Ұлттық ойындар
Оценка 5

Ұлттық ойындар

Оценка 5
Культурные мероприятия
doc
другое +1
8 кл—9 кл
02.12.2020
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар Токишева.doc

Ұлттық ойындар

1.     https://el.kz/upload/storage_el/70/7014af572f49ae0859e8367164f2682b.jpgКөкпар – көптің көзайымына айналған ат пен жігітті сынға салатын тартыс түрі. Оның «дода және жаппай тартыс» деп аталатын екі түрлі әдісі біздің халық арасында кең таралған. Дода тартыс екі команда арасында өтетін болса, жаппай тартыста жеке шабандоздар өздігінше жеңіске жетуге тырысады. Көкпарда ер-жігіттің күшін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігі сыналады. Сондай-ақ, бұл спорт түрі жылқы малының да жүйріктілігін көрсетеді.

Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8-15 минут аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан 70-80 келі тартатын серкені өз командасының «отауына» түсіру. Егер әр команда 5 адамнан болса, ұзындығы 300 м, ені 100 м, 10 адам болса – 500х200 м, 15 адамнан болса – 700х300 м, 20 адамнан болса – 1000х500 м болады көкпар алаңы болады. Қай команда «отауына» көбірек серке салса, сол команда жеңіске жетеді.

 

2.     https://el.kz/upload/storage_el/ae/aeb1af760605cd66fb074eaf3845dac7.jpgАударыспақ – ежелден келе жатқан күш және айла-тәсіл арқылы салт аттылардың ер үстінен аударып түсіретін қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойын жауынгерлердің сын сағатта найза, қылыш қолдану арқылы  дұшпанын жеңуге тигізер көмегі зор болған. Қайрат-күші мол, шапшаң қимылдап, ат үстінде еркін отыратын жігіттердің бақ сынасар сайысы бүгінге дейін үлкен той жиын, мерекелерде ойнатылады.

3.     https://el.kz/upload/storage_el/4a/4a83402ff9fb2c773198eedad1f705e2.jpgҚыз қуу – жазық жерде өткізілетін ойын. Мәреге 300 метр жетпейтін тұстан қыз бен жігіттен құралған жұптар жарысқа қатысады. Дегенмен, қыз бен жігіттің арасы 15-20 метрдей болуы шарт. Арнайы белгі берілгенде олар алға шаба жөнеледі. Ойынның шарты бойынша жігіт қызды қуып жетуге міндетті. Қуып жеткендер, қыз бетінен сүюге мүмкіндік алса, жете алмай ұятты болғандар қыз қамшысымен жазаланады. Екеуі де осы жарыс үстінде өздерінің бар өнерлерін, ат үстіндегі шеберліктерін, тапқырлықтарын танытулары керек.

 

 

4.     https://el.kz/upload/storage_el/d8/d87d7a71dd40ad7896e469b538fa2ecb.jpgКүрес – тарихы тереңде жатыр. Жеке адамның білек күші мен айла-амалы бірге сынға салынатын дода түрі. Мұнда жігіттер кіммен қарсылас болса да, қайрат, жігерлеріне қоса шеберліктерімен жеңіп шығуға тиіс. Қазақша күрес күні бүгінге дейін сақталып, халықаралық аренаға шыққан ең танымал ұлттық сайысымыз. Бұл – қазақ халқының осы спорт өнеріне ерекше ден қойып, тәлімдік маңызын ұстап қалғандығының белгісі болса керек. 

 

 

 

 

5.     https://el.kz/upload/storage_el/eb/eb90c3a717899e4f93400911dd37be93.JPGАлты бақан – жастардың жиналып бас қосып, сауық-сайран, әуелеткен ән кешін сыйлайтын тамаша ойын кеші. Мұнда қатысушыларға шек қойылмайды. Бұл ойын далада, жазды күндері арнайы құрылған бақандарда өткізеді. Оны әзірлеу үшін  тербелетін тұғыр жасауға ұзындығы  3-4 метрлік  алты бақан және үш мықты арқан қажет болады. Айтылған алты бақан үш-үштен жерге төбелері түйістіріліп орнықтырылады да оған көлденең арқалық ағаш байланады. Ал үш арқанның ұшын сол көлденең  арқалыққа бекітіп қояды. Міне, осы дайындалған бақандарға қыз бен жігіттер алма-кезек ауысып тербетіліп, ән шырқап, қалғандары осы әнге қосылып керемет кештің көрінісін көрсетеді.

 

6.     https://el.kz/upload/storage_el/9d/9dc1ad0908c1285b59b3f3460ef9bdd4.jpgТоғыз құмалақ – бүгінге дейін өз дәрежесін ұстап тұрған ұлттық ойындарымыздың бірі. Тоғыз құмалақты төрт бұрышты тақтада  ойнайды. Тақтаның екі қатарға тоғыз-тоғыздан сопақша келген ұясы, әр қатар үшін бірден жасалған екі қазан болады. Олардың түсі екі бөлек. Әр ойыншыға 81-ден құмалақ беріледі. Олар ұяларға 9-дан орналастырылады. Ойын шарты: тоғыз құмалақтың партиясы ақ пен қараның кезектесіп отыратын жүрісінен тұрады. Ойынды бастаушы адам өзінің кез келген ұяшығында бір құмалақты қалдырып, оларды сағат тіліне қарсы жақтан бастап  ұяларға салып шығады. Егер ең соңы құмалақ түскен бәсекелестің ұзындығы тас саны жұп болса, онда ойыншы сол ұядағы құмалақты түгелімен, өз қазанына аударып алады. Ойын барысында ойыншылардың біреуінің ұясында 2 құмалақ қалып, оған қарсыласы ең соңғы тасын салып үлгерсе, ол үш тасты түгел алады да, ұя ойын аяғына дейін «тұздыққа» айналады. Бұдан кейін сол ұяға түскен тастар «тұздық» иесінің қазанына  көшеді. Қазанына жалпы 82 құмалақ жинаған ойыншы жеңіске жетеді.

7.     https://el.kz/upload/storage_el/3c/3c3516ab10d00715724cbe28af1986b0.jpgҚыз кәде - бұл ойында ұзатылатын қыздың жеңгелері мен күйеудің қосшылары тартысқа түседі. Ойынды қыз жағының жеңгелері бастайды. Олар «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу жоқ» деп жол-жора жасаттырады. Екі жақ әзіл-қалжың қағыстырып, өнер жарысына түседі. Кейбір аймақтарда ұзатылғалы отырған қызды үйден кілемге салып көтеріп алып шығып, дәл аттанар сәтте ойынды бастайтын болған. Ал Қазақстанның кейбір өңірлерінде «қыз кәде» қызды аттандырудан бір күн бұрын өткізілген.

 

8.     https://el.kz/upload/storage_el/08/081ec7cf95228b8b061d6729415f37dc.jpgАсық ойыны - асық ойынын ер балалар ойнайды. Асықтың ең маңыздысы – сақа. Бір-біріне қарсылас болып екі бала немесе бірнеше бала екі топқа бөлініп сайысады. Ойынның негізгі шарты – бір-бірінен асықты көбірек ұту. Асықтың үштабан және алтыатар деген кең таралған екі түрі бар. Үштабан ойнау үшін жерге көлденең сызық сызылып, оған әр ойыншы бір бірден арасын сирек етіп кеней тігеді. Ойынға қатысушылар сақасымен тігулі кенейді атып, үштабан сызылған жерден асырып жіберуі керек, үштабаннан кеней шықпай қалса, сол секілді сақа тимей қалса ойынды келесі ойыншы бастайды.

Ал алтыатар ойынында кенейлермен қатар, сақасы шықпай қалған баланың сақасы шетіне қосылып тігіледі. Кімде кім сол сақаны жұлып кетсе жерде қойылған барлық кенейге иелік етеді. Бір кенейді жұлып кеткен бала құлатқан олжаны ғана қанағат тұтады. Әр ойыншыға алты рет кезек беріледі. Алты кезектен кейін шетте тұрған сақа аман қалса, кенейлер сол балаға беріледі.

 

Орындаған: Токишева Жазира


Көкпар – көптің көзайымына айналған ат пен жігітті сынға салатын тартыс түрі

Көкпар – көптің көзайымына айналған ат пен жігітті сынға салатын тартыс түрі

Мәреге 300 метр жетпейтін тұстан қыз бен жігіттен құралған жұптар жарысқа қатысады

Мәреге 300 метр жетпейтін тұстан қыз бен жігіттен құралған жұптар жарысқа қатысады

Алты бақан – жастардың жиналып бас қосып, сауық-сайран, әуелеткен ән кешін сыйлайтын тамаша ойын кеші

Алты бақан – жастардың жиналып бас қосып, сауық-сайран, әуелеткен ән кешін сыйлайтын тамаша ойын кеші

Ойынды қыз жағының жеңгелері бастайды

Ойынды қыз жағының жеңгелері бастайды
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.12.2020