Мақсаты:
Оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылыққа икемділігін, пайымдық іскерлігін дамыту, нақты, жылдам шешім қабылдай білуге, еңбекке, ұйымшылдыққа, болашаққа бағыт беруген тәрбиелеу
2030-дың барысымыз,
Болашаққа бастайды әр ісіміз,
Егемен елімізді көркейтетін,
Білім шыңына шығу-парызымыз
Жоспар
I. Таныстыру
II. Жорға. ( сұрақ-жауап)
III. Сиқырлы ұяшықтар
IV. Ғажайып шеңбер»
Ү. Сергіту сәті “Жұмбақтар”
VI. Көкпар (есеп шығару)
VII. “Білімділер додасы”
VIII. Үй тапсырмасы (химияға байланысты өлең шығару)
Көңілді тапқыштар, білімділер
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Ең қиыны жарыстың жорға келді,
Мықтылары ортада, шықсын енді.
Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма,
Осы ойыннан көрейік ерен ерді.
1-топ
1.Оттектің атмосфера қабатындағы көлемдік үлесі неше пайызды құрайды?
2.Ауаның құрамын анықтаған француз ғалымы?
3.Тұздар дегеніміз не?
4.Период нешеге бөлінеді?
5.Қышқылдар дегеніміз не?
6.Суда еритін негіздерді басқаша қалай атайды?
7.Судың құрамындағы сутек және оттектың валенттіктері қандай?
8.Қандай индикаторларды білесің?
9.Негіздер дегеніміз не?
10.Қанша бейметалл бар?
11.Атом дегеніміз не?
12.Период дегеніміз не?
13.«Галогендер» сөзі қандай мағына береді?
14.Кіші периодтарға нелер жатады?
15.Заттың массалық құрамын анықтаған ғалым?
16.Күкірсутектің формуласы қандай?
17.1811 жылы газдар жайлы заң ұсынған ғалым?
18.Кез келген газдың 1 молі қанша көлем алады?
19.Химиялық элементтер екі үлкен топқа бөлінеді?
20.Химияның “атасы” кім?
2-топ
1.Заттарды қоспалардан бөлу және тазартудың қандай әдіс
тәсілдері бар?
2.Судың мұзға айналуы қандай құбылыс?
3.Химиялық реакцияның белгілері?
4.Молекула дегеніміз не?
5.Химиялық элементтердің таңбаларын ұсынған ғалым кім?
6.Зат массасының сақталу заңын ашқан кім?
7.Сынап элементі латынша қалай аталады?
8.Алтын элементінің салыстырмалы атомдық массасы нешеге тең?
9.Коэффициент формулада қай жерге жазылады?
10.Калий, литий, натрий. Аталған элементтерде қандай ұқсастық бар?
11.Реагент дегеніміз не?
12.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі не?
13.Авогадро саны нешеге тең?
14.Топ нешеге бөлінеді?
15.Айырылу реакциясы дегеніміз не?
16.Ас тұзының формуласы қандай?
17.Ас қазанда бөлінетін қышқылдың формуласы қандай?
18.Реакция кезінде жарық және жылу бөле жүретін реакцияны қалай атайды?
19.Периодтық жүйедегі реттік нөмірі 24 элемент қандай?
20.Натрий селитрасының формуласы қандай?
Сергіту сәті
“Жұмбақтар”
3.Оттекті бос күйінде алып, оның ауаның құрамдас бөлігі екенін дәлелдеген ағылшын химигі мен швед ғалымы, ол кім?
4.Бұл элементтің атауы грекше “тас” деген мағынаны білдіреді, атауын Берцелиус ұсынған. Бұл сілтілік металды 1825 ж Деви алған. Егер осы элементтің гидроксидін сілтілік аккумуляторға қосса, оның қызмет мерзімі 2-3 есе артады. Бұл қай элемент?
5.Бұл элементті бос күйінде аламын деген көптеген ғалымдар қатты уланғандықтан оған грекше “бұзылу, жойылу” деген мағына беретін болған. Дегенмен, оны таза күйінде француз химигі Муассан алған. Ол қандай элемент?
7.Қазақстан қазба байлықтарының металлогендік картасын жасаған, Менделеевтің периодтық жүйесіндегі барлық химиялық элементтердің қазақстан жерінде кездесетінін айтқан ғалым, академик, ол кім?
8.Тұңғыш рет бұл бейметалды Кавендиш бөліп алды. Грек тілінен оның атауы “қабілетсіз”, “ жұмыс істемейтін” деп аударылады.
9. Шіріген жұмыртқаның жағымсыз иісі бар, ауадан ауыр, түссіз газ, суда нашар ериді, оның ерітіндісі жарықта күкірттің ығыстырып шығуынан лайланады. Ауа қоспасында ол улы, қопарылғыш қауіпті.
10. Онымен таныспайынша химиялық зертханаға кіру де, жұмыс істеу де мүмкін емес, ол тек зертханада немесе кабинетте қолданылып қоймайды, күнделікті тұрмыста жиі қажет болады. Бұл не?
Біліммен ашасың жол ғылымға,
От боп лаула, су боп кейде құйыл да.
Домалақ жер, аспан көгі, өзен де,
Айтылыпты ақындардың жырында.
Жесек тамақ, кисек киім, тұратын мына үйіміз,
Ол болмаса келіспейді, жетіспейді күйіміз.
Ішсек дәрі, тірі ағзада құбылыс,
Бәрі, бәрі сияды екен “Химия” деген ғылымға.
Химия-жыр әніміз, шаттанамыз
Ән арнап, өзіңе біз мақтанамыз.
Кең байтақ кенге толы Қазақстан
Әнге қосып өзіңді біз айтамыз.
Химиялық тілде құттықтау
Берілген: алтын,су,темір, күміс, болат,көмір, алюминий сөздерінен сөйлем құрап, құттықтау лебізін айту керек:
Алтындай ардақты, күмістей салмақты, суға жүзген балықтай жас химиктер, көңілдеріңіз алюминийден жасалған ұшақтың ішіндей кең болсын сіздерге темірдей қатты, болаттай мықты денсаулық, көмірдей қара көздеріңізбен, алмаздай өткір сөздеріңізбен жанды жадыратып, өмір ағысымен сынаптай сырғып жүре беріңіздер демекпіз.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.