Как можно умножать натуральные чисела?
Оценка 5

Как можно умножать натуральные чисела?

Оценка 5
Исследовательские работы +2
математика +1
Взрослым
29.05.2018
Как можно умножать  натуральные чисела?
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі. Қарағанды облыстық мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ – МАТЕМАТИКА БАҒЫТТАҒЫ БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУ КАФЕДРАСЫ Ж О Б А Тақырыбы: Математика сабағында ойын сәттерін қолдану. Орындаған: ЖББНМ №82 математика пәні мұғалімі: Смагулова Г.Ф.. Қарағанды 2017 жыл Жобаның құрылымы I Кіріспе...............................................................................................................3 1.1 Жобаның қысқаша негіздемесі...................................................................3 1.2 Жобаның мақсаты мен міндеттері..............................................................4 1.3 Күтілетін нәтижелер......................................................................................................4 II. Жобаның негізгі мазмұны ............................................................................5 2.1 Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері...............5 2.2 Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері..7 2.3 Математика сабағында оқушылардың ойлау қабілетін- ойын элементтері арқылы дамыту.............................................................................................10 Қорытынды.............................................................................................17 III. Жоба тиімділігін бағалау критерийлері ................................................18 IV. Кездесетін кедергілер ….........................................................................19 V.Глоссарий ................................................................................................. 20 VI. Қолданылған әдебиеттер тізімі ..............................................................21 VII. Қосымша ................................................................................................22 Кіріспе Ойын-әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл – күйі ,баланың тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады.Физика, химия, тарих т.б. пәндерімен байланысып білім – білік дағдылары артып, пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының артуына ықпал етеді. Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы педагог В.А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған.Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі. Басқа да кез- келген іс-әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді, ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезінуі керек. Негізгі рөл оқушының ойынға қатысуындағы психологиялық және интеллектуалдық дайындығымен сипатталады.Ойын кезіндегі көтеріңкі көңіл-күй, өзара түсіністік, достық қарым-қатынасты қалыптастыру үшін мұғалім әр ойынға қатысушының мінез-құлқын, темпераментін, жинақылығын, ұстамдылығын және денсаулығын ескеруі керек.Ойынның мазмұны қатысушылар үшін қызықты және ойын соңында нәтижесі анық көрінетіндей маңызды құндылықтарын сезінетіндей болуы тиіс.Әр баланың ойын әрекеті сабақ кезінде алған білімдері мен білік-дағдыларына негізделеді, ол әрекеттер күнделікті әсерлі шешімдер қабылдауға,өздерін және қоршаған орта мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелейді. Өзектілігі: Оқушылардың математикалық ой өрісінің дамыту, пәнге деген қызығушылығының ояту математикадағы басты проблеманың бірі. Әр сабақ-мұғалім ізденісісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтын мазмұны ашыла түседі.Өйткені ойын оқушының бойында тұлғаның жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіндік пайда болады, есте сақтау қабылеті дамиды. Осы жобаны таңдау себептерім: -қазіргі оқулықтардағы оқу мазмұнының күрделілігі -математика сағаттарының қысқаруы - оқушылардың математика пәніне қызығушылығының төмендеуінен келесі мәселе туындайды. Мәселе:Ойын технологиясын оқу процесінде жүйелі қолданбаудан оқушы құзыреттілігі айқындалмайды, жан-жақты оқушы қасиеттері анықталмағаннан қарама-қайшылықтар туындайды. Жобаның мақсаты: Математика сабағында ойын сәттерін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру. Жoбаның міндеттері: -Математика сабақтарында ойын элементтерімен танысу. -Математика бағдарламасына сaраптама жасап, ойын сәттерін енгізетін тақырыптарды анықтау. -оқушылардын теориялық білімін жүйелеуге және практикада қолдануына, қалыптасуына жағдай тyғызу. -өз ойын, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тындап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтыру. -оқушылардын пәнге деген қызуғушылығының денгейін сезінуге, оны игеруде өз мүмкіндігін болашаққа бағыттай , бағалай білуге көмек көрсету. -оқушылардың қызығушылық іс-әрекетін ұйымдастыру. Зерттеу объектісі: 8 сыныптағы математиканы оқыту процесі. Зерттеу пәні: Оқушылардың қызығушылық деңгейін дамыту. Болжам: Егер математика сабағында - ойын элементтері жиі пайдаланса, - уақытты тиімді пайдаланса - тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе онда оқушылар сабаққа белсене қатысады , пәнге деген қызығушылығы, білім сапасы мен үлгерімі артады. Күтілетін нәтиже: -сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады. -оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен денгейіне байланысты болады. -ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті сергектікті үйренеді. -оқушылардың математикалық қабілеттері айқындалады. 2 тарау. Математика сабағында ойын сәттерін қолдану. 2.1 Ойынның психологиядық және педагогикалық ерекшеліктері. Еліміз егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша кезқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған үрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару - оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас- ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекемелерінің алдында күрделі міндет тұр. Ол - оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке түлғаны тәрбиелеп шығару. Қазіргі кезеңде математиканы оқыту әдістемесі ғылымында ізденістер, жаңалықтар болып жатыр. Түрлі әдістемелік жүйе, әдістер мен тәсілдер мектепте математика пәнін оқыту үрдісіне енуде. Мысалы: Ж.Қараевтың «Денгейлеп оқыту технологиясы», В.В Давыдовтың «Дамыта оқыту технологияларының элементтері» , «Блум таксономиясы» т.б Қазіргі білім саласының алдына қойылған талаптар - оқушыларға білімді тереңдетіп беру. Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтардан да көруімізге болады. Мұндай жағдайда оқушының алдында үлкен мәселе: оқушыны қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану - осы проблеманы шешудің бірден-бір жолы. 8 сыныптардағы математика сабақтарын ойын әдісімен оқыту жұмыстары мынадай бірнеше маңызды мәселелерді шешеді: біріншіден, оқушылар ойын кезінде бір-бірімен тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, бір-бірімен қарым-қатынастары артып, ұнамдық қасиеттері дамиды, бұл оқушылардың логикалық ойлары дамитыны сөзсіз; екіншіден оқулықта берілген материалдарды қызығып, ынта-жігермен оқиды, бұл оқушылардың білімді сапалы меңгеруін қамтамасыз етеді, Үшіншіден, оқушылардың арасында жарыс пайда болады, оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, төртіншіден, оқушылар шығармашыл ойлауға дағдыланады. Сондықтан 8 сыныпта математика сабағын ойын тәсілімен ету – математиканы сапалы оқытудың маңызды мәселелерінің бірі. Ойын - күрделі математикалық, психологиялық, педагогикалық ұғым. Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубин-штейннің пікірінше "ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалып-тасады, баланы ересек өмірге дайындай-ды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды. Д.Б.Эльконин "путь развития игры идет от конкретного предметного действия и обобщеннму игровому действию, и от него и игровому ролевому действии; есть ложкой; кормить ложкой; кормить ложкой куклу, кормить пожкой куклу как мама. Таков схематический путь к ролевой игре. К.Г.Исулов ойынды адам санасының қоршаған ортамен араласуындағы эвристикалық іс-әрекеті деп қарастырады. Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген: Қажеттілік - мотив –мақсат- ойын іс-әрекеті - нәтиже. Демек, психологиялық тұрғыдан ойын: а) Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды қалыптастырады: ә) Танымдық мативтің дамуына әкеледі; б) Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқу және еңбекпен қатар тұрады; в) Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді. Педагог ғылымдар ойынның оқыту процесінде оң әсерін тигізетініне келісе отырып, Мынандай пікір айтады. Белгілі педагог Ю.К.Бабанский ойынды "как мощное средство стимулирования познавательного интереса учащихся" - деп көрсетсе, педагогтардың арасында ойын іс-әрекетін педагогикалық құбылыстардың қай түріне жатқызу жөнінде бір пікір жоқ. А.С.Гуревич, А.В.Килиниюктер ойынды оқытудың активті түрі деп қарастырса, Н.Н.Скатова, Р.И.Половникова, В.К.Роман оқытудың ойын әдісі дейді. Тағы бір ғалымдар оқытудың ойын элементтері деп қарастырады. Біз ойынды әдіс деп қарастырамыз. Себебі әдіс секілді ойын кезінде оқушымен оқытушының арасындағы байланыс туындап оқыту процесінде тактиканы емес, стратегияны анықтайды. Біз ойынды іштей жөндей отырып оның мынадай элементтерін өзара тығыз байланыста болатынын атап көрсеткіміз келеді. Ойын элементтері ойынның біртұтас құрылысын береді. Ойын құрылысында алдымен оқытудың мақсаты тұрады. Ойын - өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс-әрекеттің түрі. Адам әрекетіндегі ойын құрылымынын кезеңдері: 1) мақсат қою; 2) жоспарлау; 3) мақсатты жүзеге асыру; 4) адамның өзін субъект деп табуын қорытындылау болып бөлінеді. С.А.Шмаковтың пікірінше, ойын - бұл тәртібіне өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс-әрекет түрі. Кептеген ойындар келесі түрлерімен ерекшеленеді: 1) еркін дамитын әрекет; 2) шығармашылық әрекет; 3) тікелей немесе жанама ережелер. Ойынның дидактикалық үрдісте атқаратын көптеген функциялары бар, олар: 1. Әлеуметтену. 2. Ұлтаралық араласушылық функциясы. 3. Ойында өзін ұстай алу функциясы. 4. Ойынның коммуникативті функциясы. 5. Ойынның диагностикалық функциясы. 6. Терапевтік функциясы. 7. Жөндеу функциясы. 8. Сауықтық-ойын функциясы. Осы тарауды аяқтай және жоғарыдағы айтылғандарды ескере отырып, мынандай қорытындыға келемін: педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел әрі сапапы меңгертуге бағытталған. 2.2 МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Ойын оқушының негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиалогиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын оқушының даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады. Ойын өзінің тек мазмұнымен оқушыларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе керсеткендей, әдеттегі бірсарынды сынып сабағындағы үңдемес оқушылар ойын кезінде өте белсенді болады. Өйткені ойын кезінде ол тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Мұғалім балалар ерекшеліктерін - мінез, темперамент, ұжымшылдық, тәртіп, ерік т.б. жағдайларын ескеріп ұйымдастыруы қажет және ойынның мақсаты, міндеттері, мазмұны мен жүрісін анықтау керек. Мұғалім ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесшісі, балалардың даулы нәрселерін шешіп беретін әділ төрешісі,сонымен бірге ойын барысында олардың жолдасы бола алады. Мұғалімнің міндеті- ойын барысында балалар арасында адамгершілік қарым-қатынастарды талдап, зергтеу, оны тиімді әдістермен басқару, балалардың достығын қолдау. Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады.Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ықыласпен тыңдап, жемісті меңгеруіне әсер етеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам.дұрыс орындайтын болады. Ойындар оқушыларды ез бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сездік қорларын молайтады. Ойынды қолдану сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, материалды қажетті деңгейде игеруіне ықпал етеді. Ойындар мазмұны баланы қызықтыра алатындай құнды болуы керек. Ойын әрекеті сабақта игерілген білім, білік, дағдыға сүйене отырып оқушылардың өзіне және басқаға сын көзбен қарап, тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады. Ең бастысы әлеуметтік психологиялық талаптардың бірі - шынайы қарым-қатынас практикасы мен ойынның логикалық үйлесімінің болуы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді. Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптары оқушыларының ой-өрісін дамытатын «Сақина тастау» ойыны. Дидактикалық мақсаты: берілген мысалды тақтаға шығарып, сақинаны өзі қалаған оқушыға салады. Ойын осылайша жылдам түрде жалғасады. Ойынды басқара жүріп, мұғалім оқушының жеке басының ерекшелігіне, оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал. Ойын - оқушылардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында оқушыныңның жеке басының қасиеттері қалыптасады. Мысалы: кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. «Көрші-көрші» ойынының мақсаты оң және теріс сандардың ретін меңгеру. Яғни, мұғалім бір санды атайды, «-4» дейді -4 саны тағылған бала ілгері шығып, балалардың алдына тұрады. Сонаң соң мұғалім бұл санның көршілері қатарына тұрыңдар дейді. -3,-2,-1 сандарын құрады. Одан соң -3 және -2 сандары салыстырылады. Одан соң -2,-1 т.с.с. Алайда, ойын арқылы есептер мен тапсырмаларды орындау ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттарына жету үшін пайдалану орынды. Оқушыныңның қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі оқушыныңның психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, еркі қасиеті, қабілеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі оқушының жан-дүниесіне әсер етіп, оның рухани адамгершілік сезімінің дамуына ықпалын тигізеді. Жалпы қорытындылай келе, мектеп оқушыларына математика сабағында ойын - тиімді тәсіл екендігіне көз жеткіздік. Ойын - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері мол болады деген сенімдемім. 2.3 МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН – ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ. Мектеп оқушыларының мектепке келгенге дейінгі әрекеті ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетіне бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында қолданылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аударуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп: ойын сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары. Сабақта ойын элементерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдылық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу үдерісіне пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездеріне нұсқан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс. Оқушылардың қызығушылығын арттырудың бір көзі–математикалық ойын элементтерін қолдану деп ойлаймын. Меңің ойымша, математикалық ойындар–сыныпта жүргізілген жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да балаларды өзіне тартады. Мен сабақта қолданған әрбір ойын жөнінде терең толғанып, оның тәрбиелік маңызын түсінуге тырысамын. Оқушыларға сұрақты қысқа, түсінікті етіп қоямын, ойын үдерісінде мүмкіндігінше ойынның бірнеше түрлерін кезектестіріп отырамын. Математика сабақтарында халық ойындарын дидактикалық материал ретінде қолданып сабақ өткізу өте пайдалы. 8-сыныпта мынадай дидактикалық ойындарды көп пайдаланамын: математикалық эстафеталар, викториналар, кроссвордтар, ребустар, жұмбақтар. «Квадрат теңдеулер» тақырыбына мынадай ойын түрлерін өткіздім. Ойынның түрі: «Жарыс сабақ» 1.Сынып оқушыларын «Квадрат» және «Тендеу» болып екі топқа бөлініп жарысатындығын түіндірдім. 2. «Ақсүйек- көксерек» ойыны. Әр топ бір-біріне сұрақтар қойып, жауап алады. 3. Бұрыш ойыны. Логикалық есептер. 1. 7х2+3х=1=0 (731) 1. 5х2+2х+2=0 (522) 2.5х2+9х+6=0 ( ) 2. 7х2+6х+1=0 ( ) 3. 5х2+9х+6=0 ( ) 3. 7х2+6х+1=0 ( ) 4. 12х=-4х2 ( ) 4. 13х=-7х2 ( ) 5. 3х2=-7 ( ) 5. 4х2=-9 ( ) 4. «Бәйге» ойыны. Екі топқа да, әр оқушыға жеке-жеке есептер беріліеді. Қай топ дұрыс, әрі бірінші шешеді? 1. 2х2+5х-3=0 6х2+13х+5=0 2.х2+2х+1=0 3х2-5х+2=0 3. 3х2+х-4=0 5х2+5х+2=0 4. 2х2+7х+3=0 5х2+х+2=0 5. p2+p+9=0 5/2у2-4у-1=0 5. «Ақсүйек» ойыны. Мұнда екі топқа үш-үштен есептер беріледі. Сол арқылы жасырынған квадрат теңдеуді табу керек. 1. х1=2+√3 х2=2-√3 х3=2 х4=3 Жауабы: х2-4х+1=0 х2-5х+6=0 2. х1=3 х2=4 х3=-3 х4=-2 Жауабы: х2-х-12=0 х2+5х+6=0 3. х1=5 х2=-4 х3=0 х4√=6 Жауабы: х2-х-20=0 х2-6х=0 4. «Қазақша күрес» ойыны. Бұл жерде екі топтың ең мықты екі оқушысы шығып тақтада мәселе есептер шығарады. Қай топ бірінші болса, женіс сонда. 1 топ: Ұзындығы 64м шенбер бойымен бір-біріне кері қозғалған екі дене әрбір 4 сек сайын кездеседі. Бір бағытта қозғалған жағдайда бірінші дене екінщісінен әрбір 32 сек. сайын қуып жетеді. Осы денелердің сызықтық жылдамдығын табыңдар. Шешуі: 1 денені --- х деп жылдамдықты белгілейміз. 2 денені --- у 64/4=4 } х+у=64/4 } х+у=16} х=16-у 2у=14 64/х-у=32 х-у=64/32 х-у=2 16-у=2 у=7 х=16-7 х=9 Жауабы: сыз. Жылдамдыгы 7м/с, 9м/с 2 топ: Автомобиль әр минут сайын велосипедшіге қарағанда 1500м артық жүреді, сондықтан ұзындығы 50 км жолға 4,5 сағ кем уақыт жібереді. Олардың әрқайсысының жылдамдықтарын тап. Шешуі: автомобиль жылдамдығы х км/сағ=60 мин 60*1500м=90000=90км/саг Велосипед (х-90)км/саг 50/(х-90)-50/х=4,5 50х+50х+5090=4,9х (х-90) 4500=4,5х2-405х 4,5х2-405х-4500=0 D=164025+810000=245024=4952 Х1=405-495/2*4,5=-90/9=-10 Х2=405+495/9=900/9=100км/саг автомобиль 100-90=10км/саг велосипед 5. «Көрші-көрші» ойыны кітаппен жұмыс. Мұнда екі топ өздері үйде дайындаған есептерін бір-бірімен алмасып шығарады. Бхаскара есебі: Үнгірге жасырынған маймылдар саны олардың жалпы санының бестен бірінен 3-і кем болған үлесінің квадратындай болып, тек ағаштың басына мініп кеткен біреуі көрініп тұр еді. Барлығы неше маймыл болған? Шешуі: х-(х/5-3)2=1 х = х2/25+6х/5-9-1=0 х2/25+х-6х/5+10=0 х2-25х-30х+250=0 х2-55х+250=0 D=3025-1000=2025=452 х1=55+45/2=50 х2=55-45/2=5 Жауабы: 50 маймыл Бхаскара есебі: Екі топқа бөлініп маймылдар ойнап жүр екен. Сегізден бірінің квадраты, Жүр еді ойнап жырада. Қиқу салып он екісі, Ойнап жүрді жағада. Барлығы қанша санап көр, Маймылдардың тобында? Шешуі: (х/8)2 +12=х х2/64+х+12=0 х2-64х+768=0 D=1024-768=256=162 х1=32+16=48 х2=32-16=16 Жауабы: 48 және 16 Квадрат теңсіздіктер тақырыбын өткен кезде келесі ойын түрін ұйымдастырдым. Сыныптарды қатар бойынша екі топқа бөлдім және екі жетекші сайлап алдым. Ойынға 10 үлестірме жасалынды. Әр үлестірмеде квадрат тенсіздіктерді шешуге әртүрлі тапсырмалар жазылды. Топқа берілетін үлестірмелер бөлек тұрды. Тақтаны екіге бөліп, «Жазуға кірісіңдер» деген белгі берілгенде, әр топтан бір оқушы шығып, үлестірмедегі жазуларды жазып, орнына отырады. Сөйтіп, келесі оқушы шығады. Ал үш оқушы әр топтың жауаптарын мұғалімнің алдын-ала жазылған жауаптары бойынша тексеріп отырады. Соңында қатесі аз және бұрын бітірген топ жеңіске жетеді. Мұндай ойынды әр түрлі тақырыптарда өткізуге болады, өткізу арқылы қай оқушының тақырыпты меңгере алмағанын және қай жерден үнемі қате жіберетінін оңай аңғаруға болады. Сондай-ақ үзіліс кезінде білмейтін оқушыларға білетін оқушылардың түсіндіріп, үйретіп жатқанын көруге болады. Ерте, ерте, ертеде Ешкі жүні бөртеде Теңдеу деген бай болыпты, Жүйе деген баласы болыпты деп, «Тендеулер жүйесін ауыстыру тәсілімен шешу» тақырыбына берілген ертегі сабақты көңілді есептеулерден бастаймыз. Сабақтағы мұндай ойын сәттері оқушылардың есептеу қабілетін жетілдіреді, есте сақтау түйсіктерін қалыптастырады. Ойын барысында оқушылар өзара пікір алмасады, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Әсіресе оқушылар әрбір жаңа тақырыптан кейін «Сен – маған, мен – саған» ойынын ойнағанды ұнатады. Бұл ойында оқушы өзі дайындап келген сұрағын жолдасына қояды, егер жолдасы дұрыс жауап бере алмаса жауабын өзі айтып, қосымша ұпай алады. Сонымен бірге математика сабағында «домино» ойынын пайдаланамын. Қағаз екіге бөлініп, біреуіне сұрақ, екіншісіне басқа сұрақтың жауабы жазылады. Оқушылар сұраққа дұрыс жауап тауып, құрастыруы керек. Егер тапсырма дұрыс орындалса, қағаздың екінші жағында белгілі бір сурет немесе мақал-мәтел шығады. Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударып отырамын. Сабақта алған білім дағдысын ойлау барысында қолдану мүмкіндігі оқушылардың зор ынтасын тудырады, білгенін тереңдетіп, жаңа іс-қимылға жетелейді. Белсенді емес оқушылар жолдастарын кейін тартпау үшін жанын салады. Жалпы, ойындарды қайталау сабақтарында, сынақ сабақтарында ұйымдастырамын. Оқушылардың математика сабағына қызығушылығын арттырып, белсенді жұмыс істеуін, тез ойлау қабілетін арттыруда дидактикалық ойындар, логикалық ойындар, қазақтың ұлттық ойындарының орны ерекше. Математиканың сан-алуан сырын, сандар әлемінің қызық құбылысын ойын элементтерімен өрнектеген сабақ қызықты, әрі ұтымды сабақ деп ойлаймын. Сабақта математикалық сөз жұмбақты шешу оқушыларды тапқырлыққа баулиды, ойлау қабілетін дамытады, білім танымын кеңейтеді. Сөзжұмбаққа бірнеше мысал келтірейін: Сөзжұмбақ: «Алгебра» А Л Г Е Б Р А 1. Дәлелденбейтін ұйғарым (аксиома) 2. Бұрыш түрі (сыбайлас) 3. Бұрыш өлшемі (градус) 4. Евклидтің еңбегі (негіздер) 5. Төртінші дәрежелі теңдеу (биквадрат) 6. Төрт таңбалы математикалық таблицаның авторы (Брадис) 7. Аудан өлшемі (гектар) Сөзжұмбақ «Математика» М А Т Е М А Т И К А 1. Қандай кесінділер өзара тең? (симметрия) 2. 5-сынып математика кітабының авторы (Алдамұратова) 3. Физика-математика ғылымының докторы (Жәутіков) 4. Б.э. дейін ІІІ ғасырда өмір сүрген грек оқымыстысы (Архимед) 5. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр) 6. Б.э. дейін ҮІ ғасырда өмір сүрген грек оқымыстысы (Пифагор) 7. Француз математигі (Р. Декард) 8. Орыс математигі (Н.И. Лобачевский) 9. Неміс математигі (1845-1918) (Кантор) 10. Тәуелсіз айнымалы (аргумент) Осындай сөз жұмбақтарды шешу оқушыларды өз бетінше ізденуге, тапқырлыққа баулиды. Сөзжұмбақты шешкен оқушыларды бағалап отырамын, сондықтан олар жауабын табуға тырысып, сабаққа ынталары артып, өздері үйден сөзжұмбақ құрастырып әкеліп оны сабақта пайдаланады. Сабақта ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасауға тырысамын. Сонда сабақ білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұндай сабақтардың өтілуі кезінде оқушылардың бір-бірімен сөйлесу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімі оянады, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады. Мектепте балалар сабақ үстінде бір-бірімен сөйлеспейді. Балалар сөйлескен жағдайда ол тәртіпті бұзған болып есептеледі, мұғалімнен ескерту алады. Ал ойын жағдайында балалар сабақ барысында бір-бірімен ақпарлар алмасады, ақылдасады, бір-біріне дәлелдейді, белсенділік көрсетеді. Бұлай болу барлық ойынға байланысты, оның топтық түрде өтуіне байланысты. Осындай «Брейн-ринг» оқыта үйрену ойыны деңгейлік тапсырмаларды орындағанда ойнатуға болады. Сынып әр топта 2-3 баладан болатындай, 3-4 топқа бөлінеді. Ойынға 3-4 секторға бөлінген дөңгелек керек. Әр секторға бірінің үстіне бірі келесі тәртіппен үлестірмелер қойылады: ең астына 3-деңгейлі (күрделі), ортада 2-деңгей, ең үстінде 1-деңгей (жеңіл). Ойын тәртібі: әр оқушының өз нөмірі болады. 1-турда кезектесіп өз нөмірі бойынша үлестірмені алып, бірден жауап беру керек, 2-турда бәрі бір уақытта үлестірме алып, уақыт беріледі, ойынды топ басшысы жүргізеді. Топтар бір-біріне тәуелді болмайды. Менің өз тәжірибем бойынша шағын топтардың топ жетекшілерін пайдаланған тиімді екеніне көзім жетті.Себебі, бір жағынан ол оқушылар өз беттерімен тапсырмалар дайындап, оны өз топтарындағы үлгерімі төмендеу оқушыларға орындаттырады. Сол уақытта ол оқушының сабаққа қызығушылығы артуымен қатар өзіне үлкен сенім жүктелгенін түсінеді. Өзара қатынасу, сөйлесу адам тұлғасын, ақыл-ойын дамытудың маңызды факторы екенін өз тәжірибемнен көріп отырмын. Алғашқы кезде немқұрайлы, тақтадан көшіріп қана отырған кейбір оқушылар қазіргі жағдайда математика сабағына ынталы қатысатын болды. Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда ойынға қатыса отырып неғұрлым аз шаршайды, өз қызметінен жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады. Оқу тәрбие процесіне кіргізілетін ойындардың жалпы ерекшіліктері: 1. Ойын оқушылардың қызметіндегі психикалық процесті (сезіну, қабылдау, ойлау, елестету, ес, ықыласын, тілін) активтендіреді. 2. Ойын ерікті түрде құрылады. 3. Ойын шығармашылық қабілетті дамыту үшін барынша мүмкін жағдай жасайды. 4. Ойын барысында оқушылар терең қанағатанарлық, қуаныш алады. 5. Ойын кез келген оқу материалын еліктіретіндей, қызықтыратындай жағдайға әкелуге көмектеседі Көрнекті нидерланд оқымыстысы Йохан Хейзинганың «Ойнаушы адам» деген дүние жүзіне кең тараған еңбегінде: «Ойын адамзат әрекетінің жан-жақты қамтылған әдісі, адамзат тіршілігінің әмбебап категориясы», «Ойын өмір сүру тәсілі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі» және «Ақылды адам дегеніміз ең әуелі ойнайтын адам» деген екен. Қорытынды. Бұл жобада оқу ойындары формасы бойынша ойын, мазмұны бойынша-оқу, ал дидактикалық ойын мектептегі оқуды ұйымдастырудың қалыптасқан түрін тек толықтыру болып табылатынына көз жеткіздік. Оқу ойыны-бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру. Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда,оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұлым аз шаршайды, оқу қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады. Бүгінгі танда оқушы біліміне қойылатын талап өте жоғары. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін бағдарлама бойынша тиісті білімді беру жеткіліксіз. Оқушының ой-өрісін кенейтіп, қабілеттерін ерекшелуде, білімдерін нығайтуға математикалық ойындардың атқалар рөлі өте зор.Өйткені математиканы оқып үйренуге деген қызығушылығы мен танымдық белсенділігін арттыруда, алған білімдерін қолдана білуге, қабілеттерін дамытуға мәні зор екенің көрсетеді. Ойын арқылы оқыту технологиясы ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін артырып тиімді нәтижеге жетуге көмектеседі. Сонымен математика сабағындағы ойынның ерекше екендігіне көз жеткізе отырып, мынандай қорытындыға келдім: 1. Математика сабағындағы ойын технологиясының пайдасы қазіргі кездегі математиканы терен менгеруге, жана тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді. 2. Қызықты тапсырмалар мен жаттығулар түрлері білімді менгерумен қатар, оқушылардың танымдық, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін арттырады. 3. Оқушылардың ойлау қабілетін күшейтеді, күрделендіреді. Соның әсерінен ойлау жүйесін дамытады. 4. Оқушылардың алған білімдерін терендетеді, сабақтың сапасын жақсартады. 5. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі артады. Жоба тиімділігін бағалау критерийлері: - математика пәніне қызықтырып, қиындығын ұмыттырады. - алған білім мен іскерлік дағдыларының қажеттілігін түсіндіреді. - алдына қойған мақсатқа өз еркімен, жігерімен ұмтылады. - нәтижені көру арқылы өз бойындағы мүмкіндікті, саналы түрде алға жылжуға, уақытпен санасуға,өз-өзіне есеп беруге дағдыланады. - өзін-өзі бағалауға үйренеді. Кездесетін кедергілер: - оқытудың материалдық базасының төмендігі; - оқу құралдарының жетіспеушілігі; - ғылыми-тәжірибелік әдебиеттердің аздығы; - мектепішілік кітапхана қорындағы дидактикалық материалдың аздығы - әлеуметтік жағдайдың төмендігі Глоссарий Баға – бағалау процесі натижесінің шарты – формальды (белгілік) көрінісі; оқушылардың оқу жетістіктері бағасының сандар мен ұпайлар түріндегі сандық көрінісі. Бағалау – бұл оқушының шынайы қол жеткізген іс-әрекет нәтижелерін жоспарланған мақсаттармен салыстыру процесі. Бейіндік оқыту – білім беру процесінің мазмұнындағы құрылымдағы және ұйымдастыруындағы өзгерістер есебінен оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін неғұрлым толық ескеруге мүмкіндік беретін оқытуды саралау мен даралау құралы. Білім беру процесінің мониторингі – білім беру ұйымдарында білім беру процесін жүзеге асыру жағдайларын және нәтижелер өзгерісі мен жай-күйін жүйелі бақылау, талдау, бағалау және болжау. Диагностика – оқу процесінің жағдайларын обьективті және жан-жақты зерттеуді қамтамассыз ететін оқытудың өлшенетін көрсеткіштерін алу тәсілі; танымдық процесте орын алып отырған барлық өзгерістерді анықтау тәсілі. Зерттеу – жаңа білім алу процесі және танымдық әрекет түрлерінің бірі. Құзырет – қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табысты іс-әрекетке дайындық, білім беру жүйесіне әлеуметтік тапсырысты құрайды. Құзыреттілік- оқушылардың іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі. Мемлекеттік білім беру стандарты – білім беру саласындағы біріңғай мемлекеттік саясатты жүргізуге септігін тигізетін, мақсаттар мен міндеттердің жиынтығын, базалық білім мазмұнын, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, оқу процесін ұйымдастырудың және білім беру салалары мен жекелеген оқу пәндері бойынша білім сапасын бағалаудың негізгі қағидаттарын , білім, білік, дағдылар мен қалыптасқан негізгі құзыреттіліктер түрінде күтілетін білім нәтижелерін, білім сапасын мемлекеттік бақылау ережелері мен рәсімдерін анықтайтын нормативтік құжат. Оқу бағдарламасы-әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуі тиіс білім, білік, дағдылар мен іс-әрекет тәсілдерінің мазмұны мен көлемін, сондай-ақ бөлімдер мен тақырыптардың оқу жылы бойынша бөлінген мазмұнын анықтайтын құжат. Оқытуды саралау – тұлғаның жеке типологиялық ерекшеліктері ескерілетін оқу іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілі. Өлшеуіштер – оқушылардың деңгейлік оқу дайындығын алдын-ала берілген сандық және сапалық сипаттамаларының көрсеткіштері бойынша айқындау құралдары мен тәсілдері. Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. Ахметов Н.К Игра как процесс обучения Алматы 1985 2.Алгебра 8 сынып оқулығы Алматы 2008 3. Беспалько В.П Слагаемые педагогической технологий М 1989 4. Жунусова М.Р. Ғылыми зерттеуге кіріспе. Қарағанды 2009 5.Жунусова М.Р. Жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту Қарағанды 2008 6. В.Г Коваленко «Дидактические игры на уроках математики» М 1990 7. «Математитка және физика» №1 2009ж, №5 2007ж. 8. «Математика» 2008-2009ж 9. Сопецкая Е.С Дидактические игры как средство организации обучения учащихся и активизации их позновательной деятельности. 10.Рубинштейн С.Л Основы общей психологии М.1978 11.Эльконин Д.Б Психология игры М. Педагогика 1989
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.05.2018