Кітап (араб.: – жазба) — мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем-әдеби, қоғамдық-саяси, ғылыми-практикалық мазмұндағы туынды.
Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазуыменжазылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 25-ғасырда Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс (папирус) қолданылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырда қамысқа кітап жазу ісі Грекия мен Римде кең өріс алды. Осыған байланысты кітапты көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен қолжазбаны көркемдеуші суретшілер пайда болды.Кітап (араб.: – жазба) — мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем-әдеби, қоғамдық-саяси, ғылыми-практикалық мазмұндағы туынды.
Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазуыменжазылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 25-ғасырда Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс (папирус) қолданылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырда қамысқа кітап жазу ісі Грекия мен Римде кең өріс алды. Осыған байланысты кітапты көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен қолжазбаны көркемдеуші суретшілер пайда болды.
кітап.docx
Кітап (араб.: – жазба) — мерзімсіз баспасөз басылымы; көркемәдеби, қоғамдықсаяси, ғылымипрактикалық
мазмұндағы туынды.
Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына
жазуыменжазылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 25ғасырда Мысырда қыш текшелердің
орнына қамыс (папирус) қолданылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 7ғасырда қамысқа кітап жазу
ісі Грекия мен Римде кең өріс алды. Осыған байланысты кітапты көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен
қолжазбаны көркемдеуші суретшілер пайда болды.[1]
Біздің заманымыздан бұрынғы 2ғасырда қамыстың орнына тері жарғақ қолданыла бастады. Ежелгі Рим
мәдениеті мен ғылымы өкілдерінің туындылары жарғақ кітаптарға жазылып таралды. 105 ж. қытай шебері Цай
Лунь қағазды ойлап тауып, 13ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа тарай бастады. Осыған орай,
Еуропада қолжазба кітап қауырт өркендеп, түрліше әріптер, бас тақырыптар (айдарлар) қолданыла бастады.
Кітап мұқабалары алтын, күміс, т.б. металмен өрнектелді. 15ғасырдың ортасында неміс өнертапқышы Иоганн
Гутенбергтің баспа қалыбын ойлап табуына байланысты, жылжымалы құйма қаріппен құйылатын баспа кітап
пайда болды. Осы заманғы кітап — мұқабаға дәптерлер түрінде өзара тіркестіріліп бекітілген кітап блогі
үлгісінде жасалады.[2] Кітап пен кітапхана туралы қызықты деректер Қай елдің, қай халықтың болмасын оның
мәдени деңгейі, сауаты, әрине, кітаппен байланысты. Америка Құрама Штаттарында халықтың тең жартысы
кітап оқымайтын көрінеді. Соның да салдары шығар, сұрақанкета нәтижесіне үңілгенде студенттердің 40
пайызы Израиль араб елдерінің бірі деп жауап берген. Франклин Рузвельт АҚШтың Вьетнам соғысы
кезіндегі президенті деп түсінеді екен. Ал сол студенттердің тең жартысы Черчилльдің кім екенін білмей
шыққан...
Кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы зор. Білімсіз қоғам ешқашан да өрге басқан емес. Назарларыңызға
кітаптар мен кітапханаларға қатысты бірнеше қызықты дерек ұсынамыз.
Финляндияда «Скепсис» деген қоғам бар. Оның мүшелері әр жылдың аяғында бас қосып, ақылдаса
отырып, жылдың ең нашар кітабына «Құрмет грамотасын» беретін көрінеді.
Бұрынғы батыс Германияда шығып тұратын «Конкрет» атты журналдың жылдың ең жаман
шығармасына, яки ең дарынсыз авторына беріп тұратын сыйлығы бар екен. Оны алған адам бұдан былай
қарай мұндай кітап жазбауға және осы сыйлыққа келген ақшаға басқа бір мамандық алам деп уәде беруге
тиіс екен.
ШриЛанкада археологиялық қазба жұмыстарымен шұғылданған Америка ғалымдары әр парағы таза
алтыннан дайындалған ғажап бір кітап тауып алыпты. Онда көне Үндістанның белгілі бір дастаны
басылған дейді.
Францияның Нанта қаласында тұратын бір дәрігерфармацепт отыз бес жыл бойына әр елдің
гимндерін жинаумен шұғылданыпты. Франс Пресс агенттігінің хабарлауына қарағанда оның коллекциясы
бүгінде жүз елудің үстіне шығыпты.
Бұдан дәл он жыл бұрын (2004 ж.) Сирия ғалымдары басқа ағайындас әріптестермен біріге отырып,
«Бүкіл арабтық энциклопедия» шығаруға кіріскен. Бұл жиырма томдық үлкен еңбектің әрқайсысы мың
беттен тұрады.
Францияда небары сегіз сағат ішінде бір өлеңдер жинағын басып шығарған. Таңғы сағат тоғызда
қолжазбасын әкеліп тапсырған автор кешкі сағат бесте жырқұмарларға қолтаңба үлестіре бастаған.
Біздің жыл санауымыздан бұрынғы үшінші ғасырдың басында тұрғызылып, жаңаша жыл санаудың
басында римдіктердің шабуылы кезінде өртенген дүниенің сегізінші ғажабы – Александр кітапханасы
қалпына келтірілді. Кезінде теңдесі жоқ бұл кітапханада мыңдаған папирус оралымдары болған.
Франция президенті болған Франсуа Миттеранның артында қалған өлмес еңбегі – Парижде салынған
еш жерде, еш елде болмаған теңдесі жоқ супер кітапхана. Ол осы өткен жиырмасыешы ғаырдың ғылыми
техникалық жаңалықтарының ұлы жемісі. [3] «БІР ЕЛ - БІР КІТАП»
Акциясы туралы ереже
Оқу адамзаттың жан-жақты да белсенді болуына ықпал ететінін және жеке тұлғаның дамуы мен
қалыптасуындағы маңызды функцияны атқаратының мойындай отырып, қоғамды дамытудағы басым
міндеттердің бірі ретінде оқуды қолдауды қарастыра келе, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы «Бір ел -
бір кітап» акциясын жыл сайын жүзеге асыруды ұсынады.
1. Жалпы ережелер
1. ОСЫ ЕРЕЖЕ «Бір ел - бір кітап» акциясын өткізу тәртібін, мәртебесі мен мақсат-
міндеттерін айқындайды.
2. Акция мекемесіне жататындар:
•
Мәдениет
және
ақпарат
ҚР
ҚР
•
• ҚР Кітапханашылар ассоциациясы
Ұлттық
академиялық
министрлігі
кітапханасы
3. Акцияның мақсаты: оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи-мәдени және рухани
мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық қатынас.
4. Міндеттері:
• ұлттық әдебиеттерге деген оқырмандардың қызығушылығын арттыру және оған
қолдау
көрсету;
• мемлекет және қоғам қайраткерлерін, ғалымдарды, оқу ісіне қатысы бар басқа да
тарту;
мамандарды
•
тарту;
• баспагерлер ұйымының қазақстандық авторлар кітабын басып шығаруға деген
қызығушылығын
арттыру;
• әлемдік әдеби процеске қазақстандық авторларды да ықпалдастыру.
мәселесіне
оқырмандарды
ықтимал
оқу
5. Акция мазмұны: Бүкіл елдің бір кітапты бір мерзімде оқып шығуы және талқылауы. Осы
кітапқа арнап, түрлі іс-шаралардың өткізілуі. Акцияны өткізу үшін ауызша сұрау,
телефон арқылы сұрау немесе сауалнама жүргізу арқылы оқу орындарындағы,
ұйымдардағы, мекемелердегі азаматтардың ұсыныстарын білу жолымен кітап
таңдалады.
6. Акцияға қатысу үшін қаралатын кітаптар:
• ұлттық гуманизм идеялары мен жалпы азаматтықты, тарихи-мәдени дәстүрлерді,
дамуын бейнелейтін;
алуан;
сан
жоғары;
қызықты;
тарихи тамырластық
•
•
•
пен осы замандағы еліміздің
барлығына
көркемдік
жанрлық
жағынан
құны кітапханалар
•
• пікір сайыстыруға ынталылық тудыратындай.
мен
кітап
дүкендерінде
саны жеткілікті;
Акцияға қатысу үшін БАҚ және телекомпаниялар мен радиостанциялардың, басылымдардың
жеке тілшілері, сондай-ақ басқа да шығармашылық бірлестіктер мен жеке түлғалар
шақырылады.
2. Акцияға әзірлік пен оны өткізу жетекшілігі
1. Акцияны өткізу мен әзірлеу үшін Қазақстанға танымал жазушылардан, ғалымдардан
және қоғам қайраткерлерінен тұратын ұйымдастыру комитеті құрылады.
2. Ұйымдастыру комитеті:
өткізу
үлгісін,
• акцияны
акция
•
•
• БАҚ арнап хабарлама дайындайды.
акция
үшін
мерзімі
таңдалған
мен тәртібін анықтайды;
бекітеді;
бекітеді;
кітапты
нәтижелерін
3. Акция шаралары ұйымдастыру комитеті белгілеген күні өткізіледі.
4. Ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін акцияны өткізумен және оны әзірлеумен
айналысатын жұмыс тобы құрылады.
3. Акцияға қатысу тәртібі
1. Акцияға жеке және ұжым болып қатысуға болады.
2. Акцияға Қазақстанның барлық тұрғындары, барлық оқу орындары, кез келген ұйымдар
мен мекемелер қатыса алады.
3. Акцияға қатысуды қалағандар, ол жайында ұйымдастыру комитетіне пошта, телефон,
электронды пошта арқылы хабарласуға тиіс.
4. Акция барысында өткізілетін шара түрлері сан алуан болуы мүмкін: сынып сағаттары,
әдеби кештер, талқылау, кітап жайлы көрсетілімдер мен талқылаулар, жазушылармен,
актерлармен кездесулер, телемарафондар, клуб отырыстары, инсценировкалар,
спектакльдер және т.б.
4. Өткізілу уақыты
1. Акцияны өткізу мен әзірлік науқаны акция туралы жариялаған күннен басталады.
Дайындық кезеңінде акцияны өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар - плакаттар, кітап
туралы буклеттер, үнпарақтар шығарылады.
2. Акцияны өткізілу уақыты - 2012 жыл.
5. Қорытындылау 1. Акция қорытындысын жіберілген материалдар бойынша ұйымдастыру комитеті
шығарады.
2. Қорытындылау үшін кабылданатын материалдар:
•
•
•
• ҚРҰАК, ҚРКА сайттарына берілген акпараттық мақалалар.
мультимедиалық
видео
және
іс-шараларды
сипаттау;
фотоматериалдар;
материалдар;
3. Акцияны өткізу нәтижелерін қорытындылауда баяндалуға тиістілер: Қатысушылар саны,
Акцияға қатысу тәсілі, барынша ат салысқан аймақтарды - қалаларды, ауылдарды атау,
Акцияны ұйымдастыруда кітапханалардың рөлін бағалау.
4. Аяқтау кезінде Акцияның ең белсенді қатысушылары анықталады және қорытындысы
шығарылады.
5. Қорытынды хабарлама ҚР Ұлттық академиялык кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар
Ассоциациясы сайттарында жарияланады.
Иә,
«Кітаппен кеңес,
екендігін атаанамыз,
білім өмір шырағы»,
ұстаздарымыз құлағымызға құйып,
Кітапқымбат дүние, баға жетпес байлық. Кітап ақылшы, кітап тәлімгер, кітап сарқылмас қазына,
кітаптаңғажайыптарға толы алтын сандық.
Кітап – адамгершіліктің қайнар көзі,
адамзаттың рухани құндылығы, өмір айнасы, тарих шежіресі, өнербілім бұлағы, оқутәрбие
құралы. Қазақ халқы кітапты киелі, қасиетті зат деп бағалаған. «Ой маржаны білім», «Кітап білім
білімдімен теңес» деген сынды
бұлағы,
жүйелі мақалдар легі бекер айтылмаса керекті.
шынындада бала кезімізде «қабатқабат
қаттама, ақылың болса аттама» деп жұмбақтатып тұрып, кітап құндылығын, оның адам өмірінде
пайдасы зор
аяқ
асты етпеуімізді қадағалайтын.
«Халық пен халықты, ұлт пен ұлтты теңестіретін нәрсебілім», деп Мұхтар Омарханұлы
айтқандай осы білімді адамзат баласына жеткізіп,
сусындататын дүние кітап екені анық.
Осындай дүниені
кітап
танытып
оқуға шақыру мақсатында «Р.Байсеитов атындағы Семей қаржыэкономикалық колледжінде»
колледж
және
Б.С.Дукеновалардың ұйымдастыруымен «Жыл оқырманы 2013» атты сайыс өтті. Сайысқа колледж
қабырғасындағы оқырман студенттер қатысты. Сайыста «Жыл оқырманы», «Көрермендер
көзайымы», «Кітап құмар оқырман», «Талғампаз оқырман» сынды номинациялар болды. Ал
сайыс талаптары бес турдан тұрды. Бірінші : «Визитная карточка»(бұл үй тапсырмасы, яғни әрбір
қатысушы өзі туралы айтып, өзін таныстырады). Екінші: « Әдеби лото » (сайысқа қатысушылар
өздеріне берілген
көркем
көмегімен біріктіреді). Үшінші:
шығармалардың атауы жазылған
нұсқалы сұраққа жауап береді). Төртінші:
«Эрудит» (әрбір қатысушы
конверт ішіндегі бірнеше жазушылар
кітапханашылары Қ.К.Мылтықбаева
қиықшаларды желім
жастарды
конверттегі
үш
халыққа
,
мен «Әдеби аукцион
жауап беруге міндетті).Бесінші:
нөмірленген портреттердің кім екенін табу).
(көркем
»
әдебиетке байланысты қойылатын сұрақтарға
«Портреттер галлереясы» (экранда көрсетілген
көзайымы»
«Көрермендер
Жоғарыда аталған турлар бойынша қатысушылар өз бақтарын сынады.Ал олардың әрбір жауабын
саралап , әділ бағасын беріп отырған әділқазылар алқасы құрамында:
1. Әділқазылар төрайымы – Чушекова Жанар Меллатовна, Абай атындағы Облыстық әмбабап
кітапханасы библиограф
2 Әділқазы мүшесі – Жиенбаева Жанна Жиенбайқызы, Қалалық Орталық кітапхана әдіскер.
3.Әділқазы мүшесі Куанышева Күлпаш Бадешовна, қоғамдық пәндер циклының төрайымы
4.Әділқазы мүшесі – Темиржанова Перизат Кенесбековна, экономикалық пәндер циклының
оқытушысы
атты номинациясының
Сондайақ
жеңімпазын анықтау үшін көрермендерге қатысушылардың номерлері жазылған жетондар беріліп,
көрермендер өздеріне ұнаған қатысушының нөмері жазылған жетонды қайтарып беру арқылы дауыс
берді.Сонымен сайыстың қорытындысы бойынша «Көрермендер көзайымы» номинациясын 1негізгі
білім
«Ақпараттық
Айдана,
«Талғампаз оқырман»номинациясын 2негізгі
«Есептеу техникасы және бағдарламалық
қамтамасыздандыру» тобының студенті Балтабек Алтынай иеленсе , «Кітап құмар оқырман»
номинациясын 2қысқартылған «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» топ
студенті Махамбетова Әйгерім және «Жыл оқырманы 2013» атауын алған, үздік оқырман 1негізгі
«Ақпараттық жүйе» тобының білім алушысы Темірбекова Назеркеге бұйырды. Қатысушылар
мадақтама қағазымен және Ұлы данамыз Абайдың «Қалың елім қазағым» атты кітабымен
марапатталды.
Қатысушылар мен көрермендер кітап туралы құнды дүниелермен танысып, күмбірлеген күймен
көңіл толқынын тербетіп, біраз шығармаларды танып білді.Кітапхана ұжымы келген қонақтарға
алғыс айтып, қатысушыларға ризашылықтарын білдірді. Автор ретінде менің айтарым «Кітап
оқыңыздар, кітаппен достасыңыздар, ДОСТАР!» дегім келеді.
Құрманбаева
жүйе»
тобының
алушысы
Тақырыбы: «Кітап – білім бұлағы»
Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің
пайдасы жөнінде түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оны күтіп ұстауға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер. Кітап көрмесі.
Сабақтың жүрісі
І. Ұйымдастыру
ІІ. Жұмбақтар шешу.
а) Теңізде түбі терең,
Сүңгіген жетер әрең (Білім)
ә) Көп әңгіме өлеңім,
Күнде ақыл беремін. (Кітап)
б) Үндемес серік, ақылы берік. (Кітап)
ІІІ. Кіріспе сөз
Балалар, бүгін біз кітап, білім туралы көптеген мағлұмат аламыз. Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті,
өнерлі болуы керек. Терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнеркәсібімізді білу үшін кітапты
көп оқу керек. Кітап қағаз – ағаштан жасалады. Ағаш – табиғат байлығы. Кітап жасау үшін көптеген мамандық
иелері еңбек етеді.
1. Біздің елімізде бірде бір бала мектептен тыс қалмайды. Жалпыға бірдей білім беру туралы мемлекеттік
маңызы бар «Білім туралы» заң қабылданған.
2. Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған. Адамдар кітап болатын, әріп теретін машиналар ойлап
тапты. Қазіргі кезде кітап болып шығару ісі жолға қойылған.
3. Елімізде кітап шығаруға, оны безендіруге көп көңіл бөлінеді. Оған қыруар қаржы жұмсалады. Қазіргі кезде барлық мектеп оқушыларына оқулықтар тегін берілуде.
4. Оқулықты бүктеп, жыртып бүлдіруге болмайды. Өйткені, әр кітап – Отан байлығы, аға апаларымыз бен
әже аталарымыздың маңдай тері.
IV. Ән. «Әйбат менің кітабым» (хор)
5. Саған білім жемісін
Оқулығын береді.
Талай адам сол үшін
Маңдай терін төгеді.
6. Орманшының аялы
Алақаны өсірген
Сансыз ағаш саялы
Қағаз үшін кесілген
7. Ағаш кесіп қанша адам
Ормандарда жүреді
Аға қанша шаршаған
Ағаш тиеп үнемі
8. Машинист боп жасынан
Дүбірлетіп даланы
Сол ағашты тасыған
Білер ме көп ағаны
9. Заводтарда күн түні
Қағаз жасап бағалы
Қанша адамның кім үшін
Маңдай тері тамады.
10. Оқулықты баршаға
Талай ғалым қолға алып.
Жылдар бойы қаншама
Жазады ұзақ толғанып.
11. Әдемілеп берсем деп
Бояу жағып не түрлі
Суретшілер көркемдеп
Қанша уақыт отырды.
12. Әріп теру үшін де
Талай адам терледі
Баспахана ішінде
Талай тыным көрмеді.
13. Оқулықты мектебің
Берер саған теп тегін
Білмейсің ау сен бірақ
Қанша еңбек кеткенін
14. Оқулығың – құралың
Жағар білім шырағын
Баса алмайсың ешқашан
Онсыз алға бір адым.
15. Оқулықты құрметте
Күтіп ұста, кірлетпе
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке
V. Көрініс. «Ең асыл жеміс» (Ертегі)
VI. «Білім керек бәріне» Тоқтар аға ұқсап сен Әкең кітап әкелсе Ұшуды да ойлайсың
Сұрайсың да, қалайсың. Көк ала аспан кеңісін
Суретіне зер салып, Білу керек әуелі
Қайта қайта қарайсың Балдырғандар ол үшін
Сол кітаптың мәнісін Білім керек әуелі.
Білу керек мәуелі
Балдырғандар ол үшін
Білім керек әуелі.
Айтып айтпай не керек
Сүйсең туған еліңді
Еңбек етем елге деп,
Қуандырсаң атаңды,
Әр нәрсенің мәнісін
Білу керек мәуелі,
Балдырғандар ол үшін
Білім керек әуелі.
VII. Даналардың білім туралы ойларынан
1. Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген. (Әл Фараби)
2. Адамның ұқпағаны – бойына жұқпағаны. (И. Гете)
3. Білім мен даналық адам көркі. (Ә. Науаи)
4. Білмеген масқара емес, білгісі келмеген ұяттырақ. (Сократ)
5. Білім дегеніміз – күш, күш дегеніміз – білім. (Ф. Бэкон)
6. Көп білген емес, ең керектісін білген адам ақылды. Адамның білгені аз болған сайын көп білетіндей болып
көрінеді.(Ж. Ж. Руссо)
7. Білім мақсат емес, білім – қару. (Л. Толстой)
8. Білім жолы – даналық жол. (А. Байтұрсынов)
9. Білім – дүниенің кілті. (Абай)
10. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім. (М. Әуезов)
VIII. Оқу, білім туралы мақал мәтелдер.
1. Оқу – білім бұлағы, 2. Оқу білім азығы
Білім өмір шырағы. Білім – ырыс қазығы.
3. Ақыл – тозбайтын тон. 5. Қына тасқа бітеді
Білім таусылмайтын кен. Білім басқа бітеді.
4. Білімдінің күні жарық 6. Кітап жанашыр адал досың
Білімсіздің күні кәріп.
IX. Би. «Біз – бақытты баламыз»
«Тарту» (А. Байтұрсынов)
Балалар, бұл жол басы даналыққа
Келіңдер, түсіп байқап қаралық та,
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп
Соларды көре тұра қалалық па.
Даналық өшпес жарық, кетпес байлық
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та.
«Қарағым» (М. Жұмабаев)
X. Кітапханашыға сөз беру
XI. «Білім артық па, байлық артық па?»
VII ғасырда өмір сүрген 4 халифаның бірі Әзірет Әлінің білім туралы жауабы.
XII. Көрнекілікке шолу. (Кітаптың шығу тарихы туралы) Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты кішіпейіл болуға,
мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Кітапты біздің
қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл кеңес, тәлім тәрбие, үлгі
өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз.
XIII. Ән «Мен әдепті баламын» (Хор)
Кітап білім бұлағы
Мақсаты: Оқушыларды кітапты сүюге, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу, кітаптың адам өміріндегі
аса маңызды рөлін түсіндіріп, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықты
күтіп ұстауға үйрету. Көрнекілігі: Кітап көрмесі. Дана адамдардың кітап жөнінде айтқан сөздері. «Кітап – жаз
азығы», «Кітап өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап
оқымай, өмірді білу, білім алу мүмкін емес». Серке Қожамқұлов.
«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» Абай Құнанбаев.
«Жақсы кітап оқу ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» Лев Толстой.
«Кітап дегеніміз – біздің заманымыздың өмірі» В. Белинский
Барысы:
Мұғалім: Жұмбақ шештірту
Тіл жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде.
(Қаламсап)
Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі.
(Сызғыш)
Төрт қырлы, өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ.
(Бор)
Қабатқабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.
(Кітап)
Ой қозғау:
1топ: Мектепке балалар не үшін келеді?
2топ: Оқу, білімді алу үшін оқушыға не керек? (Кітап)
3топ: Кітаптың пайдасы туралы қысқаша әңгімелеп беріңдер.
Кітапханашы:
Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кітап елді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға,
мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. Кітапты
біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында қолданады. Одан ақыл – кеңес, тәлім
– тәрбие, үлгі өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз.
«Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған ғой. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз
бәрімізді білімді «Өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға
көмектесетін ақылдың кені кітапқа арналады. Кітап – ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ.
Кітап – ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап – ақылдың кені.
Кітап – бар білімнің, бар ғылымның бастауы. Кітап – барлық заманда да білім қазынасының
ғажайып қоймасы. Өз бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алған, сөйтіп атақты ғалым
болған адамдар да дүние жүзінде аз емес. Мысалы: Әлемге әйгілі ағылшын физигі Майкл
Фарадей бала кезінде кедейліктен оқи алмай жұмыс істейді. Ол кітап түптеп күн көреді.
Ақырында өз бетінше білім алып, дүниеге әйгілі ғалым болады. Қазақтың ұлы ақыны Абай
Құнанбай ұлы өз білімін өз бетімен ізденуінің, кітапты көп оқуының арқасында жетілдіреді әрі
бірнеше тілді меңгереді, алдыңғы қатарлы ойшылдардың еңбектерімен танысады. Ұлы ақын,
ойшыл дәрежесіне дейін көтеріліп, бүкіл әлемге танылады.
Кітапта алма ағашы,
Жемісін біздер теретін. Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін,деп Музафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен
оқулықтар – сендерге білім көзі, рухани қазына. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білім
мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.
Кітап беттерінде адамзат тіршілігінің сан қилы құпия сырлары сақталған. Кітап – уақыт пен
кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі. Кітап – ең сабырлы ұстаз. Кітап – рухани
қазынамыз деп жиі айтамыз. Бірақ айтуын айтсақ та, өмірде бұлай бола бермейтініде бар.
Кітапты көп оқымаймыз бірақ мұнда бір кілтипан бар. Ол анық: арамызда кітапқа құлқы жоқ,
кітап оқуға құныға қоймайтын, құныққаныңыз не, керек десеңіз, кітап оқып
дағдыланбағандарда жоқ емес. Кім білер мүмкін бірден – бір жолы бұл кітапты сүю, кітаппен
әуестену, оны қадір тұтып, қастерлеу. Яғни үлкеннің де кішінің де кітапты өзінің шын рихани
сусар бұлағына айналдыру басты шарт. Тегінде кітапқа деген құштарлық,ынтықтық әр сәбидің
бесігімен тербеліп, әрбір отбасында сәби санасына нұр болып құйылып, жан – жүрегіне
ұялайтын ата – ананың аманаты болуы қажет – ақ. Мінекиіңіз кітаптың рухани сарқылмас
қазынаңызға, мәңгілік қазынаңызға айналатыны да сондықтан.
Кітап туралы тақпақтар:
Оқушы: Орманшының аялы
Алақаны өсірген
Сонау ағаш саялы
Қағаз үшін кесілген.
Оқушы: Саған білім жемісін,
Оқулығың береді
Талай адам сол үшін
Маңдай терін төгеді
Оқушы: Оқулығың құралың.
Жағар білім шырағын,
Баса алмайсың ешқашан
Онсыз алға бір адым.
Оқушы: Елімізде атақты
Ғалым ата не тапты?
Бәрін, бәрін білесің,
Оқи берсең, кітапты.
Ал, балалар қандай кітап түрлерін білесіңдер?
Кітап түрлерімен таныстыру. Қызыл кітап Қазақстандағы азайып бара жатқан жануарлар мен
өсімдіктерді жазады, қазақ ертегі кітабы, арнайы оқулықтар, ұлы ғұламалардың өмір баяны
туралы т.б түрлері өте көп.
Кітап арабтың “жазу” деген сөзінен шыққан.Ол тарих шежіресі,оқу тәрбие құралы болып
табылады.”Оқымасаң ой тоқырайды”деген сөз кітап оқымағанның ойы таяз, санасы төмен, өмірі
қараңғы болатыны дәлелдейді. Алғашқы кітаптар осыдан бірнеші жыл бұрын пайда болған.Ол біздің қолымыздағы еш
ұқсамайды.Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған.Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен
жазу жазып,оны кептіріп,кейін күйдірген.Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған.Бамбук өсімдігінен
таяқшалар әзірлеп соған да жазған.Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған.Кейін
жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып,кітап соған
жазылған.Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда
болды.Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.
Көрініс «Кітаптар мұңы»
3 – оқушы: Ей, бауырым тұрсаңшы!
(Ата тілі) Біз қайда келдік өзі?
(Қазақ тілі) – Ой, мазамды алмашы.
(Математика) Өйткен тірлігі бар болсын. Оданда парақтарымның жыртылып желге ұшып
кеткені дұрыс еді ғой?
Не болды, не болды соншама? Жалғыз сен деймісің осындай күйге түскен.
Ой, сен кімсің, сыртың бүпбүтін ғой өзіңнің.
Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанмен ішім түтін. Ата тілімін ғой. Мені басып шығару
үшін қаншама адам еңбек етті. Балалар оқысын, сауат ашсын, адам болсын деген ниет қой
бәрімізде. Мен де өзімнің білімімді беруге тырыстым ғой.
Бәрімізде сондай ниетте едік. Артықбай деген баланың қолына түстім.
Мен ше, мен Сотқарбай деген баланың кітабымын. Ол парақтарымды жыртып алып, кептер
жасап ұшырып ойнағанда, апасы да, ағасы да қой демеді ғой, шіркін!
Е онда мұңдас болдық қой, достым. Мені де Артықбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді,
бетімді, сызып шимайлайды ғой.
Әр оқушы өз кітапбына ұқыпты болса ғой әттең. әрине әдепті балалар көп. Мысалы менің бір
досым бар. Ол екеуміз бір парталас болдық. Оқушы деп соның иесін айт! Бүлдірмек түгілі, шаң
мен кір жуытпайды.
Иә, енді алдағы күніміз не болар екен? Мүмкін, осы екеуміздің мұңымызды естіген балалар
болашақта кітаптарын таза, жыртпай ұстайтын шығар деп үміттенемін.
Иә, достар кітап, қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсе екен.
Кітап туралы ойтолғаныстар
1топ: Кітап оқымай ми толмайды, көз көрмей, көңіл тынбайды.
2топ: Адам өледі, кітап жасарып жасай береді.
3топ: Кітапең сабырлы ұстаз.
Хормен: Кітапрухани қазынамыз
Оқушы мен кітаптың тілдесуі.
Оқушы: Ақыл –ойдың иесі,
(оқушы) Бар ғылымның жүйесі
Қуанышы көңілдің
Баспалдағы өмірдің
Жан азығы серігім
Ардақтамас сен кім?
Оқушы (кітап) :
Күнде өсіп көлемім Көріктеніп келемін
Көптің тауып керегін
Кезінде айтып беремін
Бірақ білмес нарқымды
Байқап жүрмін әркімді
Оқушы: Ұлдана
Әсерлемей, асырмай
Айтшы бәрін жасырмай
Жан азығым серігім
Ренжіткен сені кім?
Кітап: Нұрдәулет
Кейбіреулер ерігіп
Бос журуден зерігін
Бетімді тек ашады
Әңгімеге басады.
Жолдарымды сызады
Шырқымды да бұзады
Онымен іс бітпейді.
Міне, балалар кітапты қалай күтіп ұстауымыз керек екен?
(Оқушылардың ойларын білу)
Таза, ұқыпты, жыртпай, сызбай, кірлетпей, күтіп ұстау керек.
Оқушы: Кітап – білім дария
Жүзе бергің келеді
Кітап – дана қария
Ғибратымен жеңеді.
Оқушы: Оқулықты құрметте
Күтіп ұста кірлетпе
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке
Оқушы:
Білім алар көп адам,
Жақсы нәрсе жоқ одан
Қызыға кеп оқимын,
Кітап көрсем жаңадан
Оқушы: Кітап деген бір қамал
Оқысаңыз аларсың
Құдіреті бар оқысаң
Іздегенді табарсың
Хор: «Достар» әні Қорытындылау:
Иә, кітап – қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің қайнар бұлағы,
оның өзекті саласының бірі. Рухани мөлдірліктің, биік парасаттың, асқақ адамгершіліктің,
арқалы ойдың қоймасы. Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз, одан қымбат мұра жинаймыз,
тәжірибеге кенелеміз.
Балалар, бүгін сендер «Кітап – білім бұлағы» атты тәрбие сағатымызда кітап жайлы көп естіп
білдіңдер. Енді соңында Өтебай Тұрманжанов ағаларыңның кеңесімен аяқтағым келіп тұр.
Кітапты шала – шарпы оқу зиян. Шала оқысаң, оқуың бойыңа жұқпайды. Ылғи шала – пұла, тез
оқуға әдеттеніп алсаң, кітап оқуға кеткен еңбегің еш болады. Сондықтан сендерге айтарым:
кітапты шала оқымаңдар. Бастаған кітабыңды аяғына дейін оқитын бол. Сонда кітапқа деген
қызығушылығың арта түседі. Ылғи бір мезгілде оқып үйрен. Сондықтан кітапты шала оқыма,
тиянақты оқитын бол.Тәрбие.орг сайтынан Кітап білім бұлағы Тәрбие сағаты материалды
тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған
материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес Мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білеуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу.
Кітап біздің досымыз.
Оқушының білімділік танымын өмірімен байланыстыра отырып арттыру.
Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер, мақалмәтелдер.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
Әнұран
1жүргізуші: Армысыздар, атааналар, ұстаздар!
Кітап шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.
Кітап адал пейіл, асыл дос.
Кітап мұхит, сол мұхиттан не терең?
Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!
2 жүргізуші: Кітапты оқи отырып, адамның ішкі рухани жан дүниесі артады.
Айналадағы өмірмен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбықұрдастарыңмен танысып, жақсы болуға,
жақсылық іс істеуге құштарландыратын осы –кітап.
Кітап қарымқатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітапбілім бұлағы» деп бекер
айтылмаған екен.
Енді біз кітап туралы қандай нақыл сөз, мақалмәтел, өлеңдер білеміз, соны ортаға салайық.
1оқушы.
Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүниемүлік
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
2оқушы
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысақ кітап сырын ашып терең.
3оқушы
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жайып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ойөрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
4оқушы
Түлекті тәрбиелер кітапмектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
5оқушы
Кітаптар бейне жапырақ
Жырлайтын сырын өмірдің
Оқисың кейде жаттап
Көтеріп күйін көңілдің
6оқушы Айдын шалқар кейде бір
Кітапты тұнған көл дерсің
Ауадай қажет бейне бір
Таппасаң нәрін шөлдерсіңъ
7оқушы
Білім алар көп адам
Жақсы нәрсе жоқ одан
Қызыға кеп оқимын
Кітапты көрсем жаңадан
8оқушы
Кетпйді ешбір жадымнан
Мектепке бардық күз айы
Тастамай сені жанымнан
Қолтықтап жүрдім ұдайы
9оқушы
Достарға толы маңайым
Татулық тәтті бәрінен
Ерекше сені санаймын
Құшақтап жүрмін мен әлі.
10оқушы
Ұсынған қойынан
Білімнің үлесін
Шықпайды ойыңнан
Досың ғой білесің
Бұл не?
Бұл –кітап.
11 оқушы
Бәрін, бәрін білесің,
Оқи берсең кітапты.
12оқушы
Қазынаны тереңнен табарсың,
Білімді кітаптан аларсың13оқушы
Асыл ойдың иесі, бар ғалымның жүйесі
Қуанышты
Көңілдің, баспалдағы өмірдің
Жан азығым серігім, ардақтамас сені кім? Кітап.
Күнде өсіп көңілім, көріктеніп келемін,
Көптің тауып керегін, кезінде айтып беремін.
Бірақ білмес парқымды, байқап жүрмін әркімді
Оқушы.
әсерлемей,асырмай, айтып берші жасырмай,
жан азығым, серігім, ренжіткен сені кім?
Кітап.
Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп
Бетімді менің ашады, әңімеге басады
Жолдарымда сызады, шырқымды да бұзады
Онымен іс бітпейді, беттерімді бүктейді
Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды
Налымаймын неге мен, бұл секілді пендеге.
Оқушы.
Сені сүймес адам аз
Ақылды көп, надан аз
Ондайлардан түңілме
Сені ойлар түбінде
1жүргізуші:
Енді Т.Дәуренбеков ағаларыңның «Кітаптар мұңыә әңгімесіне құлақ асайық.
Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітап әкеліп тастады. Есік қайта жабылуы мұң екен, шеткеірек
түскен бірі басын көтеріп алды. «Қайда келдім?» дегендей жанжағына қарап сәл отырды да, жанында
жатқан көршісін түртті.
Ол қозғала қоймап еді, жұлқыпжұлқып қалды.
Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік? Тірімісің өзің?
Ой, мазамды алма. Бүйткен тірлігі құрысын! Мұнан да парақтарымның пәрепәресі шығып ұшып кеткені
жақсы еді.
не боп қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық.
Басыңды көтер. Жөн сұрасайық. Кімсің өзің? Сыртың бүпбүтін ғой.
Сыртымды қайтесің?! – деді анау жер таяна орнынан әрең тұрып. Сыртым бүтін болғанмен ішім түтін. Ана тілі
оқуғымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Баспа қызметкерлері әрбір
әрпімді жекелей теріп, көз майын тауысып па еді? Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам
болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де, қолымнан келгенше, өз бойымдағы білімді беріп, балаларды
адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырысып бақтым.
Сөйткен күнім не болды? Сорым
қайнағанда, Адырбайдеген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мына күйге ұшырадым. Егер, күтіп ұстаса,
келер жылы мені басқа балалар оқымас па еді? Қайтейін, өткен күнім есіме түссе, сайсүйегім сырқырайды.
Іші бауырымнан сау жерім қалмады. Жыртылмаған,, шимайланбаған, сия тамбаған парағым кемдекем.
Біздің де оңып тұрған жеріміз жоқ, әріптесім. Ендеше, мұңдас болдық. Мен «Ежелгі дүние тарихы» оқулығы
боламын, деді бірінші кітап. Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Әдепкіде оқулық болып болып, мектеп
босағасын аттамағаныма қуанған едім. Оным көпке бармады. Бірнеше күн өтпейақ, Сотқарбай көзімді
бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырыпбастырып сызып тастады. Онан көтеріп жүруге ауырсынды ма,
кейде өзіне керекті бір беттерді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп
қылып тепкілептепкілеп, сілікпемді шығарды да, тастап кетті. Әріптестер, қанша айтқанмен «Ана тілімін» ғой. Менің айтқаныма құлақ асыңдар. Бұл жерде тек
кішкентайлар емес, жоғары сынып оқушылары да кінәліау!
Дұрыс айтасың, «Ана тілі», деді қаракөлеңкелеу жерде жатқан бір кітап.
Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ойнағанда қой демейді ғой үлкен ағасы.
Сондағы сылтауы: «Оқу жылы аяқталды».
бірақдеді «ана тілі» сөзін қайта жалғап, шындығын айтқанда, әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы кекрек қой.
Ондай балалар жоқ та емес,, бар. Бар емесау, көп. Алайда олардың бір кемшілігі –Адырбай мен
Сотқарбай сияқтыларға достық ақыл айта алмай келеді. Мысалы, менің өзім сияқты құрдасым болды. Екеуіміз
– мектеп кітапханасына бір күнде түстік. Қызық болғанда, сыныпта да парталас болдық.. Міне, оқушы деп
оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас шіркін! Кітабыңа шаң жуытпайды. Керек бетін
белгілеу үшін, парағын қайырып бүктемейді. Қағаз салып қояды. Сызбайды., сия тамызбайды. Оның «Ана тілі»
кітабы қыстап су жаңа күйінде шықты.
Енді бізді не істер екен? дейді кітап.
Әлде жинапжинап отқа тамызық етер ме екен?
От деген сөзден бәрі де селк ете қалды. Бір сәт үндері шықпай, іштен тынды.
мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптер, деді «Ежелгі дүние тарихы» сәлден соңбасу айтып.
Түптер,деді оны кекетіп әлгі кітап.
Түптесе сені түптер, ал түптеуге келмейтінін тұттай жалаңаш бізді қайтеді? Көрмеймісің, көзге түсуге де
ұялып, бір түкпірге бұқпалап отырғанымды.
Пысықтығына қарағанда есеп кітабы боларсың, деді оған «Ана тілі».
Дұрыс айтасың. Бізден енді оқулық шықпайды. Осы отырған бәріміз де жарымжанбыз.
Әріптестерім, отқа тамыздық қылады деп ұнжырғыларың түспесін,деді «Ежелгі дүние тарихы» жұбата
сөйлеп.
Мен тарихты білсем, бізді фабрикада жуып, тазартып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді.
Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек деңдер.
Соны айтсаңшы,деді бірдей жамырап.
2жүргізуші
1. Әңгіме неге «кітаптар мұңыә деп аталған?
2. Кітаптарды өздерің қалай ұстайсыңдар?
3. Оқушылырға кітаптың тигізер пайдасы қандай?
4. Кітаптарды кімдер және қалай жасайды?
5. Кітаптардың оқушыларға ренжігендері дұрыс па?
6. Кітап қайда басылып шығады?
7. Кітапты баспадан шығару үшін не қажет?
Сендер сол жайлы не білесіңдер, балалар?
1жүргізуші
Балалар, кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстаубәріміздің міндетіміз.
Бізде кітаптары қапталған, өте таза, ұқыпты ұстайтын оқушылар да арамызда бар.
Олар жауапкершілікті түсінген оқушылар.
2жүргізуші
Ойланайық, балалар,
Кітапасыл досымыз.
1жүргізуші Жайнатып жанымызды
Келтіріп сәнімізді.
Арнайық бас қосқанда
Тамаша әнімізді.
Ән әуен теріңдер
Бәрің бермен келіңдер
Мың бұралған бишілерді
Тамашалап көріңдер.
«Ахау айымай!» әні мен «Қазақ» биі орындалады
Кітап
Кітап
Кітап
Кітап
Кітап
Кітап
Кітап
Кітап
Кітап
Кітап
Кітап
Кітап
Кітап
Кітап
Кітап
Кітап
Кітап
Кітап
Кітап
Кітап
Кітап
Кітап
Кітап
Кітап
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.