Ұстаздық- менің өмірімнің мәні
Оценка 4.6

Ұстаздық- менің өмірімнің мәні

Оценка 4.6
docx
07.12.2020
Ұстаздық- менің өмірімнің мәні
Ұстаздық- менің өмірімнің мәні.docx

                                                  Ұстаздық- менің өмірімнің мәні

(Эссе)

                                                    Кайракбаева Гулжанат Капбасовна

Спортта  дарынды балаларға арналған

  ШҚО олимпиада резервінің мамандандырылған

  мектеп –интернат-колледжі

 математика пәні мұғалімі

Мұғалім-зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі  іспеттес

К.Д. Ушинский

Мен ұстазбын... Осы бір сөзді бүгінгі күнде мен ерекше бір сезіммен, мақтанышпен айта аламын. Өйткені, Ұстаз-шынымен де ерекше тұлға. Менің ойымша, кез-келген адам ғұмыры баға жетпес байлық. Оның мәнді де мағыналы өтуі, әрине, жас кезінде алған білім мен тәрбиесіне байланысты. Өткен замандардан бері адам бойындағы басты қасиеттер: ақыл-парасат, ізгілік пен мейірім, сезім мен талғам, имандылық, ар тазалығы болып саналады. Осы қайталанбас қасиеттерді қалыптастыру ұстаз үшін оңай емес. Өйткені менің алдымда отырған шәкірттің әрқайсысы өз бетінше тылсым бір әлем. Осы тылсым, зерттелмеген әлемді ашып, баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін тани білу - бүгінгі күнде біздерге, ұстаздарға үлкен салмақ тастап отыр. Заман талаптарына сай ұстаз қызметінің мақсаты - өз пәнін үйретуден де тереңіректе жатыр. Бүгінгі күнге мұғалімге қойылып отырған талап, ең алдымен әр баланы табиғаттың ғажайып құбылысы ретінде танып, сол үшін де түсінуге тырысуында жатыр. Баланы әр сабақта жеке кейіпкері ете білетін, жан дүниесіне өзінше жол тапқан ұстаз ғана көздеген мақсатына жетуі мүмкін. Қазағымыздың «Бұлақ көрсең-көзін аш» деген қағидалы сөзі бәрімізге белгілі. Бойымдағы бар жақсылығымды, білімімді алдымда отырған шәкіртіме беру арқылы ерекше бір сезімге бөленемін. Мен үшін бүгінгі шәкіттерім - менің бар байлығым, бар қазынам. Ұстаз үшін өз еңбегіңнің жемісін көре білу - аса үлкен мақтаныш. Алдымызға келген пәк, таза бұлақтың көзін ашу арқылы біз бала өмірінің үлкен өмірге жолын ашамыз, сол арқылы оның осы өмірден дұрыс жолын таба білуге әрекет жасаймыз.

Ұстаздық –киелі де қасиетті және өте көне мамандық. Ел болашағы- білімді ұрпақта екендігі мәлім. Ұрпақ білімді болу үшін алдымен ұстаздың білімді болуы қажет. Мұғалім шеберлігі шәкіртіне үлгі, яғни Елбасы айтқандай: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздың қолында». Осы құнды ой бізге, ұстаздарға үлкен ой тастайды. Ұрпақ тәрбиесіндегі біздің еңбегіміздің аса үлкен жауапкершілігін жете түсіндіреді. Алдымызда отырған шәкірт-ертеңгі болашақтың иесі, сондықтан болашағымыздың айқын болуы үшін бүгінгі ұрпақтың өмірде бәсекеге қабілетті болып, өмірден өз орнын таба білуі мен үшін, ұстаздар үшін аса маңызды деп ойлаймын.

Педагогикалық салада жиырма екі жылдан аса қызмет етіп келе жатқан жылдар ішінде менің алдымнан небір талантты да дарынды, парасатты да ақылды, иман жүзді де мейірімді, бойында адами қасиеттері мол талай шәкірттер білім алып шығып жатыр. Бүгінде  Бахтыбаева Маржан, Қасымова Шұғыла, Қанатқызы Дәмелі, Ермекқызы Нұрай, Қойшығали Нұрай облыстық интеллектуалдық «Дарын» орталығының «Асыл тас», «Ақбота», «Малахит» облыстық байқауының жеңімпаздары. Мен үшін аталған оқушылар аспан әлемінде жарқыраған кішкентай жұлдыздар іспеттес. Бүгінгі кішкентай жұлдыздар ертең ұлан-ғайыр, тәуелсіз, егеменді еліміздің жарқыраған, өмірде анық із қалдыратын тұлға болып шығатынына менің сенімім мол.

Жаңа ғасыр мұғалімге жаңа талаптар қоюда. Бүгінгі мұғалім замана талаптарына сай ақпараттық-коммуникативтік технологияны жете меңгерген, инновациялық технологиялармен қаруланған жаңа форматтағы, кәсіби біліктілігі жоғары мұғалім болуы керек. Сондықтан мен өмір ағымынан қалмау үшін қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі ұйымдастырылған семинар-практикумдарға, конференцияларға, коучинг-сессияларға қатысу арқылы өз кәсіби білімімді жетілдірудемін. Мен Кембридж бағдарламасы бойынша курстан өткен педагог ретінде күнделікті жұмыста инновациялық технологияларды  тиімді қолдану арқылы шәкірттерімнің білімге деген қызығушылықтарын, құштарлықтарын арттыруға байланысты жұмыс атқарудамын. Сертификатталған педагог ретінде өз сабақтарымда замана талаптарына сай интербелсенді әдістерді тиімді қолдану арқылы шәкірттерімнің топтық жұмыстың тиімділігіне үйренуге, өз ісіне, сыныптастарының жұмысына баға беруге, өзара әрекеттесуге, сыни тұрғыдан ойлануға, өз ойын ашық айтуға, қорытынды, тұжырым жасауға үйретемін. Аталған интербелсенді әдіс-тәсілдер бүгінгі күнде менің сабақтарымның сапасын арттыруға ықпал етуде.

Ұлы педагог К.Ушинскийдің мына бір сөздері кез-келген ұстазға бір терең ой салары сөзсіз: «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім». Шынымен де бүгінгі күнде мұғалімнің кәсіби өсуі аса маңызды. Педагогика саласындағы өзгерістерді бойға жинау, оны алдымыздағы шәкірттерге беру, әріптестер арасында тарата білу - мұғалімнің шеберлігінің бір сыры.

.

Мен ұстаз ретінде «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» - деген қытайдың дана ойшылы Конфуцийдің сөзін үнемі жадымда ұстауға тырысамын. Өйткені, бүгінде өткен тәжірибесін заман ағымына сай жаңамен ұштастыра алатын, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, өз ісінің шебері бола білген адам - нағыз ұстаз бола алады деп ойлаймын.


 

Эссе)

Эссе)

Алдымызға келген пәк, таза бұлақтың көзін ашу арқылы біз бала өмірінің үлкен өмірге жолын ашамыз, сол арқылы оның осы өмірден дұрыс жолын таба білуге әрекет…

Алдымызға келген пәк, таза бұлақтың көзін ашу арқылы біз бала өмірінің үлкен өмірге жолын ашамыз, сол арқылы оның осы өмірден дұрыс жолын таба білуге әрекет…

Шынымен де бүгінгі күнде мұғалімнің кәсіби өсуі аса маңызды

Шынымен де бүгінгі күнде мұғалімнің кәсіби өсуі аса маңызды
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
07.12.2020