"Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін" тақырыбына арналған эссе. Мен ұстазбын. Бұл тақырып мен үшін өзекті тақырыптың бірі болды десем қателеспеспін. Бұл эсседен менің ішкі түйсігіммен жүрегімнің байланысын оқи аласыздар. Баланың ұстаз өмірінде алатын орнының ерекшелігін аңғаруға болады. Мен өз саламды жақсы көремін.
эссе (2).docx
Эссе
Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін
«Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол
нағыз ұстаз.»
Л.Н.Толстой
Бала күнімде мен де өзгелер сияқты ұстаз болуды армандаған болатынмын. Ол
кезде «мұғалім» деген ұғым мен үшін өте қастерлі ұғымдардың бірі еді. Бала тәрбиесіне
жауапты, өз ісіне тиянақты, жүрегі сабыр мен мейірімге толы тұлға – ол әрине ұстаз.
Балалық шағымда білімді ұстаз тұлғасына қатты қызығатынмын. Өмірімді,
болашағымды балалармен тікелей байланыстырушы едім. Оған бірденбір себеп – нағашы
атам. Анамның әкесі тіл мамандығының хас шебері болатын. Тілге шешен, ойға жүйрік
ұстаз еді. Тұрар Рысқұловтың тұқымынан тараған нағашы атам кезінде болшевиктердің
қуғынсүргініне ұшырап, Маңғыстау өңіріне паналауға келген болатын. Сол келген
жылынан бастап Маңғыстаудың «Ақшымырау» ауылына «қазақ тіл, әдебиеті»
мамандығының көркемсөз шебері атанған атам, мектеп директоры лауазымына дейін
көтерілген екен.
Әттең, қазір көзі тірісінде Тұрар атамның өмір хикаясын баяндап берер ма еді...
Тағдырдың жазғаны сол болар. Атамның өмір сызығы ерте таусылған еді. Көзі тірісінде көп
нәрсеге құнығар едімау, шіркін!
Анамның айтуына қарағанда атам өте керемет ұстаз, жанашыр әке, ұшқыр ойлы дана кісі
болған. Өмірдің қиындығына қасқая білген қайсар жүрегі тағдырдың әр сынын сый деп
қабыл алған өр тұлғам, менің үлгі тұтар адамым – атам.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,демекші, ұстаз ол – бар білгенін
болашақ ұрпақпен бөлісер, білім нәрімен білмегеннің тамырын сусындатар асыл адам.
Бос уақытын бала тәрбиесі мен біліміне жұмсаған ардақты жан, аяулы ана – ол ұстаз. Мен
бұл саланы жүрегімнің қалауы арқылы таптым десем артық айтқандық болмас. Әр сәби
дүние есігін ашқан сәттен бастап Абай атам айтқандай екі түрлі мінезбен туылады.
Біреуі – ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса, тән
жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен дейді.
Не көрсе соған талпынып, жалтыржұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін
татып қарап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен,
үйренсем екен дейді. Сол секілді әр атаана өз баласының білім деңгейін ояту мақсатында
балаларын мектепке оқуға береді. Ұстаз – психолог. Иә, қаншама балаларды білімге жетелер ұстаз әр сәбидің
психологиясынан хабардар. Кім қалай оқиды, кімнің сабаққа құштарлығы басымырақ, кім
сабаққа қызықпайды. Бұл белгілер ұстаздарға етене таныс жағдай.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас
ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деген болатын.
Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін. Әлі есімде, оқу орнына түскенімде
қуанышымда шек болмаған еді. Балалармен жұмыс істеу менің ең ғажайып армандарымның
бірі болатын. Оқушылармен өткізген әр сәтім қызыққа толы болатын. Әр бала бойынан
сырлы құпияларды, ешкімге көрсетпеген асыл өнерлерін көп байқайтынмын. Байқап қана
қоймай сол жағынан көп жұмыстанатынмын. Шынында әрбір бала бойында өзіне тән
ерекшелігі мен бөлекшелігі болады. Мысалы: бірі дөрекі, бірі жасқаншақ, енді бірі шектен
тыс көп сөйлейтін. Ұстаздың ұлағаттысы кез келген баланың тілін «кілтін» таба біледі.
Бала – ол бір шырақ секілді. Мұғалім – сол шырақты жағушы.
Ұстаз болу жауапкершілікті қажет ететін ең қиын жұмыс. Соған қарамастан әр
келешек ұрпаққа білім беріп, саналы түрде тәрбиемен сусындатуға тырысамын. Балаларға
үйрету арқылы, өзім де көп нәрсені үйренемін. Білім беріп қана қоймай, әр оқушының
психологиясына да терең мән беруге тырысамын. Әр шәкіртті алға тарту арқылы олардың
зейіндерінің де ашылуына көп септігімді тигіземін.
Эссе
Эссе
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.