Көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру 4 - сынып
Оценка 4.7
Разработки уроков
doc
математика
4 кл
13.05.2017
Білімділік мақсаты: Көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыра білу білік, дағды, іскерліктрін тиянақтау, жүйелеу.
Дамытушылық мақсаты: Есеп шығару, есептеу қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелік мақсаты: Отан үшін жан аямай шайқасқан батырлардың ерлігін үлгі етіп, мақтаныш сезімдерін оятып, елін-жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Флипчарт, тапсырмалар, топ аттары жазылған қима қағаз
Сабақ түрі: Танымдық сабақ
Сабақ типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру
Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру Сыныпты үш топқа бөлу
І топ – Талғат Бигелдинов
ІІ топ – Сағадат Нұрмағамбетов
ІІІ топ – Рақымжан Қошқарбаев
ІІ. Балалар, бізге сабаққа көгершін қонаққа келді. Оның жақсы хабары бар екен. Қане жақсы хабарға не бересіздер?
Үй тапсырмасын интерактивті тақта арқылы тексеру. Оқушылардың дұрыс жауабы, жақсы хабар байғазысы болып есептеледі.
Дұрыс жауапты ашу арқылы қуанышты хабарды тақтадан оқып, сабақ ұраны етіп алу: «Желбіресін бейбітшілік жалауы,
Бұл бүгінгі жас ұрпақтың қалауы» - ендеше біздің бүгінгі сабағымыз Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналады
коп танбалы санды жазу салыстыру 4 сынып.doc
Мың алғыс деп ұрпағың, тағзым етер алдыңда
_________________________________________________________________________________________
Математика 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру
Білімділік мақсаты: Көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыра білу
білік, дағды, іскерліктрін тиянақтау, жүйелеу.
Дамытушылық мақсаты: Есеп шығару, есептеу қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелік мақсаты: Отан үшін жан аямай шайқасқан батырлардың ерлігін
үлгі етіп, мақтаныш сезімдерін оятып, елінжерін сүюге, құрметтеуге
тәрбиелеу
Көрнекілігі: Флипчарт, тапсырмалар, топ аттары жазылған қима қағаз
Сабақ түрі: Танымдық сабақ
Сабақ типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру
Әдістәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақжауап, ой туғызу, қызығушылығын
ояту
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру Сыныпты үш топқа бөлу
І топ – Талғат Бигелдинов
ІІ топ – Сағадат Нұрмағамбетов
ІІІ топ – Рақымжан Қошқарбаев
ІІ. Балалар, бізге сабаққа көгершін қонаққа келді. Оның жақсы хабары бар
екен. Қане жақсы хабарға не бересіздер?
Үй тапсырмасын интерактивті тақта арқылы тексеру. Оқушылардың дұрыс
жауабы, жақсы хабар байғазысы болып есептеледі.
Дұрыс жауапты ашу арқылы қуанышты хабарды тақтадан оқып, сабақ
ұраны етіп алу: «Желбіресін бейбітшілік жалауы,
Бұл бүгінгі жас ұрпақтың қалауы» ендеше біздің бүгінгі
сабағымыз Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналады.
ІІІ. Мұғалім: Ұлы Отан соғысы жылдарында (19411945) ел басына төнген
қаһарлы қатер миллиондаған кеңес адамдарын басқыншыларға қарсы күреске
жұмылдырды. Қазақстан өзiнiң барлық мүмкiндiктерiн – адамдар, өндiрiстiк
қуаттар, табиғат байлығы мен рухани қорын майдан талабына бағындырды.
І тапсырма: Көп таңбалы сандарды оқы, жаз, разрядтық қосылғыштарға
жікте.
Соғыстың алдында әскери қызметте жүрген 178 000 қазақстандықты
қоспағанда, соғыс жылдарында Қызыл Армия қатарына 1 196 164
қазақстандық шақырылды. Еңбек армиясы мен құрылыс бөлiмдерiне 700 000
адам шақырылды.
1 Мың алғыс деп ұрпағың, тағзым етер алдыңда
_________________________________________________________________________________________
І топ: 178 000 = 100000+70000+8000
ІІ топ: 1 196 164 = 1 000 000+100 000+90 000+6 000+100+60+4
ІІІ топ: 700 000 = 700 000
ІI тапсырма: Есепте. «Кім жылдам?»
А) Асқан ерлiгi және соғыс өнерiндегi ғаламат жанқиярлығы үшiн
Отанның ең жоғары мәртебесi – Кеңестер Одағының Батыры атағына 11 649
жауынгер, офицерлер мен генералдар ие болды. Олардың 11 149ы –
Қазақстандықтар емес. Мұның 402сі Қазақстандық басқа ұлт өкілдері болса,
неше қазақ Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болды?
Шешуі: 11 649 – 11 149 – 402 = 98
Жауабы: 98 қазақ Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болды
ә) 19411945 жылдардың аралығында колхозшылар мен совхоздардағы
машинатрактор станциялары еңбеккерлерiнiң ерен еңбегiнiң нәтижесiнде
майданға бiздiң елiмiзден 5 829 мың тонна нан, 734 мың тонна ет жiберiлдi.
Барлығы неше центнер азық жіберілді?
Шешуі: 5 829 000 + 734 000 = 6 563 000 * 10 = 65 630 000 ц
Жауабы: 65 630 000 ц
Б) Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Одағы 27 миллион адамынан
айрылды, оның 26 937 000ы басқа елдерден болса қанша Қазақстандық
майдан даласынан оралмады?
Шешуі: 27 000 000 – 26 937 000= 63 000
Жауабы: 63 000 Қазақстандық майдан даласынан оралмады
ІІI тапсырма: Оқулықпен жұмыс 3 топ 2 баладан шығарып, көп таңбалы
сандарды салыстыруды орындайды.
515318976 * 100131859
629815417 * 599931859
718419630 * 709987487
715318480 * 715418486
217648504 * 217648503
750000 * 749999
ІV тапсырма: Логикалық тапсырма. Дұрыс жауап табылса, топ атына
сәйкес батырлардың ерлігі туралы мәліметпен танысады.
І топ: Наубайханада калашты минут сайын пісіріп, бір бет
қағазға орайды. Тәулігіне қанша қағаз пайдаланылады?
А. 1440 В.1220 С.1460 Д. 1444
2 жауабын көрсет ?
Мың алғыс деп ұрпағың, тағзым етер алдыңда
_________________________________________________________________________________________
ІІ топ: Асан екі жүз жүздіктермен бірді қосады. Дұрыс
А. 201 В. 2001 С. 2001 Д. 1201
ІІІ топ: 3- таңбалы сандардың ең үлкені мен ең кішісінің
А. 899 В. 1100 С. 1099 Д. 1110
V тапсырма: Проблемалық сұрақтар беріледі
1. Бейбітшілік болу үшін адамдар не істеу керек?
2. Соғыс бізге керек пе?
3. Сабағымыздың ұранының мағынасын түсіндір.
қосындысы қаншаға тең?
Сабақты қорытындылау: Күндей жарқын, ақ көгершіндей ақ пейілді
болашақ тілеп, сабаққа өте жақсы қатысқан балаларға бес жұлдыз, төрттік
алған балаға күн суретін cыйлау
Үйге тапсырма: №2, 5
Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет
алған Талғат Бигелдинов 1922 жылы Ақмола
облысының Ақмола ауданындағы Майбалық
ауылында шаруа отбасында дүниеге келді. 1943
жылдың қаңтарында майданға аттанып, 144
гвардия
полкінің
құрамында Калинин, Воронеж, Далалық және
12 Украин майдандарында шайқасты. Кеңес Одағының Батыры
атағы 1944 жылдың 26 қаңтарында және екінші рет 1945 жылдың 27
маусымында берілді.
шабуылшы
авиация
Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы Ақмола
облысындағы Алексеевка ауданында дүниеге
келген. 1942 жылы тамызда Қызыл Армия
қатарына шақырылып, Кубаньды, Донбасты,
Украинаны азат етуге қатысады. Қаһармандық
ерлігі үшін 1945 жылы 27 ақпанда Кеңес
Одағының Батыры атағы берілді. Тәуелсіз
Қазақстанның алғашқы қорғаныс министрі болды. Халық қаһарманы
атағымен марапатталды.
3 Мың алғыс деп ұрпағың, тағзым етер алдыңда
_________________________________________________________________________________________
Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы Ақмола облысы, Ақмола ауданында
дүниеге келді. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, 1
Беларус майданында 150Идрицк атқыштар дивизиясының құрамында
взвод командирі болды. Польшаны азат етуге, фашистік Германия
әскерлерін өз жерінде талқандау ұрыстарына қатысты. 1945 жылы 30
сәуірде ол жауынгер Г.Булатовпен бірге Рейхстаг қабырғасына Жеңіс
жалауын қадады. Халық Қаһарманы атағы берілді.
4
Көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру 4 - сынып
Көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру 4 - сынып
Көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру 4 - сынып
Көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру 4 - сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.