Әл Фараби әлемі зияткерлік сайысы
Оценка 4.9

Әл Фараби әлемі зияткерлік сайысы

Оценка 4.9
docx
18.06.2020
Әл Фараби әлемі зияткерлік сайысы
Әл Фараби.docx

Бекітемін:                        №249 мектеп-лицейдің тәрбие жұмыстары

                                         жөніндегі орынбасары

                                         М. Текеева

 

Күні:  17.01.2020

Сыныбы :   5 «А»

Тақырыбы:   «Әл Фараби әлемі» зияткерлік сайысы

 

Жүргізуші: «Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір»

Армысыздар ұстаздар мен оқушылар!

Құрметті қонақтар! Бүгінгі 5 «А» сыныбында өткізілгелі отырған «Әл Фараби әлемі» атты зияткерлік сайысымызға қош келіпсіздер!

 

Сыныпта 29 оқушы, 27 оқушы қатысушы, 2 оқушы сарапшы.

Қатысушылар жеребе арқылы 9 топқа бөлінеді: 1 топ – «Философ»

2 топ – «Социолог»

3 топ – «Математик»

4 топ – «Физик»

5 топ – «Астроном»

6 топ – «Ботаник»

7 топ – «Лингвист»

8 топ – «Логика»

9 топ – «Музыка»

 

Ойындағы жинаған ұпай сандарын есептеп, ойын нәтижесін сараптап отыратын сарапшыларымызбен таныс болыңыздар!

 

Сарапшылармен таныс болсақ, сайыстың кезеңдерін атап өтейік. Ал ережелерімен әр кезеңде таныстырып отырамыз. Зияткерлік сайысымыз 3 айналымнан тұрады.

І. «Magic numbers» (Сиқырлы сандар). Бұл турда таңдалған сан бойынша сұрақ беріледі әр дұрыс жауапқа 10 ұпай. Ең аз ұпай жинаған екі топ ойыннан шығады.

ІІ.«Magic letters» (Сиқырлы әріптер). Бұл турда өзіңіз таңдаған әріптер бойынша сұрақ болады, қызығы жауабы сол таңдалған әріптен басталады. әр дұрыс жауапқа 10 ұпай. Ең аз ұпай жинаған екі топ ойыннан шығады.

ІІІ. «Logical problems» (Логикалық есептер) Бұл турда әрбір топқа 1 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауап берсе, 50 ұпайдан қосылады.

Дайын болсақ сайысымызды бастайық! Қатысушылар, Сіздерге сәттілік тілейміз!

 

«Magic numbers» (Сиқырлы сандар)

Сайыскерлер алды-артын ондасын,

Шешілмеген сұрақтары қалмасын.

Бүгінгі ойын жеңімпазын

Мына отырған қазылар алқасы тандасын

Осымен сайысымыздың соңғы айналымы

 

 1 тур тапсырмалары:

1.     Әл Фараби кім?

2.     Әл Фарабидің қандай еңбектерін білесіз?

3.     Әл Фараби зерттеген ғылымдар

4.     «Емдеу шеберлігі ғылымында» медицина міндетін не деп көрсетті?

5.     Білім алған қалалары

6.     Әл Фарабиді не үшін екінші ұстаз атаған?

7.     Әл Фараби ғылымдарды  2 топқа жіктеді, атаулары қандай? 

8.     Әл Фараби неше жасында дүниеден озды?

9.     Әбу Насыр әл-Фараби қазақ па?

 

2 тур тапсырмалары:

А - Қандай ауру түріне алғаш әл Фараби ота жасады

Ә - Әл Фарабидің әкесі кім болды?

Д - Әл Фараби қай жерде жерленген?

О - Әл Фараби туған жері?

Ж - Адам жаны туралы зерттеулерінде бірінші орынға адамзаттың қай мүшесін қойды?

Т - Әл Фарабидің тегі?

Ф - Отырар қаласының көне атауы?

 

3        тур тапсырмалары:

 

1.     Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын«өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады.

 

2.     Ғылымдар тізбегі” деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның тараулары; 3) математика және оның тараулары; 4) физика және оның тараулары, метафизика және оның тараулары; 5) азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы.

 

3.      Әбу Наср Әл-Фараби математик ретінде өзара тығыз байланысты үш салада еңбек еткен. Олар: 1) математиканың методол. мәселелері (математикалық ғылымының пәні, негізгі ұғымдары мен әдістерінің шығу тегі), 2) математикалық жаратылыстану, 3) математиканың кейбір нақты тарауларын жасауға қатысуы. 

 

4.      Ғылыми бағыттардың жіктелуіне арналған "Бесінші трактатында" адам тіршілігіндегі мидың маңызы туралы баяндай келіп, мида жүйке орталықтары мен сезімтал және козғалтқыш жүйкелер болатындығы туралы пиар айтады.

 

5.     Әбу Наср Әл-Фараби. өзінің “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу” туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.

 

 

Жүргізуші:  Осымен бүгінгі «Әл Фараби әлемі» зияткерлік сайысымыз аяқталды.

Жастықтың оты жалындап,

Жас жүректе жанған шақ.

Талаптың оты арындап,

Әр қиянға салған шақ – деп Абай атамыз жырлағандай   жүректерінде жеңіске жетем деген сенім оты жалындаған бүгінгі ойын жеңімпаздарын құттықтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!!       


 

Скачано с www.znanio.ru

Бекітемін: №249 мектеп-лицейдің тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары

Бекітемін: №249 мектеп-лицейдің тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары

Дайын болсақ сайысымызды бастайық! Қатысушылар,

Дайын болсақ сайысымызды бастайық! Қатысушылар,

Наср Әл-Фараби математик ретінде өзара тығыз байланысты үш салада еңбек еткен

Наср Әл-Фараби математик ретінде өзара тығыз байланысты үш салада еңбек еткен
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.06.2020