"Казахский фольклор"
Оценка 4.6

"Казахский фольклор"

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
история
10 кл
26.04.2018
"Казахский фольклор"
разработка урока на тему "Казахский фольклор" Қазақ фольклоры Сабақтың түрі: аралас сабақ; Сабақтың мақсаты: Білімділік: Миф, аңыз, батырлар, эпостық жырлар, әлеуметтік –тұрмыс эпосының дамуын, оның бағыттары туралы мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету. Дамытушылық: Қазақ фольклорын айта отырып , білім алушылардың шығармашылық , танымдық қабілетін дамыту. Тәрбиелік : Білім алушыларға тақырыпты түсіндіре отырып, патриоттықа тәрбиелеу Көрнекілік-оқыту кұралдары: оқу құралдары; карта, электрондық оқулық, ТОҚ, видио-проектор Негізгі әдебиет: Қаз. тарихы.Электронды оқулық Қаз. Тарихы-Ә.Төлеубаев,Ж.Қасымбаев, М.Қойгелдиев,Е.Қалиева, Т.Далаева;» Қаз.тар. Х.К.Ермуханова «Шың» Пәнаралық байланыс: география, әдебиетҚазақ фольклоры Сабақтың түрі: аралас сабақ; Сабақтың мақсаты: Білімділік: Миф, аңыз, батырлар, эпостық жырлар, әлеуметтік –тұрмыс эпосының дамуын, оның бағыттары туралы мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету. Дамытушылық: Қазақ фольклорын айта отырып , білім алушылардың шығармашылық , танымдық қабілетін дамыту. Тәрбиелік : Білім алушыларға тақырыпты түсіндіре отырып, патриоттықа тәрбиелеу Көрнекілік-оқыту кұралдары: оқу құралдары; карта, электрондық оқулық, ТОҚ, видио-проектор Негізгі әдебиет: Қаз. тарихы.Электронды оқулық Қаз. Тарихы-Ә.Төлеубаев,Ж.Қасымбаев, М.Қойгелдиев,Е.Қалиева, Т.Далаева;» Қаз.тар. Х.К.Ермуханова «Шың» Пәнаралық байланыс: география, әдебиет
Казақ Фолклоры сабақ жоспары.docx
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «Бақанас аграрлы­индустриалдық колледжі» МКҚК САБАҚ ЖОСПАРЫ №  Күні Топ  Пән:Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: Қазақ фольклоры Қазақ фольклоры Сабақтың түрі: аралас сабақ;                                 Сабақтың мақсаты:           Білімділік: Миф, аңыз, батырлар, эпостық жырлар, әлеуметтік –тұрмыс эпосының дамуын, оның  бағыттары туралы  мәліметтер бере отырып  білімдерін тереңдету. Дамытушылық:      Қазақ  фольклорын  айта отырып , білім алушылардың  шығармашылық  ,  танымдық  қабілетін  дамыту. Тәрбиелік :  Білім алушыларға  тақырыпты  түсіндіре отырып,  патриоттықа  тәрбиелеу   Көрнекілік­оқыту кұралдары:  оқу  құралдары;  карта,  электрондық оқулық, ТОҚ, видио­проектор Негізгі әдебиет: Қаз. тарихы.Электронды оқулық Қаз. Тарихы­Ә.Төлеубаев,Ж.Қасымбаев, М.Қойгелдиев,Е.Қалиева, Т.Далаева;» Қаз.тар. Х.К.Ермуханова «Шың» Пәнаралық байланыс: география, әдебиет  І.Ұйымдастыру кезеңі:     Білім алушылармен сәлемдесу , түгендеу, сабаққа назарын аудару Сабақ барысы: ІІ. Үй  тапсырмасын тексеру: «Кім жылдам?» 1.Қазақ ауыз әдебиетінің  дамуына  қандай  тарихи оқиғалар әсер етті? 2.Жыраулардың  қазақ  қоғамындағы  алатын  орны? 3.Ақындардың  қоғамдағы  рөлі? 4. Әдет­ғұрып жырларының басты тақырыптары  қандай?  ІІІ. Білімдерін тексеру:   1.”Қорқыт ата”,”Оғызнама”,”Кодекс Куманикус” ескерткіштері туралы не білесіңдер.  2.Әл­Фарабидің ғылым мен білімге,әсіресе математика ғылымына қосқан қандай жаңалықтары  болды.  3.Жүсіп Баласағұни,Қожа Ахмет Йасауи,Махмуд Қашқари еңбектерін атаңдар.  4.Ахмет Иүгінеки жастарға қандай өсиет айтты.  5.Сайрам мен Түркістан қалаларынан шыққан қандай даналар белгілі.  6.Сырдарияның бойындағы қалалардан кімдер шыққан.              7.Баршынкент,Сығанақ қалаларынан қандай ғалымдар шыққан ІҮ. Мақсат қою: Ү. Жаңа сабақ:  Миф, аңыздар[өңдеу] Көшпелілер мәдениетінің ең бір көне нұсқалары — ол миф пен әпсаналар. Миф — фольклордың ең көне  жанры. Оның тұп­тамырлары сонау алғашқы қауымдыққұрылыстан басталады. Адам баласы өзін қоршаған орта, табиғат, жан­жануарлар, өмір, өлім, өсіп­өну туралы ерте заманнан­ақ өз түсініктерін қалыптастырған. Көшпелілердің көне мифтік көзқарастары жыр­аңыздарда көрініс тапқан. Түркі көшпелілерінің ең көне  аңыздарына Қорқыт туралы аңыз­әңгімелер жатады. Қорқыт туралы аңыз­әңгімелердің негізгі сюжеті — өмір  мен өлім, адамның ажал алдындағы дәрменсіздігі. Ежелгі ғұндардың, көне үйсіндер мен қаңлылардың аңыз­әңгімелеріне, жырларына "Ер Төстік", "Еділ —  Жайық" эпостық жырлары жатады. Ә.Марғұланның айтуынша, бұл ғажайып мифтер Қазақстанның көп жерінде  сақталып келген, әсіресе Еділ мен Жайық өзендері аралығында көп таралған. "Еділ"  аңызындағы батыр жалғыз көзді дәумен кездесіп, оның көзін қыздырған темірмен ағызып түсіріп жеңеді. Ғұн дәуірінен сақталған аңыздың бірі — "Дың­сұлу". Аңыз бойынша, ерте дәуірдегі ұлы ханның қызына Әлеупа  батыр ғашық болады. Хан биік мұнара — "дың" тұрғызып, қызын сол мұнарадағы жайға орналастырып, дыңның  сыртынан қырық күзетші қойған екен дейді. Жігіт мұнараға тылсым арқылы шығады. Қыз оған ғашық болады.  Содан әкесінен рұқсат сұрап жігітке қосылады. Бұл аңыздың таза ғұн дәуіріндегі нұсқасы бойынша, хан өзінің  өзгеше сұлу туған екі қызын елсіз жапан түзге салынған "дың" — мұнара ішінде сақтайды. Оның қыздарына бәрі  (қасқыр) ғашық болып, қыздарға күн болып дарып, олардан көп ұрпақ тарайды. Қозы Көрпеш—Баян  сұлудың кешенінғалымдар ғұндарда да болған сондай "дыңның" бір түрі деп есептейді. Ғұндардың керемет әпсаналарының біріне олардың басын біріктіріп үлкен мемлекет құрған Мөде тәңірқұты  туралы аңыз­әңгіме жатады. Ғұндар бірнеше ғасырлар бойыҚытайды бағындырып келген. Бірақ әр кез  Қытайдан жеңіліс тауып отырған. Ғұн елі бір әлсіреген кезде Қытай үкіметі Мөдеге елші жіберіп, оның  бір керемет жүйрік атын беруді талап етеді. Мөде уәзірлерін шақырып кеңеседі, уәзірлер бермеуге кеңес береді.  Бірақ Мөде күш жинап алғанша елдің амандығын тілеп, атты бергізеді. Соғысқасылтау іздеген Қытай басшысы  ендігі жерде Мөденің бір сұлу жас тоқалын өзіне әйелдікке беруді сұрайды. Мөде бұл қалауын да бергізеді.  Үшінші жолы әбден даңдайсыған қытайлар ғұндардың оңтүстігіндегі бос жерді сұрайды. Сонда Мөде тағы да  уәзірлерін жинап алып ақылдасады. Сонда уәзірлері: "Ақыры бос жатқан жер ғой, берейік", — дейді. Мөде сонда "Біздің ең құнды, қасиетті дүниеміз — жер, біз бір тұтам да жер бермейміз", — дейді де, Қытайға соғыс ашады  және жеңіске жетеді. Ғұндардың бұл әпсанасынан көшпелілер үшін "жер", "атамекен" ұғымы сонау ерте бастан­ ақ ең қасиетті, ең қадірлі құндылық саналғанын көреміз. Бөрілі байрақ — ұраным[өңдеу] Ғұндар мен көне түркілердің өздерінің шығу тегі жөніндегі аңыздарының да тарихи мәні бар. Ол аңыздың  бір нұсқасы бойынша, ғұндар (түркілер) өзінің күншығыстағы көрші елінен қатты жеңіліс тауып, тегіс  қырылады. Жау әскері бір жас баланы өлтірмей, тастап кетеді. "Содан тараған жұрт ғұндар мен түркілер еді"  дейді көне аңыз. Көне түркілер қасқырды ата тегіміз деп біледі. Түркі халқын бірінші басқарған Ашына өзінің  осы тектік ерекшелігін білдіру үшін ордасының қақпасына бөрі басының суреті бар ту байлаған. Бұл аңыздың  бұлыңғыр сілемі кейінгі қазақтарға дейін жеткен. Қазақта бөріні "тәңір серісі" деп құрметтеген. Ғұн, үйсіндер қала да салып, қала мәдениетін білген. Бұл дәуірде пайда болған Түймекент, Тасақыр қалалары  жөнінде қазақ арасында ғажайып хикаялар, аңыздар сақталған. Аңызда бұл қалалар Талас өзенінің бойында  салынғандығы айтылады. Мал түліктеріне байланысты аңыздар[өңдеу] Қазақтың көне аңыз­ әңгімелерінде мал түліктерінің жебеушісі, пірі бар. Мысалы, қойдың иесі — Шопан ата,  жылқының иесі — Қамбар ата, түйенің иесі — Ойсыл қара, сиырдың қолдаушысы — Зеңгі баба деп түсінген.  Қазақ "Ойсыл қара, оңдай гөр", "Қамбар ата, қолдай гөр", "Шопан ата байыта гөр"," Зеңгі баба, жарылқай гөр",  — деп,малдың жебеушілерінен көмек сұраған. XIV ғасырда Әмір Темір қасиетті Әзірет сұлтанның күмбезін жаңадан тұрғызуға  кіріскенде, Қаратау, Сырдария маңы қазақтары жиналып келіп, қирап жатқан күмбезді қоршап алады. Әмір  Темірдің кісілеріне былай дейді: "Сақып қыранға барып айтыңдар, алдымен Зеңгі бабаның басына күмбез  тұрғызсын, ол Әзірет сұлтаннан (Қожа Ахмет Йасауи) көп заман бұрын өткен данышпан, өзі  бақташы, сиырды табынымен шоңайтып, халыққа байлық сыйлаған кісі". "Темір халық ұйғарымын қабылдап,  Зеңгі бабаның басына күмбез тұрғызған" дейді ескі аңыз. Зеңгі баба күмбезі Қазығұрт тауының  оңтүстігінде, Ташкентке таяу жерде салынған. Түйенің алыбы Ойсыл қараның туған өлкесі — Жетісу, Қазығұрт, Қаратау. Оның бейнесін тас оюшылар осы  өлкелерде тасқа ойып түсіріп кеткен. Шопан ата жатқан жер Маңғыстау түбегінде, кейін оның маңайы әулиелі үлкен қорымға айналған. Көне аңыздар бойынша, сақ, ғұн, үйсін жауынгерлері ұзақ жолға шыққанда, беліне не күміс кісе, не тұлпар аттың  тұяғын байлап жүретін болған. Әлкей Марғұланның дерегі бойынша, бұл дәстүр бергі заманға дейін Кіші  жүз қазақтарында сақталып келген. Тұлпар аттың тұяғы таудағы тасқа да мөрдей боп түскен. Тұлпар ізі түскен  тастар Арғанаты тауынан, Абралы тауынан табылған. Олар тұлпартас деп аталады. Геродот келтіретін сақ  аңызы бойынша, сақтар жерінде тасқа түскен "тәңірінің табан ізіне"табынған. Осындай тасқа қашап  салынған адам ізі Бетпақдаланың Таңбалы жартасында, Сарысу бойында, Теректі әулие тасында, Ұлытауда  Арғанаты тасында кездеседі.Орта ғасырлардағы мұсылман деректеріне қарағанда, ондай тасқа басылған адам  ізі қыпшақ және оғыз дәуірінде ерекше қасиеттелген. Қазақ аңыздары бойынша, дүниені топан су басқанда Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауының басына келіп  тоқтаған. Халық аңызы бойынша: "Қазығұрт тауының үстінде тоқтаған кеменің ізі — апан бар, оның асты үңгір,  төбесіне ағаш қадаған, Қазығүрт атаның ордасының орны сол жерде болған", — дейді. Бұл жерді қазақтар осы  күнге дейін Қазығұрт бабаның тауы, Қазығұрт ата, Қазығұрттың жаңғақ қорасы, Қазығұрттың ақ қойлары,  шудалы түйелері жайылған жер", — дейді. Ғұндарға, түріктерге тотем болған жануарлар мен аңдар — бұқа, көк бөрі, марал, т.б. Тотем түсінігі —  халықтың өз тегіміз, туысымыз деп жан­жануарды қастерлеуі, оларға сиынуы. Рим жазушыларының ғұндардан  жазып алған бір аңызы бойынша, ғұндар Меотис батпағында аң аулап жүріп адасып, батпақтан шыға алмай  тұрғанда, оларға бір ақ марал жол көрсетеді. Батпақтан шыққан соң, ғайып болып жоғалып кетеді. Ғұн елінде көк бұқа жөнінде аңыз кең таралған. Бұл аңыз қазақтарда, әсіресе наймандар арасында жақсы  сақталған. Өріден келе жатқан "Көк бұқаның күйі" Тарбағатай,Алтай жерінде көпке дейін ұмытылмаған. Қытай деректері бойынша, ғұндарда "Окр" деген ат ер балаға жиі қойылатын болған. Өкір — өгіз сөзінің бір түрі (салыстыр: "өгізше өкіру"). Осы ғұн дәуірінен келе жатқан дәстүрден наймандардың бір атасы — өкіреш  наймандар тарағанында күмән жоқ. Бұлардан бұрын окр, өгіз сөзі түркілердің үлкен тайпасы — оғыздардың  атауына айналған. Ғұндар балаларын әлпештеп, айналғанда былай дейді екен: "Ай мүйізді ақ қошқарым бастаған ақтылы қойым  сенікі болсын, қамыстай сүйір құлағының шетінде қара меңі бар, мөлдір көзді боз айғырым бастаған ұлан­байтақ  боз жылқым сенікі болсын, шудалары төгілген, түсінен кісі шошитын қара бурам бастаған отарлы түйем сенікі  болсын, мүйізі қарағайдай, бәрі келсе, оны жармай тыныш алмайтын, көк бұқам бастаған малым сенікі болсын!" Ғұндардың, одан бері түркілердің басты діні Көк тәңірісінің болуы, шығып келе жатқан Күнге мінәжат етуі, жаңа туған Айға сәлем беруі, құрбандыққа ала жылқы шалуы, өлікке жоқтау айтып, әйелдерінің бет жыртып жылауы,  үйленгенде қалыңмал беру салты, түскен келінге отқа май құйғызу ғұрпы, т.б. XIX ғасырда қазақ халқында бар  салт­саналар. Ғұндардың көп сөзі көне түркі тұрмақ, қазіргі қазақтардың тіліне келеді. Мысалы, "жер" — жер,  "су" — су, тәңірі, "төз" — төзім, төзімді адам, т.б. Эпостық жырлар[өңдеу] Түркі мәдениетінің, одан бері қазақ мәдениетінің керемет құнды дүниелерінің бірі —  эпостық жырлар. Ә.Марғұлан қазақ эпосын мынадай кезеңдерге бөлген: 1. Архаикалық кезең. Ол исламшылдыққа дейінгі түркі мифтері негізінде жасалған туындылар. Оған  Күлтегін жоқтауы, Құламерген, Шоламерген, Ер Төстік, Ақ Көбек, Оғыз қаған туралы аңыздар жатады; 2. Огыз­қыпшақ дәуірі (VI—XII ғасырлары). Бұл кезде жергілікті түркілер Қытай, Иран, Византия, Араб  шапқыншыларына қарсы күресті жырлаған. Мысалы, "Қорқыт ата кітабы", "Алдар көсе", "Қозы Көрпеш — Баян сұлу", т.б.; 3. Ноғайлы дәуірі (XIII—XVI ғасырлары) — "Бөген батыр", "Едіге батыр", "Қобыланды", "Ер Сайын",  "Қамбар батыр", "Мұсахан", "Орақ батыр", т.б.; 4. Қалмақ шабуылы дәуірі — XVII—XVIII ғасырлардағы "құба қалмақ" заманы. "Олжабай", "Қабанбай",  "Бөгенбай", т.б.; 5. Кейінгі дәуір. Қазақ батырларының хан, сұлтандарға, патша әкімдеріне қарсы күресін бейнелейтін  жырлар. Фольклорлық шығармалар тарихымызды зерттеудегі құнды деректің бірі. Жалпы, қандай да болсын,  фольклорлық шығарманың негізінде өмір шындығы бейнеленеді. Әрине, архаикалық фольклордан тарих іздеу  қиын. Дегенмен де көне мифтік аңыз­әңгімелерден халықтың дүниетанымын, кейбір көне әдет­ғұрыптарының  іздерін көруге болады. Ал түркі дәуірінен бергі фольклорлық шығармалардан сол замандағы тарихи­ этнографиялық болмыстың елесін, жаңғырығын таба аламыз. Ал ноғайлы дәуірінен бергі замандағы  фольклорлық шығармалардың ішінен тарихта болған оқиғаларға арналған, тарихи тұлғаларға арналған  жырларды фольклоршылар жеке жанрға — тарихи жырлар деп бөліп қарастырады. Тарихы көбінесе ел жадында  ауызша сақталып келген көшпелі қазақтар үшін осы тарихи жырлардың деректемелік орны бөлек. Дегенмен де  фольклорлық шығармаларға дерек ретінде сүйенгенде, онда әсірелеудің, тарихи тұлғаларға типтік  образдық портрет берілетіндігін ескеру қажет. Жырда тарихи нақтылы құбылыстар дәлме­дәл қайталанбайды. "Алпамыс" жыры көшпелі түркі халықтарына ортақ эпостық шығарма. Белгілі фольклортанушы В. М.  Жирмунский оның ең көне нұсқасын VI—VIII ғасырларға жатқызады.Алпамыстың бұдан кейінгі таралуы IX—X  ғасырларға — оғыз, қыпшақ замандарына сай келеді. Алпамыс классикалық қаһармандық шығарма ретінде  осыдан кейінгі кезеңде, қоңыраттар арасында көркемделіп жетілген деп есептеледі. Көне эпостық шығармаға қазақтың "Құламерген, Жоямерген" жыры жатады. Жырда Хазар (Каспий) теңізі,  Орал тауы, Болгар шаһары аталады. Қазақтың эпостық жырларының ішінде оқиғалық жағынан ең ескісінің бірі  — "Мұңлық — Зарлық". Бұл шығармада да мифтік, ертегілік, аңыздық сюжеттер басым. Батырлар жыры[өңдеу] Бөгембай Батыр Қазақ халқының көне эпостық жырларына батырлар жыры жатады. Батырлық эпос халықтың сан ғасырлар  бастан кешкен тарихын, елін, жерін қорғауды дәріптейді. Бұл жырлар белгілі тарихи оқиғалардың дәлме­дәл  көшірмесі болмағанымен, сол заманның тыныс­тіршілігін, жалпы тарихи болмысын аңғартады. Белгілі  бір соғыстың немесе тартыстың ауқымында қалу, соны тарихи дәлдікпен суреттеу эпосқа тән емес. Эпос өмірде  болған оқиғалардың санын да, ретін де қуаламайды. Қазақтың қаһармандық эпосының ең жарқын  үлгілеріне "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр", "Ер Тарғын", "Қамбар батыр" жатады. Ел жадында  батырлық, күштілік атаулының бәрі сақтала бермейді. Рулар арасындағы әдеттегі талас немесе көрші халықтарға жасалған әділетсіз шабуыл халықтың эпостық жырларында дәріптелмейді. Елін, жерін қорғауға, халықты  басқа жұрттың езгісінен азат етуге жұмсалған батырлық қана ерекше ілтипатқа бөленіп, ел жадында қалады. Қобыланды — қыпшақ елінің, Алпамыс — қоңырат жүртының, Ер Тарғын — бүкіл ноғайлы  елінің намысын қорғаған батырлар. Бір кезде бүгінгі қазақ, ноғай, қарақалпақ ноғайлы елі деген жалпы атпен  белгілі болғаны белгілі. Батырлық жырларындағы қазақтың негізгі жаулары— қызылбастар, қалмақтар.  Қызылбастар — түркі жұрттары сонау ерте заманнан қақтығысып келген Орталық Азияның оңтүстік­ батысындағы иран тектес халықтар да, қалмақтар — жоңғар­моңғол тектес халық. Мұрын жыраудан жазылып  алынған жырларда ғана бірындыс деп аталатын жұрт тарихта нақты белгісіз, мүмкін индус болуы. Өйткені  Қушан, Моғолстан заманында түркілер үнділермен де қақтығысқан. Қазақтың "Қарасай Қазы", "Шора батыр", "Қырымның қырық батыры", эпостанушылардың пікіріне қарағанда,  ноғайлы елінің ыдырап, жеке­жеке жұртқа бөлінген дәуірінде (XV ғасырдың соңы) туған жырлар. Әлеуметтік­тұрмыс эпосы[өңдеу] Қазақтың эпостық мұрасының қомақты бір бөлігі — әлеуметтік­тұрмыс эпосы, оны кейде лиро­эпостық  поэмалар дейді. Бұлшығармаларда ерлік, батырлық, ел қорғау мақсаты емес, жеке бастың мүддесі  — махаббат еркіндігі мәселесі алға шығады. Кезеңдік дамуы жағынан алып қарағанда, ғашықтық жырлар  архаикалық, қаһармандық эпостан кейін туындаған шығармалар. Фольклортанушылардың пікірінше, лиро­ эпостық мұра көне эпостан жазбаша романға өтер жолдағы аралық саты, аралық деңгей. Соңғы кезге дейін қазақтың лиро­эпосы ретінде "Қозы Көрпеш — Баян сұлу", "Қыз Жібек", "Айман— Шолпан" секілді санаулы жырлар ғана ауызға ілініп келген. Соңғы жылдары мұндай шығармалар қатарына қазақ  халқына кең тараған, түп­төркіні шығыс елдерінен келсе де қазаққа төл туындысындай етене жақын болып  кеткен бір топ ғашықтық жырларды да жатқызып жүр. Олар: "Жусіп—Зылиха", "Ләйлі—Мәжнүн", "Құсрау— Шырын", "Сейфілмәлік", "Таһир — Зухра","Бозжігіт", т.б. Лиро­эпостық жырлардан, әсіресе тіні қазақ  топырағында қалыптасқан жырлардан халықтың әдет­ғұрып, салт­ санасы туралы ұшан­теңіз мәлімет алуға  болады. Әлі де болса тарихшы­этнографтар халқымыздың өмір салтының, әдет­ғұрыптарының осы  бір деректерін толық пайдалана алмай келеді. Тарихи жырлар[өңдеу] Қазақ фольклорының тағы бір қомақты бөлігін тарихи жырлар құрайды. Тарихи жырларда кейде оқиғалар жазба  тарих сарынына сәйкес баяндалса, екінші бір тұста қиялдау, көркемдік жинақтау түрінде беріледі. Қазақтың тарихи өлеңдерінің қалың жұртқа белгілісінің бірі — "Елім­ай" өлеңі. Белгілі фольклортанушы  Рахманқұл Бердібайдың сөзімен айтқанда: "Бір замандағы ел басына душар болған қайғылы оқиғаның елесіндей  бұл шығарма тек көркем мұра ғана емес, саяси құжаттың орнына да жүргендей". Бұл мұңлы өлең — 1723 жылы  жоңғарлар шапқыншылығынан қойдай қырылып, бөкендей ауған қазақтың "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл  сұлама" заманының тарихи шығармасы. Зерттеушілер бұл өлең ұзақ жырдың тек ел аузында сақталып қалған  үзіндісі деп есептейді. Осы жырдың тобықты Топыш ақын айтқан екен деген нұсқасы 86 жолдан тұрады.  Жырда қазақ елініңкіндік жері ретінде Қаратаудың аталуы тегін емес, өйткені XV ғасырдан бері "қазақ" деген  атпен құралған халықтың әкімшілік, мәдени, діни орталығы Қаратау, Түркістанболғаны белгілі. XVII ғасырдың соңында, яғни "Ақтабан шұбырындыдан" бұрын жоңғарлар қазақ жеріне бірнеше жорық жасаған.  Ол шабуылдарға тойтарыс берген қазақ қолдарын басқарған Төле би, Жәнібек, Қасым, Әбілмәмбет сияқты ел  билері мен хандарының ерлігі баяндалатын жырлар әлі Қазақ әдебиеті қолжазбалары қорында зерттеушілерін  күтіп жатыр. XVIII ғасырдағы тарихи жырларға Абылайға арналған жырлар, "Қабанбай батыр", "Бөгенбай", "Шақшақұлы ер  Жәнібек", "Олжабай батыр", "Сырым батыр", "Арқалық батыр", т.б. жатады. Бұл жырларда, негізінен алғанда,  қазақ батырларының жоңғарларға қарсы күресіндегі ерлік жолы баяндалады. Бұл жырларда жыр арналған  батырлардан басқа батырлар туралы да деректер кездеседі. XIX ғасырдың тарихи оқиғаларын суреттейтін жырлар да мол. Оның ішінде Кенесары—Наурызбай бастаған  халықтық қозғалысқа арналғандары — "Қиса Наурызбай төре", "Кенесары — Наурызбай  дастаны", "Кенесары поэмасы", "Қиса Наурызбай төрені" Жүсіпбек Шайхисламұлы, "Кенесары— Наурызбай" дастанын Хан Кененің жорықтарына қатысқан, барлық оқиғалардың куәсі болған Нысанбай жырау  шығарған. Кенесарыға арналған, оның ерлік жолын дәріптеген, көбіне авторлары белгісіз жоқтау, мақтау  өлеңдері де аз емес. XIX ғасырдың тарихи өлеңдеріне "Исатай­Махамбет", "Бекет батыр", "Жанқожа", "Досан батыр", "Еңлік— Кебек", "Қалқаман— Мамыр", "Өтеген батыр", "Сұраншы батыр" жырларын жатқызуға болады. Ығылман Шөрековтің "Исатай—Махамбет" атты шығармасында Жәңгір хан мен Исатай, Махамбеттің  арасындағы күрес, 1836—1838 жылдардағы Кіші жүздегі халыққозғалысының тарихы баяндалса, "Жанқожа  батыр" жырында қазақтардың Хиуа хандығы мен Ресей отаршылдарына қарсы күресі, "Бекет батыр", "Досан  батыр" жырларында Маңғыстау өңіріндегі осы аттас батырлардың тарихи ерліктері жырланған. Бұл  жырларда тарихи шындық эпостық өсірелеумен астасып, араласып отырады. XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей империясының отарлық езгісіне қарсы Есет Көтібаровтың, Жанқожа  Нұрмағанбетовтің, Досан Тәжиевтің көтерілістері жаншылып, отарлық саясат әбден күшейген кезде Шортанбай  Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Нарманбет, Әбубәкір Кердері, т.б. өлеңдері тым мұңды, тым күйрек  сарындағышығармалар еді. Шортанбай бастаған бұл ақындарды кезінде "Зар заман ақындары" деп кінәладық та,  шындығында, бұлар заманға қатты наразы, қазақтың, елдің, жердің,діннің болашағын ойлап  күйзелген ақындар еді Кезінде Сүйінбай Аронұлы, одан соң Жамбыл Жабаев жырлаған "Өтеген батыр", "Сұраншы батыр" жырлары  Жетісу жерінен шыққан XVIII ғасырда Жоңғаршапқыншылығына, XIX ғасырдың ортасында Қоқан  басқыншыларына қарсы күрескен батырлар жөніндегі эпостық өлең шежіре. 1916 жылғы ұлт­азаттық көтерілісі жөнінде сол көтерілістерді көзбен көрген Омар Шипиннің, Кенен  Әзірбаевтың, Есдәулет Кәндековтің, Сәт Есенбаевтың, Жамбыл Жабаевтың өлең­жырлары  тарихи деректердің бір бөлігін құрайды. Сонымен, көне мифтер, аңыз­әңгімелер, эпостық жырлар, тарихи жыр­өлеңдер — мұның бәрі де қазақтың тек  әдеби туындылары ғана емес, әрқайсысында еліміздің тарихының табы, бедері бар тарихи деректер, тарихи  қайнар­бұлақтар деп қарастырған жөн. Бұл мәселелерді белгілі әдебиетші­фольклоршыларымыз қарастырған.  БірақӘ.Марғұланнан басқа маман тарихшылар бұл телегей­теңіз деректерге қажетті мән бере алмай келеді.  Бұл мәселелердің болашақ зерттеушісі сендер деп білеміз, жас буын![1] ҮІ. Бекіту:    1.Көшпелілердің  мифтік аңыздарын  сипаттаңдар? 2.Аңыздар мен ескерткіш жазулардың  мәні неде? 3.Көшпелілердің  ауыз  әдебиеті  қалай   дамыған? 4.Жыр­аңыздардан  тарихи  дерек алуға  болама?  «Кестемен жұмыс» Батырлар жыры Эпостық жырлар Әлеуметтік­тұрмыс Миф, аңыздар эпосы ҮІІ. Қорытынды:бағалау, рефлексия ҮІІІ. Үйге тапсырмасы: §39  оқу, мазмұнын айту , реферат жазу Оқытушы________________ Директордың оқу­ісі  жөніндегі орынбасары _______                                                                                                                          Доспамбет жырау мұрасының дені жоғалған. Ел  аузында, жекелеген қолжазбаларда сақталған бірлі­ жарым туындылары XIX ғасырдың бас кезінде әр  түрлі жинақтарға енді. Кеңес өкіметі  тұсында Алдаспан оның табылған шығармалары толық  жарияланды  "Қоғалы көлдер, құм, сулар", "Айнала бұлақ басы  тең..." т.б.). Жауынгер жырау туындыларының рухы ескілігіне, көркемдеу әдістерінің көнелігіне  қарамастан, көңілге әсер етерлік терең, тілі  мағыналы. Кейінгі Доспамбеттің әсері аңғарылады. Доспамбеттің Азау дегенің", "Айналайын Ақ Жайық" өлеңдері белгілі Бұқар жырау  Толық мақаласы: Бұқар жырау Бұқар жырау( жылы белгісіз, мөлшермен, XVIII ғасырдың соңғы ширегі. Руы — арғын. Б9кар жырау 1702  жылы Бұхарадағы Кекілташ медресесін бітіріп, бірнеше тілде еркін сөйлейтін дәрежеге  жетеді. Әсіресе парсы, араб тілдерін жетік үйреніп шығады. Медресе бітірген соң Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи мешіт­медресесі имамының шақыруымен сонда барып,  Түркістан медресесінде дәріс береді. Бұқар жырау   Бұқар жырау өмірінің ең жауапты кезі — киын, "Ақтабан шұбырынды ел тағдыры шешілер ауыр кезеңде жырау ханғ

"Казахский фольклор"

"Казахский фольклор"

"Казахский фольклор"

"Казахский фольклор"

"Казахский фольклор"

"Казахский фольклор"

"Казахский фольклор"

"Казахский фольклор"

"Казахский фольклор"

"Казахский фольклор"

"Казахский фольклор"

"Казахский фольклор"

"Казахский фольклор"

"Казахский фольклор"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
26.04.2018