Колледжде тәжірибеге бағытталған оқыту мен заманауи әдістерді жетілдіру
Оценка 4.7
Педсоветы
docx
чтение
Взрослым
07.04.2018
Қазіргі заманымызда қоғамға өз бетімен жұмыс атқаратын, еркінде кеңінен ойлайтын, өздігінен алдына мақсат қойып және оған жетудің әдіс-тәсілін шығармашылықпен анықтап, сондай-ақ қолдана алатын кәсіби-маман тұлғасы болуы керек. Мұндай тұлғаның дамуына бағытталған білім берудің негізі болып тұлғаның өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін жетілдіру процесі және теория жүзінде алған білімін тәжірибеде қолдана алуы жатады.Қазіргі заманымызда қоғамға өз бетімен жұмыс атқаратын, еркінде кеңінен ойлайтын, өздігінен алдына мақсат қойып және оған жетудің әдіс-тәсілін шығармашылықпен анықтап, сондай-ақ қолдана алатын кәсіби-маман тұлғасы болуы керек. Мұндай тұлғаның дамуына бағытталған білім берудің негізі болып тұлғаның өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін жетілдіру процесі және теория жүзінде алған білімін тәжірибеде қолдана алуы жатады.
ДОКЛАД.docx
Колледжде тәжірибеге бағытталған оқыту мен заманауи әдістерді
жетілдіру
Қазіргі заманымызда қоғамға өз бетімен жұмыс атқаратын, еркінде
кеңінен ойлайтын, өздігінен алдына мақсат қойып және оған жетудің әдіс
тәсілін шығармашылықпен анықтап, сондайақ қолдана алатын кәсібимаман
тұлғасы болуы керек. Мұндай тұлғаның дамуына бағытталған білім берудің
негізі болып тұлғаның өздігінен білім алу, өзінөзі тәрбиелеу, өзін жетілдіру
процесі және теория жүзінде алған білімін тәжірибеде қолдана алуы жатады.
Студенттердің танымдық, кәсіби дайындығы барысында тәжірибелік
жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы зор. Бұл мәселеге көптеген ғалымдар,
мысалы, Ястребова Е.Б., Ерецский М.И., Гарунов М.Г., Блохина Р.А.,
Сабодашев В.П., Вербицкий А. т.б үлкен мән беріп, зерттеген. Бұл
зерттеулердің өзектілігі – студенттердің теориялық және практикалық білімді
саналы игеріп, интеллектуалдық қызмет жасай білуге тәрбиелеу болып
табылады. Сонымен бірге студенттер жай ғана беріліп жатқан дайын біліммен
қаруланып қана қоймай, білімді тауып, ізденіп алуына, оны өндірісте қолдана
білуі яғни студенттерді оқи білуге үйрету маңыздырақ.
Студенттердің кәсібіне сай алған теориялық білімідерін ұштастыруда
колледжде әртүрлі зерттеушілік тәжірибе жұмыстары әр курс сайын
ұйымдастырылған. Яғни, оларға оқудала практикасы, өндірістік практика,
дипломалды практика,
педагогикалық практикалар жатады. Мұндай
тәжірибелер студенттердің біліктілігін жетілдіруде толықтай мүмкіндік
бермейді. Алайда қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті тұлғаларды қажет
етеді.
Бұрынғы білім беру мазмұны «білім, білік, дағды» парадигмасына
негізделсе, енді «нәтижеге бағдарланған, балалардың құзыреттіліктерін
қалыптастыруға негізделген» білім беру парадигмасы негізінде білім берілуі
керек.
Еңбек нарығында жеке білім ғана емес, маманның білімін тәжірибе
де қолдану және белгілі бір кәсіби қызметтерді орындау қабілеттілігі сұра
нысқа ие. Жоғары білім беру жүйесінде тәжірибеге бағытталған оқытудың
қалыптасқан бірнеше әдістері бар.
Тәжірибеге бағытталған оқыту әдістерінің бірі студенттердің кәсіби
ортаға ену мақсатында оқу, өндіріс және
диплом алды тәжірибесімен байланысты. Бұл тәжірибеге бағытталған оқы
ту әдістерінен басқа, қазіргі таңда студенттердің болашақ кәсіби қызметі
нде тұлға ретінде, білім, икем, дағдының қалыптасуына себебін тигізетін,
сапалы кәсіби бағытталған білім беру технологиясын ендіру қажет. Білім
белгілі бір қызмет тәжірибесін игермей тәжірибеге бағытталған болуы мү
мкін емес. Білім берудің деңгейі құзыреттілік тәсілдеме әдісімен анықтал уы қажет. Құзыреттілік түсінігі "не, білемін" түсінігінен көрі "қалай, біле
мен" түсінігіне сәйкес келеді.
Не, білемін" дәстүрлі білім беру парадигмасына қарайды, ал "қалай
, білемін" көбінесе білімді қызметте пайдалану мүмкіндігімен
байланысты. Сондықтан, құзыреттілік тәсілдеме әдісі тәжірибеге бағыттал
ған білім берудің мақсаты мен міндетіне сәйкес келеді.
Белгілі бір мәселені шешуде білім мен тәжірибені жұмылдыра білу мақса
тында
ұзыреттілік түсінігін енгізу, кәсіби білімнің сапасын өлшеуде көп атқарымдыл
ық құрал ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Білімді игеруге бағыттал
ған дәстүрлік білім берумен салыстырғанда тәжірибеге бағытталған білім бе
ру білімнен басқа, икем, дағды, қызмет тәжірибесін игеруге бағытталған. Қ
ызмет тәжірибесі тұлғаның мақсатқа жетуінің ішкі жағдайы, ол тұлғаның
білімі, икемі мен дағдысы негізінде белгілі бір қызметке дайындығы реті
нде саналады.
Студенттердің танымдық, кәсіби дайындығы барысында тәжірибеге
бағытталған оқыту әдістерінің маңызы зор. Студенттер теориялық және п
рактикалық білімді саналы игеріп, интеллектуалдық қызмет жасай білуге тә
рбиеленеді.Сонымен, колледжде
маман дайындауда тәжірибеге бағытталған оқыту әдістерін қолдану студе
нттердің әлеуметтену, кәсіби салада өзінің орнын табу үшін және ойлана
тын, ізденетін, интеллектуальды дамыған, креативті ойлануға, әртүрлі жағдай
да ерекше шешім қабылдауға қабілеттіжеке тұлға ретінде қалыптасуына жағ
дай жасайды.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Біз осы заманғы білім беру жүйесісіз, әрі
алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз
инновациялық экономика құра алмаймыз» деп атап көрсеткендей, осы
заманғы ұстаз – болашаққа заман ағысымен ілгерілеген озық тұлға. Мұғалімге
осындай көзқараспен қарау, оның алдына қойылар талапты да айқындайды.
Семинар туралы айту
(Жаңартылған білім беру мазмұны аясында болашақ мамандардың
кәсіби құзіреттілігін және бәсекеге қабілеттілігін дамытуатты семинар
практикумға қатысып қайттық.Семинардың мақсаты: оқытушыларға
жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу үрдісін ұйымдастыру
мәселелері бойынша ақпарат беру, педагогикалық тәжірибені жетілдіру,
педагогтардың тәжірибелік дағдыларын және кәсіби құзіреттіліктерін
арттыру)
Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға
бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы
тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын
тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны
қолдану, коммуникативті қарымқатынасқа түсу, жеке, жұппен,топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты,шы ғармашылықты қолдана білуді
және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдістәсілдерді
(бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары)
курс барысында ұғындық.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді
қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттары зерделей отыра тапсырмаларды
ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.
Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым,
оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында
«Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір–бірімен тығыз байланысты.
Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын
тілдік мақсат та күрделене түседі.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс
істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның
азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі
болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс.
Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы,
еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның
үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім
беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады. Бұл бағдарламаның
маңыздылығы да осында.
Зерттеулік білік пен дағдылар адамға тек ғылыми жұмыспен
айналысқанда ғана емес, сонымен бірге оның басқа да қызмет аясында қажет.
Шығармашыл зерттеушілік ізденіс кезкелген кәсіптің ажырамас бөлігі
болып табылуда. Баланы зерттеушілік ісәрекетке дайындау, зерттеулік
ізденістің біліктері мен дағдыларына үйрету қазіргі кезде білім берудің
маңызды міндеті болып отыр.
Елбасымыз Н.А. Назарбаев «Дамыған,бәсекеге қабілетті мемлекет
болу үшін, біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек» дей келе, өскелең
ұрпақтың функционалдық сауаттылығына аса назар аударуды талап етіп
отыр.К.Ушинский: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана
мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады»,
деген екен. Бүгінгі күн білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына
және қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған
кезең.
Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өз
сөзінде: «Біз қазір «білімғылыминновация» атты үштік үстемдік құратын
жоғары индустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», деген еді.
Қазақстанның әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің стандарттарына
деген ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін
арттыруда. Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің функционалдық
сауаттылығы – қазіргі білім берудегі жаңа және нақты жағдайға икемделу
дегенді білдіреді. Осыған орай, қазіргі кезде білім беру жүйесінде жасалып жатқан
реформалар барлық деңгейлердегі білім мазмұнын жаңартуға және өсуден
тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Білім беру әдісі өзгереді, білім беру
мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарымқатынас пайда болады.
Жаңартылған Бағдарлама жаңашыл ой тудырды.
Себебі әр
жаңашылдық, біріншіден, стандартты іске асыруда мұғалімнен кәсібилік,
екіншіден, одан әрі сапалы нәтиже алу мақсатында жігерлі ісәрекеттерді
талап етеді.
Мектептегі білім беру мазмұнын жаңартудағы мұғалімнің атқаратын
маңызды рөлін ескере отырып, педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
бойынша жұмыстар атқарылуы тиіс.
Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев
зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері
қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі
оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдап,
машығын игеруі тиіс» деп атап көрсеткеніндей, қазіргі таңда елімізде жаппай
білім беру мазмұны жаңғыртылуда.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы озық технологиялардың барлық
қырсырларын білуге жетелейді.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері
бірнеше
бөлімдерден тұратын жаңа құрылымы болып табылады:
1.Пәннің маңыздылығы;
2.Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3.Тілдік мақсаттары жүзеге асыру;
4.Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5.Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс тәсілдер;
6.«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идесының құндылықтары;
7.Ақпараттықкоммуникациялық
технологияларды
қолдану
құзіреттілігі;
8.Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9.Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10.Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсатыбілім мазмұнының
жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс
тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап
етеді.
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін
бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі
анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық
стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын
арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның атаанасына
түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін
болса, бұған жетуге әбден болады.
Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің
негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу
және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:
1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзінөзі
үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін
қалыптастыруға көмектесу;
4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз:
–– білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;
–– мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;
–– атааналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;
–– басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы
ақпараттар ұсыну.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: Алдын ала ұсынылған
бағалау шкаласы; Анық, айқындылығы; Бағаның әділдігі; Өзін бағалауға
мүмкіндіктің берілуі.
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері: Оқу үрдісінің әрбір
кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің
жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды
ынталандыру;
Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің
ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және атаана арасында кері
байланысты қамтамасыз ету.
Критериалды бағалау артықшылықтары:
Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
Оқушының жұмысын бағалау алдын –ала ұсынылған критерийлерге
негізделеді.
Бағалау алгоритмі оқушыларға алдынала белгілі;
Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі;
Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады;
Критерий арқылы бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп
отыруына мүмкіндік береді; Білім берудің сапасы артады.
Критериалды бағалау мұғалімге, оқушыға, атаанаға не береді
деген сұрақ туындайды?
Мұғалімдерге:
Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;
Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;
Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;
Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін
оқытудың жеке траекториясын алуға;
Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге
мүмкіндік береді
Оқушыларға: Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және
түсінуге;
Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;
Нақты критери құруда білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе
білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.
Ата аналарға: Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;
Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;
Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие.
Өйткені, қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде
оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған
ортамен дұрыс қарымқатынас, өзінөзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты
мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің
барлық талаптарына сай орайластырылған.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні,
баланың
функционалды сауаттылығын қалыптастыру.
Оқушы өзінің мектеп
қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де
бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға
үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің
барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін,
мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы
аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын
құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Ата
бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, жанжақты,шығармашыл,
ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді.«Білімді болу деген
сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу», — деген Әл
Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек.
Колледжде тәжірибеге бағытталған оқыту мен заманауи әдістерді жетілдіру
Колледжде тәжірибеге бағытталған оқыту мен заманауи әдістерді жетілдіру
Колледжде тәжірибеге бағытталған оқыту мен заманауи әдістерді жетілдіру
Колледжде тәжірибеге бағытталған оқыту мен заманауи әдістерді жетілдіру
Колледжде тәжірибеге бағытталған оқыту мен заманауи әдістерді жетілдіру
Колледжде тәжірибеге бағытталған оқыту мен заманауи әдістерді жетілдіру
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.