.1 мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтау.

 

 

10.1.5.1 мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды  өз көзқарасы негізінде анықтау.

Айтылым

10.2.1.1  ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда қателіктер жіберу

10.2.1.1  ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда қолдану

10.2.1.1  ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану

Оқылым

Әдеби  шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдауда және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалауда 4-5 қате жібереді.

Әдеби  шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдайды, кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалауда 1-2 қате жібереді.

Әдеби  шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдайды және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалай алады.

Жазылым

Қажетті  клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда  4-5 қате жібереді.

Қажетті  клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда 1-2 қателік  жібереді.

Қажетті  клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазады.

Тілдік бағдар

Тәуелдік,  көптік жалғауларды қолдана алады,  мәтін құрауда сын есімді, сан есімді, есімдік, есімші, үстеу, шылауларды қолдануда 4-5 қате жібереді.

 

Тәуелдік,  көптік жалғауларды дұрыс қолданады, мәтін құрауда сын есімді, сан есімді, есімдік, есімші, үстеу, шылауларды қолдануда 1-2 қате жібереді.

 

Тәуелдік,  көптік жалғауларды дұрыс қолданады, мәтін құрауда сын есімді, сан есімді, есімдік, есімші, үстеу, шылауларды орынды қолданады.

 

 

 

 

10 - сынып.

1)Тыңдалым. 

Мәтінді тыңда. Берілген мәтін  бойынша автордың көзқарасын айқындайтын сөйлемдерді анықта.

Қазақ халқының салт дәстүрлері

 

Салт- дәстүр– халықтың ұстанымдардың жиынтығы. Салт-дәстүрлер халыктың өмір-тұрмысынан, дүниетанымынан туындайтын мәдени құбылыс.

Шашу бұл қуанышқа арнап жиналған жұрттың алдында жасалатын ырым. Шашуды жақсылықтарға шашады. Сүйінші – қуанышты хабарды, бірінші болып жеткізген адамның алатын сый-қәдесі. Отбасылық салт-дәстүрлерге: шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, үйлену жатады. Шілдехана – сәби туғанда жасалатын той.Бала дүниеге келгеніне 40 күн толғанда қырқынан шығарады. Тұсау кесуге негізінен үлкендер жиналады.Беташар – домбырамен айтылатын ән. Ол келіннің бетін ашарда айтылады.  Наурыз тойы көктемгі күн мен түннің теңелу мерзімі 22 наурызда өтеді. Ораза бітісімен 70 күннеи кейін құрбан айт келеді. Құрбан айтта жағдайы келген адамдар кұрбандыққа мал шалады. Құрбан айтта адамдар құран оқып, дәм татысады.

Қазақ халқында тұрмыс-тіршілігіне байланысты көптеген салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар бар. Осындай дәстүрлерімізді өмірде қолданып, әр ата-ана отбасында айтып, үйретіп отырса, ұтарымыз көп болар еді. Өйткені әр дәстүр мен ырымның тәлім-тәрбиелік мәні зор.

 (136 сөз) Қазақ қолөнер энциклопедиясынан

 

______________________________________________________________

 

2) Айтылым.

Тыңдалған мәтіннің мазмұны бойынша монолог құрастыр.

 

3) Оқылым

Берілген мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында. 

 

                                                                      Арал теңізі

Арал теңізі кезінде планетамыздағы ең үлкен теңіз болды. 1989 жылы Арал теңізі Солтүстік және Оңтүстік болып, екі оқшауланған суқоймаға бөлінді.

Арал теңізі біртіндеп және бір мезгілде жылдам таязданып барады. Теңіздің ең терең жері – 22 метр деп есептелінген. 1960 жылы бұл көрсеткіш 53 метр болатын. Ғалымдардың дәлелдері бойынша, бұл көрсеткіш 19 ғасырда одан да көп болған. Теңіздің таяздану себебі – адамдың қызметі және теңізге құятын негізгі су қоймаларындағы судың басқа қажеттіліктерге пайдалануында.Ежелгі қытайлықтар Аралды Солтүстік теңіз деп есептеді. Арал теңізі туралы алғаш рет б.з.б. II ғасырдағы шежірелерде айтылған. Таяздануына байланысты қазіргі уақытта Батыс пен Шығыс теңіздері бірігіп кетті.

Жергілікті тұрғындар теңізді «аралды теңіз» деп атайды. Бұл оның таяздануына байланысты емес, Аралда көптеген аралдардың болуына байланысты. Қорқынышты фактор – мұндай аралдар қауіпсіз емес. Себебі, кезінде аралда арнайы зертхана жүргізіліп, түрлі вирустар сыналған.  Қазіргі уақытта зертханаға кіру жүйесі жабық.

 

 (135 сөз)  https://kz.otyrar.kz/1rttar-mekeni/

 

1.    1-тапсырма. Мәтіннен 1 негізгі және оны толықтыратын 2 қосымша ақпаратты анықтап, кестеге түсіріңіз.

 

Негізгі ақпарат

 

 

Қосымша ақпарат

 

 

Қосымша ақпарат

 

 

 

2-тапсырма. Мәтіннің идеясын 1 сөйлеммен түсіндіріңіз.

________________________________________________________________________________

 

4) Жазылым

Эссе талабына сай оқылым мәтініндегі дерек негізінде, лексико-грамматикалық нормаларды сақтай отырып, «Су-тіршілік көзі» тақырыбында эссе жаз. Эссе жазуда сын есімдерді қызметіне қарай қолдан.

5) Тілдік бағдар

Эссе мәтінінен 4 сын есімді тауып, жасалу жолына қарай талда .

 

Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсырма реті

дескриптор

Балл

тыңдалым

Мәтінді тыңдап, автордың көзқарасын айқындайтын сөйлемдерді анықтайды

 

1

Автордың көзқарасын айқындайтын сөйлемдерді анықтайды.

0,5

Айтылым

Тыңдалған мәтіндегі ақпараттарды бір-бірімен байланыстырып, ауызша мәтін құрастырып, ортақ идеяны түсіндіреді.

1

Мәтіннен күрделі сөздердің жасалу жолын анықтап, ауызша мәтін құрауда орынды қолданады

0,5

Оқылым

Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтін идеясымен байланысын айқындайды.

2

Негізгі (1), қосымша (2) ақпаратты анықтайды. Мәтін идеясын 1 сөйлеммен түсіндіреді

1

жазылым

Эссе құрылымына сай оқылым мәтініндегі дерек негізінде  лексико-грамматикалық нормаларды сақтай отырып эссе жазады. 

3

-Эссе құрылымн сақтап жазады (0,5 балл)

-көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдейді (1 балл)

- орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтайды- (0,5 балл)

2

Әдеби тілдің нормалары

 Эссе жазуда  сын есімдерді қызметіне қарай қолданады.  4 сын есімді тауып, жасалу жолдарын ажыратады.

 

1

Сын есімді қызметіне қарай қолданады (0,25 балл)

Сын есімдерден мысалдар келтіреді (0,25 балл)

Сын есім түрлерін ажыратып көрсетеді (0,25 балл)

Сауатты жазады (0,25 балл)

1

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Емтихан мазмұны: 1)Тыңдалым 10

Емтихан мазмұны: 1)Тыңдалым 10

Оқылым Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдауда және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалауда 4-5 қате жібереді

Оқылым Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдауда және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалауда 4-5 қате жібереді

Беташар – домбырамен айтылатын ән

Беташар – домбырамен айтылатын ән

Бағалау критерийлері: Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері: Оқу дағдысы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.05.2024