Күн сәулесі.
Оценка 4.9

Күн сәулесі.

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
естествознание
Детсад
23.04.2018
Күн  сәулесі.
• Балалардың табиғат жайлы білімдерін арттыру, табиғат сыйы туралы жан - жақты түсінік беру. • Табиғатқа деген қамқорлық сезімін оятып, оның ғажайып сырларын ұғынуға үйрету. • Күн, су, ауаның денсаулыққа пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру, қоршаған ортаны бүлдірмеуге, таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сөздік жұмысы: қайнар көзі күн, мөлдір, таза су, оттегі. Көрнекіліктер: АТК - құралы, тәжірибеге керекті құралдар, судың ыдыстары, суға қажетті қоспалар, суреттер. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын. Көрнекі-құралдар: «Өсімдіктер» тақырып бойынша суреттер, ойыншықтар, тақтаға ілетін құралдар, бор, дидактикалық материалдар. I апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Жылулық шеңберінде тұрып жылы лебіз, тілек сөздерін айту. Шаттық шеңбер: Күн, сәуле шашқаның үшін рақмет! Ауа, таза аспаның үшін рақмет! Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рақмет! Ағаш, көлеңкең үшін рақмет! III. Жаңа сабақ. Балалар, табиғат – айналамызды қоршаған бүкіл әлем, ал адамдар өмірдегі керемет жаратылыс.Табиғат адамдарға ғажайып сыйлықтар сыйлайды. Балалар, табиғаттың адам денсаулығына қажетті үш байлығын еске түсірейік, ол үшін жұмбақ жасырайын: Тұрғанымен жырақ өзі, Таусылмайтын шырақ көзі. ( Күн) Үлкен алтын табақтан, Әлемге нұр таратқан. Бұл не? (Күн) -Дұрыс балалар, күнге ұқсау үшін не істеуіміз керек? -Қолымызды ұстасып, дөңгелене тұрайық. Қазір, неге ұқсадық? - Балалар, жер бетіндегі тіршілік атаулының қайнар көзі – Күн. - Олай болса, біз де бір - бірімізге ыстық лебіздерімізді айтып, жылу берейік. «Күн шуақтары» суретін көрсете отырып әңгімелейді. Күн сәулесі жер бетіне жеткенде, үшке бөлінеді: жылылық сәулесі, көзге көрінетін ақ сәуле және көзге көрінбейтін ультракүлгін сәуле. -Күн – бүкіл жер шарына, әлемге жарық, жылу беретін табиғат сыйы. Күнсіз адам тіршілік етуі мүмкін емес. Күннің жарығы көрінетін және көрінбейтін сәулелерден тұрады. Көрінбейтін сәулеге ультра күлгін сәуле жатады. Міне, солардың әсерінен біздің терімізде адам ағзасы үшін маңызды «Д» дәрумені болады. Күн - әлемге жарық, қызу беріп тұратын жұлдыз. Ол орасаң мол энергия бөліп шығарады. Адамға күннің тигізетін пайдасы қандай? - Егерде күн шуағын дұрыс пайдаланбасақ, зияны да болады. Оның зиян жағын кім біледі, қандай болады? - Дұрыс айтасыңдар, күн – табиғи дәрі, ал дәрі арнайы қатаң өлшемді талап етеді. Сондықтанда күннің шуағын дұрыс пайдалана білейік. Күн бізге шуағын, нұрын төгеді, бізде күнге ақ тілегімізді айтайық: (барлығы қосылып) Сурет көрсету. Суреттерге қарап суреттеп айтып беру. IY.Сергіту сәті: Күн болып жанайық. Су болып ағайық. Терең - терең демалып, Жүгіріп, жүгіріп алайық. II апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). «Жылы және суық түстер» дидактикалық ойыны. -Жылы түстерге қандай түстер жататынын білесіңдер ме?! (Балалар жауап таба алмаса, тәрбиеші өзі айтады). -Қызыл, сары, алқызыл, сарғыш қызыл. Не себептен олар жылы түстер деп аталған? Өйткені олар от тәрізді жылу береді, күннің көзі де жылы сәулесін шашып тұрғандықтан біз жылы түспен – қызылсары немесе сары түспен саламыз деп келісіп алайық. Мұғалім бір түсті айтады, балалар сол түсті көргендегі көңіл күйлерін білдіреді немесе осы түске ұқсас заттарды айтады. Мұғалім күн және оның сәулелерін салу жолдарын түсіндіреді. Алдымен қылқаламмен үлкен шеңбер жасап аламыз, дөңгелекті бір нүктеден бастап қылқаламды қағаздан алмай сол нүктеге дейін сызып саламыз, оның ішін бояймыз. Енді күннің сәулелерін саламыз. Сәулелер ұзын-қысқа болып келеді, сондықтан бір ұзын, бір қысқа сызықтарды кезектестіріп салуларыңа болады. Сурет салуды түзу сызықтар мен дөңгелектен бастап, түзу сызықтарды ретімен қағазды айналдыра отырып сызып шығу ұсынылады. Альбоммен жұмыс: Күннің суреттерін түрлі-түсті бояумен бояу. IY.Сергіту сәті. III апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Психологиялық дайындық. Табиғат! Тіршіліксің тұнып тұрған. Сен – күнсің! Көтерілген күліп қырдан. Сен – Көлсің, Сен – Ормансың, Сен – Бұлақсың, Адамды сұлулыққа құнықтырған. «Күнді кім тез жинайды?» ойыны. Қырқылған күннің бөліктерін құрастырып жинау. Альбоммен жұмыс: Күн бейнеленген суреттерді түрлі-түсті қарындашпен бояу. IY.Сергіту сәті. IY апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Шаттық шеңбер: Аспанымыз ашық болсын! Көк туымыз биік болсын! Деніміз сау болсын! Еліміз тыныш болсын! « Кім жылдам» ойыны. Тақтаға үш бала шығады. Әр бала партадағы үш гүлдің біреуін тандайды, әр гүлдің ішінде өсімдіктер атаулары болады. Әр гүлді суреттеріне қарай орын орнына орналастырып магнитпен тақтаға жапсырады. IY.Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар Үлкен болып өседі. V. Бекіту. Саусақ жаттығуы: Саусақтар шынжыр болады Үзілмейді тартсаңда Ал, піл келіп шынжырды, Үзіп кетті басқанда. Тұмсығымен доп іздеп, Ойнағысы келеді Достық үшін пілге мен Гүл сыйлағым келеді. VI. Қорытынды. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау. -Біз қандай гүлдермен таныстық? -Гүлдерді қалай баптап күтеміз? VII. Бағалау. Балаларды жеке-жеке мадақтау.• Балалардың табиғат жайлы білімдерін арттыру, табиғат сыйы туралы жан - жақты түсінік беру. • Табиғатқа деген қамқорлық сезімін оятып, оның ғажайып сырларын ұғынуға үйрету. • Күн, су, ауаның денсаулыққа пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру, қоршаған ортаны бүлдірмеуге, таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сөздік жұмысы: қайнар көзі күн, мөлдір, таза су, оттегі. Көрнекіліктер: АТК - құралы, тәжірибеге керекті құралдар, судың ыдыстары, суға қажетті қоспалар, суреттер.
Сауат ашу.docx
Сауат  ашу. Сабақтың тақырыбы:  «Ғ ғ» дыбысы мен әрпі. Сабақтың  мақсаты:   Ғ  дыбысы мен оның  әріп  таңбасы  туралы  түсінік  беру. Кеспе әріптерден  сөз   құрап, буынға бөліп оқуға  жаттықтыру.   Ойлау, есте сақтау қабілеттерін  дамыту, сөздік қорларын молайту,  қызығушылығын, белсенділігін дамыту, көркем  жазуға баулу.   Жаттығуларды орындату арқылы қол моторикасын дамыту.  Балаларды  әдептілікке,  ұқыптылыққа  тәрбиелеу.  Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаздыру, сұрақ­жауап, топпен  жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: әліппе, суреттер, текшелер, кеспе  әріптер, ермексаз, тақтаға   ілетін құралдар, бор.  I  апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың  зейінін  сабаққа  аудару,  оқу   құралдарын  жинақтау,  ой  қозғау (көрнекіліктер  арқылы)  Психологиялық  дайындық. Қуанамын менде                                                   Қуанайық күнге                                                   Шуақ шашқан елге                                                   Бәріміз де бірге ­Жарайсыңдар, балалар! Өткенді  қайталау. ­Қандай  дыбыспен  таныстық?  (Н н  дыбыспен)  ­Дауысты  ма,  дауыссыз  ба? (дауыссыз) ­Н н  дыбысы  сөздің  қай  жерінде  кездеседі? Мысалы:  Нан, наубайхана,т.б.    басында ортасында барлық  буында II.  Жаңа  сабақ. Жұмбақ  шешу.  Көп әріп ішінде,­                                                            Шалғы пішінде.                                                            Тап, мұны түсін де. (Ғ әрпі)    ­Дұрыс,  балалар! Бүгінгі  біздің  сабағымызда  Ғ ғ   әрпімен  танысамыз.  Ғ  әрпін  жазуды  үйренейік. Ол  бас  әріп  және  кіші  әріпке  бөлінеді.  Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге  қарап, үзік сызықтарды қосып,  Ғ әрпін   жазамыз. (Баспа  және  жазбаша  түрлерін  жазып  көрсету)  Ғ ғ ­ дауыссыз дыбыс. Ғ  ғ  дыбысын көк  дөңгелек  текшемен  белгілейміз.  ­Жарайсыңдар, балалар! IV. Сергіту  сәті:  Біз жаздық, біз жаздық,                                  Қолымыз шаршады.                                   Ақырын демалып                                  Қайтадан жазамыз. II апта Сабақтың  барысы:  I. Ұйымдастыру  кезеңі:  Балалардың  зейінін  сабаққа  аудару, оқу құралдарын  жинақтау, ой  қозғау (көрнекіліктер  арқылы). Мимикалық  гимнастика. Көзімізді  ашып­жұмамыз (қатты­жәй) Ернімізді  түтікше  тәрізді  алға  қарай  созамыз «Жымию»    Әліппе дәптердегі сағат, торғай, ағаш, мұғалім сөздерін буынға бөлдіру.Осы сөздердегі Ғ  дыбысының орнын айтқызу. Мысалы: сағат сөзіндегі  ғ дыбысы ның  орнын тап.     IY.Сергіту сәті. «Сиқырлы  таяқша» ойыны.  Шарты: « Ғ ғ»  әрпінен басталатын сөздер айтып, балалар бір­біріне сиқырлы таяқшаны береді. Ол бір сөз айтып,келесі балаға береді. Ойын осы  ретпен жалғаса береді. Суретпен  жұмыс. Мысалы: ағаш  сөзіндегі  ғ  дыбысының  орнын  тап. III  апта Сабақтың  барысы:  I. Ұйымдастыру   кезеңі:  Балалардың  зейінін  сабаққа  аудару,  оқу құралдарын  жинақтау, ой  қозғау (көрнекіліктер  арқылы). Мимикалық  гимнастика. Көзімізді  ашып­жұмамыз(қатты­жәй) Ернімізді  түтікше  тәрізді  алға  қарай  созамыз «Жымию»       Оқулықпен  жұмыс. Сөздерді  аяқтау, буындарды  оқыту.  Та­ға, ға­лам, са­ғат, ға­рыш, т.б Әліппе дәптермен жұмыс.  Ғ әрпін бастырып жазады. ­ҒА,­ҒО,­ҒУ.  А­ҒА, А­ҒАШ, ТА­ҒА,  буындарын айтқызу. IY.Сергіту сәті. IY  апта Сабақтың  барысы: I. Ұйымдастыру  кезеңі:  Балалардың  зейінін  сабаққа  аудару,оқу  құралдарын  жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер  арқылы). Психологиялық  дайындық.  Қуанамын менде Қуанайық күнге Шуақ шашқан елге Бәріміз де бірге Тапсырма: дәптердегі   сызықтарға  қарап   Ғ  әріпін  үзік  сызықтар  арқылы   сызып   үйрену.   Ғ­ғ­ғ­ғ­ғ  қолдары  жаттықтырғанша  жазып  үйрену. Ойын: «Сөз  ойла – тез  ойла» Ойын: "Ғ" дыбысын тап.  АӘБИҒШЗТНКҒ  V. Бекіту. «Адасқан буындар» ойыны. Адасқан буындарды табу. Мұғалім тақтаға буындар жазылған суреттерді іледі. Суреттегі буындарды тауып магниттік тақтаға ілгізу. VI. Қорытынды. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.    VII. Бағалау. Балаларды  жеке­жеке мадақтау.

Күн сәулесі.

Күн  сәулесі.

Күн сәулесі.

Күн  сәулесі.

Күн сәулесі.

Күн  сәулесі.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.04.2018