Киім түрлері (маусымдық киімдер)
Оценка 5

Киім түрлері (маусымдық киімдер)

Оценка 5
Разработки уроков
docx
естествознание
Детсад
23.04.2018
Киім  түрлері (маусымдық  киімдер)
• Киім туралы жалпы түсінік беру. Балаларға киім түрлері және олардың маусымдық белгілерін ажырата білу туралы білімдерін толықтыру. Балаларға киімдерді сипаттай білуге үйрету. • Балалардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілін дамыту, дидактикалық материалдарды пайдалана отырьш ойлау қабілетін дамыту. • Балаларды сюжетті рөлді ойын арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту және игерген білімдерін бекіту. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойындар, жұмбақ шешу. Көрнекі-құралдар: суреттер, ойыншықтар, киім түрлері. I апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару,оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау. Психожаттығу: -Қорбандап жүрген аюдың жүрісін салайықшы. -Қорқып қашып бара жатырған қоянды саламыз III. Жаңа сабақ. Бугінгі сабақта аты –жөнімізді айтып үйренеміз. Алдымен балалар, шаттық шеңберге тұрып жылы лебіздерімізді білдірейікші. Армысың, қайырымды аспан ата. Армысың, мейірімді жер ана. Армысың, бақ дәулетті жерім менің, Армысың, асқар тауым, көлім менің. -Жарайсыңдар, балалар! Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер мұқият тыңдап шешуін табыңдар. Адамның сәні, Онсыз жоқ мәні. Ол не? (Киім) Бүгінгі сабағымыз адамның сәнін келгірегін киімдердің түрлері және маусымдық белгілері туралы болмақ. Бұрын ата-бабамыз көшпелі халык болғандықтан, олар тек мал бағып, аң аулап тіршілік еткен. Олардың киімдері ерекше, өз заманына сай болған. Көшпелі ел халықтар басқа халықтарға ұқсамайтын киім үлгілері табиги ерекшелікгері мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасқан. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой дүниесінің кайталанбас көрінісі бар. Ол біздің ұлттық мәдениетіміз. Ал, балалар қазір заман өзгерген, көркейген, тәуелсіз ел болдық, заман өзгерісіне байланысты тұрмыс жағдайымыз жақсарды. Сонымен қатар киімнің әр түрі пайда бола бастады. Мақтадан, матадан теріден т.б. заттардан жасалатын түрлері көп. Киімдерді қыз баланың және ұл баланың киімі деп бөлеміз. Себебі олардың киімдерінде өзіне тән ерекшеліктері болады. - Балалар, канша жыл мезгілі бар? - Киімдерді маусымдық белгілеріне байланысты киінуіміз керек. Ал, біз оны қалай білеміз? Қолымызбен ұстап оның калың-жұқа,түсін, өлшемін көру, сезіну арқылы білеміз. Дидактикалық ойын: «Калыңнан жұқасына карай орналастыр» Балаларға киімдердің үлгілері беріледі. Киімдерді қалыңынан жұқасына карай орналастыр. IY.Сергіту сәті: Тоңса біздің қолымыз Қолғапты киіп аламыз Сарт - сарт - сарт Шапалақты соғамыз Тоңса біздің аяғымыз Етікті киіп аламыз Топ - топ - топ Топылдатып билейміз. II апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Сурет бойынша жұмыс. «Не артық?» ойыны. Артық киімдерді қоршау. Шығармашылық жұмыс Қысқы киімдердің бөліктерін құрастыру: тон, қолғап, малақай, етік, мойын орағыш. Киімдерді топтап айтқызу. Малақай, құлақшын – бас киімдер. Байпақ, кебіс, пима - аяқкиімдер. Д/о: «Қуыршаққа қысқы киім кигізу» Малақай – құлағы бар жылы бас киім, құлақшын. Балалар осы киім үлгілерін пайдаланып, мен сендерге киімдер санамағын үйретіп, «Менің киімдерім» 1 дегенім- бөрік, Кисең бойға көрік. 2 дегенім- етік, Киер сәнді етіп. 3 дегенім – ішік, Теріден тігер пішіп. 4 дегенім -тымақ, Қыста кисең жылы-ақ. 5 дегенім-байпақ Іші жылы тайпақ. Дәптермен жұмыс Балаларға өз мезгіліне байланысты киімді бастырып, бояту. III апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). «Ойла – ойна» ойын.Алжапқыш құрастыру 2 топ оқушылары алжапқаштың үлгісін түрлі түсті қағаздан әшекейлейді. «Дүкенде» сюжетті - рөлді ойыны. Ойынның шарты: дүкен сөрелерінде қысқы киімдер: қалпақ, қолғап, етік, шалма тұрады. Қысқы киім іздеген бала дүкенге келіп, сатушымен әдепті түрде амандасып, сөрелерден өзіне қажетті киімді таңдайды. Ол таңдаған киімін алып,сол киімге байланысты сөйлем құрау керек.Дүкеншінің осы тапсырмасын орындаған кезде ғана киімді ала алады. Мысалы қыста қолғап киеміз.т.т. IY апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). «Екі қырықаяқ» жаттығуы. Екі қырықаяқ (Екі қол саусақтары бір-бірімен түйіседі). Жолмен жүгірді. Жүгірді, жүгірді. Бір-бірімен кезікті (Екі алақанды қосады). Құшақтасқандары соншалық (Сұқ саусақтарды айқастырады.) Құшақтасқандары соншалық (Ортаңғы саусақтарды айқастырады). (Алақандарды айқастырады.) Екеуін күштеп ажыраттық. (Қолдарын жібереді.) «Не артық?» дидактикалық ойыны. - Бір қатарда тұрған киімдердің ішіндегі қайсысы артық? - Туфли артық. Өйткені туфлиді күз, көктем, мезгілдерінде ғана киеміз. V. Бекіту. «Бөліктерін тап» (Киімнің 4 қиынды бөліктерін құрастыру). VI. Қорытынды. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау. VII. Бағалау. Баланы мақтап мадақтау.• Киім туралы жалпы түсінік беру. Балаларға киім түрлері және олардың маусымдық белгілерін ажырата білу туралы білімдерін толықтыру. Балаларға киімдерді сипаттай білуге үйрету. • Балалардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілін дамыту, дидактикалық материалдарды пайдалана отырьш ойлау қабілетін дамыту. • Балаларды сюжетті рөлді ойын арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту және игерген білімдерін бекіту.
Сауат ашу.docx
Сауат  ашу. Сабақтың тақырыбы:  «Ғ ғ» дыбысы мен әрпі. Сабақтың  мақсаты:   Ғ  дыбысы мен оның  әріп  таңбасы  туралы  түсінік  беру. Кеспе әріптерден  сөз   құрап, буынға бөліп оқуға  жаттықтыру.   Ойлау, есте сақтау қабілеттерін  дамыту, сөздік қорларын молайту,  қызығушылығын, белсенділігін дамыту, көркем  жазуға баулу.   Жаттығуларды орындату арқылы қол моторикасын дамыту.  Балаларды  әдептілікке,  ұқыптылыққа  тәрбиелеу.  Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаздыру, сұрақ­жауап, топпен  жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: әліппе, суреттер, текшелер, кеспе  әріптер, ермексаз, тақтаға   ілетін құралдар, бор.  I  апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың  зейінін  сабаққа  аудару,  оқу   құралдарын  жинақтау,  ой  қозғау (көрнекіліктер  арқылы)  Психологиялық  дайындық. Қуанамын менде                                                   Қуанайық күнге                                                   Шуақ шашқан елге                                                   Бәріміз де бірге ­Жарайсыңдар, балалар! Өткенді  қайталау. ­Қандай  дыбыспен  таныстық?  (Н н  дыбыспен)  ­Дауысты  ма,  дауыссыз  ба? (дауыссыз) ­Н н  дыбысы  сөздің  қай  жерінде  кездеседі? Мысалы:  Нан, наубайхана,т.б.    басында ортасында барлық  буында II.  Жаңа  сабақ. Жұмбақ  шешу.  Көп әріп ішінде,­                                                            Шалғы пішінде.                                                            Тап, мұны түсін де. (Ғ әрпі)    ­Дұрыс,  балалар! Бүгінгі  біздің  сабағымызда  Ғ ғ   әрпімен  танысамыз.  Ғ  әрпін  жазуды  үйренейік. Ол  бас  әріп  және  кіші  әріпке  бөлінеді.  Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге  қарап, үзік сызықтарды қосып,  Ғ әрпін   жазамыз. (Баспа  және  жазбаша  түрлерін  жазып  көрсету)  Ғ ғ ­ дауыссыз дыбыс. Ғ  ғ  дыбысын көк  дөңгелек  текшемен  белгілейміз.  ­Жарайсыңдар, балалар! IV. Сергіту  сәті:  Біз жаздық, біз жаздық,                                  Қолымыз шаршады.                                   Ақырын демалып                                  Қайтадан жазамыз. II апта Сабақтың  барысы:  I. Ұйымдастыру  кезеңі:  Балалардың  зейінін  сабаққа  аудару, оқу құралдарын  жинақтау, ой  қозғау (көрнекіліктер  арқылы). Мимикалық  гимнастика. Көзімізді  ашып­жұмамыз (қатты­жәй) Ернімізді  түтікше  тәрізді  алға  қарай  созамыз «Жымию»    Әліппе дәптердегі сағат, торғай, ағаш, мұғалім сөздерін буынға бөлдіру.Осы сөздердегі Ғ  дыбысының орнын айтқызу. Мысалы: сағат сөзіндегі  ғ дыбысы ның  орнын тап.     IY.Сергіту сәті. «Сиқырлы  таяқша» ойыны.  Шарты: « Ғ ғ»  әрпінен басталатын сөздер айтып, балалар бір­біріне сиқырлы таяқшаны береді. Ол бір сөз айтып,келесі балаға береді. Ойын осы  ретпен жалғаса береді. Суретпен  жұмыс. Мысалы: ағаш  сөзіндегі  ғ  дыбысының  орнын  тап. III  апта Сабақтың  барысы:  I. Ұйымдастыру   кезеңі:  Балалардың  зейінін  сабаққа  аудару,  оқу құралдарын  жинақтау, ой  қозғау (көрнекіліктер  арқылы). Мимикалық  гимнастика. Көзімізді  ашып­жұмамыз(қатты­жәй) Ернімізді  түтікше  тәрізді  алға  қарай  созамыз «Жымию»       Оқулықпен  жұмыс. Сөздерді  аяқтау, буындарды  оқыту.  Та­ға, ға­лам, са­ғат, ға­рыш, т.б Әліппе дәптермен жұмыс.  Ғ әрпін бастырып жазады. ­ҒА,­ҒО,­ҒУ.  А­ҒА, А­ҒАШ, ТА­ҒА,  буындарын айтқызу. IY.Сергіту сәті. IY  апта Сабақтың  барысы: I. Ұйымдастыру  кезеңі:  Балалардың  зейінін  сабаққа  аудару,оқу  құралдарын  жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер  арқылы). Психологиялық  дайындық.  Қуанамын менде Қуанайық күнге Шуақ шашқан елге Бәріміз де бірге Тапсырма: дәптердегі   сызықтарға  қарап   Ғ  әріпін  үзік  сызықтар  арқылы   сызып   үйрену.   Ғ­ғ­ғ­ғ­ғ  қолдары  жаттықтырғанша  жазып  үйрену. Ойын: «Сөз  ойла – тез  ойла» Ойын: "Ғ" дыбысын тап.  АӘБИҒШЗТНКҒ  V. Бекіту. «Адасқан буындар» ойыны. Адасқан буындарды табу. Мұғалім тақтаға буындар жазылған суреттерді іледі. Суреттегі буындарды тауып магниттік тақтаға ілгізу. VI. Қорытынды. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.    VII. Бағалау. Балаларды  жеке­жеке мадақтау.

Киім түрлері (маусымдық киімдер)

Киім  түрлері (маусымдық  киімдер)

Киім түрлері (маусымдық киімдер)

Киім  түрлері (маусымдық  киімдер)

Киім түрлері (маусымдық киімдер)

Киім  түрлері (маусымдық  киімдер)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.04.2018