сыныптан тыс жұмыс 6 сыныптар арасында өткен. Әрбір сыныпқа логикалық сұрақтар, математикалық жұмбақ, мақал сөз мәйегі, фигуралар сөйлейді, кім қырағы атты жұмыс жоспары арқылы өтті. Топтар фигуралар арқылы әртүрлі тапсырмалар орындады. Сұрақтарға жауап бере отырып, өздерінің қаншалықты ойлау қабілеттерін көріп, жеңілісін әрі жеңгендерін білді.
эрудит.doc
Тақырыбы: «Математик эрудит»
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
Оқушылардың логикалық ойлау, интеллектуалдық қабілетін, сана сезімін жан
жақты дамыту, зеректілігін қалыптастыру, қызығушылығын, белсенділігін арттыру,
танымдық, шығармашылық ізденістерін ұштау.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойнайық!
Қатардан артта қалып қоймайық
Белсенді болайық ортада
Уақытты тектен текке жоймайық
Ойнайық, ойнайық та ойнайық
Білімділік көрсетейік, сынайық
Жеңсең де, жеңбесең де, ренішсіз болайық
Қаймықпай көңілді болып тарайық!
Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңызға «Математик эрудит»
ойынына қош келдіңіздер!
Нақты білім, терең ой сыналады
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады
Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар
Әр команданы ортаға шақырамыз.
6 «А» сынып оқушылары «Үшбұрыш» тобы
6 «Ә» сынып оқушылары «Дөңгелек» тобы
6 «Б» сынып оқушылары «Шаршы» тобы
Жүргізуші:
Басталық ақыл ойдың дара кешін
Халайық сендер бізді жақын келші
Математика ғылымына ұмтылғандар
Сен егер кім екенін білгің келсе,
Білмеймін деп қысылма
Талабың болса бойыңда
Өнерлерің ырысы
Жарқырап жатыр жолында Математика сырлары
Қызықтарды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді, дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін
әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
Бүгінгі жарыстың жоспары:
Таныстыру
“Білім” сайысы
Мақалсөз мәйегі
“Фигуралар сөйлейді”
“Кім қырағы?”
«Математикалық жұмбақтар»
Жүргізуші:
Мықты болсаң алдағыны басып оз
Мықты болсаң арттағыны жеткізбе
Мықты болса тайғанама көк мұзда
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып оз, деп келесі сайысымыз «Білім» сайысына кезек
береміз.
Үшбұрын тобына
1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? ( 0)
2. Әкемнің 7 ұлы бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар. Сонда әкемнің
неше баласы бар? (8)
3.Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр
бар? (10)
4.Тәрелкеде 4 бауырсақты 4 балаға бір бірден және тәрелкеде бір бауырсақ
қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады? (4 ші бала тарелкасымен алады)
5.Менің әкемнің баласы менің туысқаным емес. Ол кім? (өзі)
Шаршы тобына
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның
салмағы қанша? (3 кг)
2.Үстел беті төртбұрышты. Оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше
бұрыш қалады? (5)
3.Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)
4. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы оның 10 торғайын атып алды.
Торғайдың қаншасы қалды? (10)
5. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі? (3 мин)
Дөңгелек тобына
1.Бөлменің 4 бұрышында бір бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш
мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4) 2. Ұшақ А қаласынан В қаласына 1 сағ 20 мин ұшады да, қайтарда 80 минут ұшады.
Себебін түсіндір? (тең)
3. Үш пар ат 30 км –ге шапса, әр ат қанша км шабады? (30км)
4.Үш майшам жанып тұрды, Екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (2)
Айыра біл жақсы менен жаманды
Айыра біл қарындаш пен қаламды
Айыра біл соқпағын да өмірдің
Айыра біл тапсырмаңды алдағы – деп кезекті «Мақал мәтел мәйегі» сайысына
береміз.Мақалдың жалғасын табу керек.
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
10. Айдағаның бес ешкі, ( ысқырығың жер жарады)
11. Алтау ала болса, ( ауыздағы кетеді), Төртеу түгел болса, (төбедегі келеді)
Жүргізуші келесі сайысымыз «Фигуралар сөйлейді» бұл сайыста әр топ
геометриялық фигуралардан бір нәрсе ойлап, құрастыру Мысалы, үй, машина т.б
нәрселер.
Жүргізуші:
Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки жауабын мен білем деп – келесі сайыс кезегі «Кім қырағы» бұл
жерде тақтада сөздер беріледі 1 минутта кім қанша сөзді жаттап, жазып бере алады
екен.
Жүргізуші:
Мәңгі бақи есте қалар
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын, деп келесі кезекті «Математикалық жұмбақ» сайысына
береміз. Берілген жұмбақтарға жауап берейік.
1. Бес ін, бес іннің аузы бір ін (қолғап)
2. Нүктеден екі сәуледен, құралған айтшы бұл не екен (бұрыш)
3. Алды –артымыз шексізде
Жете алмайсыз біздерге
Сәуле менен кесінді
Шыққан тегін білесін бе? (түзу) 4. Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. ( киіз үй)
5. Шекер жейтін аққұтан
Бір қазыққа байланды.
Аузына тістеп шекерін
Ол қазықты айналды. ( циркуль)
6. Атадан 10 боламыз,
Бір бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіп те аламыз (цифр)
7. Айқасқан екі таяқ, тұрады
жоқты сұрап (Х)
8. Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ayaдай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан жағыңа қарамай ( натурал)
Жүргізуші:
Достық пен бірлікті етіп тұлға
Жеңіске жеткен едік талай сында
Қара қылды қақ жарып, әділ сына
Еңбегін жас математиктердің әділ сына, демекші, ендігі сөз әділ қазы алқасына
беріледі.
Ең бастысы орын емес жарыста
Терең білім, жеңу шарты сайыста
Тапқырлықпен ізденісте болсаңыз
Өмір де жетері хақ табысқа.
Осымен «Ойнайық та, ойлайық» атты сайысымыз аяқталды. Қатысқан барлық
оқушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз.
Жүргізуші:
Бүгінгі сайыс талай шабыт шыңдады
Бұның қызығын талай адам тыңдады
Тәрбиелі тәлімі мол әсерлі
Болса егер көңіл жақын тыңдады
Көңіл бөліп бұл сайысқа
Келгендерге көп рахмет
Шын сезінген көрермен баршаңызға
Мың алғыс, мың рахмет!
Эрудит 6 сынып
Эрудит 6 сынып
Эрудит 6 сынып
Эрудит 6 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.