Lesson Study удерісіне катысушы мугалімдердін рефлексивті есебі
Оценка 4.6
Образовательные программы
docx
биология
Взрослым
31.03.2017
ЛС үдерісін бастау үшін 3 мұғалімнен арнайы топ құрылды. Содан кейін топ отырысын өткізіп, 7 «А» сыныбы нысаналы сынып ретінде таңдап алынып, осы сыныптан А,В,С (білім деңгейі жоғары, орта, төмен көрсеткішті) деңгейлеріндегі оқушыларды таңдадық. Сонымен қатар, сыныптың негізінде қаралатын мәселесі «Оқушылардың биология пәні бойынша білім деңгейін арттыруға қалай ықпал етеміз?» деп алдық. Оқыту әдістемесін жетілдіре отырып,оқушылардың биология пәні бойынша білім деңгейін арттыруға ықпал етуге бола ма? Олардың оқуын жақсарту үшін өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға қалай үйрете аламыз? Өйткені оқушының өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып,білім алуын дамытуда,өз-өзіне баға бере білуі маңызды деп ұйғардық.
Ls биология.docx
Lesson Study үдерісіне қатысушы физика пәнінің мұғалімі Әлімбетова
Индираның, биология пән мұғалімі Дағарова Дананың, биология пән мұғалімі
Баймұхамедова Айгүлдің рефлексивті есебі
ЛС үдерісін бастау үшін 3 мұғалімнен арнайы топ құрылды. Содан кейін топ отырысын
өткізіп, 7 «А» сыныбы нысаналы сынып ретінде таңдап алынып, осы сыныптан А,В,С
(білім деңгейі жоғары, орта, төмен көрсеткішті) деңгейлеріндегі оқушыларды таңдадық.
Сонымен қатар, сыныптың негізінде қаралатын мәселесі «Оқушылардың биология пәні
бойынша білім деңгейін арттыруға қалай ықпал етеміз?» деп алдық. Оқыту әдістемесін
жетілдіре отырып,оқушылардың биология пәні бойынша білім деңгейін арттыруға ықпал
етуге бола ма? Олардың оқуын жақсарту үшін өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға қалай
үйрете аламыз? Өйткені оқушының өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып,білім алуын
дамытуда,өзөзіне баға бере білуі маңызды деп ұйғардық.Үдеріс барысында ЛС үдерісін
жүргізудің әдістемелік нұсқаулығымен танысу барысында өзімізге қажетті ақпараттармен
алмастық. Кезеңдер бойынша бағалау, А,В,С деңгейлеріндегі оқушылардың әрекетін басқа
оқушылардың деңгейімен салыстыра отырып бақылау, бірлескен жоспар арқылы
оқушының оқуына баса назар аудару,сабақ соңында сұрақтар арқылы сұхбаттар жүргізу
және талқылау өз ойымызбен бөлісуінің маңыздылығын басшылыққа ала отырып, алдағы
жұмыс жоспарын бірлесіп жоспарладық. И.Әлімбетова І деңгей сертификатталған мұғалімі
көмегімен сабақтарды бірлесіп жоспарлауда, сабақты өткізу барысында зерттелетін
сыныптағы С деңгейлі оқушыларды үнемі назарға ала отырып , оқытудың жаңа әдістемесін
( 7 модуль аясында) қолдандық және оның нәтижелерін мұқият зерттедік, талдау
жүргіздік.13.01.16 ж өтілген «Бунақденелілер класы,жалпы сипаттама»тақырыбындағы
сабақта «Ой шақыру; Сәйкесін тап;Суретті топтастыру;Сандық диктант;сыни
ойлау»берілді.Сабақ барысында оқушылардың белсенділігі өте жоғары екендігі
байқалды.Дегенмен С деңгейлі оқушылардың А деңгейлі оқушылардың көлеңкесінде қалып
қойып,жұмысы көрінбей қалатындығы анықталды.Бұл олқылықтың орнын толтыру
мақсатында келесі сабағымызда 18.01.16 ж «Бунақденелілердің көбеюі мен
дамуы»тақырыбындағы сабақта С деңгейлі оқушылардың қажеттілігін ескеруге
тырыстық.Осы мақсатта оқушыларға келесі тапсырмаларды ұсындық: «Миға
шабуыл;Суретті сөйлет;Ойлан тап;Кіші жобаДеңгейлік тапсырма;»Осы сабақ барысында
Әдібіләл Рахат,Мысырұлы Бағдаулет,Ережеп Ерсұлтан,Таубаева Ботагөз «Суретті сөйлет»
және деңгейлік тапсырмаларды орындауда өз ойларын жеткізуге талпынды,өзін және
көршісін бағалады.Дегенменде ол оқушылардың мүмкіндіктерін еселеу мақсатында А
деңгейлі оқушылардың көмегін пайдаланған дұрыс деп ұйғардық.Жұптық жұмысты
ұйымдастыру жоспарланды.Сабақ соңында оқушыларға келесі сабаққа сұрақтар дайындап
келу тапсырылды.Бұл мүмкіндікті келесі сабақта пайдалану қажеттігі анықталды.
Келесі сабағымызда 25.01.16 ж «Ауру тудырушы бунақденелілер»тақырыбында өтті. «Шах
және мат;(мақсаты:баланың білімін тексеру және тыңдау,байқау,бақылау қабілетін
дамыту)», «Суретті тапсырмада»(жұптасып жұмыс жасау тапсырылады,С деңгейдегі
оқушы сұрақ береді,А деңгейлі оқушы жауап береді), «Суретті топтастыр»(баланы сыни
ойлауға жетелей отырып,бунақденелілердің зиянды және зиянсызсыз түрлерін топтастыру
ұсынылады), «Кіші жоба»(балаларға мәтін таратылады,топтарға 5 түрлі бунақденлілердің
зиянды қасиеттері жайлы жоба қорғайды).Диалог жүрді,ой түйіндеу болды.Өткен
сабақтардағыдай емес өз пікірлерін еркін жеткізуге тырысты,бірақ көшбасшылардың
басымдылығының ықпалынан өз ұсыныстарын өткізе алмай отырды.Сыныптың тыңдау
дағдысын қалыптастыру мақсатында жұмыс жасау керек екендігі анықталды. Келесі сабағымызда1.02.16 ж «Шеміршекті балықтар.Акулалар мен скаттар»тақырыбында
өтілді.Сабақта мыныдай тапсырмалар көрініс тапты:«Pirls(мәтінді толық меңгерту
үшін),Сызбаны толтыр,миға шабуыл,шах және мат,досыма хат».Сабақ барысында А
деңгейлі оқушы мен С деңгейдегі оқушыны жұптастыру мақсатында алған «досыма
хат»тапсырмасы біз ойлағандай дәрежеде нәтиже бермегендіктен,келесі сабақтарды
жоспарлауда ескеру және тапсырма түрлерін түрлендіруді,тиімді пайдалану керек екендігі
анықталды.
Біздің ойымша , ЛС үдерісі және үдеріс барысындағы сабақтарды бірлесіп жоспарлау өте
тиімді болды:
Сабақ үшін жауапкершілік барлық топ мүшелеріне тең тиеді, назардан ештеңе тыс
қалмайды;
Бұрыңғыға қарағанда оқушылардың кез келген сабақта әрқайсысының қай дәрежеде білім
алғанын анық біле алдық ;
Жай жоспар емес, оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп
жоспар жасауды міндет қып алдық.
Пән мұғалімінің сабағына қатыса отырып оқушылардың да топта жұмыс істеуге әбден
машықтанып,үйренгенін байқадым. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары мен
белсенділіктерінің артқанын байқадым.
Бұл жұмысты жүргізу мен үшін үлкен жауапкершілік болды.Осы жұмысқа менің
қатысуымның себебі менің өзімнің кәсіби білімім мен деңгейлік курс бойынша осы
уақытқа дейінгі тәжрибемнің болуы деп ойлаймын. Бұл үдерістен өзімізге оқушымен
жұмыс жасауда А,В,С деңгейлеріндегі балаларды зерттеу жұмыстарын жүргізуде ңегізгі
тақырыбымыздың төңірегінде және кәсіби дамуымызға да көп ықпалын тигізді.
Бұл үдерістің маған ұнағаны әр пәннің мұғалімдері болса да сабақты жоспарлауда
қиындық болмады және бірігіп жоспарлау әр сабақтың әдістемелік тұрғыдан сәтті болып
шығуына әсерін тигізді. Бұл жерде жұмысымыздың жүйелі әрі табысты шығуы пән
мұғалімдерінің бірлесе жұмыс жасауына байланысты деп ойлаймын. Әр сабақты
жоспарлау, оған зерттеу жасау, бақылау және сабақ соңында оқушылардан сұхбат алу,
талқылау жұмыстары, келесі сабақта алдыңғы сабақтағы жіберілген кемшін әрекеттерді
қайталамау маған ұнады және жемісін берді деп толық айта аламын. Менің байқағаным,
сабақтағы ісәрекетті зерттеу – сыныптың білім сапасын көтеру, пәнге деген
қызығушылықтарын арттыру үшін не істеуге болады, қандай бағытта жұмыс жасау керек,
нені жетілдіруге болады деген сұрақтарға жауап іздеуде тиімділігін көрсетті. Біз бұл
үдерісті жүргізу барысында тек 3 оқушыны емес сол оқушыларға деңгейлес оқушылардың
әрекеттерін де қатар бақылап отырдық. Мен бұл сабақта бірінші орында С деңгейіндегі,
сосын В деңгейіндегі оқушыларымнан нәтиже көре алдым. Олардың сабақтағы
белсенділіктері, қызығушылықтары және жауапкершіліктері әр сабақтарда арта түсті. ЛС
үдерісінде біз қараған мәселе « білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың өз
мүмкіндіктерін пайдалануға қалай ықпал етеміз» болатын. Осы мәселе бойынша жасалған
жұмыстар қаншалықты өз мақсатына жетті деген сұраққа келсек: Нәтижесінде «С»
деңгейдегі 9 оқушының 4і «В» деңгейіне(44,4 пайыз), «В»деңгейдегі 9 оқушының 2і (22
пайыз)«А»деңгейіне көтерілді. Оқыту әдістемесін жетілдіре отырып,оқушылардың
биология пәні бойынша білім деңгейін арттыруға ықпал етуге болатындығына көз
жеткіздік.Олардың оқуын жақсарту үшін өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға
болатындығын анықтадық.Сыныптағы С деңгейдегі қалған 5 оқушының деңгейін көтеру
мақсатында жұмыс жасау керектігі анықталды.
Lesson Study удерісіне катысушы мугалімдердін рефлексивті есебі
Lesson Study удерісіне катысушы мугалімдердін рефлексивті есебі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.