ХИМИЯ САБАҒЫНДА ПРАКТИКАЛЫҚ-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ.
Оценка 4.7
Исследовательские работы
doc
химия
8 кл—11 кл
29.04.2017
сабақтың білім сапасын арттыру, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында практикалық және зерттханалық жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру керек. ең бастысы оқушылар өздері тәжірибелерді жасап, талдап, баға беруі керек. көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп нәтижеге жетуге болады. химия пәні тәжірибені көп қажет ететін пәндердің бірі.
НПК химия Бауржанова Ардак.doc
Бауржанова Ардак Жумагалийкызы
«Рыков атындағы орта мектебі» КММ
Катонқарағай ауылы, Катонқарағай ауданы
ХИМИЯ САБАҒЫНДА ПРАКТИКАЛЫҚЗЕРТХАНАЛЫҚ
ЖҰМЫСТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ.
Мазмұны:
1. Кіріспе
2. Химия сабағында практикалық – зертханалық жұмыстардың
орындалуының тиімді әдістері
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер Кіріспе
Химияны оқытудағы маңызды рөлдіоқу процесінің құрамдас бөлігі
химиялық эсперимент алады. Мен сіздермен «Химия сабағында практикалық –
зертханалық жұмыстардың орындалуының тиімді әдістері» тақырыбында өз іс
тәжірибеммен бөліскім келеді.
Химиялық эксперименттің негізгі қасиеті әрбір ғылыми түсінік логикалық
түрде қойылған тапсырмадан көрініп, практикалық түрде меңгерілуі
керектігінде.
Химиялық экспериментхимияға қызығушылықты арттырып, өзінөзгілікті
қалыптастырады, яғни экспериментті орындау процесі кезінде оқушылар
жұмыстың практикалық біліктілігіне қол жеткізіп қана қоймай, өз білімін
шығармашылық түрде игеру мүмкіншілігіне ие болады.
Эксперименттің жүйелі түрде жүргізілуі оқушылардың химиядан үлгерімін
арттыруға мүмкіндік береді. Алынған дағдылар мен біліктіліктерін оқушылар
тек мектеп қабырғасында ғана пайдаланып қоймай,сондайақ кейін де өздік
ізденістерінде қолдана алады. Зертханалық тәжірибелер мен сарамандық
жұмыстарды жүргізе отырып,оқушылар химиялық құбылыстар мен
заңдылықтарды зерттеп,олардың нақтылығына көз жеткізеді,осылайша олардың
біліктіліктері артады.
Бұл химияның әрбір бөлігінен алынған білімнің
қайталанылуына,
бекітілуіне,тереңдетілуіне,кеңейтіліп,жүйеленуіне себебін
тигізеді. Сонымен қатар, оқушыларда реагенттер мен құрылғыларды қолдана
білудегі біліктіліктіліктері мен дағдылары қалыптасады. Осының бәрі
оқушылардың политехникалық дайындықтары мен теориялық білімдерін
арттырады.
Өз пәнім бойынша оқушыларға жоғары білім беру үшін, көп еңбек етіп
келемін. Оқушы алған білімін ертең қолданып нәтиже көрстеіп жатса, ол әрине
қуантады. Өз істәжірибемде тақырыптарды түсіндіру кезінде қандай әдістерді
қолданамын, оқушыға ақпаратты қалай жеткіземін сол туралы газет
журналдарды, мұғалімге арналған нұсқаулықты және интернет ресурстарын
пайдалана отырып, осы жұмысты жаздым. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен
және қорытынды бөлім мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
Химия сабағында практикалық – зертханалық жұмыстардың
орындалуының тиімді әдістері.
Нәтижелі білім алу үдерісі мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта
білген білімдағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген
білім модельдері аясында ғана жүзеге асады. Оқыту үдерісінің басында
мұғалімдер оқушылар не біледі, оларда қандай
қате ойтүйгендері бар және бұны қалай түзеткен дұрыс екенін білу үшін арнайы
құралдарды пайдаланады. Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады. Егер
білім игеруді бастау нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті ең жақсы
оқушылардың өздеріне де алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырып,
тестілеуден немесе емтиханнан өткеннен кейін
мүлдем ұмытып қалады.
Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне
белсенді қатысу керек: олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын тұжырымдайды,
бірбіріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді
қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер – оқудың
ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады. [1]
Қазіргі заман талабына сай сай әрбір оқушы алған білімін өмірде орынды,
дұрыс қолдана алуы керек. ол үшін ол өзінің оқып отырған пәнін жетік меңгеруі
керек. Ол үшін біз не істей аламыз? Оқу пирамидасын еске түсіретін болсақ
оқушылар тәжірибе жасау арқылы ақпараттың 75% есте сақтай алады.
Сындарлы оқытудың ең басты мақсаты оқушыларға дайын білімді бермей
өздерінің ізденуіне жағдай жасау. Әрбір оқушы сыни ойлай алуы керек.
осылардың барлығын ескере отырып, өз сабақтарымда сын тұрғысынан ойлау
технологиясын қолданамын. Мысалы, 9сыныпта «Темір» тақырыбында
химиялық қасиетін оқыған кезде оқушыларға темірдің мыс (ІІ) сульфатымен
әрекеттесу теңдеуін түсіндіру кезінде тәжірибе көрсетуге болады. Осы
тәжірибені жасамас бұрын олардан «Егер қазір мен мына темір шегені мыс
сульфаты ерітіндісіне салатын болсам не болады деп ойлайсыңдар?» деп сұрақ
қоямын. Осы кезде оқушылар өздерінің сыни ойлау, болжам жасау, тұжырымдау
дағдыларын пайдаланып сұраққа жауап беріп көреді. Сол кезде олар ерітіндінің
түсі өзгереді, реакция жүрмейді, реакция баяу жүреді, тат басады т.б. жауаптар
береді. «Неге олай ойлайсың?» деген сұрақ арқылы олар өздерінің жауаптарын
дәлелдейді. Тәжірибені жасап, әрқайсысы өздерінің болжамдаған жауаптарымен
салыстырады. Сондайақ, 11 – сыныпта «Альдегидтер» тақырыбын оқыған кезде
күміс – айна реакциясын түсіндіру кезінде де алдын – ала оқушыдан олардың
пікірін тыңдау қажет деп есептеймін. Ал егер осындай сұрақтар қоймай бірден
мына реакция былай жүреді, мына реакция былай аяқталады деп өзіміз
түсіндірсек оқушы келесі сабаққа кейін ұмытып қалады. «Сілтілік металдарды»
түсіндірген кезде де натрийдің сумен реакциясын жасап көрсетемін. Ал
калийдің сумен реакциясын мектеп зертханасында жасамайтын болғандықтан,
ол тәжірибені интерактивті тақтадан видео түрінде көрсетемін. Тек көрсетіп
қана қоймай өзлеріне талдау жасатып, қорытындылатамын. Нақты сұрақты
бекітуде эксперимент сабақтың маңызды бөлігі болуы керек. Оқушылар
эксперимент не үшін қойылатынын,
қандай теориялық жағдайды
дәлелдейтінін,қандай сұраққа жауап беретінін білуі керек. Мысалы,металдардың
химиялық қасиетін түсіндіре отырып,«Барлық дерлік металдар сумен
әрекеттесе бере ме?» деген сұрақты қоямын.
Химия пәнінде зертханалық, сарамандық жұмыстардың алатын орны
ерекше, мұнда теориялық алған білімін практикамен ұштастыру. Бағдарламада әр сынып бойынша сағаттар бөлініп берілген сарамандық сабақ белгілі бір тарау
немесе оның бөлігі өтілгеннен кейін химиялық тәжірибиелерді оқушылардың
өздігінен орындауы үшін арнайы бөлінген сабақ. Сарамандық сабақ
оқушылардың заттардың қасиетін тануға, ажыратуға, химиялық құбылыстарды,
құралжабдықтардың атын білуге, химиялық заттардың
молекулалық
формулаларын білуге, қауіпсіздік ережесін сақтауға, жұмыс істеуге икем
дағдыларын жетілдіруге зор ықпалын тигізеді. Алайда біздің химия сабақтарын
да зертханалық , сарамандық
болмауында
жетіспеушілігінен
түрінде ғана мұғалім өзі көрсетіп
шығарады. Осындай жағдай орын алғанның өзінде оқушыларға болжам жасатып,
қандай нәтиже болатынын өздерінен сұрау керек, ал тәжірибені интерактивті
тақтадан видео түрінде көрсетсе болады. Қазіргі уақытта электронды оқулықтар
да өте жақсы құрастырылған. Әр тақырыптан кейін сол тақырыпқа байланысты
есептері, тестері және сарамандық жұмыс тәжірибелері бар. Электронды
оқулықты да қолдану арқылы білім сапасын арттыруға болады.
жұмыстар реактивтердің
демонстрациялау
Оқушыларға заттарды сапалық анықтауға үйретуіміз керек. Аудандық,
облыстық олимпиадаларға қатысқан оқушылар олимпиаданың ІІ турында
міндетті осындай тапсырмалар орындайды. Осы кезде тәжірибе жасау
дағдылары төмен оқушылар қиналады. Оны мен тексеру комиссиясының
құрамында болған кезде байқадым. Әр затты, қосылысты оқығаннан кейін оны
қалай ажыратып ,анықтауға болатындығы турады көбірек айтуымыз керек деп
санаймын.
«Ерітінділер» тақырыбын оқыған кезде де өздері тұз бен еріткіштің
массаларын өлшеп салып ерітінді дайындаса, естерінде ұзаққа сақталады. Әрине,
оқушылардың барлығының білім деңгейі бірдей емес, осындай тапсырмаларды
тек «4» пен «5» ке оқитын оқушы ғана орындай алады. Ал білім деңгейі төмен
оқушы не істейді? Ондай оқушыларды үлгерімі жақсы оқушылардың қасына
отырғызып, оларға көмектестіріп ынтасын арттыруға болады. Ондай
оқушыларды үнемі назарда ұстау керек. Кей жағдайда деңгейленген тапсырма
беруге болады. Органикалық химияның тәжірибелерін көбінесе теория жүзінде
орындап келдік. Органикалық химия біздің өміріміз десек артық айтпаған
болармыз. Күнделікті тұрмыста қолданылатын заттарды оқып білу, анықтау,
олармен тәжірибе жаау қызықты емес пе. Органикалық заттарды ажырату үшін
қолданылатын сапалық реакцияны жаза білуге дағдыландыру керек.
Қорытынды.
Қорытындылай келетін болсақ бәсекеге қабілетті болашақ жастарды
тәрбиелеуге жанжақты теориялық білімді практикалық біліммен ұштастыруда
яғни зертханалық,сарамандық жұмыстардың химимя сабағында өте қажет
екендігіне көз жеткіздік.
Оқушылырда өздеріне деген сенімділікті арттырып, қиыншылықты жеңу
үшін жұмыстың дұрыс орындалып,күтілген натижелерді алуларына жағдай
жасау қажет. Химия сабағында экспериментті жүйелі түрде өткізіп отыру фактілерді
бақылауға, теориялық білім көмегімен оларды түсіндіре білуге , эксперименттік
біліктілік пен дағдыларын арттыруға, жұмысты жоспарлай білуге, өз бетінше
жұмыс істеуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуға, шығармашылық іскерлігін
арттыруға
қосады.
үлес
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық (ПҚМК)60 бет
2. Химия қазақстан мектебінде№1,2014ж14 бет
3. Химия қазақстан мектебінде№2,2014ж 25 бет
ХИМИЯ САБАҒЫНДА ПРАКТИКАЛЫҚ-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ.
ХИМИЯ САБАҒЫНДА ПРАКТИКАЛЫҚ-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ.
ХИМИЯ САБАҒЫНДА ПРАКТИКАЛЫҚ-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ.
ХИМИЯ САБАҒЫНДА ПРАКТИКАЛЫҚ-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ.
ХИМИЯ САБАҒЫНДА ПРАКТИКАЛЫҚ-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.