Колледж педагогтерінің жарияланым жұмыстары және тәжірибені жалпылау
Оценка 4.9

Колледж педагогтерінің жарияланым жұмыстары және тәжірибені жалпылау

Оценка 4.9
Педсоветы
docx
преподавание
Взрослым
01.03.2024
Колледж педагогтерінің жарияланым жұмыстары және тәжірибені жалпылау
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі өзгерістер кәсіби дағдылардың сапасын арттыруға бағытталған, колледждерге берілген академиялық дербестік педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейіне жоғары талаптар қойылып, өзінің тәжірибесін жүйелі түсінуді және жалпылауды қажет етеді. Оқу-тәрбие үдерісінің нәтижелілігін арттыруға және оны жетілдіруге әртүрлі факторлар, соның ішінде педагогикалық тәжірибені зерделеу, жалпылау және енгізу ықпал етеді. "Педагог" кәсіби стандартына сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқытушысы" қызметтің негізгі мақсаты білім алушылардың оқытылатын пән және таңдалған мамандық саласында білімдерін, біліктері мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Ал, оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру кәсіби қызметінде озық педагогикалық тәжірибелерді жариялау нақты көрсетілген.
Дуйсебаева ЖЖ статья.docx

 

Дуйсебаева Жанар Жолдасбекқызы

Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығы» КММ

«Техникалық және кәсіптік білім» кафедра меңгерушісі

 

 

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары

педагогтерінің жарияланым жұмыстары және тәжірибені жалпылау

 

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі өзгерістер кәсіби дағдылардың сапасын арттыруға бағытталған, колледждерге берілген академиялық дербестік педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейіне жоғары талаптар қойылып, өзінің тәжірибесін жүйелі түсінуді және жалпылауды қажет етеді. Оқу-тәрбие үдерісінің нәтижелілігін арттыруға және оны жетілдіруге әртүрлі факторлар, соның ішінде педагогикалық тәжірибені зерделеу, жалпылау және енгізу ықпал етеді.

"Педагог" кәсіби стандартына сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқытушысы" қызметтің негізгі мақсаты білім алушылардың оқытылатын пән және таңдалған мамандық саласында білімдерін, біліктері мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Ал, оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру кәсіби қызметінде озық педагогикалық тәжірибелерді жариялау нақты көрсетілген.

Педагогтардың қызықты шығармашылық жұмыстары кез келген оқу ұйымында және педагогикалық ұжымда бар. Дегенмен, колледж әдістемелік кабинеттерінің  жоспарларында педагогтардың озық тәжірибесін зерделеу, жинақтау бойынша іс-шаралады нақты бөліп жоспарламағаны анықталды.

Жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және арнайы пәндер оқытушылары, сондай-ақ өндірістік оқыту шеберлері колледждердің педагогикалық кадрларының жалпы санының 39% құрайды және олардың барлығы инженерлік білімге ие (педагогикалық колледждерді қоспағанда).

Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының ТжКБ кафедрасының әдіскерлері облыс колледж педагогтерінің озық тәжірибелерін жалпылау/ тарату барысында бірқатар мәселелермен кездеседі.

Бұл жұмыстың әлсіреуінің объективті себептерін атауға болады:

- әдіскерлер мен оқытушылардың арасындағы алшақтық (жеке жоспарда тәжірибені зерделеуге уақыттың болмауына байланысты);

- тәжірибені зерделеу және жинақтау үшін педагогтермен тікелей байланыста болу үшін уақыттың жетіспеушілігі;

- озық педагогикалық тәжірибені сипаттауға әдебиеттерде нақты және нормаланған талаптардың болмауы;

- инженер-педагог кадрлардың педагогикалық білімінің болмауы.

Педагогикалық тәжірибені зерделеу - бұл шынайы, нақты педагогикалық процесті тікелей бақылауды, зерттелетін педагогикалық құбылысты ғылыми тұрғыдан түсінуді, нәтижелерді талдауды және салыстыруды, арнайы білімді, педагогикалық біліктіліктің жоғары деңгейін және, ең бастысы, жеткілікті уақытты қажет ететін тәжірибе авторының педагогикалық қызметінің нақты мысалдарымен растауды талап ететін зерттеу қызметі.

Жұмыс тәжірибесінде кәсіптік-педагогикалық қиындықтар колледждің педагогикалық құрамының негізгі бөлігі педагогикалық емес, инженерлік білімге ие болуымен, әртүрлі профильдегі кәсіпорындарда маман болып жұмыс істеп келуімен байланысты. Атап айтқанда, колледж педагогтері

·        оқыту мен тәрбиелеу әдістерін қолдана бермейді,  оларды ұтымды таңдау қиынға соғады,

·        сабақтың мақсатын анықтауда қиындықтарға тап болады,

·        сабақтың мақсаттарын жеке маңызды міндеттерге аудару дағдылары дамымаған,

·        сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды талдау формаларын білмейді.

ТжКБ инженер-педагогикалық кадрлардың жетістігі кәсіби педагогикалық қиындықтарды жеңу процесінде жұмыс орнында, білім беру мекемелерінің қабырғаларында алатын көмегімен анықталады. Жоғарыда айтылған себептер және қажетті оқу-бағдарламалық құжаттаманың болмауы оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыруда, оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу мен құрастырудағы қиындықтарды түсіндіреді. Үздік тәжірибелердің көбі ғылыми және әдістемелік жарияланымдардан тыс қалады, тек білім алушылармен тікелей байланыста қолданып, жүйеленбейді, зерттелмейді және таратылмайды.

Колледж педагогтерінің озық тәжірибені жалпылау материалдарындағы тұрақты кемшіліктер және  қиындықтар келесі қызмет түрлерінен туындайды:

-тәжірибенің негізгі идеяларын бөліп көрсету, тәжірибенің жаңашылдық дәрежесін анықтау, кәсіби өзін-өзі бағалау;

-жалпы сипаттағы пайымдаулар мен қорытындыларды сипаттайды;

- тәжірибенің орнына ғылыми әдебиеттерден теориялық мәліметтер беріледі, олар әдістемелік әдебиеттердің аннотациясы болып табылады;

-талдаудың болмауы және талдауды жекелеген мысалдармен алмастыру;

- тәжірибені сипаттауда оң нәтижелерге қол жеткізу жолдары (әдістері, тәсілдері, құралдары)ашылмайды;

-оқытушы мен білім алушылардың іс-әрекеттері арасында нақты байланыс көрсетілмейді;

-тәжірибеде педагогтың дайындық деңгейі мен біліктілігіне қойылатын талаптар көрсетілмейді.

Бұл кемшіліктер педаготің жұмысы жүйелі ұйымдастырылмағанына және уақтылы кеңес ала алмайтындығына байланысты туындайды.

Тәжірибені таратудың әртүрлі формаларының таралуы мен тиімділігін анықтау мақсатында колледж педагогтеріне сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 327 педагог қатысты. Педагог қызметкерлерге соңғы бес  жылдағы өз педагогикалық тәжірибесін тарату белсенділігін және сол кезеңдегі әріптестерінің педагогикалық тәжірибесін зерттеу белсенділігін бағалау ұсынылды.  Сауалнама нәтижелері тәжірибені зерттеу белсенділігі өз тәжірибесін тарату белсенділігіне қарағанда әлдеқайда жоғары екенін көрсетті. Бұл көбінесе колледждегі ұжымдық әдістемелік жұмыстың дамыған жүйесімен анықталады. Педагогикалық тәжірибені таратудың қолданылатын түрлерінің танымалдылық рейтингі кестеде келтірілген.

 

 

Педагогтердің тәжірибесі колледждердің әдістемелік кабинеттерінде әдістемелік әзірлемелер, әртүрлі деңгейдегі конференциялар жинақтарындағы мақалалар, оқу сабақтары мен сыныптан тыс іс-шаралар жобалары , бейнесабақтар түрінде ұсынылған. 2023 жылдың қараша айында 37 колледж педагогтерінің баспа қызметі өнімдері туралы ақпаратына назар аударсақ, колледждің әдістемелік кеңесімен бекітілген құралдар саны 460 құрайды, ал соның  16% (74 құрал) ғана облыстық сараптамалық кеңеске ұсынылды. 2022жылы колледждерден 22 құрал ұсынылса, 2023 жылы тек 11 оқу-әдістемелік өнім сараптауға жолданды.

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұсынған оқулықтың, оқу-әдістемелік кешен

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Үлгілік оқу жоспарларын, бағдарламаларын әзірлеу туралы құжаттар

Республикалық оқу-әдістемелік кеңес бекіткен элективті курстар, әдістемелік құралдар бағдарламалары

Облыстық, қалалық және республикалық маңызы бар қалалардың оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілген әдістемелік құралдар, элективті курстар, факультативті курстардың авторы

Колледждегі білім беру ұйымының әдістемелік кеңесімен бекітілген құралдар

Арнайы пән оқытуш/ө.ш

53

60

52

74

460

ЖББП

39

14

42

60

228

 

 

Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын басылымдар тізбесіне кіретін жарияланымдар

Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында білім беру және тәрбие саласында жарияланымдар

Білім және тәрбие саласында республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар

Облыстық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында немесе облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында білім беру және тәрбие саласында жарияланымдар

Аудандық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында немесе облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында білім беру және тәрбие саласында жарияланымдар

Білім беру ұйымындағы ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында немесе облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында білім беру және тәрбие саласында жарияланымдар

Арнайы пән оқытуш/ө.ш

79

335

602

199

104

81

ЖББП

50

225

381

109

88

75

 

Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, облыстың ТжКБ ұйымдарының инженерлік-педагогикалық кадрларына өз тәжірибесін зерделеу, жинақтау  және жалпылау, тәжірибе алмасу үшін педагогикалық қарым-қатынасының жаңа, тиімді нысандарын ұсыну қажеттілігі туындады.

Педагогикалық озық тәжірибені жалпылаудың бұл формасын кесте түрінде берілген:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Озық педагогикалық тәжірибені жалпылаудың осы формада маңызды бағыттардың бірі – колледж әкімшілігінің білім беру процесінің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, жалпылау және тарату жөніндегі жұмысы жүйеленеді. Колледждерде кез-келген тиімді, ұтымды тәжірибені тарату және енгізу қажет, соның ішінде педагог- новатор  тәжірибелерін терең және жан-жақты талдау, жалпылау және тарату қажет. Оқу-тәрбие процесіне педагогика ғылымы мен практикасының жаңа жетістіктерін зерделеу мен енгізудің икемді жүйесін құру білім беру ұйымы деңгейінде де, облыс деңгейінде де әдістемелік қызметтің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Ұсынылған форма тәжірибенің таралуының әлсіреу себептерін жояды және оқытушыларға жұмыс барысында сұрақтарына жауап алуға, мәселелер бойынша кеңес алуға мүмкіндік береді. Егер қиындықтар болса, оқытушы колледж әдіскер көмегімен оны шешеді, тәжірибе жасайды, нәтижеге қол жеткізеді. Оң нәтиже колледжде зерттеледі, жүйеленіп, облыс дәрежесінде таратылады.

Педагогикалық тәжірибені таратудың вариативтік формасына құзыреттілік орталықтарының жұмысы аясында инженерлік-педагогикалық кадрлардың өзара әрекеттесу түрлерін жатқызуға болады: шеберлік сыныптары, бейнесабақтар, семинарлар мен педагогикалық оқулар, кәсіби шеберлік байқаулары, салалар бойынша құзыреттілік бойынша студенттер чемпионаттары, сонымен қатар студенттердің демонстрациялық емтихандарында жұмыс берушілермен бірлесіп жалпылауға болады.

 


 

Дуйсебаева Жанар Жолдасбекқызы

Дуйсебаева Жанар Жолдасбекқызы

Атап айтқанда, колледж педагогтері · оқыту мен тәрбиелеу әдістерін қолдана бермейді, оларды ұтымды таңдау қиынға соғады, · сабақтың мақсатын анықтауда қиындықтарға тап болады, · сабақтың…

Атап айтқанда, колледж педагогтері · оқыту мен тәрбиелеу әдістерін қолдана бермейді, оларды ұтымды таңдау қиынға соғады, · сабақтың мақсатын анықтауда қиындықтарға тап болады, · сабақтың…

Педагогтердің тәжірибесі колледждердің әдістемелік кабинеттерінде әдістемелік әзірлемелер, әртүрлі деңгейдегі конференциялар жинақтарындағы мақалалар, оқу сабақтары мен сыныптан тыс іс-шаралар жобалары , бейнесабақтар түрінде ұсынылған

Педагогтердің тәжірибесі колледждердің әдістемелік кабинеттерінде әдістемелік әзірлемелер, әртүрлі деңгейдегі конференциялар жинақтарындағы мақалалар, оқу сабақтары мен сыныптан тыс іс-шаралар жобалары , бейнесабақтар түрінде ұсынылған

Озық педагогикалық тәжірибені жалпылаудың осы формада маңызды бағыттардың бірі – колледж әкімшілігінің білім беру процесінің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін озық педагогикалық тәжірибені зерделеу,…

Озық педагогикалық тәжірибені жалпылаудың осы формада маңызды бағыттардың бірі – колледж әкімшілігінің білім беру процесінің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін озық педагогикалық тәжірибені зерделеу,…
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.03.2024