ҚМҚҰ. Тіл дамыту. Экология
Оценка 4.7

ҚМҚҰ. Тіл дамыту. Экология

Оценка 4.7
Домашнее обучение
docx
администрации
Детсад
21.04.2019
ҚМҚҰ. Тіл дамыту. Экология
Публикация является частью публикации:
Жаңа жыл.docx

Құтты болсын жаңа жыл!


Балалар  әуен ырғағымен бірінің соңынан бірі кіріп әсем шыршаны жағалай тұрады.
Жүргізуші:  Құрметті ,ата-аналар,  тәрбиеленушілер  көптеп күткен мерекеміз жаңа жылда келіп жетті. Биылғы жаңа жыл баршамыздың отбасыларымызға бақыт, береке, ынтымақ алып келсін. Сіздерді «Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз».

Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық, баршамыз.
Тақпақ айтып, би билеп,
Жаңа жылды бастайық.
Жүргізуші: Сендер бүгін әдемі болып кетіпсіңдер. Ал бүгін қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл

Ән: «Жаңа жыл»

Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, ата-аналарымыз, көптеген қонақтар бар. Бізге мерекеде кім жетіспей тұр.

Балалар: Аяз ата мен Ақшақар.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар.олай болса «Аяз ата, Ақшақар» деп бар даусымызбен шақырайық.

Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле - шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным - ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба өзі?
Ақшақар Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: Қызым - ау, не айтып тұрсың!
Қарашы, біз тойға келдік!
Кәне, балалармен амандасайық.
Аяулы аналарға, ардақты ұл - қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
Балалармен амандасады
Аяз Ата: Рахмет, рахмет балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер. Ақшақар басын көтермей тұрады/.
Аяз Ата: Қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен.
Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
Сол кезде Ақшақар жылап тұрып
Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым!
Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен - ақ өзімнің таяғыммен жағамын немесе балалар бір тақпақ айтып беріңдерші.

Абылай:

Жаңа-жылмен, жаңа-жылмен

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрінде!

Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Жүргізуші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Жүргізуші: Бір жерде жатқан болар.  Кәне, балалар, іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер. Аяз Ата Ақшақарды қасына шақырып, шыршаның шамдарын жарқыратайық.

Балалар: Қуант бізді, таңырқат,

               Шамдарыңды жарқырат. Үш рет қайталау.

 

Нұрым:

Оралды өлкеме

Жаңа жыл, армысың!

Оранды ақ көрпе

Асқар тау, қарлы шың.

Ән: «Аққала»

Ислам:

Міне тағы келіп тұр

Жаңа бір жыл балалар

Жадыратып жер үстін

Төрімізге ол шыққан.

Қыздардың орындауында би.

Бір кезде шыршаның артынан шығып бір қыз жүреді, өзі қызыл болып киініп алған кім екен.

Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме балалар.

Жүргізуші: Сен мында не істеп жүрсің?

Қызыл Телпек: Қыдырып жүріп сендердің жаңа жылдарына келіп қалыппын ғой.

Жүргізуші: Қош келдің.  Аяз ата мен Ақшақардың жанына барып отыр ғой.  Біздің балалардың өнерлері бар тамашалайық.
Мейірлан:

Бір топ бала сырғанап,

Би билейік, зырлайық.

Қалды артта қар алып,

Іздерінен қар ұшып.

Исламбек:

Жасыл шырша орманнан

Бізге арнайы келіпті

Ойыншығын балалар

Шыршаға әсем іліпті.

Айзере:
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған

Ән «Зырлайды шанамыз»
Жүргізуші:ендігі кезекті  ойынға берік.

Ойын: «Кім жылдам» ойын шарты екі ұл мен екі қыз шығады. Вальс биін билейді. Сосын музыка тоқтағанда  кім бірінші гүлді алып өз билеген қызына береді, сол жеңіске жетеді.

Ұлдардың орындауында «Гномдар» биі.
Ақбота:

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.

Ата-анамен ойын:
«Кім көп қар түйіршігін жинайды?" ойын ойналады. Ойынның шарты екі ата-ананы көзін байлап шығарамыз.

«Балдырған» тобының орындауында ән «Шыршаға бардық»

Аяз Ата: Балалар мен сендерге сыйлықтар алып келдім. Аяз ата мен Ақшақар балаларға сыйлық таратады.
Аяз - Ата:
Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді). Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші:  Құрметті ата-аналар мен қонақтар! 2019 - шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды.

 Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.

 Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Мектеп басшыларына сөз беру. Ата-аналардың бүлдіршіндерге құттықтау сөздері.


 

Балалар әуен ырғағымен бірінің соңынан бірі кіріп әсем шыршаны жағалай тұрады

Балалар әуен ырғағымен бірінің соңынан бірі кіріп әсем шыршаны жағалай тұрады

Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз

Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз

Жаңа жылда келеді Бізге қарай жылыстап

Жаңа жылда келеді Бізге қарай жылыстап
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.04.2019