Әкеге қарап ұл өсер
Оценка 5

Әкеге қарап ұл өсер

Оценка 5
Домашнее обучение
docx
администрации
Детсад
21.04.2019
Әкеге қарап ұл өсер
Мақсаты: 1. Халықтық педагогиканы насихаттау, мектеп пен ата –ананың байланыстарын нығайту. Өнерлерімен танысу. 2. Отбасы ынтымақтастығын дамыту, әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін нығайту. 3. Әкеге қарап ұл өсер, әке тәрбиесін алу, үлгі тұтуға тәрбиелеу. Өту барысы: Ұйымдастыру. Кіріспе. Қайырлы күн қадірлі қонақтар! Жарқын болашаққа нық қадам басқан жас бүлдіршіндер! 7-мамыр –Отан қорғаушылар күні құтты болсын! Бейбітшілік, тыныш заман болсын! Ер балаға үлгі –өнеге беретін әкелер аман болсын дей отырып, балабақша тәрбиеленушілерінің арасынан ұйымдастырылған «Әкеге қарап ұл өсер» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
әкеге қарап ұл өсер.docx
Сайыс тақырыбы: «Әкеге қарап ұл өсер» Мақсаты:  1. Халықтық педагогиканы насихаттау, мектеп пен ата –ананың байланыстарын  нығайту. Өнерлерімен танысу. 2. Отбасы ынтымақтастығын дамыту, әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін нығайту. 3. Әкеге қарап ұл өсер, әке тәрбиесін алу, үлгі тұтуға тәрбиелеу. Өту барысы: Ұйымдастыру. Кіріспе. Қайырлы күн қадірлі қонақтар! Жарқын болашаққа нық қадам басқан жас бүлдіршіндер! 7­ мамыр –Отан қорғаушылар күні құтты болсын! Бейбітшілік, тыныш заман болсын! Ер  балаға үлгі –өнеге беретін әкелер аман болсын дей отырып, балабақша тәрбиеленушілерінің арасынан ұйымдастырылған «Әкеге қарап ұл өсер» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Жүргізуші: Әке, Ана. Осы бір сөздердің ішінде қаншама ұлылық жатыр десеңізші!       Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,       Үлкен кіші, жасымыз да, кәріміз де.       Төрлетіңіз қадірлі қонақтар,        Жайнаған мына біздің төрімізге –депалдарыңызда өнер көрсететін отбасының тірегі  әкелерді балалармен қоса ортаға шақырайық, таныс болыңыздар. Мұхамедқали және оның әкесі Болысхан Шүкірханұлы Әлібек және оның әкесі Аслан Армияұлы Балалар және ардақты әкелер, қош келдіңіздер дей отырып, сайысымызды бастауға рұқсат  етіңіздер. Бүгінгі сайысымызды бағалайтын әділ –қазыларын сайлап алайық Жүргізуші:  Жақсы бол, жігіт болсаң ел көргендей, Досыңа қас қылғандай дәм бергендей. Жігіт бол, жігіт болсан бұлғақтамай, Орынсыз сөз сөйлеме шақ қаққандай. Еліне жақсы сөзді жаса әуелі. Халыққа көңіл бөліп тыңдатқандай. 1. Таныстыру 2. Үй тапсырмасы. Қолдан шыққан бұйымдар (қол өнер бұйымдары) 3. Көркіне ақылы сай (сұрақтарға жауап) 4. Өнер көрсету (ән және би) 5. Анамыз үйде жоқта (түйме қадау және шаш өру) Жүргізуші:  Ей жігіттер                      Сендерге артар міндет көп.                       Көтер биік ата –салтын құрметтеп,                      Ақтай білсең ата –баба үмітін,                      Әрбір сөзі –тәлімі мол бір мектеп, ­дей отырып сайыскер отбасылармен  танысайық. 1 –бөлім «Таныстыру» (Ұлдар өздерін таныстырады) Жүргізуші: Сайысымыздың келесі 2­ші бөлімі Қолдан шыққан бұйымдар яғни үй тапсырмасы.  Жігіттеріміз өз қолынан шыққан бұйымдарын көрсетіп, жасалу жолын түсіндіреді. Жүргізуші: Білекті бірді жығар Білімді мыңды жығар, ­дей отырып, сайысымыздың 3­ші бөлімі «Көркіне ақылы  сай» деп аталады. Сұрақтар: Әлібекке ­Мынау қандай пішін? ­Мына құстардың атын ата? Мұхаммедқали: ­Үй жануарларының төлдерін ата? ­Мынау қандай аң? Жүргізуші: Өнерлі өрге жүзеді талаптанып, Қыран биік самғайды қанаттанып Адам үшін парыз ғой өнер іздеу, Жүрген соң Адам деген атақты алып,­дегендей, ендігі кезең 4­ші бөлім «Өз өнерін  көрсету». Ұлдар өз өнерлерін көрсетеді. Жүргізуші: Сайысымыздың ең қызықты кезеңі де жетті.Жігітке жеті өнерде аз дей келе,5­ші  бөлім «Анамыз үйде жоқта» деп аталады. Аналарымыз қыдырып кеткен сәтте,  әкелеріміз ұл­қыздарының киімдеріне түйме қадап, ұлдарымыз қарындастарының  шашын өріп мектепке жіберу керек. Сол сәттегі қимылдар. (Түйме қадау, шаш өру) Жүргізуші: Сайыскерлеріміз дайындалғанша «Отан» әнін қабыл алыңыздар.(балапан тобы) Жүргізуші: Келесі тамашалайтын ән жігіттерімізге арналады. Ән «Көбелек» Тақпақтар: Ән: Ел қорғауға әзірміз» Би:Жігіттер биі. Ән: «Жеңіс туы желбірейді. Әділ қазылардың қорытынды сөздері: Сайыскерлерді марапаттау. Қорытынды: Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, ұйқымыздың тыныштығы­осының бәрі де  асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан  кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін! Барына риза болсын көрермендер, Үйреттік азын аулақ білмегенін Осымен бұл қызықты тәмәмдасақ, Тағы да үйретерміз аман болсақ –деп сайысымызды аяқтаймыз. КҮЛКІ ­ ЖАННЫҢ ШИПАСЫ Мақсаты: а) Балаларға көңілді, көтеріңкі көңіл – күй сыйлау б) Ойын шарттарын түсініп ойнауға тәрбиелеу в) Ептілікке шапшаңдыққа тәрбиелеу Зал іші «Күлкі – жанның шипасы» атты мерекеге орай безендірілген. Балалар әуенмен  жарты шеңбер жасай отырады. Жүргізуші: Уа халайық, халайық! Бәріміз құлақ салайық, Бүгінгі күлкі күнінде, Ойын ойнап, 1 күліп, Көңілді көтеріп алайық. Жүргізуші: Балалар бүгін қандай күн? Балалар хормен: Күлкі күні! Жүргізуші: ­ Балалар мен бүгін Алдар көсе атамыздан хат алдым. Ол өзімен ойын  тапсырмалар ала келеді екен. Біздер соған дайын болуымыз керек. Әнекей Алдар көсе  атамыз келе жатыр. Алдар көсе кіреді. Алдар көсе: ­ Күнім қандай тамаша, Көз тоймайды қараса. Бүгін бізде мереке, Күлкі күні ерекше. Балалар менің хатымды алдыңдар ма? Балалар хормен: ­ Я Алдар көсе: ­ Ендеше мен сендермен цирк ойынын ойнағым келіп тұр. Менің сиқырлы  қапшығымда сиқырлы шарлар бар. Қане ойынымызды бастайық! Ойын: «Кім епті» Мазмұны: Ортаға 1 – 2 баладан шығып, кішкентай шарларды Алдар көсенің шляпасына  лақтыру керек. Ойын көрермендермен де ойналады. Алдар көсе: ­ Балалар көңіліміз көтеріңкі болу үшін бізге тағы кім қажет, қане  ойланайықшы, ол адаммен сендер жаңа жылда т. б. мерекелерден танисыңдар. Балалар хормен: С ­ А ­ Й ­ Қ ­ Ы ­ М ­ А ­ З ­ А ­ Қ Сайқымазақ кіреді: ­ Күлмейтінді күлдірген, Жүрген жерін бүлдірген, Көп ойнап, көп күлген, Сайқымазақ мен боламын. Бәріңізге күлкі күнімен!!! Мен сіздерге күлкі сыйлағым келеді. Балалар мына смайликті өз түрлеріңмен  көрсеткендеріңді қалаймын (смайликтер таратылады). Ойын: «Менің бейнем» Мазмұны: Қолымыздағы смайликтерге қарап көрсетілген бейнені өз бет әлпетімізбен  көрсетуіміз керек. Ойын көрермендермен де ойнатылады. Би: «Сайқымазақпен би» Жүргізуші: Күлкіні іздеме, ол өзіңде, Күлкіні бағала өзің де. Жаныңа шипа ем беретін, Күлкі ғой бағалы өмірде. – деп ақын ағаларымыз жырлағандай таңдарыңызды күлкімен  атырып, кештеріңізді күлкімен батырыңыздар. Езулеріңізден күлкі тиылмасын,– деп  сіздермен қоштасамыз. Шынықсан –шымыр боласың(отбасылық ойын) Тақырыбы: «Шынықсан – шымыр боласың»  Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір сүруге қызығушылығын  арттыру. Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін  үйрену, оларды қолдану. Салыстыру арқылы балалардың ой­өрісін дамыту. Ата­аналардың  балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата­аналардың белсене  қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстың нәтижелі болатындығын көз жеткізу.  Іс – шараға қажетті құралдар: доп, жалау, маскалар, орамал, арқан.  Барыс:  Спорт залына марш сазымен 2 топтың балалары екі қатарға бір­біріне қарама­қарсы тізіліп  тұрды.(бір топтың балалары – жасыл киімде, екінші топтың балалары – сары киімде)  Жүргізуші: Бүгін екі топ жарысқа түседі. «Мергендер», «Жүйріктер»  Эстафеталық жарысымыз 3 бөлімнен тұрады:  1 бөлім – «Таныстыру»  2 бөлім – «Жарыс түрлері»  3 бөлім – «Қимылды ойын»  «Мергендер»  Мерген, мерген, мергенбіз,  Бәрін көздеп жеңгенбіз.  «Жүйріктер»  Топты бастап жүретін,  Жүйріктерміз біз алды.  Жеңісті қолдан бермейтін  Жүйріктерміз біз мықты.  Жүргізуші: Ал, қане бір­бірімізді қостаймыз  Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.  1.Эстафеталық ойын: «Жалауды тез жеткіз»  Әр топтан 4 баладан шығады. Балалар жалауды ұстап кеглилердің арасынан жүгіреді, ата­ аналар шармен секіріп барып қайтады.  2.Қимылды ойын: «Арқаннан секіру»  3.Эстафеталық ойын: «Әтештер сайысы»  Әр командадан 2ұл, 2қыз баладан шығады. 2 кіші шеңбердегі балалар бір­бірімен күш  сынасады.  4 ойын: «Орамал тастамақ»  5.«Жүйрік ат» Әр командадан 5 баладан шығады. Балалар үлкен доппен секіріп барып, жүгіріп қайтады.  Ата­аналар кіші допты аяқтың арасынан қысып секіріп барып шелекке лақтырып дәлдеп  түсіреді.  6.«Сиқырлы доптар»  Жүргізуші:Бүгін міне оң болып бәріміз жоғары боп күш – жігер намысымыз осылайша  қуанышпен думандатып аяқталды халайық жарысымыз. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.  Құттықтап, ата­аналарды «Алғыс хатпен» марапаттау.  Жүргізуші: Осылайша жарыс жолын тартамыз  Барлығымыз көңілді қайтамыз  Балаларды шынықтырған, жаттықтырған  Жаттықтырушы апайға рахметімізді айтамыз! «Бақытты балалық шақ» Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын­ сауықта өлең айтып,  би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік  мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу. Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата­аналар, қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер!  1­ маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге  бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз. Баршамызды бала тілімен баурайтын, Бала деген бір бақыт қой самғайтын. Ата­ананың арманы мен тілегін, Бала емес пе?, бал бұлақтан жалғайтын. Сүп­сүйкімді періштелер сендерсіңдер, Қандай бейне өздеріңе тең келетін. Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да, Ең алдымен балалықты меңгерген. Балалар, 1­ маусым 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді.  Біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген. Әр бала,  балабақшаларда, мектепте мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы. Міне,  біздің «Бәйтерек» балабақшасында да, осы балалаларды қорғау күніне арналған «Мен  өмірдің гүлімін» атты мерекелік шара өткелі отыр. Аталған мерекеге бізді құттықтап келген қонағымыз. Жүргізуші: Жүздерінен мейірім мен нұр тамар Алдарыңда жауқазындай құлпырған Алаңсызда балғын шақты балалар Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді Ән: Жасмин.»Топ, топ ,балақан» Жүргізуші: Тамаша! Қандай көңілді ән десеңші! Сәбидің көкейінде бәрін білсем деген сұрақ  әсте таусылған ба?! Сайқымазақтардың келуі: Бұл не деген мереке? Нені тойлап жатырсыңдар? Жүргізуші:  Бүгін бізде, 1­ маусым балалар күніне арналған  үлкен мерекелік шара өтіп  жатыр. Бізбен бірге тойлағыларыңыз келсе, қалып тойлауға болады. Балалар,   сайқымазақтарды қалдырамыз ба? Балалар: Иә, қалдырамыз. Сайқымазақтар: Қане, балалар онда сендермен бір көңіл көтеріп ойын ойнайық.  Ойынымыздың аты «Кім жылдам?» Ойынның шарты: Үстел үстінде тұрған ыдыстағы суды түтікшемен ішіп тауысу. Ойынға әр  топтан 5 бала қатысады. Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Бәріңізде епті екенсіңдер. Өнері де өрілген, Биіктерден көрінген Бишілірді шақырсақ «Домбыра» биі Жүргізуші: Ортақ мекен жер шары, Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы Достығымыз жарасқан. Стефанни: Хеллоу чилдрен! Сәлеметсіздер ме, балалар. Бүгінгі балаларды қорғау күні  құтты болсын. Рұқсат болса, бізде сендермен бірген мерекені тойлайықшы. Қызықты болсын  деп, бәріміз бірге ойын ойнайық. Жүргізуші:Сүйікті балалар, бүгін сендердің тойларың жер бетіндегі балалардың достық  мерекесі.  Жүргізуші: Бұл 1­маусым балаларды қорғау күні мерекесі. Келіңіздер, бізбен бірге көңіл  көтеріңіздер. Жүргізуші:Олай болса, ойынымызды бастайық. Ойынымыздың аты: «Кім мықты?» Ойынның шарты: Алдымыздағы гүл мен доптарды екіге бөліп, екі себетке салайық. Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, өте тамаша ойын болды. Жүргізуші: Құрметті қонақтар, келесі кезек тағы әсем әнге беріледі.  Балабақшамыздың өнерлі бүлдіршіні Айымның орындауында «Жау­жау, жаңбыр»  әні. Қабыл алыңыздар. Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Ән көмейден құйылды. Қайғы бұлты шегінді. Балалар мен дүние Көрікті де, көңілді.  Құрметті қонақтар, қымбатты балалар! Бүгін естен кетпес керемет мерекелік шарамызды  өткізіп отырмыз. Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын. Осымен, «Біз өмірдің  гүліміз» атты мерекелік іс­шарамыз аяқталды. Балалардың бәрін бірге «Ай, будет круто»  биіне шақырамыз. Жаз да келді көңілді. Келді гүл мен өрнекпен. Ел бақыты мерейлі, Балалары әндетті. Гүлмен келсін келер күн. Бала бағы бар елдің Балалардың күлкісі            Көркі, сәні әлемнің

Әкеге қарап ұл өсер

Әкеге қарап ұл өсер

Әкеге қарап ұл өсер

Әкеге қарап ұл өсер

Әкеге қарап ұл өсер

Әкеге қарап ұл өсер

Әкеге қарап ұл өсер

Әкеге қарап ұл өсер

Әкеге қарап ұл өсер

Әкеге қарап ұл өсер

Әкеге қарап ұл өсер

Әкеге қарап ұл өсер

Әкеге қарап ұл өсер

Әкеге қарап ұл өсер

Әкеге қарап ұл өсер

Әкеге қарап ұл өсер
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.04.2019