Логика 2 сынып
Оценка 5

Логика 2 сынып

Оценка 5
docx
29.11.2020
Логика 2 сынып
логика 2 сынып.docx

 

 

 

Логика

 

2 сынып

 

Өскемен қаласы әкімдігінің «№49 жалпы білім беретін мектеп»КММ

 

 

Нурланова Назерке Нурланқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскенмен қаласы.2020

 

 

 

Түсініктеме

Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Оқыту сапасын арттыруда білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін әлемде табысқа жеткізетіндігінен қанағаттану; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру қажет. Дарынды балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарында, гимназияда, мектеп-гимназиялар мен лицейлерде, мектеп-лицейлерде, жалпы білім беретін мектептерде пәндерді тереңдетіп оқыту үшін факультативтер және оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыру қажет деген [1]. Сондықтан да, оқушылардың логикалық ойлауын дамытуды мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде  және төменгі сыныптан бастаудың өзіндік тиімділігі бар. Заманауи бастауыш мектеп тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, қалыпты емес жағдайлардан шығу жолының шешімін табу идеясын іске асыра білуге арналған. «Логика» курсына арналған әдістемелік  нұсқаулығы  нақты бір тапсырманы шешудің әдістерін ашуға, баланың өз ойын бөлісуіне, дәлелдер айтуға мүмкіндік береді.

Оқушының логикалық ойын жетілдіру, логикалық ойлау  іс-әрекетін қалыптастыру - заман талабына сай күрделеніп келе жатқан оқу материалын саналы, әрі сапалы игерумен ұштасады деп есептейміз. Баланың шығармашылық  шеберлігін   бірден  дамыту мүмкін емес. Сол себептен  танымдық  тапсырмалар арқылы  баланың интеллектуалды және шығармашылық  мүмкіндіктерін  қалыптастырып, бір жүйеге келтіру қажет.

Әдістемелік  нұсқаулықтың мақсаты: оқушылардың логикалық ойлауларын дамытуға бағытталған  тапсырмалар мен дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптарды тұтас бірлікте зерделеу.

Әдістемелік нұсқаулықтың міндеттері:

-  «логика» курсында қолдануға болатын тапсырмаларды жинақтау;

-  оқу үдерісіне жаңашылдықты енгізу;

-   тиімді қолдана алуға бағыт-бағдар беру.

Әдістемелік  нұсқаулықтағы тапсырмалар балалардың танымдық  қызығушылығын дамытуға  жағдай  жасай отырып, баланы ізденімпаздыққа  және өзіне сенімді болуға ұмтылдырады,   ақыл-ой деңгейін қалыптастырады.  

Құрылған тапсырмалар мазмұны жағынан бір-біріне ұқсамайды. Бұл баланың ой-өрісін    дамытып қана қоймай,   оны байқағыштыққа,  шапшаңдыққа,  ойын дәлелдеуге үйретіп, әрі оны жалықтырмайды.   Әр сабақ сайын тапсырмалар қиындайды, көлемі көбейіп, тапсырманы орындау жылдамдығы артады.

Әдістемелік нұсқаулықта ұсынылып отырылған материалдардың барлығы мұғалімнің күнделікті іс-тәжірибесіне нақты көмек көрсете отырып, олардың кәсіби іскерлігін, біліктілігі мен дағдыларын жетілдіре түседі. Әдістемелік нұсқаулықты пайдаланушы мұғалімдер, көпшілік қауымға табыс тілейміз!

1.     Математикалық логика негіздері

Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген: «Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау – жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде    сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек». Логика—адам ойының логикалық формалары жағынан және кіріспе білім алу үдерісі кезінде, ақиқатқа жетуін оның заңдары мен пәнін қалыптастырушы қажетті шарттарды реттейтін ғылым. Логика жалпы логикалық тәсілдерді (әдістерді) зерттейді. Логикалық әдістер адамның нақты өмірді тануында өте қажетті кұрал болмақ. Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырылады.  Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді.   Әрбір сабақ қызықты есептер мен аяқталып, логикалық есептер оқушылардың  жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет.

 Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып  саналады. Танымдық белсенділік баланың психологиялық - денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды. Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады.

Сонымен ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойындар ұйымдастыру қажет.

Ойын арқылы балалардың негізгі іс-әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін  жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл-ойы дамиды.  Міне осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті шыңдалады.

Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі – логикалық ойындар.  Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді.

Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз – қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз.  Логикалық тапсырмалар жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады. Яғни,  назар аудару,  елестету,   есте сақтаудың түрлері,  сұрыптау,   зейінді дамыту және ойша тұжырымдама жасау. Логикалық ойлауын дамыту арқылы сын тұрғысынан ойлануға үйретеміз.

Осыған орай, шығармашылық қабілетті дамытуда логикалық тапсырмаларды қолданудың тиімділігі туралы белгілі ғалымдар Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдов, Қ. Бердібаев өз еңбектерінде ғылыми тұжырым жасаған. В. Давыдовтың «Бастауыш сынып оқушысының психологиялық даму» еңбегінде: «Оқыту үрдісіндегі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол – белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі» делінген.

Егер, оқушылар бастауыш мектеп қабырғасында үнемі, әрі жүйелі түрде өзінің ақыл-ойын жаттықтырса, күрделі де қиын есептерді шешуге дағдыланса, оның нәтижесі келешекте кезіккен қандай да бір тығырықтан жол таба білуге жетелейтіні сөзсіз. Ендеше,  мектепке дейінгі және мектеп алды даярлық топтарында, бастауыш сыныптарда аптасына бір рет логика курсын енгізу оқушылардың ой-өрісін дамытып, бағдарламадағы алған білімдерін кеңейтіп, толықтыруға көмектесері анық.  Баланың шығармашылық шеберлігін бірден дамыту мүмкін емес. Сол себептен танымдық тапсырмалар арқылы баланың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастырып, бір жүйеге келтіру қажет.

Әдістемелік нұсқаулықтағы   өзіндік жұмыстар баланың ойлау қабілетіне,  бақылау жұмыстарына, сонымен қатар оның танымдық белсенділігінің  артуына бағытталады.  Бұл тапсырмаларды орындау барысында ең алдымен жеткілікті көлем және жүйелілік пен мақсаттылық болуы керек. Оқушылардың танымдық  ойлау белсенділігін  қалыптастыру,  оқушылардың  интеллектуалдық сезімдер аймағын, шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы балаларды ізденімпаздыққа және өзінің даму деңгейіне сенімді болуға тәрбиелеу міндеттері қарастырылады.  Логикалық ойлай алу, пайымдай алу, зерттеу дағдыларын қолдана білу математика пәнінде ғана емес, бастауыш сыныптың басқа пәндерін оқуда және күнделікті өмірде қажет.

  Білім-білік, дағды деңгейіне қойылатын талаптар:

-       логиканы дамыту үшін пішіні, түсі, көлемі бойынша бір-біріне ұқсас заттарды сәйкестендіру және топтастыру;

-       түрлі логикалық топтарға жататын заттарды атай білуге үйрету;

-         әр түрлі математикалық білім көздерінен мағлұмат ала білу;

-         математикалық есептеудің бастапқы дағдыларын үйрену;

-         көбейту мен бөлу амалдарын баған түрінде орындау және оны тексеру;

-         көбейту мен бөлу амалдарынан тұратын және жақша арқылы жазылған өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібін анықтау және өрнектердің мәнін таба білу;

-         интеллектуалдық ойындар, конкурстар, жарыстар, олимпиадаларда жетістікке жетуге ұмтылу;

-         модельдеу арқылы есептер шығара білу;

-         математикалық білімді күнделікті өмірде қолдана білу.

Күтілетін нәтиже: Логиканы балалардың бойында қарапайым математика қызметіне деген қызығушылықты қалыптастырады; баланың бойындағы математиканы  кейіннен жақсы меңгеруге қажетті қасиеттері дамиды; Танымдық белсенділігі артып, танымдық қызығушылық қалыптасады,  зияткерлік және шығармашылық әлеуеті дамиды.

Логика таңдау курсын  ұйымдастыру және  жүзеге асыру әдістері:

Сөздік әдістер: Әңгіме, әңгімелеу, сұрақ-жауап, дәрістер т.б.

Көрнекілік әдістер: Иллюстрация, демонстрация т.б.

Практикалық әдістер: Жазбаша жаттығулар т.б.

Логикалық әдістер:  Индуктивті, дедуктивті, талдау, жинақтау, сәйкестендіру, салыстыру, дәлелдеу, нақтылау, негізгі мәселені ерекшелеу т.б. Қарап отырсақ бұл әдістердің негізінде Блум таксономиясының етістіктері жатыр және атап көрсететініміз өнімді деңгей бойынша етістіктер.

Гностикалық әдістер: проблемалық, эвристикалық, ізденімпаздық, репродуктивті, продуктивті т.б.

Өзіндік жұмыс әдістері: оқулықпен, жұмыс дәптерімен өздігінен істейтін жұмыстар; Зертханалық құралдармен, приборлармен; Есеп шығарудағы, өлең шығарудағы басқа да жазу жұмыстарын орындаудағы өзіндік жұмыстар.

Логика  таңдау курсында қолданылатын жұмыс түрлері мен әдіс-тәсілдер:

-         ойын тәсілі;

-         өз бетінше жұмыс жасау;

-         назар аудару;

-         түсіне отырып ойлану;

-         елестету;

-         есте сақтаудың түрлері;

-         сұрыптау;

-         зейінді дамыту;

-         ойша тұжырымдама жасау.

 

2.     «Логика» курсынан мазмұнды сыныптар бойынша бөлу

 

2-сынып.

·                Комбинаторика элементтері.

ü Комбинациялармен және оқигалармен байланысты қалыпты емес, қызықты жаттығулар: қайталаусыз орын ауыстыру, қайталаусыз орналастыру, қайталап орналастыру, қайталаусыз үйлестіру (реттеп іріктеуді қолданып шешу). Сома ережесін пайдалануға берілетін тапсырмалар. Таңдау жолдары.

·        Логика элементтері.

ü Заттар мен заттар тобының ортақ және ерекшелейтін белгілерін анықтау және салыстыру.

ü Заттардың қатарда немесе матрицада орналасу заңдылықтарын анықтау. Заттарды белгілері бойынша тану.

ü Заттарды белгілері бойынша сипаттау.

·        Жіктеу:

ü Дайын жіктелімде топтарды сөзбен сипаттау.

ü Белгіленген негіз бойынша топтарға бөлу. Нысанды топқа жатқызу.

ü Өз бетінше жүргізілетін жіктелім бойынша негізді ажырату.

ü Логикалық сөздерді («және», «барлығы») түсіну және дұрыс қолдану.

·        Қызықты және қалыпты емес тапсырмалар.                                                                                                                      

ü Үш нысанды реттеуге берілетін тапсырмалар, өзара бір мәнді сәйкестікті белгілеу. Теңестіруге берілетін тапсырмалар. Сандық бас қатырғыштар, арифметикалық ребустар. Заңдылыктарды іздеуге логикалық тапсырмалар. Жіктеуге берілетін тапсырмалар. Арифметикалық лабиринттер.Сиқырлы фигуралар. Соның ішінде көлемі 3x3 сиқырлы текшелер.

ü Есептеудің орынды амалдары (жақын ондыққа дейін толықтыру негізінде қосу және алу).

·        Жиын теориясыныц элементтері.                                                                                                             

ü Нысандардың жиындары. Эйлер-Венн диаграммасы. Іш жиын. Жиындарды біріктіру. Жиындардың қиылысуы.

·                Геометрия элементері.                                                                                                                                               

ü Кесуге берілетін тапсырмалар,  фигураларды  жинау. Таяқшаларды ауыстырып қоюга берілетін тапсырмалар. Торкөздермен көшіру (фигуралардың  көлемін үлкейтіп және кішірейтіп). «Танграм» конструкторы, «Моңғол ойыны». Кеңістікті лабиринттер. Таяқшалардан фигуралар құру. Осьтік симметрия.

 

3.     Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

 

2-сынып бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

-         Сандардың ретін;

-         Салыстыру таңбаларын;

-         Қосу мен азайту;

-         Геометриялық фигураларды

-         Заңдылықтарды сақтау;

-         Заңдылықты жалғастыру;

-         Елестерді бейнелей алу;

-         Дұрыс шешімді таба білу;

-         Ғажайып суреттерді құрау;

-         Қарапайым және күрделі теңдеулерді шеше білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Логика 2-сынып

Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан.

Тақырыбы

Күтілетін нәтиже

Сағат саны

Мерзімі

Қосымша ескертпе

 

1-тоқсан

8

 

1

 

Балалардың даму

деңгейін анықтау.

Қол, саусақ икемділіктерін  бейімделіп отырып,  есте сақтау қабілеттерін жақсартылады

 

2

 

 

 

2

 

Зейінді шоғырландыру

Пішіні мен түстерді ажыратуға,цифр мен әріптің байланысын меңгереді..

 

 

1

 

 

 

3

 

Зейінді шоғырландыруды дамыту

Оқушылардың зейіні шоғырланады.Ойлау қабілетін дамыту арқылы сәйкестікті, дәлдікті таба білуге қалыптасады.

 

 

2

 

 

 

 

4

 

Назар

аударуды

дамыту

Логикалық ойлай және талдай білуге  жаттығады.Ой-өрісі кеңейіп,байқағыштыққа бейімделеді.

 

 

 

1

 

 

 

 

5

Зейінді дамыту. Зейінді жаттықтыру.

Есте сақтау,ойлау  қабілеті дамиды.Тапқырлық, байқағыштық қабілеттері жетіледі.

 

 

1

 

 

6

Қайталау сабағы

Алған білімдерін тиянақтап көрсете білуге бейімделеді

 

1

 

 

 

2-тоқсан

8

 

 

 

1

Есту арқылы жадында сақтауды дамыту.

Естігендерін жадында сақтау арқылы ойлау қабілеттері дамиды.

 

2

 

 

 

 

 

2

 

Есту арқылы есте сақтау қабілетін жаттықтыру.

 Әр түрлі заттардың дыбыстарының ұқсастығы мен айырмашылығын таба білуге, есту арқылы есте сақтау қабілеттері жетіледі. 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

3

Көру арқылы  есте сақтау қабілетін дамыту.

Заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата білуге үйренеді.Есте сақтау, ойлау қабілетін дамиды.

 

 

 

2

 

 

 

 

 

4

Көру арқылы  есте  сақтау  қабілетін жаттықтыру.

Бейнелерді, кескіндерді, таңбаларды  көру арқылы есте сақтауға, қолдана білуге қалыптасады.

 

 

2

 

 

 

5

Білімдарлар сабағы

Ізденімпаздыққа бейімделіп, проблемалық тапсырмаларды орындауға талпынады.

1

 

 

 

3-тоқсан

10

 

 

 

1

Қисынды ойлауды дамыту

Көргендерін есте сақтай отырып   орындауға бейімделеді.толықтыруға,жаттығуларын

2

 

 

2

Қисынды ойлауды жетілдіру

Салыстыруға,талдауға,ой жинақтауға қалыптасады.

 

1

 

 

3

Қисынды ізденіс тапсырмалары

Оқушылардың зейіндерін жинақтап қорытындылау арқылы өмірмен байланыстыра білуге дағдыланады. 

2

 

 

 

4

Заңдылықты іздеуге үйрету

Ізденімпаздыққа, тапқырлыққа бейімделеді.

 

2

 

 

5

Заңдылықты іздей білуге жаттықтыру

Өз бетінше ой қорытуға, шешім қабылдауға бейімделеді.

 

 

1

 

 

6

Ойша көз алдына елестету

Ойлаған затын елестету арқылы ой жинақтайды.

Өз ойын жеткізе білуге талпынады.

 

1

 

 

7

Қорытынды сабақ

Алған білімдерін тиянақтап көрсете білуге бейімделеді

1

 

 

 

4-тоқсан

8

 

 

1

Ойша көз алдына елестетуді жетілдіру

Танымдық ойлау белсенділігі, есте сақтау қабілеті дамиды.

 

1

 

 

 

2

Елестетуді жетілдіру

Елестету арқылы ой жинақтайды,

Өз ойын жеткізе білуге талпынады.

3

 

 

3

Кеңістікте қиялды дамыту

Ойын арқылы ойлампаздыққа бейімделеді.

1

 

 

 

 

 

4

Заттардың кеңістікте орналасуын анықтай білуге жаттықтыру

Есте сақтау қабілеті артады,

 

 

1

 

 

5

Білімдарлар сайысы

Алған білімдерін тиянақтап көрсете біледі.

2

 

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Логика 2 сынып Өскемен қаласы әкімдігінің «№49 жалпы білім беретін мектеп»КММ

Логика 2 сынып Өскемен қаласы әкімдігінің «№49 жалпы білім беретін мектеп»КММ

Түсініктеме Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді

Түсініктеме Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді

Математикалық логика негіздері

Математикалық логика негіздері

Эльконин, В.В.Давыдов, Қ. Бердібаев өз еңбектерінде ғылыми тұжырым жасаған

Эльконин, В.В.Давыдов, Қ. Бердібаев өз еңбектерінде ғылыми тұжырым жасаған

Логика таңдау курсын ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері:

Логика таңдау курсын ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері:

Логикалық сөздерді («және», «барлығы») түсіну және дұрыс қолдану

Логикалық сөздерді («және», «барлығы») түсіну және дұрыс қолдану

Логика 2-сынып Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан

Логика 2-сынып Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан

Көру арқылы есте сақтау қабілетін дамыту

Көру арқылы есте сақтау қабілетін дамыту

Кеңістікте қиялды дамыту

Кеңістікте қиялды дамыту
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020