Әлеуметтік педагогтың бір жылдық есебі
Оценка 4.9

Әлеуметтік педагогтың бір жылдық есебі

Оценка 4.9
Документация
docx
психологическая работа +2
Взрослым
05.02.2017
Әлеуметтік педагогтың бір жылдық есебі
Әлеуметтік педагогтың бір жылдық жұмысының атқарған есебі . 2016 жылдың қаңтар айынан бастап 2016жылдың желтоқсан айына дейінгі атқарылған жұмыстар есебі. Бұл атқарылған жұмыстардың бәрі әлеуметтік педагогтың жылдық жоспарында жоспарланып, атқарылған жұмыстар реті. Әр жылдың соңында әлеуметтік педагог осылай есеп беріп отырады.Әлеуметтік педагогтың бір жылдық есебі
Жылдық есеп 2016ж.docx
« Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің № 28 Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі»КММ 2016 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың атқарған  жұмысының жылдық есебі.      Мектепте тамыз айының 29 жұлдызында бекітілген өндірістік бұйрыққа сай мектеп әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілген әлеуметтік  педагогтың жоспары бойынша келесі жұмыстар атқарылды. 2016 жылы қаңтар айынан бастап әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс жоспары бойынша ,  жұмыстар жүргізілді. 1­8 сыныптар аралығындағы  көпбалалы, қамқоршы   және тұрмысы төмен жанұядағы 86 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Олардың күнделікті тамақ ішуі қадағаланып тұрды.        Мектебімізде 2016 жылы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында  «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы бойынша айлық өткізілді. Акцияны  өткізу барысында  іс­шара жоспары жасалып, бекітілді. Акцияның мақсаты ­  оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау, сондай­ақ  материалдық көмекке мұқтаж көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға, жетім  және жартылай жетім, қамқорлыққа алынған балаларға әлеуметтік көмек пен  қолдау көрсету.  Әлеуметтік себептер бойынша сабақтарға балалардың  келмеуінің алдын алу.  Міндеті:  ­ жалпы орта білім алу үшін мектеп жасындағы балаларға жағдай жасау;  ­ дәлелсіз себептермен сабақтарға ұзақ уақыт бойы қатыспаған мектеп  жасындағы балаларды анықтау және есепке алу; ­ олардың сабақтарға қатыспау себептерін анықтау; ­ күнкөрісі төмен және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға  материалдық көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметін жүзеге  асыруға жұртшылықты тарту.     Акция өткізу барысында жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларды,  сондай­ақ материалдық көмек көрсетуге мұқтаж және әлеуметтік себептер  бойынша сабаққа келмей жүрген балаларды анықтау үшін рейдтер жүргізілді.  Рейд нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж отбасы  балаларының тізімдері жасалды. Мектеп әкімшілігі тарапынан толық емес  отбасындағы 4­сынып оқушысы Бодық  Ардаққа мектепке керекті оқу  құралдары, жылы сырт киім   алынып берілді. Қамқорлықтағы  Меделбай  Айдана мен Меделбай Нұрдана,толық емес отбасындағы Отарбаева Сымбат,  Орынбай Динара,көпбалалы отбасындағы Дунганбек Мөлдірге жылы колготки , носки және оқуға керек құрал жабдықтар берілді. Айлық іс­шараны  ұйымдастыруға және өткізуге мектептің әлеуметтік педагогі мен қатар  барлық сынып жетекшілері  қатыстырылды. Акция барысында мектебімізде  жоспарға сәйкес іс­шаралар жүргізілді. 30 қаңтар күні әлеуметтік педагог  Ж.М.Шералиева «Мейірімді жүрек» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді. Көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен, жартылай жетім және қамқорлыққа  алынған балалардың тізімі анықталды. Мектеп бойынша көпбалалы  отбасындағы оқушылар саны 120 бала, аз қамтылған отбасындағы оқушылар  саны 28 бала, жартылай жетім оқушылар саны 14 бала, қамқорлықтағы  оқушылар саны 3 бала. Қамқорлыққа алынған балалардың тұрмыс жағдайын   мектебіміздің тәрбие іс меңгерушісі Н.А.Тангатов, психолог М.Д.Кучербаева,  әлеуметтік педагог  Ж.М.Шералиева  және сынып жетекшілермен бірге  тұрғын үй жағдайы зерттелді.               «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын­алу»  бағытында  іс­шара жоспары жасалынды. Осы бағыт бойынша 20 қаңтар күні  5­10  сынып оқушылар арасында  әңгіме ­ сұхбат жүргізілді. Онда қаралған  мәселелер: 1. «Ата заңымызды ардақтайық» тақырыпта  құқық пәні мұғалімі  М.Б.Нысырбаев баяндама оқыса, 2­ші  мәселеде  әлеуметтік педагог  Ж.М.Шералиева  «Тәртіп бұзушы және қараусыз жасөспірімдерді жаңа әдіс­ тәсілдерді пайдалану арқылы тәрбиені жандандыру» тақырыпта бейнебаян  көрсетіліп, әңгіме жүргізді. Қатысқаны ­35 оқушы. Құқық пәнінің мұғалімі   М. Б. Нысырбаев оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы сөз сөйлеп  өтті. Ақпан айында оралман оқушылардың тізімі алынды. Олардың  үйлерін  аралап, ата­аналарымен кездестік. Сабақтан көп қалатын оқушыларды  анықтап, сабаққа келмеу себептерін анықтау үшін, мектеп психологымен бірге үйіне барып, ата­анасымен кездесіп, сөйлестік.                15 ақпан күні ыстық тамақ ішетін оқушылардың есебін ИП  «Мейірманова» фирмасына  тапсырылды.             2016 жылдың 15 ақпанында  «Сен және сенің құқығың» атты  құқықтық  білім апталығына іс­шаралар жоспары жасалып бекітілді. Мектебімізде 15­25  ақпан аралығында құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың және ата­ аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Сен және сенің  құқығың» атты  құқықтық білім апталығы өткізілді. Апталық барысында  сынып  оқушыларының  кунделікті  сабаққа  қатысуы  қадағаланды.           Әлеуметтік педагог Ж.М.Шералиева және тәлімгер А.М.Имашева   мектеп Парламентімен бірлесіп «Менің қоғамдағы құқықтарым» атты  тақырыбында 9 ­10 сынып оқушыларының  арасында дөңгелек  үстел   өткізілді.         8 сынып жетекшісі Т.Н.Жақыпова 8­9  сыныпта 16 ақпан күні  «Құқық  әлемінде» тақырыбында  баяндама оқыды. Баяндаманың мақсаты,  оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң   алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді  жолдарын таба білуге және саяси сауаттылыққа баулу.        16 ақпан күні «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын­алу»  бағытында ата­аналар мен оқушыларға «Заң алдында бәрі бірдей» тақырыпта  9 сынып жетекшісі А.Имашева «Өз заңым­өз арым» тақырыптарда  заң туралы  баяндамалар оқыды.        17 ақпан күні әлеуметтік педагог Ж.Шералиева  «Баланың құқықтары  туралы Конвенция» тақырыбында 5­10 сыныптар арасында лекция оқыды. Лекцияда «Баланың құқықтары туралы Конвенциясы» Заңы түсіндіріліп, оның бөлімдері оқылды.       Апталық барысында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Т.Н. Жақыпова 5­10 сынып оқушылар арасында «Құқығым бар!» тақырыбында  шығармалар байқауын  ұйымдастырды.         20 ақпан күні құқық пәні мұғалімі М.Нысырбаев «Бала құқықтары»  тақырыбында  баяндама  оқыды.  Баяндаманың мақсаты баланың мектептегі  құқықтарын, білімге құқығы, отбасындағы құқықтары, денсаулығын сақтауға  құқығын айта отырып, оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету.        21 ақпан күні 9,10, сыныптар аралығында  «Құқықтық салауаттылық­ заман талабы» тақырыбында пікір­сайыс өткізілді. Оқушылар өз білімдерін  ортаға салды. Сайыстың мақсаты,  оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу,  оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту.        21 ақпан күні ата­аналарға арналған құқықтық білім күніне орай «Ата­ аналардың құқықтық сауаттылығы ­ балалардың құқықтарын қорғаудың  кепілі» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды. Қатысқан ата­ана саны­18  Өткізген тәрбие ісінің меңгерушісі Н.А.Тангатов және әлеуметтік педагог  Ж.М.Шералиева.       22 ақпан күні тарих пәні мұғалімі М.А. Нысырбаева  «Құқық – тәртіп  айнасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты,  балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау, шығармашылық белсенділігін  дамыту, имандылық қасиеттерге елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу,  олардың бойында ұлттық сана­сезімді қалыптастыру.         24 ақпан күні құқық пәнінің мұғалімі М.Б.Нысырбаев «Баланың негізгі   құқықтары» атты  тақырыбында   5­10 сынып  оқушыларының  арасында  дөңгелек  үстел  өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты, баланың негізгі  құқықтары туралы түсінік беру.        Мектеп кітапханаларында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын  насихаттауға арналған бұрыштар, стендтер ұйымдастырылды.  Жасөспірімдердің арасында құқық  бұзушылықтың алдын алу бағытында  ата­ аналармен  байланыс  жасай отырып, күн сайын оқушыларға тәлім ­ тәрбие  беріліп  келеді.         23 ақпан күні әлеуметтік педагог Ж.М.Шералиева  9­ сынып  оқушыларына кәсіптік бағдар беру және  кәсіптік қызметті таңдауда көмек  көрсету үшін кеңес берілді. Талабына, қабілеттілігіне, жеке ерекшеліктеріне  сәйкес жастардың саналы және еркін түрде кәсіп түрлерін таңдауына  дайындау бойынша жүргізілді. Қатысқаны 9 сыныптан 22 оқушы,   қатысты.           15 наурыз күні ақпан айының  ыстық тамақ ішетін оқушылардың есебін  жасап ИП «Мейірманова» фирмасына  тапсырдым.       05 наурыз күні  Қордай УИП, ОДН,РОВД­дан Топчаков Азамат  Жумантаевич 05.03.2016  жылы 6,7 8,9­сынып оқушыларына келіп  «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық» тақырыбына  профилактикалық әңгіме жүргізді. 15 наурыз күні салауатты өмір салты бойынша барлық оқушыларға әңгіме  жүргізілді. Онда мектептің медбикесі З.Тулюбекова «Туберкулез» ­аса қауіпті індет екенін айтып өтсе, әлеуметтік педагог Ж.М.Шералиева салауатты өмір  салтын сақтау туралы бейнебаян көрсетіп, түсіндіріп өтті.                      Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27­бап, 2­тармағында  «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу­ата­ананың табиғи  құқығы, әрі парызы» делінген. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана  емес, оған мәдени­әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата­ бабалардың, ұлылардың ақыл­кеңес тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу мақсатында әлеуметтік  педагог Ж.М.Шералиева  ата­аналарға «Ата­ананың құқығы мен міндеті»  тақырыпта кеңес берді.                  17 наурыз күні «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың  алдын­алу» бағытында ата­аналар мен оқушыларға «Болашағымызға байыпты  тәрбие берейік» тақырыпта әлеуметтік педагог Ж.М.Шералиева баяндама  оқыды.     25­наурыз күні  мектеп психологы және әлеуметтік педагог үйде оқитын  Шонкобаев Аршат және Сабыр Жұмағалиді Қордайға  ПМПК алып бардық.                    Қиын баламен жұмыс жолдарын жүргізу үшін бақылау әдісі арқылы  сынып оқушыларымен әр түрлі тренингтер өткізілді. Сынып оқушылармен   «Маған өмір қымбат», «Менің арманым» тақырыптарда тренингтер өткізілді.  7­сынып оқушыларынан «Айзенк тест» сауалнама алынды. 8­9 сынып  оқушыларынан «Срест  тест» сауалнама алынды.                 Жоспар бойынша сәуір айында бастауыш сынып оқушыларына  бастауыш сынып мұғалімдері 4 сынып жетекшісі А.Б.Нысырбаева «Баланы  бастан» тақырыпта және 1 сынып жетекшісі Р.А.Балкибекова «Қазақстан  Республикасының рәміздерін құрметтеу» тақырыптарда  әңгіме жүргізді. Тәрбие ісі меңгерушісі Н.А.Тангатов, психолог М.Д.Кучербаева, әлеуметтік  педагог Ж.М.Шералиева сынып жетекшісі И.Әлпейісовамен үйде оқитын   Шонкобаев Аршаттың тұрмыс жағдайын және сабақ өтілу барысын анықтау  үшін, зерттеу  жасадық.       29  сәуір  күні сәуір айының ыстық тамақ ішетін оқушылардың есебін  жасап, ИП «Мейірманова» тапсырылды.             6  мамыр күні  үйде оқитын 7 сынып оқушысы Шонкобаев Аршатты  Ән және сап байқауына қатыстырдым.              13 мамыр күні мамыр айының ыстық тамақ ішетін оқушылардың есебін жасап, ИП «Мейрманов» фирмасына  тапсырдым.               17 мамыр   мектеп жанындағы лагерге күндізгі ыстық тамақ беру,  лагерь жоспары құрылды.                    Қыркүйек айында 2016­2017 жылға арналған жұмыс жоспарын дайындап,   әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілді. Жылдық жоспар  негізінде айлық, апталық  жоспарлар жасалып, жоспар бойынша төмендегі  жұмыстар жасалды. Мектепке жол акция барысында тамыз айында 15 балаға жалпыға бірдей  білім беру қорынан  әр бір балаға 15 мың теңгеден ақшалай көмек берілді.     2016 жылдың 1 қыркүйегінен 1­8 сынып аралығында көпбалалы және аз  қамтылған отбасындағы 118 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.  /барлық ыстық тамақпен қамтылған оқушы саны 118/. Ыстық тамақ ішетін  оқушылардың тізімі жасалып ауыл әкімімен бекітілді. Әр айдың 15 ші  жұлдызында ыстық тамақ ішетін оқушылардың есебін  ИП «Мейрманова»  өткізілді. Оқушылардың күнделікті тамақ ішуін мектеп медбикесі  З.З.Тулюбекова және әлеуметтік педагог Ж.М.Шералиева бақылап отырды.  Оқушылардың жеке құжаттарымен танысып, әр түрлі жағдайына қарай тізімін  жасалды. Көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен, жартылай жетім және  қамқорлыққа алынған балалардың әлеуметтік төлқұжатты жасалды. Мектеп  бойынша баланың жалпы саны ­273. Көпбалалы отбасындағы оқушылар саны  127 бала, аз қамтылған отбасындағы оқушылар саны 11 бала, жартылай жетім  оқушылар саны 23 бала, қамқорлықтағы оқушылар саны 3 бала, толық  қамтылған отбасыдан шыққан бала саны 109.       24 қазан күні әлеуметтік педагог Ж.М.Шералиева «Баланың құқықтары  туралы Конвенция» тақырыбында 7­10 сынып аралығында ашық сабақ өтілді.       29  қазан  Қамқоршылар күні. Мақсаты: Оқушылардың санасына  мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, патронаттық  тәрбиедегі балаларға, қамқорлықтағы балаларды ортаға бейімдеу,  оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.Мектебіміздегі үш  қамқоршы оқушыға көңіл бөлу мақсатында «Балаға мейірім сыйла» атты 7,9 сыныптарға ашық сабақ өтіліді.                                                                                   1­желтоқсан «Біз салауатты өмірді қолдаймыз»­СПИДке , наркоманияға  қарсымыз атты апталық ұйымдастырылды. Мектебіміздің кітапханашысы  А.Мурынбаева, медбике З.Тулюбекова, мектеп психологы М.Кучербаева,  әлеуметтік педагог Ж.Шералиевалардың ұйымдастыруымен 5­10 сыныптар  аралығында пікірталас өткізіліп , бейнероликтер көрсетіліп , спид жайлы  түсінік берілді.          2016 жылы желтоқсан айының 27 жұлдызында аудан әкімінің  шырша  тойына  мектебімізден 3 оқушы барды.Толық емес отбасынан 4 сынып  оқушысы Жанахметов Бекзат, қамқорлықтағы 7 сынып оқушылары  Меделбаева Айдана, Нұрдана барды. Демеуші тарапынан 25­оқушыға жаңа  жылдық сыйлық берілді. Олар оқуға жарамсыз Сабыр Жұмағали мен  Шонкобаев Аршат жәнеде мектебіміздегі толық емес отбасыдан шыққан 23 ­  оқушыға жаңа жылдық сыйлық үлестірілді. Әлеуметтік педагог:                         Ж.М.Шералиева

Әлеуметтік педагогтың бір жылдық есебі

Әлеуметтік педагогтың бір жылдық есебі

Әлеуметтік педагогтың бір жылдық есебі

Әлеуметтік педагогтың бір жылдық есебі

Әлеуметтік педагогтың бір жылдық есебі

Әлеуметтік педагогтың бір жылдық есебі

Әлеуметтік педагогтың бір жылдық есебі

Әлеуметтік педагогтың бір жылдық есебі

Әлеуметтік педагогтың бір жылдық есебі

Әлеуметтік педагогтың бір жылдық есебі

Әлеуметтік педагогтың бір жылдық есебі

Әлеуметтік педагогтың бір жылдық есебі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.02.2017