Ұлт рухы ұлылармен мықты
Оценка 5

Ұлт рухы ұлылармен мықты

Оценка 5
Исследовательские работы
docx
история
Взрослым
20.02.2020
Ұлт рухы ұлылармен мықты
Қ.И.Сәтбаевтың өмірі мен қызметі
Қ.Сәтбаев баяндама.docx

Ұлт рухы ұлылармен мықты

 

«Еңбек етпесең,жиған білімің кәдеге жарамай жатқан минерал секілді.Оның ішін аршып, асыл кенін жарқырату үшін еңбек керек, қол мен ой қимылы қажет»

Қ.И.Сәтбаев

         Қаныш Имантайұлы есімімен біздің кенді өлкеміздің дамуы,Қазақстанның ғылымы мен мәдениетінің қалыптасуы, ел экономикасының нығаюы байланысты.Қаныш ағаның таңы арайлы Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні үшін еткен еңбегі мен төккен тері зор.Сондықтан, оның есімі тарихта алтын әріптермен жазылып, мәңгілік сақталмақ.

            Қажымас ізденімпаз әрі қабілетті ұйымдастырушы /Қ.И.Сәтбаев жаңа Қазақстанның шаңырағын көтерушілердің алғы сапында көзге түсті.Ең алғашқы геологиялық жұмысын ол Қарсақбай ауданының темір кен орындарын, Жезқазған мен Атбасардың мыс кендерін және ағылшын иелігінде болған Спаскк өндірісін зерттеп, олардың болашақ мүмкіндіктерін анықтаудан бастады.Осы зерттеулерден соң Үлкен Жезқазған айналасындағы көршілес аймақтармен қоса орасан алып мыс қазаны деп танылып, дүниежүзінің аса ірі кен орындарының алғашқы тобына қосылады.Содан кейін Сәтбаев,Қарсақбай темір рудасының кенішін зерттеді, оны Кривой Рог қазбаларына ұқсаған,қоңыр көмір қабаттарын тапты.

            « Жезқазған руда кеніші» деген ғылыми еңбегі үшін Қ.И.Сәтбаев Ленин орденімен наградталды, оған Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты деген атақ берілді.Біраз уақыттан кейін геология –минерология ғылымының докторы Қ.И. Сәтбаев Алматыдағы Геологияның директоры болып тағайындалады.СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалының преседателі болып сайланады.

            Қ.И.Сәтбаев 1943 жылы СССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, ал 1946 жылы толық мүшесі болып сайланды.

            Қаныш Имантайұлы дарынды адам еді. Оның бойында практикалық геолог –теоритиктің, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің таланты ұштасқан еді.

Егер геологияны ғылыми және практикалық білімдердің жүйесі деп қарайтын болсақ, Қаныш Имантайұлы соның екі бөлігінде де аса көрнекті роль атқарды.Ол Қазақстанның аса ірі кен орындарын,ен алдымен бірегей Жезқазған мыс кенішін барлады, бұған 15 жыл бойғы еңбегін арнады, ал теориялық жағына келетін болсақ – ол жаңа методологиялық негізге құрып, Орталық Қазақстанның металл жынысты болжамдық картасын жасады.Мұның өзі геология ғылымына қосылған ірі үлес болды.

Сәтбаевтың ғылыми мұрасында екі жүзден астам кітаптар мен мақалар бар.Сондай –ақ ол химиялық өнімдер алу үшін жергілікті шикізатты пайдалану жөнінде де бірқатар проблемаларды көтерген болатын.Жалпы алғанда Қазақстандағы ғылым мен жоғары білім саласындағы елеулі бастамалардың ішінде Сәтбаев белсене қатыспаған бірде –біреуі жоқ шығар.

Сөйтіп, соғыстың алдыңдағы жылдарда ғана Қазақстанда жаңа бүр жара бастаған ғылым ісін кең қанат жайдыру осыған орай және 1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысмен байланысты біраз қиыншылықтарға кезікті.Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың республика ғылымының іскер де жігерлі басшысы ретіндегі қызметі дәл сол соғыстың қаһарлы жылдарында басталған болатын.

Терең білім мен зерек ойлылық Қ.И. Сәтбаевқа соғыс кезіндегі ғылымның міндетін дұрыс та дер уағында түсінуге,оның нәтижелі шешімдерін айқындап, өзі басқарған Қазақстан ғалымдары отрядын фашист басқыншыларына қарсы совет халқының біртұтас майданы сапына қосуға мүмкіндік берді. Бөлімшенің тематикалық жоспары жедел қаралып, еліміздің қорғаныс қажетіне керекті Қазақстанның табиғи ресурстарын жаппай жұмылдыру проблемалары бірінші қатарға шығарылды.Экспедициялар соғыс жағдайында практикалық маңызы бар объектілерге ғана жіберілді.

Соғыстың алғашқы айларында –ақ еліміздегі ең ірі марганец кен орны Никопольді дұшпанның басып алғаны белгілі.Мұның өзі өорғаныс өнеркәсібіне аса қажетті сапалы болат өндіру ісінде көптеген қиыншылықтар туғызды. Қазақстанда Қ.И.Сәтбаев инициативасымен марганец кені жедел іздестіріле бастады, соның нәтижесінде Жезді кен орны ашылды.Уралдың металлургиялық заводтары дер кезінде қажетті шикізатпен қамтамасыз етіледі.Ал мұның өзі Ұлы Отан соғысының жеңісіне қосылған үлкен үлес болды.

Қазақстанның геологиялық және металлогениялық зерттеулерінің нәтижелері бірсыпыра атластар мен монографияларда жарық көрді. Олар тек Қазақстанның, қала берді СССР дің өзге аймақтарында ғана емес, социалистік шет мемлекеттерде де кеңінен пайдаланылады.Геология ғылымына қосқан елеулі үлесі үшін академияның академик Қ.И.Сәтбаев бастаған бір топ ғалымдарына  1958 жылы Лениндік сыйлық берілді.

Қарағандыдағы металлургиялық зауыттың құрлысы мен Қостанайдың, Атасудың темір кенін, кенді Алтайдың бірсыпыра кен орындарын, Қаратаудың фосфорын игеруде Қ.И.Сәтбаев үлкен роль атқарды.

Қаныш Имантайұлы физика – математика ғылымдарының, әсіресе, ядролық физиканың дамуына өте жоғары мән берді.Кейінгі жылдарда Қаныш Имантайұлының бастамасымен физика институтының комплексті құрлысы басталған –ды. Мұны ол көптеген ғылымдардың, соның ішінде биология саласындағы ғылыми зерттеулердің дамуында қуатты база болады деп есептеді.

Қазақ ССР Ғылым академиясында биология мен медицина ғылымдарының көптеген салалары – зщщлщгия мен паразитология, адам физиологиясы мен ауыл шаруашылығының, ботаника,жіне басқалары жақсы дамыды.Ғылымның бұл саласы да Қ.И. Сәтбаевтың қажымас қайраты алдында бірсыпыра борышты.Күнделікті қызмет барысында Қаныш Имантайұлы тарих, археология, этнография, тіл, әдебиет,өнер, экономика мен философия салаларындағы ғылыми зерттеулердің дамып өркендеуіне де айрықша мән беріп отыратын.

Ғалым-публицист Сәтбаев көпқырлы дарыны бар, өмір сүйген, қоғамдық белсенділігі ғаламат адам еді.Оның сан алуан ауқымды мақсаты болатын.Мысал келтіретін болсақ, Алтыншоқы тауының етегінде ерте кезде мыс өндіру ісін зерттеп жүріп, Сәтбаев түсініксіз тілде жазылған жазуы бар кішкене тас пирамидаға кездесті.Ол жазудың бір әрпін қалдырмай қағазға түсіріп алды да, Ленинградтағы « Эрмитажға» жіберді.Көп кешікпей ол жақтан « Эрмитаждың» ғылыми қызметкері Морозов келіп, қымбат қазына ретінде плитаны алып кетті. Артынша –ақ Поппэ жазудың шешуін тауыпты. « Жеті жүз Қара Тоқмал елінде қой жылғы көктемнің ортаңғы айында Түрана Темірбек Сұлтан екі жүз мың қолмен Тоқтамыс ханның қанын ішіп, өз мерейін асыру үшін жортып келе жатты.Өзіне таныс осы жерге жеткен соң қорған тұрғызды. Құдайдың өзі жар болсын» . Сәтбаев Ақсақал Темірдің Жезқазған даласындағы ізін осылай тапты. Қаныш тапқан сол археологиялық ескерткіш әлі күнге дейін «Эрмитажда»  көрсетіліп тұрады.

Сәтбаев ән-күйден жаратылғандай жан еді. Ол домбыраны бабына келтіріп тартып, өзі көп білетін қазақтың халық әндерін сүйсіне айтатын. Белгілі этнограф, әрі музыкант Александр Викторович Затаевич қазақтың көптеген  көптеген індері мен күйлерін жиып-тергені белгілі. Ол жарыққа шығарған «Қырғыз (қазақ) халқының 1000 әні», «Қазақ әндері» және «Қазақтың 500 әндері мен күйлері» деген жинақтар М.Горький Р.Ролланды таң-тамаша етті. А.В. Затаевич қазақтың жиырма бес халық әнін Қаныш домбыраға қосып ғажайып әуезділікпен айтқан кезде жазып алған. Қаныш Сәтбаев – деп тебірене жазды «Қазақтың 500 әндері мен күйлері» жинағында А.В. Затвиевич. – Томск технология институтынан білім алған жас қазақ инженері, Баянауыл әндерінің тамаша білгірі әрі ғажайып орындаушысы, ол осы жинаққа әуен ырғағы жөнінен ғана емес, тексттерінен де мол мағлұмат берді».

«Қайта дамыған қазақ халқының ғылымы мен мәдениеті» деген мақаласында Сәтбаев өз халқын мақтаныш тұтып, су құбырлары, кітапханасы бар қазақтың мәдени қалалары болғанын, оларды Шыңғысхан шапқыншылары мен Жоңғарлар күйреткенін баяндайды. Сол сияқты егіншілік пен қара және түсті металдарды өңдеу ісінің дамығанын да сүйсіне сипаттайды. Ол әсіресе қазақтың мол фальклорында тамаша поэзиясы мен әуезді музыкасында махаббат, достық және қаhармандық лебі есіп тұратындығын ерекше атап өтеді.

Қаныш Имантайұлы «Қазақстанның ұлттық театры хақында» деген мақаласы арқылы қазақ өнерінің – театры мен музыкасының білгірі, тамаша публицист екенін танытты. Ол дарынды көркемөнерпаздар құрған қазақтың ұлттық театрын шаттана мақтан тұтты. Мақалада 1927 жылы 13 январьда ұлттық театрда болған концертке нақтылы да терең баға берілген. Сәтбаев атақты әнші Әміре Қашаубаев орындаған әндерге аса жоғары баға берді, әсіресе ғаламат шеберлікпен қалықтаған «Қанапия», «Жанбота» әндерін ерекше атап өтті. Ол осы мақаласында «Қанапия» әнінің шығу тарихынан қысқаша мағлұмат берген. Бұл әнді Қанапия батыр өзінің үзеңгілес достары озбырлардан жазықсыз жапа шеккен кезде абақтының алдында отырып шығарған екен. Осы орайда Қаныш Әміренің соншалықты тамаша әнді шолақ қайрғанын сын айтады. Сәтбаев ақын Иса Байзақовтың ән мен жырды сұрапыл екпінмен төгіп – төгіп жіберетін ғажайып талантына жан толқытарлықтай баға берді.

«Қазақстан жері кең-байтақ, - деген еді Сәтбаев. – Оның көлемі Австралияның тең жартысына жуық. Қазақстан картасының барлық сала бойынша ерекше маңызы бар. Біздің геологтарымыз қазба байлықтарының аса маңызды тұнбаларының картасын жасады. Гидрогеологтарм мен гидрологтар жер бетіндегі және жер астындағы  су көздерін зерттеп картаға түсірді. Топырақ зеттеушілер жер қыртысының картасын жасады. Зоологтар құс пен аң мекендерін зерттеп, қоныс аудару құбылыстарын анықтады. Тұнып тұрған тұтас бір дүние есік ашқандай! Өйткені Қазақстан өзінің табиғи байлықтары жөнінен таңғажайып ел іспеттес. Жер қыртысын сөз еткенде біз әдетте қара топырақты, құрғақ топырақты, құмдауыт даланы елестетеміз. Ал Қазақстанда қаратопырақты жерден басқа сұрғылт топырақты, қызғылт топырақты, күрең және сары топырақты жерлерде бар ғой. Қазақ әндері де дәл сол сияқты. Әр алуан, қара, сұрғылт, ақ, сары, қызыл түспен құлпыра құбылып тұрады».

Геолог Сәтбаев ауқымы кең алымды адам ретінде тап бір тағдырдың өзі бар істің ұйытқысы, ұйымдастырушы, барлық ғылым салаларының жетекшісі етіп жаратқандай боп, бүкіл ғылымды бір көзқараспен қамтыды. «Отызыншы жылдардың басында, - деген еді Сәтбаев, - менің геолог – зерттеушілік қадамым алғаш басталған кезде Қазақстандағы ғылым жаңа ғана бой көрсете бастаған еді. Сонда біз сияқты жас жер бедерін барлаушылар ғылымының болашағын қол жетпес асқар шыңдай сезінетінбіз». Ол шыңға тек қыран қанаттылар ғана жете алатын еді. Қазақстан тариханда көш бастаушы Сәтбаев болған геология барлық ғылымның алдыңғы сапында жүріп дамыды.


 

Еңбек етпесең,жиған білімің кәдеге жарамай жатқан минерал секілді

Еңбек етпесең,жиған білімің кәдеге жарамай жатқан минерал секілді

Жезді кен орны ашылды.Уралдың металлургиялық заводтары дер кезінде қажетті шикізатпен қамтамасыз етіледі

Жезді кен орны ашылды.Уралдың металлургиялық заводтары дер кезінде қажетті шикізатпен қамтамасыз етіледі

Имантайұлы «Қазақстанның ұлттық театры хақында» деген мақаласы арқылы қазақ өнерінің – театры мен музыкасының білгірі, тамаша публицист екенін танытты

Имантайұлы «Қазақстанның ұлттық театры хақында» деген мақаласы арқылы қазақ өнерінің – театры мен музыкасының білгірі, тамаша публицист екенін танытты
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.02.2020