КСП Коучинг "Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану"
Оценка 5

КСП Коучинг "Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану"

Оценка 5
Работа в классе
docx
информатика
Взрослым
01.04.2017
КСП Коучинг "Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану"
Құрметті әріптестер.docx
Құрметті әріптестер! Бүгінгі менің алғашқы коучингіме қош келдіңіздер! Ең алдымен сіздерге  коучинг туралы айтып өтсем. КОУЧИНГ- қысқа мерзімді, кретивті, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу және кәсіби қызметтің барлық саласының табысты дамуы. Тақырыбы: Оқушылардың оқуға мотивациясын арттыруда АКТ­ның ықпалы. Мақсаты: АКТ­ның тәжірибеде қолданудағы тиімділігін интернет  желісі, электронды тест және  презентация құру арқылы көрсетіп, өз іс –тәжірибесіне енгізуге ықпал ету. Күтілетін нәтиже: АКТ қолдануда, шығармашылық жұмыстарды орындауда   шеберліктерін  көрсетеді  және өз тәжірибесіне енгізуге дағдыланады. АКТ­ны қолданудың тиімділігі туралы  бағыт­бағдар алады.  Психологиялық ахуал тудыру үшін және Зейінді шоғырландыру мақсатында сіздермен  «Мен+Сен=Біз» ойынын ойнайық. Берілген критериилер бойынша 1 қатарға орналасуларыңыз  сұралады.  Топқа бөлу үшін сіздерге компьютерлерге қатысы бар қағаз қиындылары ұсынылады. Әр топ  мүшелері өз топтарына орналасады.  Бүгінгі коучингті  Блум таксономиясының ойлау деңгейлерін негізге ала отырып, өткіземін.   Тақырыпты талқыламас бұрын алдарыңызға мына видеоны ұсынамын. Өз ойларын айту. Менің оқуымда 7 модульдің бірі АКТ.  АКТ­ны пайдаланғаннан нәтиже болуы үшін мұғалімдер  ақпараттық­коммуникациялық технологияларды есепке ала отырып, өздерінің педагогикалық  білімдерін дамытуға тиісті.  (Mishra and Koehler, 2006)  Білу және түсіну деңгейі бойынша алдарыңызға флипчарт таратылады, өз ойларыңызды топта  талқылап, талдауларыңыз керек.  І топ ­ Мультимедиялық құралдар ІІ топ ­ Мұғалімге қойылатын талаптар Постерларын қорғайды Қолдану және талдау деңгейі практикаға бағытталған. Тапсырмаларды топпен ақылдаса отырып,  жасап көріңіздер. Талдаңыздар.  Жинақтау деңгейінде ортаға «Өз сабақтарыңызда оқушының мотивациясын арттыруда АКТ­ны  қалай тиімді қолдануға болады?» мәселесін қарастырады. Қорғайды. “ОЙЛАН – ЖҰПТАС –  БӨЛІС” әдісі Бағалау деңгейінде «Ақылдың алты қалпағы» ойыны арқылы АКТ  тақырыбын талқыға салады. Сәтті, сәтсіз, ұсыныс!  Блоб ағашы.

КСП Коучинг "Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану"

КСП Коучинг "Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.04.2017