Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері
Оценка 5

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Оценка 5
Исследовательские работы
docx
история
11 кл
11.05.2018
Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері
Ұлы Жеңісті дәріптеу, Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен Мухаметжан ата ерлік істерін, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі – өнеге тұту, бүгінгі өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп насихаттау. Тәуелсіздік алғанымыздың себепкерлерін ұмытпау. 1. Батыр Мухаметжан ата туралы халық арасындағы әңгімелер мен көз қарттардың естеліктерін жинақтау. 2. Батырдың ерлік істеріне қатысты ақтандықтардың ақиқатын танып зерттеу. 3. Мухаметжан атаның архивте қалған құжаттарын жинақтап, баспасөзде жарияланған материалдарын жинастырып, оған ғылыми дәйектермен талдау жасау.
Тоқтыбаева Анель_Отан деп соққан жүрегі.docx
МАЗМҰНЫ   1 Кіріспе.................................................................................................... 2 Зерттеу нәтижесі және оны талқылау................................................. 3 Тұжырымдау.......................................................................................... 4 Қорытынды............................................................................................ 5 Библиографиялық тізім........................................................................ 6 Қосымша................................................................................................ 2 4 5 11 11 12 1 Кіріспе Тақырыптың мазмұнымен, өзектілігімен сипаттамасы. «   ­   Ұлы   Отан   соғысының   қаһарлы   күндері   алыста   қалса   да   Жеңісті жақындатқан  біздің аға буын қаһармандарымыздың  ерліктері  келер ұрпақтың жадында мәңгі сақталатын болады.» [1, 68 б.] ­ дейді президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев. 1941 жыл – Ұлы Отан соғысы басталған сұрапыл жыл. Сол қарғыс атқыр сұм   соғыс   өшпес   қайғы   қалдырды.   Қаншама   халық   түнде   ұйқыдан,   күндіз күлкіден   айырылды.  [2,  19   б.]   Еңіреп   елжереген   аналар,   әкесінен   айырылып, бозторғайдай шырылдаған балалар, қайғы мен қасіретке душар болған қаймағы бұзылған   қалың   қазақ   елі.   Қаншама   батыр   ардагерлеріміз   және   де   олардың белгілі батырлық ерліктері бізге беймәлім күйде қалды.   Бұл   ғылыми   жұмыста   Целиноград   ауданының   Кос­Шоқы   ауыл топырағының төл тумасы ел қорғаны, екі соғыстың батыры менің атам туралы сөз қозғағым келеді. (№ 1 қосымша) Ғұмыр жолы, ол өмір сүрген кезеңі туралы баяндалады. Атам тарихта Ұлы Отан соғысының ардагері деп тарихта қалған. Сол себебтен мен оның батырлық ерлігін зерттеп көрсеткім келеді. Тақырыптың мақсаты мен міндеттері.  Ұлы Жеңісті дәріптеу, Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен Мухаметжан ата ерлік істерін, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі – өнеге тұту, бүгінгі өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп насихаттау. Тәуелсіздік алғанымыздың себепкерлерін ұмытпау.  1. Батыр   Мухаметжан   ата   туралы   халық   арасындағы   әңгімелер   мен   көз қарттардың естеліктерін жинақтау. 2. Батырдың   ерлік   істеріне   қатысты   ақтандықтардың   ақиқатын   танып зерттеу. 2 3. Мухаметжан атаның архивте қалған құжаттарын  жинақтап, баспасөзде жарияланған   материалдарын   жинастырып,   оған   ғылыми   дәйектермен   талдау жасау. Зерттеу   барысында   төмендегідей   әдебиеттер   сарапталып пайдаланылды. Ғылыми   жобаға   негіз   ретінде   Қазақстан   Республикасының   Елбасы Нұрсұлтан   Әбішұлы   Назарбаевтың   «Тарих   толқынында»   еңбегі,   Целиноград аудан   мұрағатының   құжаттары,   Гречко   А.,   Битва   за   Кавказ,   Аманжолов   К., Тасболатов А., Екінші дүниежүзілік соғысы, Қазақстанның әскери тарихы атты енбектерін пайдаландым.  Зерттеуді   өткізу   орны   мен   уақыты.  Ғылыми жоба Астана қаласының № 58 мектеп – гимназиясында зерттеліп, жазылынып, бір жүйеге келтірілді. Бірінші кезеңде (2014- 2015) зерттеу тақырыбы таңдап алғаннан кейін Мухаметжан ата батырдың туған жерінде болып, өніп өскен балалық, жастық шағы өткен жерде болып, туысқандарымның, ауыл ақсақалдар көне көз қариялардың әңгімелерін естіп этнографиялық мәдени – танымдық деректерімді толықтыра түсіп, осы проблема бойынша тарихи жұмыстарға талдау жасалынды, зерттеудің теориялық негізі анықталды. Ақмола обласының, Целиноград ауданның әкімшілік мұрағатында Екінші кезеңде (2015 ж.) өлкетану жұмыс жүргізілді. жұмыстары жүргізіліп, жұмыс тәртібі ретеліп, тәжірибелік жұмыстың нәтижелері жинақталып, қорытындыланып, бір ізге түсірілгенен кейін қоғамдық талқылауға салынды. Зерттеу ауданына қысқаша сипаттама Кос­Шоқы ауылы Ақмола облысында, Целиноград ауданында орналысқан. Соғысқа дейін бұл ауыл Кос­Шоқы станциясы деп аталған. Бұл ауыл 1937 жылы 3 құрылған.   Астана   қаласынан   55   шақырым   жерде   орналысқан.   Бұл   ауылда   9 жылдық   мектеп   бар.   Мектепте   ауылдан   шыққан   ардагерлеге   арнайы   тарихи бұрыш жасалған. Зерттеу әдісі Зерттеу   жұмысында   сипаттау,   туысқандарымның,   көне   көз   қариялардың ауызекі   әңгімелеріндегі   керекті   деректерді   жазып   алу,   пайдалану,   тарихи­ салыстырмалы   талдау   жасау,   деректанулық   талдау,   жинақтау,   жүйелеу,   т.б. ғылыми­практикалық әдістер қолданылды. Зерттеу нәтижесі және оны талқылау ХХ ғасырдың ең алапат соғыстардың бірі – екінші дүниежүзілік соғысқа ата,   аға,   әкелеріміз   белсене   қатысты.   Қазақ   жауынгерлері   көп   ұлтты   Кеңес Одағы әскерлерінің арасында ерекше ерлігімен, қайтпас қайсарлығымен көзге түсті. Бұған дәлел ретінде КСРО–ның басына ең ауыр күн туған 1941 жылы Мәскеуді қорғауда қазақстандықтардың айрықша табандылық танытқанын, 1945 жылы   Берлинге   Жеңіс   туын   тіккендердің   де   алдыңғы   сапында   қазақтардың болғанын айтсақ жеткілікті. [3, 14 б.] Бірақ сол алапат соғыс каһармандарының бәрінің бірдей ерен ерлігі бізге жетті ме?  Сол   себептен   осы   жұмысты   зерттеуді   қолға   алып   Мухаметжан   атамның туған өлкесіне, яғни, Целиноград ауданындағы Кос­Шоқы ауылына бардым. Бұл жерде,   туысқандармен,   көне   көз   қарттармен,   ауыл   адамдарының   айтқан әңгімелері естеліктерін дәптереме жазып алдым. Кейіннен оны сараптап, керекті мәліметтерді зерттеу жұмысыма пайдаландым.   Екінші бір сапарым Целиноград ауданына бардып, сол жердегі мұрағатқа рұқсат алып, атамның кейбір құжаттарын іздестіріп, зерттеуді жасадым.  Үшінші   зерттеу   жұмысым   елордадағы   кітапханаларға   барып,   ондағы әдебиеттер, тарихи шығармалармен жұмыс жасап, атамның сол кездегі болған шайқастар туралы жинақтап, өз жұмысымда кәдеге жараттым. 4 Зерттеу   жұмысымды   аяқтағаннан   кейін   2015   жылы   мектепте   оқушылар арасында   өткен   ғылыми   жобалар   сайысына   ұсынылып   онда   женімпаз   деп танылып атам Мухаметжан туралы көпшілік арасында баяндама жасап жарыққа шығардым.  Белгісіз   батырдың   белгілі   ерліктерін   зерттеп,   зерттелген   жұмыстың барысын бұрын ешкім білмей келсе, оқушының ізденімпаздығының арқасында біршама деректер мен мәліметтер жиналып, оқушылардың назарына талқылауға ұсынылды. Осы талқылаудың қорытындысы бойынша, атам Мухаметжан ерлік істері,  халқына  сіңірген   өлшеусіз  еңбегі,  отансүйгіштік  қаһармандығы  бүгінгі тәуелсіз қазақ елінің өскелең ұрпақтарының бойына патриоттық рухты сіңірері хақ.   Біз   осындай   тарихи   тұлғаларымыздың   қаһармандық   ерліктерін   кейінгі ұрпаққа үлгі етіп жан – жақты  насихаттау арқылы 2050 «Мәңгілік ел» идеясына қол жеткізе аламыз. Әрине, мұны біз зерттеу жұмысымыздың нәтижесі деуімізге болады. Тұжырымдау Отанымызға  аса зор қайғы мен қасірет әкелген, ананы – жесір, баланы   аяулы   қыздарымыздың   қаншама   бауырларымыздың   қыршын, жетім, қызғалдақтай өмірлерін солдырған алапат соғыс біткелі, міне 70 жыл өтіпті. Қаһарлы   қырықыншы   жылдар   бұдан   әрі   тарих   қойнауына   кетіп,   Ұлы Жеңістің тірі куәгерлері азайып барады. Бірақ олар жөнінде естелік өшпейді. Осы   мамыр   айының   күндері   тірі   қалған   ардагерлердің   жүректерінде   және әкелері мен аталарының әңгімелері бойынша сұрапыл соғыс жайында естерінде қалған. Әлі күнге дейін түні бойы олардың түстеріне жауларының шабылдары мен өмірге қайта келмейтін жандар кіреді. Тарихшылардың санауынша, соғыстың 1418 күн ішінде әр 6 секунд сайын бір   адамнан   қайтыс   болып   отырды.   [4,   43   б.]     Біздің   барша   халқымыз   үшін жасалған олардың ерлігінің ұмытылуы мүмкін емес.  5 Бұл соғыс қанша жандардың жанын алып кетті. Қаншама белгісіз батыр ардагерлеріміздің ерліктері белгіз қалды. Мен   біз   мақтан   тұтатын,   менің   атам     ­   1919   жылы   туған,   Павлодар қаласының,  Жетінші  ауылдың  тұрғыны,  екі  соғыс  совет­фин   және   Ұлы  Отан соғысына қатысқан ардагер Тоқтыбаев Мұхаметжан атам жөнінде сөз қозғағым келіп отыр, ол неміс басқыншыларынан Отанды қорғай отырып өзінің солдаттық парызын толыққанды өтеді. Өкінішке орай, атамды көре алмадым, ол 1989 жылы дүниеден озды. Бірақ әкемнің және туысқандарымның айтуы бойынша, сонымен қатар сақталған құжаттардың көмегімен, мен атамның өмірінің кейбір сәттерін қалпына келтірдім. Қандай   отбасында   дүниеге   келгені   туралы   мағлұмат   жоқ.   Отбасында   3 ағайынды болған туралы әкемнен мәлім. Туыстарымның айтуынша, атам ата – анасынан ерте айырылып қалған. Екі түрлі дерек бар: 1. Ашаршылық кезде ата – анасынан айырылды. 2. Қуғын – сүргін уақытында, бала кезде интернатқа түсті.  Атамның   өмір   сүрген   жылдары   қиын   болған.   Ол   тек   қана   4   сыныптық білімін алған. Не бәрі 20 жасында, 1939 жылдың 26 қарашада Шортанды ауданның әскери комитетінің бұйрығымен Қенес Одағының әскеріне шақырылып, соғысқа атанды. (сурет № 1) 1025 – қор, 1­тізім, 5 – іс 6 Сурет № 1 Анықтама Сол   уақытта   жан   түршігетін   совет­фин   соғысы   болып   жатты,   кейбір деректерде ол қысқы соғыс деп аталды. Бұл соғыс жөнінде атам өз балаларына сол бір қиын және ерлік жасаған уақытты сараңдықпен әңгімелеген. Ең ауыр болған   осы   соғыс,   жан­жақтан   оқтар   гуілдеп,   «жолбарыстар»   жорғалап, бомбылар атқылаған   оны ештеңемен салыстыра алмайтын кезең болды. Бірақ олар соның бәріне шыдап, өздеріне сенді. 1940   жылы   соғыс   аяқталғанан   кейін   үйге   оралады.   Қорқынышты   қанды шайқас, бомба – автомат дыбыстарын енді ғана ұмыта бара жатқан атам 1941 жылғы   қайтадан   Кеңес   одағының   бұйырығымен   соғысққа   алып   кетеді.   Бұл соғыста атам гвардия сержанты атағымен жаяу әскер қатарында болып, өзінің борышын орындады. Менің атам Белорусия, Украина, Польша соғыстарында 20 астам қалаларды босату кезінде де қатысқан. Атамды марапаттаған құжаттар бойынша ұрыстың көп бөлігін Кавказ соғысында өткізген. 1944 ж. Феодосия, Севостополь қалалары (сурет № 2), Карпат Жотасын (сурет № 3), Керчь және Ялта   жерлерін  (сурет   №   4)  босатқан   кезіндегі   соғыс   еңбектері   үшін   Кеңес Одағының   Жоғарғы   Басқолбасшы   Маршал   Сталиннің   бұйрығымен   берілген куәлік пен медальдармен марапатталды.    1025 – қор, 1­тізім, 5 – іс                                 1025 – қор, 1­тізім, 5 – іс 7 Сурет № 2 Куәлік Атамның әскери жолы оңайға соққан жоқ, ол үш рет өлім астында болып, үш рет одан құтыла алды. Алғашқы рет атылған бомбадан оны топырақпен көміп тастап,   үш   күннен   кейін   солдаттармен   табылған,   бұл   Феодосия   қаласын бомбылаған уақытта болған оқиға. Екінші рет – Мұхаметжан ата майданға азық­түлікті апара жатқан кезінде машиналардың бірінің соқтығысуы кезінде болған. Сол кезінде ол есінен танып, бас жарақатын алған. Әскери инспекция оны өлген деп санап «өлгендер» белгісі бар машинаға салады. Дегенмен, біраз уақыттан соң Мұхаметжан ата өз­өзіне келген кезінде солдаттар таң қалады.  1025 – қор, 1­тізім, 5 – іс 8 Сурет № 3 Куәлік Үшінші   жағдай,   Карпат   Жотасын   босатқандағы   соғыс   жағдайларында болған оқиға. 17 адамнан құралған автоколлона минасы бар алаңды байқамай үстін басып өтеді. Минадан жарылған машина бірнеше секунд ішінде сыртқа тасталады. Рөлде отырған солдат екі қолын бірден жоғалтады, ал атам сол жақ аяғынан   тізесіне   дейін   айрылады,   нәтижесінде   оған   сол   жерде   алғашқы медициналық жәрдем көрсетіліп, ұйықтатусыз аяғына ампутация жасайды.  Оны ессіз күйде жақын ауруханаға жеткізіп, ол онда 5­6 ай аурухана төсегінде жатып шығады. Сөйтіп, ол өлім астынан қалып. Әрбіріміздің аталарымыз Отан қорғау жолында жанын пида етіп, майдан алаңына  бірі қолын, бірі аяғын қалдырды. Мұхаметжан   атамна   жауының   жеңіліске   жеткінін   көру   мақсаты   мен жігерлігі өмірге оралуға күш берді. Отанымызға Мұхаметжан ата соғыс аяқталған соң келді, одан бір жылдай емделу курстарынан өтті.  Емделгеннен   кейін   мүгедек   болуына   қарамастан   Мұхаметжан   ата   1946 жылы 1 қаңтарда әжеме Муктубаева Дәметкенге үйленді. (№ 2 қосымша) Олар сол   қиын   уақыттарда   сегіз   баланы   тәрбиелеп   өсірді.  Дәметкен   әже   Жоғарғы Совет   СССР   Президиумының   жарғысымен,   ҚазССР   Жоғарғы   жарғысымен «Материнства   медалімен»   екі   рет     марапатталды,   оған   сақталған   құжаттар дәлел. (№ 3 қосымша) 9 1946­1971   жылдары   Мұхаметжан   ата   Целиноград   ауданының   Кос­Шоқы ауылында күзетшіден бастап, шопырлыққа дейін де жұмыс жасаған. 1971 жылы жасына қарай еңбек демалысына шықты. Жыл сайын 9 мамыр Жеңіс күні атамды құрметтеп мараппатады. (№ 4, 5, 6, 7 қосымша) 1025 – қор, 1­тізім, 5 – іс Сурет № 4 Куәлік Еңбек   демалысына   шыққаннан   кейін   өмірінің   сонына,   яғни   1989   жылға дейін балаларын тәрбиелеп, үйлендіріп, немерелерін еркелетіп өсірген. Әкімнің айтуынша атам оларға бала кезінен Абылай хан, Қобыланды батырдың, Алпамыс батырдың   аңыздарын,   әңгімелерін   оқыған.   Бала   кезінен   батырлыққа, патриотизмге үйреткен. Ал өзінің соғыстағы ерлігі туралы атам аса көп айтқан емес. Сондықтан тек қана қалған құжаттардан зерттеп, атам қай жерде және қандай батыр болғанын айтуға болады. Әлі де көптеген зерттеулерді ғылыми жетекшіммен   жасаймын.   Апамның   айтуынша,   Мұхаметжан   атамды   құрметті қонақ ретінде Мәскеудегі  ВДНХ­ға (дүниежүзілік көрме) екі рет шақырды.  1977   жылы   24   тамызда   Еңбекқор   депутаттар   кеңесі   Целиноградтық облыстық Атқарушы комитетінің бұйрығымен Мұхаметжан ата Отан алдындағы еңбегі үшін қолмен жүргізетін «Запорожец» автокөлігімен марапатталды. (№ 8 қосымша)  10 Мұхаметжан   ата   –   мейірімді   және   ақ   көңіл   адам   болған.   Өте   еңбекқор болатын.   Өмір   сүрген   жерінде   аса   құрметті   кісі   болған.   Әрқашан   кішісі   де үлкені де ақыл кеңестерді сұрап жүрген. Ұздар жылдар бойы адал еңбегі үшін КСРО­ның Жоғарғы Кеңес Үкмет Президиумның атынан атқарушы комитетінің шешімі бойынша Тоқтыбаев Мухаметжан – ата 31 наурызда 1977 жылы «Ветеран труда» атты медалімен марапатталды. (№ 9 қосымша)  Барлық оның балалары, немерелері және шөберелері әрқашанда есімізде сақтап, атамызды үнемі мақтан тұтамыз.  Атам   мен   әжемнің   балаларын   тәрбиелеп   өсірген   қарашаңырағы   әлі   де сақталған. Целиноград ауданының Кос ­ Шоқы ауылында соғыстан кейін өмірін сол жерде өткізген және де сол жерде атам да әжем де жерленген. Жыл сайын біз отбасымен зираттарына баруды ұмытпаймыз. Көбіне атам туралы ауызша мәліметтер ғана қалған. Барлық құжаттарды мен Целиноград ауылындағы әкімшілігінің мұрағатынан іздестіріп жинақтадым. Аз болса да, атамнан қалған деректерді жинақтап арнайы альбом жасадым. (№ 10   қосымша)  Атам   туралы   деректер   аз   болса   да,   мен   әлі   де   ғылыми жетекшіммен зерттеулерді өткіземін.   Қорытынды Айбарлы   жылдардың   бір   де   бір   күні   біздің   құрметті   ардагерлерімізбен ұмытылмаған,   сол   жылдар   қаншама   қайғы­қасірет   әкелді.   Олар   өшпес батырлықтың   бағасымен   біздің   халқымызға   жеткен   Жеңіс   Күнін   ерекше жылулықпен қарсы алады.  9  мамыр  –   ерекше   күн.   Сол   жылдардағы   қайғылы   оқиғалардың   адамзат жадынан өшпегені қандай жақсы. Соғыс әкелген қаншама тауқыметтерді естен шығармасақ, әлемде бейбітшіліктің орнауына күмән жоқ.  11 Қорытындылай   келсек,   әлі   де   болса   Ұлы   Отан   соғысында   ерен   ерлік көрсеткен  аталарымыз бен әжелерімізді түгендеген жоқпыз. Яғни, жыл сайынғы Ұлы   Жеңістің   мерекелерінде   соғыстағы   ерліктерімен   белгілі   болған батырлармен   қатар,   белгісіз   батырларымызды   да   анықтауға   барынша   назар аударсақ демекпіз. Ұлы Отан Соғыс ардагерлеріне алғысымыз шексіз Тәуелсіз мемлекетте,   бейбітшілікте   өмір   сүруіміз   олардың   арқасында   ұмытпауымыз керек. Батыр ардагерлеріміз Қақстанның тәуелсіздігі үшін бірінші кірпіштерін салған,   ендігі   келесі   кірпішті   салу   біздің   қолымызда   екенін   ұмытпайық. Қазақстанның болашағы ендігі біздің, жас ұрпақтын қолында. Библиографиялық тізім 1. 2. 3. 4. 1999 жылы. 5. Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында». Астана 1997 жылы. Аманжолов К. «Екінші дүниежүзілік соғыс,» Алматы 1995 жылы. Гречко А.А. «Битва за Кавказ. Москва, Воениздат,» 1967 г. Аманжолов К., Тасболатов «А., Қазақстанның әскери тарихы,» Алматы Целиноград ауданының Малиновка ауылының мұрағатының құжаттары. Қосымша № 1 Тоқтыбаев Мұхаметжан ата – соғыс ардагері 1919­1989 жж. 12 (Отбасылық альбомнан) Қосымша № 2 Атам және  әжем 1946 жылы некеге тұрды 13 Қосымша № 3 Әжем Муктубаева Даметкен «Медаль материнства» Қосымша № 4 Куәлік 14 1025 – қор, 1­тізім, 5 – іс Қосымша № 5 Куәлік Қосымша № 6 Куәлік 15 Қосымша № 7 Куәлік 16 17 Қосымша № 8 Анықтама 1025 – қор, 1­тізім, 5 – іс Қосымша № 9 Куәлік 18 Қосымша № 10 Тоқтыбаев Мухаметжан атаға арналған естелік альбом 19 20

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.05.2018