"Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау."6 сынып
Оценка 4.8

"Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау."6 сынып

Оценка 4.8
Контроль знаний +1
docx
информатика
6 кл
21.04.2017
"Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау."6 сынып
6 сынып информатика пәні. Ашық сабақ Тақрыбы: «Кестелерді редакциялау. Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу».Оқушыларға Word мәтіндік редакторында кесте құру түрлері, оны өңдеу және форматтау бойынша білім-біліктілік қалыптастыру. Дамытушылық: Кестемен жұмыс жасаудың мүмкіндіктерін игерте отырып практикада кеңінен қолдануға және ақпараттық –технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Өз ойларын ,пікірлерін тұжырымды түрде қорғай білуге , сыпайы қарым-қатынас жасауға, ұжымдық-топтық сезімді ояту, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
6 cынып ашык сабак.docx
Тақырыбы:  Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау.                Пәні: информатика                                                          Сыныбы: 6 «ә»    №52 мектеп­гимназия информатика пән мұғалімі: Аубакирова Г.Т Астана қаласы 2016­2017 оқу жылы Сабақтың тақырыбы: «Кестелерді редакциялау. Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу». Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Word мәтіндік редакторында кесте құру түрлері, оны өңдеу және форматтау  бойынша білім­біліктілік  қалыптастыру. Дамытушылық: Кестемен жұмыс жасаудың  мүмкіндіктерін игерте отырып практикада кеңінен  қолдануға және ақпараттық –технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Өз ойларын ,пікірлерін тұжырымды түрде қорғай білуге , сыпайы қарым­қатынас  жасауға,  ұжымдық­топтық сезімді ояту, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.  Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар топтамасы, кеспе парақтар, дербес компьютер Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру кезеңі  «Үміт ағашы» арқылы қауіпсіздік ережесін айту. 2. Үй тапсырмасын сұрау (Кубизм әдісі) 3. Жаңа сабақты түсіндіру (ЖИГСО әдісі) 4. Практикалық жұмыс (Деңгейлік тарсырмалар) 5. Сергіту сәті (Бейнеролик, жұмбақ шешу) 6. Жаңа сабақты бекіту.  (Кім жүйрік?) 7. Қорытындылау 8. Үйге тапсырма 9. Кері байланыс 10. Білімдерін бағалау Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі  Сәлемдесу  Түгендеу   Назарларын сабаққа аудару «Үміт ағашы» арқылы қауіпсіздік ережесін айту. 1. Экран мен көз ара қашықтығы қанша болу керек? 2. Компьютермен жұмыс істеу кезінде қалай отыру керек? 3. Компьютермен жұмыс істеу кезінде қалай отыру керек? 4. Компьютермен жұмысты бастамас бұрын нелерді тексеріп алу керек? 5. Компьютерден ақау шыққан жағдайда не істеу керек? II. Үй тапсырмасын сұрау (Кубизм әдісі арқылы) 1. MS Word редакторын іске қосу жолы  Пуск – Все программы – Microsoft Office – Microsoft Word  2. К  ­ батырмасының қызметі  қандай?  3. Құжатты сақтау командасы  Файл – Сохранить как.. (Сақтау)  4. Мәтінді редакциялау деген не?  Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру, құжаттың мазмұнын түзету  5. MS Word­та абзац қай пернені басумен аяқталады?   пернесі  6. Жаңа құжат құру командасы  Файл – Создать (Құру)  III. Жаңа сабақ Кестелерді редакциялау. Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу». Біз кесте ұғымымен бұрыннан таныспыз. Мысалы сендер қандай кесте түрлерін білесіңдер?Біздің  өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп  журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т.б. MS Word мәтіндік редакторында кесте құруды жеңілдетеді. Олай болса, бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз.   Кестелерді редакциялау. Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу. Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып,  ұяшық құрайды. Ұяшыққа бірнеше жол немесе абзацтар, сонымен қатар суреттер, т.б. заттар да орналасуы  мүмкін. Кесте құрудың үш әдісі бар: 1­әдіс.Мәзір жолы:Кестеà ҚоюàКесте  2­әдіс.  Стандартты тақтадағы кесте қою белгісі 3­әдіс.  Мәзір жолы: КестеàКесте сызу Ұяшықтарға мәтін кәдімгі құжаттың абзацтары сияқты енгізіледі және пішімделеді. Ұяшықтағы бірнеше ұяшықтарға бөлу немесе белгіленген бірнеше ұяшықтарды біріктіру кесте бөлігін белгілегеннен кейін жанама мәзірді шақыру арқылы немесе Макет, Объединить Объединить ячейки командасы ячейки.Ұяшықтардың бояуларын өзгерту Конструктор бөлімі, Заливка командасы арқылы түс таңдау арқылы Кесте ұяшығындағы мәтіннің бағытын өзгерту ұяшықтың жанама мәзіріндегі «Направление текста» бөлімін таңдау немесе Макет бөліміндегі «Направление текста» командасы арқылы Кесте ішіндегілерін сұрыптау Макет бөлімінде, сұрыптау командасы «Сұрыптау» (Сортировка) терезесін шақырады және сұрыптау параметрлерін баптайды. Кестені мәтінге айналдыруға болады бүкіл кестені белгілеу, Макет бөліміндегі «Мәтінге айналдыру»(Преобразовать в текст) командасын орындау. «Мәтінге айналдыру» терезесін ОК батырмасын басу → Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру.   Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдына жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер.  Содан   кейін   Таблица     Добавить   ячейки   командасын   орындаңдар.   Добавление   ячеек   диалокты терезесінде жаңа ұяшық қосылғаннан кейін не істейтінін: жол, баған қосу, ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіндер. Дайын кестеге жеке ұяшықтарды қосу іс жұзінде қолданылмайды. Ұяшықтарды біріктіру үшін: Біріктіру қажет ұяшықтарды белгілеп алып: ­Контекстік  менюден Объединить ячейки командасын орындаймыз. ­Макет­ Объединить ячейки Ұяшықтарды бөліктерге бөлу үшін: Бөлу керек ұяшыққа маусты орналастырып:  ­Контекстік  менюден Разбить ячейки командасын орындаймыз. Қатар немесе бағандарды өшіру үшін: Өшіру керек қатар немесе бағанды белгілеп алып: ­Конт менюден­Удалить строки немесе Удалить столбцы IV. Практикалық жұмыс І. Міндетті деңгей  Деңгейлік тапсырмалар 1. Меню көмегімен Кесте > Кесте қосу командасын орындау арқылы кесте құрыңыз. 2. «Менің сабақ кестем» тақырыбын туралау. 4. 6 баған, 7 жолдан тұратын кесте құр. 5. Кестенің басынан тағы 1 баған қосыңыз. Оған Р/с деп жазыңыз. 6. Конструктор/ Стили таблици пішімін пайдаланып, кестені безендір. «Менің сабақ кестем» р/с 1 2 3 4 5 6             Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Сенбі                                                              Кім өзінің сабақ кестесін жатқа білмейді, күнделігінен қарап жазуға болады.  ІІ. Лайықты деңгей 1. Саймандар қатарындағы Вставка(Кесте қосу)мәзірінен Таблица(Кесте) батырмасын шерту  арқылы кесте құрыңыз. 2. 3 оқушы туралы мәліметпен кестені толықтыру. 3. Кестеге Конструктор> Шекаралар және құюкомандасыарқылы жиектеу орналастыр Оқушы туралы мәлімет Р/ с 1 2 3 Оқушының аты­жөні Туған жылы Мекен­жайы Телефоны                           ІІІ. Жоғары деңгей   1. Кестені қолдан сызып шығу арқылы (Конструктор>Цвет пера) командасын орындау арқылы  сызықтың типі мен түсін таңдап кесте құрыңыз. Кестенің ішін мәтіндермен толтырыңыз 1. Кестені белгілеу – Макет>Направление текста/Мәтін бағыты/ командасы арқылы 1­ші  бағандағы текстінің тігінен жаз. 2. 1­ші жолдағы мәліметтерді ортаға туралап, қарайтылған (Ж), қисайтылған (К) түрде жаз.                                           «Менің күнделігім» Күні № Пәндер Үйге тапсырма бағасы 28.01.1 6 Тарих  География 1 2 3 Математика 4 Информатика       Кестемен жұмыс       5       1. Кесте құруды үйретем; 2. Кесте құрғаннан кейін, Конструктор және Макет мәзірлері пайда болады, Конструктор мәзірінде:  Параметры стилей таблиц –кестенің баптаулары  Стили таблици – кестенің әртүрлі пішіндері;  Нарисовать таблици – кестенің өзіміз сызу, мұнда кесте шет сызықтарының түсін, түрін,  сызу және өшіру батырмалары орналасқан; Макет мәзірінде:  Таблица батырмасында – кесте қасиеті, кестені ерекшелеу, торкөздерді көрсету  командалары орналасқан; V. Сергіту сәті Жұмбақ шешу Тұрады ол жолдармен бағандардан, Және тұрар ұяшықтар ағымынан Кәне ойланып көрейік ол не екен? Баған менен жолдарды қиылыстырған Кесте  Таблица  Кестенің бір негізгі элементі  Көлденең ұяшық құру қызметі Ұяшық емес, баған емес ол не екен? Кестенің негізгі болған қызметі Жол  Строка Тіктөртбұрышқа ұқсайды, Елемей кетуге болмайды, Баған менен жолдардың қиылысы Кестеде қай элементті құрайды? Ұяшық  Ячейка VI. Жаңа сабақты бекіту.     Компьютер арқылы тест тапсырады. Тест 10 сұрақтан құралған.       1. Кесте дегеніміз не? 2.Ұяшық дегеніміз не? 3.Кестелер неден тұрады? 4.Баған, жол сөздерінің орысша аудармасы? 5.  Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру.  6.  Кестедегі сызықтар мен бояулар қалай жасалады?  7. MS Word редакторын іске қосу жолы ? 8. Жаңа құжат құру командасы ? 9. Мәтінді редакциялау деген не?  10. Құжатты сақтау командасы ? VII. Қорытындылау. Рефлексия. Алдымызда көріп отырғандай, себеттің, ет тартқыштың, чемоданның суреттері жатыр. Бүгінгі біздің көрген­білгендерімізді суретке қарап қорытындылайық. Егер көрген­білгендеріміз сендер үшін таныс деп ойлап , керек етпесеңіз, онда себетті таңдап, қағазды себетке тастаңдар. Ал, жаңа  сабаққа қосымша деректер іздеп, жалғастырамын дегендерің ет тартқыштың суретін таңдап, ет  тартқышқа салыңдар.  Тек осы білгендеріммен шектелемін дегендерің, чемодан суретін таңдап  чемоданға салыңдар. Оқушылармен таңдаған суреттерін талдаймыз да не үшін сол суретті таңдағанын  талқылау. VIII. Үйге тапсырма беру  Кестелер     Кесте толтыруға мәлімет дайындау.      / отбасылық, сынып т,б/ X. Білімдерін бағала

"Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау."6 сынып

"Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау."6 сынып

"Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау."6 сынып

"Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау."6 сынып

"Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау."6 сынып

"Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау."6 сынып

"Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау."6 сынып

"Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау."6 сынып

"Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау."6 сынып

"Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау."6 сынып

"Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау."6 сынып

"Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау."6 сынып

"Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау."6 сынып

"Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау."6 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.04.2017