Мамандықтың бәрі жақсы
Оценка 4.8

Мамандықтың бәрі жақсы

Оценка 4.8
Документация
docx
воспитательная работа
Детсад
20.01.2019
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы. Ашық сабақ. балабақша. Ерте жас тобы. Бөбекжай. Мамандық. Дәрігер, мұғалім, өрт сөдіруші, электрик, мейірбике, о ри с п ормм ррим оомм. Рмм рмм ррр ррь ом отим роиим оотт ьььбб оот ооо от о о одж лддр
Мамандықтың бәрі – жақсы.docx
Өтілетін күні: 29.11.2018 ж. Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Бөлімі: Тақырыбы: Мақсаты: «Коммуникация» Сөйлеуді дамыту Мамандықтың бәрі – жақсы. Білімділігі: Балаларға мамандықтар туралы түсінік беру. Әр  мамандықтың өзінің қызығы мен қиындығы болатынын түсіндіру. Тәрбиелігі: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Дамытушылығы: Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Слайд, мамандықтардың суреттері, дидактикалық ойындар. Шаттық шеңбері, әңгімелеу, түсіндіру, ғажайып сәт, сұрақ­жауап,  дидактикалық ойындар. Керекті құралдар: Әдіс­тәсілдері: Балалардың іс­ әрекеті Балалар шаттық  шеңберін орындайды. – Күз – Қараша – Қыс мезгілі – Желтоқсан, қаңтар,  ақпан Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс­әрекеті Мотивациялық­   қозғаушы Ұйымдастыру­  іздену Күннің көзі ашылып, Көктен шуақ шашылып, Құтты қонақ келіпті. Төрімізге еніпті. Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой. Ал, кәнекей бәріміз Сәлем дейік үлкенге.   – Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?  – Қазір күздің қай айы?  – Күз мезгілінен кейін жылдың қай мезгілі  басталады?  – Қыс айларын атайықшы. Слайд. Ал, енді бүгін ашық оқу қызметіміздің  тақырыбы «Мамандықтың бәрі жақсы» деп  аталады. Мамандықтың түрлері көп: дәрігер,  мұғалім, ұшқыш, тәрбиеші, құрылысшы,  шаштараз, жүргізші, аспаз, әнші, биші,  журналист, т.б. көптеген мамандықтар бар. Мамандықты дұрыс таңдай білу керек. Қалаған мамандықтың иесі болу үшін еңбексүйгіштік  пен білімділік қажет. Үлкен өнер мен зор  шеберлікті қажет етеді. Мысалы: Шаштараз – бұл мамандық иесі адамдардың  шаштарын қиып, әнін келтіреді. Дәрігер – ақ қалатты абзал жан, адам  баласының арашасы. Емдейді, шипасын  тигізеді. Мұғалім – әріп үйретіп, білім нәрімен  сусындататын абзал адам. Аспазшы – дәмді тағам пісіретін маман иесі. Тігінші – киім тігетін маман иесі. Құрылысшы – зәулім ғимараттар, қабат үйлер  салатын маман иесі.  Міне, мамандық иесінің өзіндік ерекшелігі, әр  маманның өзіне тиесілі жұмыстарымен,  шеберліктерімен ерекшеленеді. – Сонымен балалар, жақсы маман болу үшін  қандай болуымыз керек екен? – Экраннан слайд көрсету сендерге ұнады ма,  балалар? Сергіту сәті: «Бала, бала, балапан» – Жарайыңдар, балалар! – Ал, енді мамандық иелеріне арналған  тақпақтарыңды айтыңдаршы, балалар. Ақылбек:  Отанның ұланын Балаған мұғалім. Өзіңсің ағытқан Білімнің бұлағын. Аманқос: Тіс ауырса, іш ауырса Анам дәрі береді. Барлық адам, барлық бала, Оны жақсы көреді. Жаннұр: Емес оның жәй ісі, Қолда тарақ, қайшысы Апамның бес саусағы Шашты қырқып таусады. Әлихан: Тыңдауышы – мойнында, Өлшеуіші – қолында Ақ халатты дәрігер  Әрқашанда орнында. Дамир: Бала, бала, баламыз, Бақшамызға барамыз, Көп танымды үйреткен Тәрбиешімізге мың алғыс. Назгүл: Аспазшымыз ақ жүзді, Келбетті де, мейірімді. Бізге тамақ әзірлер,   Тамақтары тәп­тәтті. – Жарайыңдар, балалар! Мамандық туралы  жақсы тақпақтар айттыңдар. Дидактикалық ойын: «Кімнің құралы?» Балалар тақырыппен  танысты. – Еңбексүйгіш, білімді болуымыз керек. – Ұнады! Балалар  интербелсенді тақтаға  қарап орындайды Балалар тақпақтарын  айтады. Әр мамандық Шарты: Мамандық иелерінің қолданатын  құралдарын табу керек. (Дәрігер, аспазшы,  шаштараз, мұғалім т.б.) – Жарайыңдар, балалар! – Балалар, керемет тапқыр екенсіңдер. Ендеше, мен сендерге жұмбақтар жасырғым келіп тұр,  тауып көріңдерші: 1. Іш ауырса, тіс ауырса, бізге дәрі береді? 2. Тікті әсем киімді,     Дүкенге әкеп ілінді. 3. Тәп­тәтті тамағы,     Тамақтың маманы. 4. Тәртіп, заңды сақтайды,     Ел сенімін ақтайды. – Балалар, бүгінгі оқу қызметімізде қандай  мамандықтармен таныстық? Дидактикалық ойын: «Мен өскенде кім  болам?» Шарты: Мамандық иесінің фотосуреттерін  алып, өскенде қай мамандық иесі болатынын  айтып, мамандық иесін өз ғимаратына  орналатыру. – Жарайсыңдар, сендерге көп рахмет. Бүгінгі  оқу қызметіне белсене қатыстыңдар. Мадақтау, көтермелеу. – Сау болыңдар, балалар! иелерінің құралдарын  тауып көрсетеді. – Дәрігер – Тігінші – Аспазшы – Полиция Балалар сұрақтарға  толық жауап береді. Балалар таңдаған  мамандықтарын  ғимараттарға апарып  қояды. – Сау болыңыз! Рефлексиялық  түзетушілік Күтілетін нәтиже:  Біледі: Игереді: Меңгереді: Балалар мамандық түрлерін атауды. Мамандық иелерін және олардың құралдарын ажыратуды.  Мамандықтар туралы толық ақпаратты және мамандық таңдауды. «Боранқұл» бөбекжайы МКҚК Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі – жақсы» (ашық оқу қызметі) Өткізген: С. Маймолдиева 2018 жыл

Мамандықтың бәрі жақсы

Мамандықтың бәрі жақсы

Мамандықтың бәрі жақсы

Мамандықтың бәрі жақсы

Мамандықтың бәрі жақсы

Мамандықтың бәрі жақсы

Мамандықтың бәрі жақсы

Мамандықтың бәрі жақсы

Мамандықтың бәрі жақсы

Мамандықтың бәрі жақсы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.01.2019