Химия сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Ислямова Гулжан Токтагановна химия пәні мұғалімі,
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы «Спортта дарынды балаларға арналған ШҚО олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп – интернат - колледжі»
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, білім алушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға белсенді жұмыс жасауға итермелейді, себебі: оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру қажет. Қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағына жеткізуші», яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. «Қайда қарасақта, қайда көз жіберсек-те көретініміз химия ғажайыптары» (М.В Ломоносов) екенін түсіндіре отыра, өзімнің химия сабағымда спортта дарынды балаларды химия пәніне қызықтыру мақсатында, оқушылардың алдындағы оқу – құралдары, ішкен тамағы, үстіндегі киімі, тұрмыстағы қолданыстағы заттар, тіпті адам денесінің өзі химиядан яғни химиялық элементтерден құралатынын үнемі естеріне салып, айта отырып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретемін. Белсенді оқу – шынайы өмірден алынған және ойдан шығарылған жағдайларды қолдана отырып, оқушыларды ойланып, күрделі мәселелерді шешуге жетелейді. Білім беру бағдарламасының барлық салаларын барлық сатыларда белсенді оқу тәсілдерімен толықтырып, кеңейтуге болады. Белсенді оқу білім, дағды және көзқарас деп аталатын оқудың негізгі үш саласын қамтиды. Оқытудың белсенді формалары: ойын элементтері, ұжымдық,топтық, жұптық жұмыстар , өзара оқыту. Сабақ үрдісінде қолданылатын әдіс – тәсілдердің артықшылықтары: - Оқушылардың қызығушылықтарын оятады; - Көңіл – күйге бағытталады; - Оқу материалының тиімді игерілуіне мүмкіндік береді; - Қатысушыларға көп қырлы әсер етеді; - Кері байланыс жүзеге асады; - Оқушыларда өзіндік пікір,қатынас қалыптасады; - Мінез – құлықтың өзгеруіне ықпал етеді; Енді сабақ үрдісінде оқушылардың белсенділіктерін арттыру мақсатында қолданылатын әдіс – тәсілдерге тоқтала кетсем: Үй тапсырмасы бойынша : «Химиялық диктант», толықтыру тесті, «Құпия сан», дидактикалық тапсырмалар арқылы сұралады. Жаңа тақырыпты меңгерткенде де әртүрлі әдіс – тәсілдер қолдану арқылы , жеке, жұптық, топтық жұмыстар жүргізу, оқушылар арасындағы байланысты арттыруға,барлық оқушыларды сабаққа тартуға,топпен жұмыста бір – бірлерін силай білуге, бір – бірлерінің жауаптарын тыңдап,бағалай білуге, құрметтей білуге,сыни ойлай білуге жетелейді. Соның дәлелі ретінде 10 – сыныпта өткен «Металдар мен бейметалдардың қасиеттері, табиғатта таралуы» сабағын талдай кетсем: Үй тапсырмасы бойынша сұрақ – жауап, яғни химиялық диктант жазу, сұрақтарға бірден жауап жазып отыру, нәтижесін жұппен тексеру, бағалау. Жаңа сабақты меңгеруде қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Үштілділік – заман талабы»дегендей металдар мен бейметалдар сөзінің ағылшынша жазылуын ескере отырып, топпен жұмыс жасайды. Күнделікті өмірден көріп жүрген металл алтынның және бейметалл оттегінің физикалық қасиеттерін топтастыру. Соңынан кітаптан толықтыру.Осы жерде барлық оқушыларды сабаққа тарту мақсатында үлгерімі төмен оқушыларға концептуальді кесте толтырту.
металл |
Атом.массасы |
периоды |
тобы |
түсі |
қолданылуы |
AL |
|
|
|
|
|
Екінші топтағы оқушыға Венн диаграмма толтыру беріледі:
Fe S
|
|
|
Табиғатта таралуын оқулықпен жұмыс жасай отырып талдап, химия пәні эксперименттік ғылым екенін ескере отырып, зертханалық тәжірибе жасап, химиялық қасиеттеріне көз жеткізеді. Пән аралық байланыста биология пәнінен: адам өміріндегі элементтердің маңызы туралы білетіндерімен ой бөлісу арқылы қорытындылау. Сабақ барысында оқушылар арасында өзара жұптық, топтық әдістерді бағалау үшін : «бағалау парағы», «Смайликтер», «Бағдаршам», «Басбармақ» тб бағалау әдістерін қолданамын. «Мадақтау» арқылы «жарайсың», «сен тырыстың», «жақсы пікір айттың» деп мадақтап отыру оқушыларды жігерлендіріп, алға қарай жетуге ұмтылдырады. Бағалау оқу көрсеткіші ғана емес, ол тәрбиелік мәні зор құрал болып табылады. Енді осы қолданған әдіс –тәсілдердің оқушыларға әсері қандай болғанын бағамдасам: мысалы: Әленов Санжар – үндемей отыратын, енді топта өз ойын айтып, топта ой қосатын болды. Бахтыбаева М, Қасымова Ш топта жетекшілік етіп, басқарып, ұйымшылдықпен жұмыс жасауға жетелеп отырaды. Бекова А, Юсупова Аружанның тақырыпты түсіндіргенде тірек – сызбамен сызып көрсетуде, топтастыру жұмыстарында өз қиялдарымен көрсетіп, түсіндіре білулері, оқушылардың тек менің сабағымда ғана емес, басқа пәндер бойынша да осындай жұмыстар атқарылып, оқушыларда жұмыс істеу негізі қалыптасқанын көрсетеді. Қорытындылай келгенде менің мақсатым: - Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыру;
- Білім алуға деген ынтасын арттыру;
- Оқушының белсенділігі мен іскерлігін арттыру;
- Химиялық тілді, теориялық білімді практикамен ұштастыру;
- Химиялық үрдісті түсіндіре алатын жеке тұлға қалыптастыру;
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.