Кітапхана- жастардың шығармашылық алаңы
Оценка 5

Кітапхана- жастардың шығармашылық алаңы

Оценка 5
Лекции
docx
ОБЗР +1
7 кл
09.02.2024
Кітапхана- жастардың шығармашылық алаңы
Кітапхана- жастардың шығармашылық алаңы
МАҚАЛА Ақтөбе гуманитарлық колледжі РАЙЛА Е.Ж. 777(1) (1) (2).docx

Кітапхана- жастардың шығармашылық алаңы

Ескарина Райла Жаксыбаевна

Ақтөбе гуманитарлық колледжі                                                                 кітапхана меңгерушісі

 

Кітап – өмір  ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.

Серке Қожамқұлов

Мемлекетіміздің болашағы жастардың қолында, себебі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде, бәсекеге  қабілетті жастарды тәбиелеу мемлекеттің идеологиясының берік негізі және кіші буынға үлкен сенім артып отырғанын айтқан болатын.  

Ахмет Байтұрсынұлының «Балам дейтін елің болмаса, елім дейтін балаң қайдан болсын?!...» деген екен. Болашақ жастардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін көп оқып, жақсы білім алып, өмірде, еңбекте жақсы жетістіктерге жету керек. Бұл тұста жас ұрпақтың бойына тәрбие негіздерін сіңіртудің ең тиімді жолы-жастарға кітаптың пайдасы мен қызметі туралы мәліметтерді жиі таныстырып отыру. Сол мақсатта атқарылатын жұмыстар-колледж оқытушыларымен тығыз байланыста болу, мәліметтерді кітапханаға барып,  кітаптарды іздеуге дағдыландыру, әр түрлі іс-шараларды жиі ұйымдастыру, оған колледж студенттерін тарту, кітапханамен көп байланыс жасайтын оқырман арасында байқаулар ұйымдастыру, жеңімпаздарды марапаттау.

Біз, кітапханамызды –жастардың  шығармашылық алаңына, тәрбие мен тағылымның мекені, оқу-білімінің шамшырағына айналдыру үшін түрлі іс-шаралар, мәдени маңызы бар жұмыстар атқарып келеміз. Кітапханамызда ұйымдастырылған әр іс-шараның тереңіне сүңгіп, түбіндегі інжу-маржанын теру жастарға қажет игі іс. Осы кәусар  бұлақтан сусындаған рухы  биік, мақсаты айқын,  арманы асқақ жастар ұлтты ұлықтайды, білім мен ғылымның  шыңына өрлейді, жаны ізгілікке  толып,  шуағын шашары анық.

 

          Осы сәтке дейін кітапханамызда кітап оқуды насихаттау мақсатында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында оқырмандар конференциясы, «Кітапхана квесті», «Жаңа кітаптар әлемі», «Әдеби кейс», «Библио-кросс», «Буккроссинг», «Бук-слэм (BOOK Slam)» атты оқуға жаңа леп беретін жұмыстар ұйымдастырылуда. Ең жақсысы кітапқа қатысты әртүрлі іс-шараларда студенттердің белсене қатысуымен, сол кітапқа деген қызығушылығын, түсінгенін оның әр сөзінен байқауға болады.

Атап айтар болсақ, оқу орнымызда «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығында білім алушы студенттеріміздің қатысуымен кітапханамызда жерлес жазушы Мақсат Мәлікпен онлайн «ZOOM» платформасында кездесу, Әзілхан Нұршайықов, Бәкір Тәжібаевтың  және бірнеше ақын - жазушылардың мерейтойларына арналған шығармашылық кештер ұйымдастырылды. Сонымен қатар ерекше айтып өту керек тек болашақ әдебиет мұғалімдерімен емес, «Математика және ақпараттық жүйелер» бөлімінде білім алушы болашақ математика пәнінің мұғалімдерімен де түрлі шығармашылық жұмыстар жоғары деңгейде өткізілді. Бұл студенттердің  кітапқа тек әдебиет емес,  қажетті ақпарат  көзі ретінде қарайтынының айқын дәлелі.

Колледжімізде өткен көптеген оқырмандар немесе кітапханалық конференцияда студенттер кітап мазмұндарын ғана емес, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсетті. Қойылған арнайы көріністер, кітап мазмұнына сәйкес монологтар, ой бөлісу, өлеңдерін арнау деген секілді көптеген іс-шаралар жастардың ой өрісін дамытып, таным көк жиектерін арттырары анық.

Ал коворкинг орталықтың негізгі мақсаты-әлеуметтік маңызы зор бастамаларды, жобаларды және бірлесе жұмыс жүргізу үшін жастардың қолжетімді жұмыс кеңістігін ұйымдастыру.  Орталық іскерлік қатынас аймағы, бейресми кездесулер аймағы, демалыс аймағы және жеке жұмыстар жасауға арналған алаң секілді төрт аймаққа бөлінген. Іскерлік қатынас аймағы – шығармашылық және ғы­лым жолындағы жастардың басын қосу мақсатында түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға арналған. Мұнда жастар өз жобаларын, идея­ларын талқылай алады, іскерлік кездесулер, пікірталастар, лекция, семинар, шеберлік сағаттары мен тренингтер ұйымдастыруға болады. Бұл орын жұмыс жасауға қажетті компьютер, проектор, экран, маркерлі тақта, диван, стол, үстелдермен жабдықталған. Интернет, WI-FI бар. Бейресми кездесулер аймағы-интеллектуалды ойын­дар, көрмелер ұйымдастыруға, вебинар және фильм көруге арналып, келушілердің демалуына жағдай жасалған қолайлы орын.

Кітап - бұл өз біліміне, ақылына ақы сұрамайтын ең алтын қазына. Кітапты оқыған әрбір жанның ой өрісі дамып, сөйлеу мәдениеті жоғарылайтыны анық. Кітап тек қана ақыл ғана емес, мәдениеттіліктің де қалыптастырушы құралы десек артық етпейді. Кітаптардың нағыз байлығы әрине- кітапхана.

Кітапханашылардың мәртебесін көтеру де назардан тыс қалмағаны жөн деп ойлаймын. Себебі кітапханада оқырмандарға қызмет көрсетіп, бағыт бағдар беріп отыратын кітапханашылардың да еңбегін ерекше атауға болады. 

Өз ойымды қорытындылай келе,  кітабы көп елдің рухы – биік, ғүмыры мәңгі дегім келеді.

         Кітап -  рухани байлықтың көзі, сол мақсатта қаламы қарымды жазушыларымыз бен ақындарымыз көбейе берсін! Сол кісілердің  қаламынан туған жыр өлеңдер,  көркем шығармалар оқырмандар жүрегінен  орын ала берсін. Болашақ жастарымыз  білімді,  мәдениетті болып,  еліміздің мәртебесін асқақтата түссін! Кітап  - білім бұлағы, сол білім бұлағы ешқашан суалмасын. Кітапханамыздың іші оқырманға толсын. Кітапқұмар оқырмандарымыз көбейсін. Болашақ жастарымыз кітапты бағалай білсін!    

Кітапханадағы оқырмандардың көбеюі, бұл кітаптарға деген жақсы сұраныстың бар екенін білдіреді. Әрбір жастар немесе студенттерге кітапқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында шеберлік сағаттарын жүргізуге болады деп түсінемін. Бір ғана кітапты оқи отырып, оқырман, оқушы, студент өз шығармашылығына анық есік аша алады деп сенемін. Заманның талабына сай түрлі технологиялар көбейді десек те иісін бұрқыратып, парақтап отырып кітап оқығанға жетер жанға рақат табыла ма? Өмірде бар нәрсе өзгерді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ.

Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмайды. Келешек ұрпақ асыл қазынамыздан нәр алып, сусындай берсін, кітаптың және осы кітаптың жинақталған жері – кітапхананың қашан да тұғыры биік болсын. Оқырманды, оның ішінде жастарымызды кітап мұхитына жетелейтін мәдени ошақтардың бірі кітапхананың ғұмыры мәңгі болсын дегім келеді.


 

Кітапхана- жастардың шығармашылық алаңы

Кітапхана- жастардың шығармашылық алаңы

Нұршайықов, Бәкір Тәжібаевтың және бірнеше ақын - жазушылардың мерейтойларына арналған шығармашылық кештер ұйымдастырылды

Нұршайықов, Бәкір Тәжібаевтың және бірнеше ақын - жазушылардың мерейтойларына арналған шығармашылық кештер ұйымдастырылды

Кітап - білім бұлағы, сол білім бұлағы ешқашан суалмасын

Кітап - білім бұлағы, сол білім бұлағы ешқашан суалмасын
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.02.2024