"Әліппем, саған мың алғыс" Әліппемен қоштасу жоспары
Оценка 4.7

"Әліппем, саған мың алғыс" Әліппемен қоштасу жоспары

Оценка 4.7
Разработки уроков
doc
воспитательная работа
1 кл
07.04.2017
"Әліппем, саған  мың  алғыс" Әліппемен  қоштасу  жоспары
"Әліппем, саған мың алғыс" тақырыбындағы сүйікті Әліппемен қоштасу жоспары. 1 - сынып мұғалімдері үшін пайдалы материал деп білемін. Жоспар әр баланы таныстыру өлеңдерімен басталады. Тәрбие шарасы барысында балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытындағы жұмыстар кірістірілді. Сонымен қатар, балалар сүйікті Әліппелеріне арнап ән-жырдан шашу шашты.документ ворд
Әліппемен қоштасу.doc
Тақырыбы:  «Әліппем, саған  мың  алғыс!» Мақсаты:  Балалардың  Әліппеге  деген  сүйіспеншілік  сезімдерін арттыру. Әліппеден  алған  білімдерін  пысықтау. Кітап   оқуға  жетелеу. Кітапты  құрметтеуге, ұстаздарын   сыйлауға  тәрбиелеу.  Жүру  барысы: І. Ұйымдастыру ІІ. ҚР­ның  Мемлекеттік  Гимнін  орындау ІІІ. Әдеби  музыкалық  қойылым І жүргізуші (Алихан): – Ассалаумағалейкум, құрметті, ата­аналар, ұстаздар, құрбылар! ІІ жүргізуші (Тұрсынай): – Сәлеметсіздер ме, қымбатты  көрермендер! Бүгінгі  біздің   мерекемізге қош  келдіңіздер! Мұғалім:  Бар  білімнің  бастауы,                   Бар  ғылымның  бастауы                   Жас  балаға  нұр  шашқан                   Қандай  кітап  тіл  ашқан? Балалар:   ­Әліппе 1. Кіріспе:     ­Сүйікті  шәкірттерім!  Сендерді  бар  ғылымның  беташары  Әліппені  табысты   аяқтауларыңмен  құттықтаймын. Әліппені  аяқтау  барлық  әріптердің  таңбасын  тану,  білім  сарайының  есігін  ашу  деген  сөз.     Күні  кеше  ғана  біздің  елімізде  үлкен  мереке  тойланды. Ол – Тәуелсіздігімізге  25   жыл  толу  тойы. Осыдан  25  жыл  бұрын  өрімдей   жас  аға­апалаларың  өз  өмірлерін   құрбан  ете  отырып,  егеменді  ел,  тәуелсіз мемелекет  болуға  жол  бастады.  Олар   кейінгі  бауырларына  бейбіт, тыныш   заман  сыйлап  кетті. Осындай  тәуелсіз   мемлекетте  тегін  білім  алып, балалық  шақты  алаңсыз  өткізу – сендер  үшін  үлкен   бақыт. Бүгінгі  күні  алғаш  қолдарыңа  ұстаған  Әліппелеріңді  аяқтап, өздерің   оқи,  жаза  алатын  кезеңге  жеттіңдер. Нұр  шашып,  тіл   ашқан  Әліппемізге  мың  алғыс  айта отырып, жыр­шашуымызды  арнаймыз.  І жүргізуші (Алихан): – Алтын ұя мектебіміздің   арқасында  оқушы  атанған ІІ жүргізуші (Тұрсынай): ­  Сүйікті  Әліппеміздің  арқасында  сауатты  адам  қатарына  қосылған  мереке  иелерімен  таныс  болыңыздар! 2. «Кел, танысайық!»    1.Оқып, жазып  білем  енді, Менің  атым – Төрегелді 2.Жақсылықты  жақтайтын Мен  боламын  Аружан. 3.Беске ұмтылған балдырған, Менің  атым Асылжан. 4.Сәулелі  де  сымбатты, Сөйлегенім  тым  тәтті, Тұрсынай  деген  қыздарың Сіздерге  арнап  тіл  қатты. 5.Дарасы  болар  даланың                       Алихан   деген  баламын.    6.Мектептің  ашқан  есігін, Альфинур ­ менің  есімім. 7. Оқып бестік  аламын, Ерасыл ­ деген  баламын. 8.Мен  Бақытгүл  боламын, Өнерлімін, дарамын. 9.Мектепке  жол  табатын, Бекзат деген  бар  атым. 10.Әли  батыр  боламын, Жүйрік  сөзге  жарадым. 11.Ұланымын   даланың, Ұланымын  ананың, Ұланымын  сыныптың, Бар  әріпті  біліппін. 12. Жанель ­ менің  есімім, Білімнің  аштым  есігін. 13.Сыныптағы  көп  арудың  бірімін  Жанель деген ата­анамның жырымын. 14.Әліппені  меңгерген, Ақерке  сұлу  мен  деген. 15.Оқуды  өзім  қалап  ем, Нұрдаулет  деген  мына  мен. 16. Мейіріммін – қолқанаты анамның,  Әліппені оқуға  мен жарадым. 17. Бақыт деген, мен бақытты баламын, Әліппені  өзім  оқи  аламын. 18. Өз бетіммен  оқи  алам  ертегі, Анель болам ­ еліміздің ертеңі. 19. А әрпінен  басталар, Әліппеде  әліпби. Альфия деп ат қойды, Жақсы оқып, ақыл жи. 20.Отбасының еркелеткен, Жарқыраған жұлдызымын. Сабағымды жақсы оқимын. Ақерке деген бір қызыңмын. 3. «Жыр­әнім  өзіңе, Әліппем!» І жүргізуші (Алихан): – Жақсы  білім  көрімдік                                           Болсын сізге, халайық                                           Не үйреніп, не  білдік,                                           Кәне, ортаға  салайық?! ІІ жүргізуші (Тұрсынай): ­ Ия, қымбатты, достар! Ең  алғаш  сауатымызды  ашқан  Әліппемізге  айтар  алғысымыз  шексіз. Бақытгүл: Келгенде  алғаш мектепке                      Білмеуші  едік  әріп те.                      Оқимыз   қазір  бәрін  де,                     Үйретті  оны  Әліппе Бекзат:    Көлге  айналған  бұлақтың                   Қайнар  көзін  көріп пе ең?                   Том­том  қалың  кітаптың                   Басы  болар  әліппең. Жанель Е.:   Құтты  менің Әліппем,                        Көп  нәрсені  үйреттің.                        Таныстырып  әріппен,                        Тақылдатып  сөйлеттің. Ерасыл:    Өзім  оқып  кітапты                Жалынбадым  ағама. Қуанды  анам  оқудан                 Алған  бестік  бағама. Альфия:   Ашыла  берді  алдымнан                    Кең  дүние  есігі                    Соғылған  сомдап  алтыннан                    Әліппе – білім  бесігі. Алихан:    Бәрімізге  тіл  ашар,                    Кітап  аты ­   Әліппе.                    Әнімізге  ұласар,                    Әннің  де  аты ­ Әліппе. Ән  «Әліппе» Мұғалім: ­ Балалар, біздің  мерекеде  Әліппе  досымыз  ортамызда. Бірақ Әліппе  бүгін   жалғыз  емес,  қасына  әрі  досы,  әрі  бауыры  Ана  тілін  ала  келіпті. Әліппе:      Менің  атым ­  Әліппе ,                    Мені  анаңдай  дәріпте.                    Мені  оқып  ер  жеткен,                    Бауыржан  да, Мәлік  те. Қымбатты, балалар! Мен  сендерді  өзімнің досым  Ана  тілімен  таныстырайын. Бүгінгі   тойға  арнайы  шақырған  болатынмын.  Сендермен  төрт  айдай  ажырамас  дос  болдым.  Енді  сендер  есейдіңдер.  Мен  таныстырған  барлық  әріптерді  меңгердіңдер. Мен   сендерге  өте  ризамын.  Білім  сапарына  әрі  қарай  Ана  тілімен  аттанасыңдар. Оның   сендерге  үйретері  мол, тапсырмалары  күрделенеді. Соған  мойымай, Ана  тілін   ренжітпей  жүретіндеріңе  толықтай  сенемін. Ана  тілі:           Ана  тілі – бабамның  дана  тілі,                             Ана  тілі – сәбидің  бала  тілі.                             Ана  тілі – анамның  ақ  әлдиі,                             Ана  тілі – ұлтымның  дара  тілі. ­ Құрметті  менің, жас  достарым! Мен  сендерге  айнымас  серік  боларыма  сенімдімін.  Ананың  ақ  сүтімен, әсем  әлдиімен бойларыңа  сіңген ана  тілін  дамытып  жетілдіруге  өзімнің  үлесімді  қосамын. Мұғалім: Балалар, «Білімнің  бір  жауы  бар, оның  аты – кітап  оқымау»  деген  пікір   бар. Осы  жауды  жеңу  үшін  жұмыстаныңдар. Жұптық  би 4. «Елбасы  сыйы» І жүргізуші (Алихан): – «Кітап – алтын  қазына» дегендей, біздер алғаш мектеп  табалдырығын аттағанда елбасы бізге керемет кітап тарту  етті. ІІ жүргізуші (Тұрсынай): ­ Ия, достар! «Менің Отаным ­ Қазақстан» кітабын енді түгел оқып шығуымызға болады. Төрегелді: (Президенттің балаларға  арнаған арнау  сөзін оқып  шығады). Али: ­Кітаптың алғашқы бөлімі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне  арналған. Бақыт: ­ «Мәңгілік Ел» ­ Президентіміз Нұсұлтан Назарбаевтың бағдарламасы. Онда  теңдік, еңбекқорлық, әділдік, білімге құштарлық туралы құндылықтарды сақтау туралы  айтылады. Жанель А. ­«Менің өлкем» бөлімінде Қазақстанның  барлық  аймақтарына саяхат  жасаймыз.  Асылжан: ­Кітаптың келесі бөлімінде туған жердің  табиғаты, көрікті жерлері, байлығы туралы жазылған және көркем суреттермен бейнеленген. Мейірім: ­ Ғарыш алаңы «Байқоңыр» және ғарышкерлер туралы білдік. Ұлан: ­ Кітапта қазақтардың тұрмысы мен мәдениеті, ұлттық  киімі мен  дастарханы,  музыкалық аспаптары мен салт­дәстүрлері туралы өте  тамаша  жазылған. Аружан: ­Қазақ хандығының 550 жылығына орай қазақтың хандары мен билері туралы  да оқып білуге  болады. Нұрдаулет: ­ Қазақтан шыққан ағартушылар Шоқан, Абай, Ыбырай аталарымыз туралы  мәліметтер берілген. Ақерке У.: ­Кітап соңында Қазақстан Республикасында атап өтілетін және ұлттық  мерекелер туралы  кеңінен  баяндалған. Көрініс «Елбасына  хат» (Орындайтын Алихан  мен  анасы Шынар) ІІ жүргізуші (Тұрсынай): ­ Қаблаева  Бақытгүлдің  орындауында  «Бүлдіршіндер   әнін»  қабыл  алыңыздар.                              Топтық­танымдық  тапсырмалар 5. «Шығармашылық»  бөлім 1­топ: өрнектердің  мәндерін  табу. 2­топ: буындардан сөздер  құрау, оқу. 3­топ: ребусты  шешу, жазу, оқу. 4­топ: суретті бояу  (үлгісін бір  рет қарап алады). ІІ жүргізуші (Тұрсынай): ­ Болат  Ақеркенің  орындауында  «Айгөлек» биін   тамашалаңыздар. 6. Ойын:  «Мақалдың  соңын  жалғастыр, тақтаға  жаз!» 1. Аулада  5 үйрек,                                 Қорада  3 үйрек,                                           Барлығы  болады           Бұл үйде неше  үйрек? (8) 2. Алмаға  кеп  күн  ара Қонушы  еді  бір  ара. Бүгін  тоғыз  туысын Ертіп  келді  бұл  ара. Сонда  бүгін  алмаға Келіп  қонды  қанша  ара? (10) 1. Ең  аяулы  да,  қымбат  жан. (Ана) 2. Ас атасы ­ ... (нан) 3. Сөз  атасы ­ ... (мақал) 4. Жақсы  сөз – жарым ...(ырыс) 5. 6. Бірлік  болмай,  ...   болмас    (тірлік) ...  ­ білім  бұлағы  (Кітап) 7. «Көңілді  тапқыштар» 3. Тал  басында  тізіліп,      Он  жапырақ  тұр  еді.       Жел  соқты  да  үзіліп       Ұшып  кетті  бесеуі.       Тұр  әлі  де  ілініп,       Жапырақтың  нешеуі? (5) 4. Біздің  келер  шамамыз, Бестен  үшті  аламыз. Тез  ойланып, есептеп Мәнін  дұрыс  табамыз. (2) 5. Үшеуі  қызыл, үшеуі  ақ, Оң  қолымда  неше  алма? (6) 6. Төртеуі  қызыл, төртеуі  ақ, Сол  қолымда  неше  алма? (8) 7. Табақта  бес  алма, Қолында  екі  алма. Қосқанда  барлығы Болады  неше  алма? (7) 8. Жарысты  жеті  аю, Жығылды  үш  аю. Межеге  жетіпті Барлығы  неше  аю?     (4) Топтық  би 8. «Әліппем, саған мың алғыс!» 1.Ұлан Бар  кітапқа  бас  болған Әліппе – ғылым  анасы Әліппеден  басталған  Даналықтың  данасы. 2.Альфинур Әліппе деген алтын жол, Апарар сені алысқа. Жеңіл емес ауыр жол, Тырысып бақ намысқа. 3.Ақерке Б. Жасым  толып  мектептің, Ашқанымда есігін. Қарсы  алдың,  Әліппем, Ыстық  маған  есімің. 4.Аружан. Әліппе – басы  білімнің, Әліппе – нұры  жерімнің. Әліппе – бағы  баланың, Жарық  таңы  елімнің. 5.Әли Енді  біз  жаза  білеміз, Әріпті  қосып  әріпке. Риза боп соған жүреміз Сүйікті біздің Әліппе. 6.Жанель. Е. Әліппем, менің, Әліппем! Сені  қолға  алып  мен Есігін  аштым  білімнің  Ертеңгі  сәуле  жарықпен  7.Ерасыл 5  болсын алар бағамыз,  Біліммен жол табамыз. Өнер – білім көп тоқып, Өсе берсін санамыз. 8.Асылжан А­ны  айтқанда  дауысым  дірілдейді Ұстазым  көз  алдымда  күлімдейді. Күн  сайын  әріптердің атын біліп, Сөз  оқимын  айырып  буынды  енді. 9.Мейірім Өтті  оқу  сан  сабақ Бүгін  үлкен  салтанат. Оқулықпен  достассақ, Әліппемен  қоштаспақ. 10.Альфия Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға басқа кітап аламыз. Ата – ана, қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты, міне, балаңыз. 11.Нұрдаулет Ұстаз  деген ұлағатты ұлы есім, Жылдар бойы басыңды оған иерсің Өмір берген ең алғаш анаң болса Ал екінші ұстазым деп білерсің. 12.Бақыт Ұстаздың  әр  сөзіне  даналық бар, Үйреткен сан ғылымнан жаңалықтар Елімнің болашағы – біз жас ұлан Алдарыңда отыр, міне, сан алыптар. 13.Бекзат Таныстырдың  әріппен, Кітапты  көп оқыдым. Оқығанды  бір – бірден                                    Көкейіме  тоқыдым. 18.Ақерке Бәрімізді  сүйіп  өткен, Балаларға  үйреткен. Әліппе  мен  ұстазға  Бас  иеміз  құрметпен. 14.Жанель А. Білім  атты  кеменің Тізгінін ұстап  келемін. Қателессем  өмірде Бағдар  берер  сен  едің. 15.Анель Таныстырған 42 әріппен, Қош бол, менің қасиетті Әліппем! Сенің арқаң оқи, жаза білгенім, Сауатты  адам санатына кіргенім. 16.Төрегелді Біз енді Әліппемен қоштасамыз, Жолына гүл мен қоса жыр шашамыз. Білімнің бұлағынан сусындауға, Көптеген кітаптармен достасамыз. 17.Бақытгүл Бас ием әркез мен де ұстазыма, Өткізген біздерменен қыс жазында Мың  рахмет, ұстаздар, аяулылар, Бақыттымын  биікке ұшқаныма! Хор  «Отан»   19.Тұрсынай  Құпия – сырын  әріптің, Ашып  бердің, Әліппем.  Қарыздармын  мәңгілік, Бәрі:   Рахмет  саған, Әліппем! 20.Алихан. Білімге жолды бастаған Әліппем саған мың алғыс!  Оқы деп ұран тастаған,  Әліппем, саған мың алғыс!   IV. Қорытынды

"Әліппем, саған мың алғыс" Әліппемен қоштасу жоспары

"Әліппем, саған  мың  алғыс" Әліппемен  қоштасу  жоспары

"Әліппем, саған мың алғыс" Әліппемен қоштасу жоспары

"Әліппем, саған  мың  алғыс" Әліппемен  қоштасу  жоспары

"Әліппем, саған мың алғыс" Әліппемен қоштасу жоспары

"Әліппем, саған  мың  алғыс" Әліппемен  қоштасу  жоспары

"Әліппем, саған мың алғыс" Әліппемен қоштасу жоспары

"Әліппем, саған  мың  алғыс" Әліппемен  қоштасу  жоспары

"Әліппем, саған мың алғыс" Әліппемен қоштасу жоспары

"Әліппем, саған  мың  алғыс" Әліппемен  қоштасу  жоспары

"Әліппем, саған мың алғыс" Әліппемен қоштасу жоспары

"Әліппем, саған  мың  алғыс" Әліппемен  қоштасу  жоспары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
07.04.2017