Әлемдік педагогика
Оценка 4.9

Әлемдік педагогика

Оценка 4.9
Лекции
doc
физика
11 кл
01.02.2017
Әлемдік педагогика
Публикация является частью публикации:
Әлемдік педагогика.doc
Қызылорда облысы Шиелі ауданы №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп­лицей ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДІК ПЕДАГОГИКАҒА КІРІГУДЕГІ ОҚЫТУДЫҢ  ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ Орындаған физика пәнінің мұғалімі: Баекеева Айнур Уйсинбаевна НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ ­  ПЕДАГОГИКАДАҒЫ БАСТЫ БАҒЫТ Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011­2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда мүлде өзгерген жаңа заман талабына сай білім  беру, сол қоғам талабына сай жаңа ұрпақ қалыптастыру негізгі міндеттердің бірі болып  табылады. Заман талабына сай білім берудің мақсаты – күнделікті жаңарып өзгеріп отырған  ортада тұлғаның саналы және өз бетімен шығармашылық іс­әрекет жасай алуына қолайлы  жағдай туғызу екендігі мәлім. Сондықтан, білім беру ұйымдарында міндеті өздігінен дамитын, өзін­өзі жетілдіретін, өзіндік ойы бар, белсенді қызмет атқарып, дұрыс шешімдер қабылдай  алатын азаматтарды дайындау. Оқушы қабілетін жан­жақты дамытып, шығармашылығын  ұштай білу үшін ұстаздың өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Ол шығармашыл, озық ойлы,  кәсіби шебер маман болуы қажет.         Қазіргі  заманғы білім беру жүйесіне оқытудың инновациялық әдістерін енгізу экономика  мен әлеуметтік саланы дамытуда маңызды рөл атқарады. Демек осы бағдарламаны іске асыру  нәтижесінде елімізде білім алушылар үшін баршаға бірдей сапалы білімге , үздіксіз білім беру  ресурстары мен технологияларына қол жеткізуге кеңінен жол ашылып, коммуникативтік және кәсіптік құзіреттілікті дамыту мүмкін болмақ. Болашаққа үміт артқан мемлекет,ең алдымен білім сапасының іргетасын  қалайды.Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп,адамзатқоғамын алға  апаратын құдыретті күш тек білімге ғана тән қасиет.Ұлы философ Конфуций: «Оқымай  ойлану бос әрекет» деген,яғни білім ғана биікке жеткізеді. ХХІ ғасыр­тәуелсіз еліміздің дүниежүзілік өркениетке өрлеу ғасыры. Тәуелсіз туын көтерген жас мемлекетіміз білім саласында да өзіндік бағыт­бағдарын  айқындап,әлемдік білім кеңістігіне шығуда жалпы білімнің жүйесі қоғамдамуыменбірге  дамып,үнемі өзгеріп отырады. Оқушы білімін дамыту үшін   жаңа ұғым,жаңа үлгі,жаңа тәсілдер керек. Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер  мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу  біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық –  коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық ­ дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі  заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды  қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін­өзі  жасау" талабын қалыптастыра алады.         Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011­2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп,  халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру  жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін  арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін  дамытуды қамтамасыз ету, сондай­ ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен  ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда  еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы  жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық.  Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің,  зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар  даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту  ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау  үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру  жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.  Жалпылай алғанда , педагогикалық ғылымда білімнің бір­біріне қарама­қарсы тұрған,  антогонистік қағидалар ұстанған екі түрі ажыратылады. Мысалы, Джон Дьюи дәстүрлі және  прогрессивтік деп екіге бөлсе, Жан Пиаже  "әлеуметтік ырықсыз"білім және белсенді түрде  үйрену арқылы игерілген білім деп бөлді.  Т.Лешкевичтің жүйелеуінде келтірілген білімнің сан алуан түрлерін де екіге бөлуге болатын  сияқты: репродуктивтік және жүйелі білім. Сонымен білімді мынадай түрге жіктеуге болады:  репродуктивтік және конструктивтік білім.  Сонымен репродуктивтік білім біреудің тасымалдаған ақпаратын бәсеңді (пассив) ,  ырықсыз  түрде қабылдау дегенді білдіреді. Репродуктивтік білім оқушының тұлғасына бағытталмай,  оқу жоспарларын оқытудың негізі деп түсінетіндіктен , оны "бағдарламацентристік" оқыту  деп атауға болады. Репродуктивтік білімде басты тұлға­ үйретуші, өйткені ол білім алушының мүдделерін ескермей, үйретушіге (ұстазға) бағытталады. Құрастырылған (конструктивтік) білім іздену, тану және ой­толғау секілді үйренушілердің  өзіндік белсенді әрекеттері негізінде игеріледі. Білім игеруде олар дайын күйде берілген  ақпаратты есте сақтау үшін қабылдамай, оларды "игеру" сөзінің шын мағынасы бойынша жан­ жақсы қарастырады, оларды әрекеттер арқылы зерттейді.  Конструктивтік білімнің  басты қағидасы білімнің үйренушіге дайын күйде берілуі  мүмкін еместігімен және әр адамның қоршаған әлем туралы өмір бойы өзіндік түсінік  құрастыруымен байланысты, яғни білім үйренушінің жеке басында пайда болған ойлары,  идеялары, түсініктері, көзқарасы, дүниетанымы, пікірі, сұрақтары мен жауаптары, дәлелдері,  ұстанымдары, уәждері мен ұстанған құндылықтары деп түсініледі. Ал мұның бәрін де  үйренушілердің өздері әрекеттер мен ойлену арқылы құрастырады, "жасайды". Мұндай  жағдайда ұстаз үйретпейді, ол тек шәкірт тарапынан білімді өздігімен игерудің жағдайларын  ғана жасайды.  Құрастырылған білім ұзақ уақытесте сақталып, өмірде кең қолданыс табады,  өйткені олардың мазмұны үйренушілердің өз мүдделері мен қызығушылығынан туындайды.  Құрастырылған білім мен дәстүрлі білімнің айырмашылықтары Джон Дьюидің "Өмірлік  тәжірибе және білім беру" кітабында көрсетілген. Неліктен "конструктивтік"  деп аталады? ­Білім алушы өздігімен ақпарат, фактілер, ережелер мен қағидалардан дербес мағына,  түсінік, ой, идея, тұжырым құрастырады; ­Конструктивтік білім шәкіртті рефлексия (ой­толғаныс) арқылы өзін­өзі   "түрлендіруге" , өзінің тұлғасын өзгертуге ынталандырады; ­Конструктивтік білім тұлғаға өзін­өзі түрлендірудің (өзгертудің) айқын да анық  мақсаттары мен құралдарын беріп қана қоймай , сонымен бірге оларды тұлғаның бойына  сіңіріп , оны өзін­өзі жетілдіру ісіне жұмылдырады.  Неліктен конструктивтік білім бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады? Сипаттаушы және түсіндіруші білімдер қаншалықты қажетті болса да олар әлемді өзгерте алмайды, өйткені әлем тек адамның түрлендіруші әрекеттері арқылы, яғни оқытуда басты  назарды тұлғаның жеке қасиеттері мен оның белсенді әрекеттеріне , оның қолынан келетін  істерге аудару қажет. Бұл жерде ұстаздың басты мақсаты: шәкіртке сабақтағы әңгіменің  (тақырыптың) оған қажетті (ол мағыналы деп есептейтін) нәрселер жайында болатындығын  сезіндіру. Қазіргі таңда  Назарбаев зияткерлік  мектептерінің ұстаздары мен Кембридж  университеті мамандарының бірлесе жасап шыққан бағдарламасы  бойынша барлық  Қазақстандық мұғалімдер қазіргі таңда үш айлық курстан өтіп,осы әдісті үйреніп,білім  жетілдіруде.Ал осы курстан өтіп,сынақ тапсырып,тиісті сертификаттарын алған мұғалімдер  ағылшындардың әдістемесін практика жүзінде,сабақ беру кезінде кеңінен қолданып,бұл әдіс  сабақ беру барысында өз пайдасын тигізуде. Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан,  сындарлы оқыту теориясы негізіндерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту  олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен ,  мұғалімнен, құрдастарынан және оқулықтан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады  деген тұжырымға негізделген. Бағдарламаның негізгі міндеті­ Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін  жетілдіру мен бағдарлауға көмектесу. Сондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы  әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста  қарастырылады.Бағдарлама барысында педагогиканың әртүрлі аспектілері талқыланады.Осы  Бағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің  дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады.Яғни,мұғалімдер педагогиканың тиісті  аспектілеріне қатысты ғылыми (зерттеу) материалдармен танысатын болды.Мұндай жұмыс  мұғалімдер Бағдарламаға кіргізілген  білім беру мен білім алудағы стратегия мен тәсілдерді  қарастыру (таңдау,зерттеу,танысу т.б.) барысында сүйенетін теориялық негіздемені  қамтамасыз ету үшін қажет. Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеті  модуль түрінде берілген.Алайда,осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта  пайдаланылатын жекеленген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Оқыту процесінде қолданылатын әдіс­тәсілдер, ол әрине ақпараттық­коммуникациялық  технологияларды пайдалану, өйткені информатика сабағында АКТ­ны пайдаланбау мүмкін  емес. Себебі біздің мақсатымыз сол АКТ­нің өзін үйрету ; сыни тұрғыдан ойлау;  көшбасшылық, дарынды және талантты балаларды оқыту; қалай оқу керектігін үйрету және  сабақтың маңызды бөлімі болып табылатын ­практикалық жұмыс.Компьютерде жұмыс істеуді біліп, үйренуші үшін әр оқушы оны көзімен көріп, қолымен істеп, өз ойымен айтып жеткізе  алса  нәтижеге дұрыс жетті деуге болады. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Әлімов  А. Интербелсенді әдістемені ЖОО­да қолдану мәселелері. Алматы­2013 2.2011­2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  мемлекеттік бағдарламасы. ­Астана,2010 3.Назарбаев Н.Ә. Әлеуметтік­экономикалық жаңғырту­ Қазақстан дамуының басты  бағыты. /Қазақстан халқына Жолдау.­Егемен Қазақстан, 27 қаңтар 2012 жыл. 4. Информатиканы оқытудағы жаңа әдіс­тәсілдер. Информатика негіздері. Алматы­ 2014 №1, 13 бет 5. МАН, ІІ деңгей. www.cpm.kz  4­8 беттер

Әлемдік педагогика

Әлемдік педагогика

Әлемдік педагогика

Әлемдік педагогика

Әлемдік педагогика

Әлемдік педагогика

Әлемдік педагогика

Әлемдік педагогика

Әлемдік педагогика

Әлемдік педагогика

Әлемдік педагогика

Әлемдік педагогика
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.02.2017