Физика 10 сынып Электр генераторы Теориялық мәлімет

  • docx
  • 07.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Физика 10 сынып Электр генераторы Теориялық мәлімет.docx

Айнымалы ток генераторы

Ток генераторы деп энергияның қандай да бір түрін электр энергиясына айналдыратын қондырғыны айтады.

Электростатикалық машиналар, термобатареялар, күн батареялары, т.б. генераторға жатады.
Қазіргі кезде айнымалы токтың электромеханикалық индукциялық генераторлары өте кең таралған. Бұл генераторлардың артықшылығы — олардың құрылысының қарапайымдылығында және жеткілікті түрде жоғары кернеу мен үлкен токтарды алу мүмкіншілігінде. Электромеханикалық индукциялық генераторларда механикалық энергия электр энергиясына айналады.

Айнымалы ток генераторының жұмыс істеу принципі: магнит өрісінде айналып тұрған сым орамада айнымалы индукциялық ЭҚК-і электромагниттік индукция құбылысы әсерінен пайда болады.

 Токты сыртқы тізбекке шығару үшін сақиналарға жабыстырып қойған щеткалар қолданылады. Кез келген индукциялық генератордың негізгі бөліктері мыналар:

1) индуктор — магнит өрісін тудыратын қондырғы. Бұл тұрақты магнит не электромагнит болуы мүмкін;

2) якорь — ЭҚК индукцияланатын (пайда болатын) орама;

 

Ток индукциялану үшін генератордың бір бөлігі айналып туру керек (ротор), ал екіншісі айналмайды (статор). Ротор турбинаға (бу, су, жел) жалғанады.

 

3) щеткалар мен сақиналар — айналып тұрған бөліктерден индукциялық токты шығарып алатын немесе электромагниттерге қоректенетін ток беретін қондырғылар

 

2.21.PNG


 

Скачано с www.znanio.ru