Коммуникация, Сауат ашу негіздері Тақырыбы: "Ғ" дыбысы мен әрпі. (конспект)
Оценка 4.6
Разработки уроков
doc
воспитательная работа
Детсад
09.02.2019
Конспект Коммуникация, Сауат ашу негіздері "Ғ" дыбысы. Материал мектепке дейінгі мекемелерде қолдануға арналған. арналған. Материал толық. 5-6 жас балаларына арналған. Конспект толық. Мақсаты балалардың жас ерекшіліктеріне қарай құрастырылған. Материал сабақтарда қолдануға тиімді. Материал өте тиімді. Сабақтың құрылымы толық. Тәрбиеші : Абишева А.М.
Конспект Коммуникация Сауат ашу Ғ дыбысы мен әрпі.doc
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 30.10.18
Тәрбиеші: Абишева А.М.
Білім беру саласы: Коммуникация.
Пән: Сауат ашу негіздері
Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»
Тақырыбы: «Ғ дыбысы және әрпі»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: тапқырлыққа, ойынның ұшқыр болуына тәрбиелеу.
2. Дамытушылық: дидактикалық құралдарды пайдаланып балалардың ойлау
қабілетін, қиялын дамыту.
3.Оқыту: «ғ» дыбысымен және оның әріп таңбасымен таныстыру.
Педагогикалық технологиялар: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету: жұмыс дәптері, әріп қималары.
Көптілділік: сызғышлинейка, дауысты дыбысгласный звук.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тәрбиеші балалардың назарын тақтада ілініп тұрған әліпбиге аударады да, жұмбақ
жасырады.
2. Негізгі бөлім:
Жұмбақ:
Көп әріп ішінде
Шалғы пішінде.
Тап мұны, түсін де.
Дұрыс таптыңдар, балалар, бұл «ғ» дыбысы. «Ғ» дыбысының дұрыс айтылу
артикуляциясы мынадай: ерін ашылып, тілдің ұшы тілдің астыңғы түбіне тиеді. Тілдің
үстіңгі жағы таңдайға тиеді. Дауыс шымылдығының дірілінен «ғ» дыбысы естіледі.
Балалар, «ғ» дыбысын айтып көрейік
«Ғ» дыбысыдауыссыз дыбыс, әндетіп, созып айтуға келмейді.
Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейтін едік?
Дұрыс айтасыңдар.
«Ғ» дыбысы бар сөздерді кім тез тауып айтады?
Кәне, кім аға сөзін қима әріптер арқылы тақтаға жазып береді?
Енді «ғ» дыбысына байланысты жаңылтпаш үйренейік.
Жаңылтпаш:
Ағабай ағасын
Ағатай ағасың! Аға деп бағалар,
Ағаның бағасын.
Жұмбақ:
Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
Сызғыш сөзін буынға бөліндер.
Дұрыс айтасындар.
Көптілділік: сызғышлинейка, дауысты дыбысгласный звук.
Ғарышаспан әлемі.
Балалар, буындардың жазылуын сызба түрінде былай көрсетеді (тақтада көрсетеді):
сызғыш.
Сызғыш сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
Сызғыш, сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
6 дыбыс, 6 әріп бар.
С дауссыз дыбыс.
Ы дауысты дыбыс.
З дауыссыз дыбыс.
Ғ дауыссыз дыбыс.
Ы дауысты дыбыс.
Ш дауыссыз дыбыс.
2 дауысты дыбыс, 4 дауыссыз дыбыс.
Екінші буын қай дыбыстан басталады? (Екінші буын «ғ» дыбысынан басталады.)
Дыбысты біз айттық, естідік, енді «ғ» дыбысының таңбасымен танысайық.
Тәрбиеші «ғ» дыбысының баспа және жазба түрін көрсетеді.
Сергіту сәті:
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын, тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсын.
Тәрбиеші тақтаға қысқа буындар жазып, балаларға оқытады: ҒА, ҒҰ, ҒЫ, ҒО, ҒӘ.
Сөздерді оқыту: АҒА, ҒАРЫШ.
(Балалар буындар мен сөздерді тәрбиешінің көмегімен оқиды.)
Дид./ойын:«Сөйлемдерді толықтыру»
Ойын шарты: балалар тәрбиешінің бастаған сөйлемін жалғастырады.
Өзімнен үлкен бауырым аға. Қыз құлағындағы әшекей сырға.
Ат тұяғындағы темір таға.
Қапқара құс қарға.
Шегені қағатын балға.
Жарыста айғайлайтын сөз алға.
Шыршыр еткен торғай.
Мысықтың баласы марғау.
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі № 9 тапсырма орындалады.
Жеке жұмыс жүргізеді.
3. Қорытынды:
Қандай дыбыспен таныстық?
«Ғ» дыбысы қандай дыбыс?
Қандай сөздерде «ғ» дыбысы бар екен?
Коммуникация, Сауат ашу негіздері Тақырыбы: "Ғ" дыбысы мен әрпі. (конспект)
Коммуникация, Сауат ашу негіздері Тақырыбы: "Ғ" дыбысы мен әрпі. (конспект)
Коммуникация, Сауат ашу негіздері Тақырыбы: "Ғ" дыбысы мен әрпі. (конспект)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.