"LESSON STUDY әдісін мектеп тәжірибесінде пайдалану" тәжірибе бөлісу
Оценка 4.9

"LESSON STUDY әдісін мектеп тәжірибесінде пайдалану" тәжірибе бөлісу

Оценка 4.9
Исследовательские работы +1
docx
15.10.2021
"LESSON STUDY әдісін мектеп тәжірибесінде пайдалану" тәжірибе бөлісу
LESSON STUDY туралы қазақша
Lesson study әдісін мектеп тәжірибесінде қолдану тиімділігі статья на конференцию.docx

Lesson study әдісін мектеп тәжірибесінде қолдану тиімділігі.

Утина Альмара Кажихановна

 

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №18 мектеп-гимназиясы

Қостанай облысы, Қостанай қ.

 

Қазақстанның оқыту үрдісіне енгізіліп жатқан Lesson study (LS) зерттеу сабағы болып табылады. Бұл үрдістін кез келген пән бойынша, әр сыныпта да оқыту әдістемесінің тиімділігін, білім сапасын артыруда тиімді. Lesson study-да бір мұғалім өзіне зерттеу сабағын өткізуге, зерттеу сабағына дейін шамамен бір айда сабақ жоспарын жазуға ерікті түрде жауапкершілік алады. Содан кейін ол өз сабақ жоспарын осындай сыныптың немесе дәл осындай пән саласында жұмыс істейтін мұғалімдер қатысатын жиналысқа ұсынады. Содан кейін мұғалім басқа мұғалімдермен талқылауға негізделген сабақ жоспарын қайта жазады. Кейбір жағдайда кездесу циклдары және жоспарды қайта жазу үдерісі бірнеше рет қайталанады. Басқа жағдайда мұғалім мектеп кеңесінің әдіскерінен сабақ жоспарын жақсарту үшін кері байланыс беруін сұрайды. Зерттеу сабағында мұғалім сабақ жоспарын ұстана отырып, өз сыныбында сабақ өткізеді, жоспар құруға қатысқан мұғалімдер зерттеу сабағын бақылайды. Зерттеу сабағанан кейін сабақ өткізуші мұғалім мен сабаққа қатысушы мұғалімдер зерттеу сабағын талдайды. Сабаққа арнайы әдіскерлер мен психолог мамандарын шақырып арнайы кеңес алып, сабақ құрылымында ескеруге болады. Lesson study дәстүрлі ашық сабаққа ұқсайды, бірақ ашық сабақтан айырмашылығы  - бақылаушылар мұғалімнің әрекетін талқыламайды, сабақта пайдаланған әдіс-тәсілдердің дұрыс іріктелуі мен олардың оқушының танымдылығы мен ынтасын артуына тигізетін әсері бақыланады. Яғни, мұғалімнің әрекеті бағаланбай, оқушының әрекеті бағаланады. [1]

Осы орайда, мектеп тәжірибесінде  3 «А» сыныбында Lesson Study оқушылардың тілдік байлығын, сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында «Әдебиеттік оқу» сабағы таңдалып алынды. Бұл сыныптың таңдалып алыну себебі өткен оқу жылы бойынша төмен нәтиже көрсеткендігі және сынып оқушылары өз ойын екркін қазақ тілінде жеткізе алмауы, тілдік қорының дамымағандығы болды.   Lesson Study өткізілу нәтижесінде келесідей болды: 3 «А» сынып оқушыларының жаңашыл әдістері қолдану арқылы қазак тілінде сөйлеу мәдениеті дамиды, сабақтарда өтілетін шығармаларды жақсы ұғынады

Lesson study өткізу барысы 4 кезеңнен тұрады.

1-кезең: Мектеп басшысы жүзеге асыратын дайындық.

 Бұл кезеңде Lesson study жүзеге асыру комиссиясы тағайындалып, өткізілу уақыты бекітілді.

2-кезең: Жоспарлау.  Мектеп мұғалімдері отырыс құрып, сабақ жоспарлайды. Егер сабақ жоспары толық жүзеге аспаса, қайта жоспарлайды. Сабақ жоспарын құруда дискрипторлар жасалады. Оқушылар әрекеті осы дискрипторлар бойынша бағаланады.

3-кезең: Сабақты бақылау. 3 «А» сынып жетекшісі К.  бастауыш сынып мұғалімдерімен бірлесіп жасаған сабақ жоспарын үстана отырып өз сыныбында ашық сабақ өткізеді.  Қалған мұғалімдер зерттеу сабағын бақылайды. Сабақта оқу үлгерімі әр түрлі деңгейдегі оқушылар бақылауға алынады. Әр оқушыға арнайы зерттеу картасын толытырады. Зерттеу қартасы осы сыныптағы үш оқушыға жасалды. Мұғалімдер зерттеуге бір оқушыдан алып, сол оқушының сабақтағы әрекетін зерттеді. «А» деңгейіндегі оқушы Б. Үлгілі оқушы, қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Оқу материалын қабылдауы жоғары. Зейіні тұрақты,ойлау қабілеті жоғары. Мінезі ашық, көңіл-күйі тұрақты. Темпераменті-сагнвиник.Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады,қарым-қатынасы жақсы,кішіпейіл. Сыныптан тыс шараларға белсене қатысады. Мазмұнды есептер мен логикалық тапсырмаларды орындауда ойлау,анализ жасау қабілеттері өте жақсы дамыған. Сауатты жазады,жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Зейіні тұрақты. Оқыған мәтінінің мазмұнын толық жеткізе алады. Тәртібі мектепке сай. Ойлау, есте сақтау қабілеттері жақсы дамыған.

«Б» деңгейіндегі оқушы К. мінезі тұйық, ақырын сөйлейді, айналасындағы адамдармен тез тіл табыса алмайды.  Мектеп талаптарын  орындай алады. Тәртібі мектеп ережесіне сай.  Оқу материалын қабылдайды, бірақ өз ойын нақты, әрі тез жеткізе алмайды.Зейіні тұрақты, заттар мен құбылыстарды ажыратады,оларды талдау өз бетімен қорытынды жасауда көп ойланады. Еске сақтау қабілеті шығармашылық қиялы орташа деңгейде дамыған. Барлық пәндерді жақсы көреді, қызығушылықпен  қатысады. Өздігінен тапсырмаларды орындауы орташа. Оқыған мәтіннің мазмұнын толық жеткізе  алмайды.  Еске сақтау, қабылдау, ойлау қаблеттері жақсы дамып келеді.

«С» деңгейіндегі С. оқушысының мінезі ашық, айналасындағы  балалармен тез тіл табысады. Тәртібі орташа. Оқу материалын қабылдауы орташа, зейіні тұрақсыз. Сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста. Берілген тапсырмаларды талдау, өз  бетімен орындауда қиналады. Сөйлеу тілі орташа дамыған. Есте сақтау қабілеті, шығармашылық қиялы орташа дамыған. Өздігінен сабаққа қатыспайды. Математикадан сандарды оқып, қосып, азайта алады. Ал ауызша сабаққа қызығушылығы төмен. Оқыған мәтінін толық жеткізе алмайды. Есте сақтау, жылдам ойлау, толық сөйлеу қабілеттері толық дамымаған.

4-кезең: Сабақтан кейінгі талқылау. Әр сабақтаң кейін мұғалімдер отырыс ұйымдастырып, сабақты талқылайды.  Осы сабақты жақсарту үшін нені дүрыстауымыз керек? Сабақта не тиімді болды? Басқа тәсіл қолданса сабақ қалай өтер еді? – деп, мұғалімдер сабақ жайлы өз пікірін айтады. Әр сабақ бойынша жазбаса есеп тапсырады, және сабақ сайын оқушының дамуындағы өзгерістерді бақылайды.

5-кезең: Lesson Study туралы есеп жазу. Есеп жазбас бұрын Lesson Study құжаттары жинақталады:  Бақылаған мұғалімдер әр оқушының өткізілген сабақтар бойынша табыстылығының өзгерісін  бақылау кестесін, сабақтар бойынша оқушымен жүргізілген «Оқушы дауысы» сауалнамасы, мұғалімдердің отырыстарының хаттамалары жинақталды. Зерттеу нәтижесінде «А» деңгейінің оқушының беленділігі артқаны байқалды, бірінші сабақтарда қиыншылдықтары болса, сонғы үшінші сабақта өз ойын еркін білдіріп, көшбасшы бола алды. «С» деңгейінің оқушысы өзіне сенімі артып, соңғы сабақта белсенділігі арта түсті. Ол өзінің «3»-ке емес, «4»-ке де оқи алатынын көрсетті. «В» деңгейінің оқушысының әдебиеттік оқу сабағына қатысу белсенділігінің аз мөлшерде артқаны байқалды. Зерттеу нәтижесінде 3 «А» сыныбының жалпы білім сапасы, сабаққа қызығушылығы арта түскені байқалды.

Lesson Study үрдісіне қатысқан мұғалімдер осы әдістін тиімділігін тәжірибе негізінде түсінді және  өткізу тәжірибелері арқылы өз рефлексиясын тереңдетті, сабақтың жаңа пішімде әзірлей алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиет:

1.      Чичибу Т. Lesson Study бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық:

ағылш./Т. Чичибу (Жапония), Л. Ду Тоит (Оңтүстік Африка), А.Тулепбаева (Қазақстан

Республикасы).- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік

орталығы, Астана:, 2013.

 


 

Lesson study әдісін мектеп тәжірибесінде қолдану тиімділігі

Lesson study әдісін мектеп тәжірибесінде қолдану тиімділігі

Lesson Study өткізілу нәтижесінде келесідей болды: 3 «А» сынып оқушыларының жаңашыл әдістері қолдану арқылы қазак тілінде сөйлеу мәдениеті дамиды, сабақтарда өтілетін шығармаларды жақсы ұғынады

Lesson Study өткізілу нәтижесінде келесідей болды: 3 «А» сынып оқушыларының жаңашыл әдістері қолдану арқылы қазак тілінде сөйлеу мәдениеті дамиды, сабақтарда өтілетін шығармаларды жақсы ұғынады

Барлық пәндерді жақсы көреді, қызығушылықпен қатысады

Барлық пәндерді жақсы көреді, қызығушылықпен қатысады

Чичибу Т. Lesson Study бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық: ағылш

Чичибу Т. Lesson Study бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық: ағылш
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.10.2021