Математика "10 саны және цифры"
Оценка 4.7

Математика "10 саны және цифры"

Оценка 4.7
Разработки курсов
docx
математика
Детсад
15.01.2018
Математика "10 саны және цифры"
Математика Сабақтың тақырыбы: 10 саны Сабақтың мақсаты: Білімділік: 10 саны және құрамымен таныстыру, 10 санын жазуды үйрету. 10 көлеміндегі қосу, азайту амалдарын орындау жолдарын түсіндіру. Дамытушылық : Оқушылардың оқу танымдық және ойын іс - әрекетін қатыстыру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін, ой - өрісін дамыту. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту. Тәрбиелік: Өзгені тыңдап, өз ойларын еркін айтуға тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру. Алға қойған мақсаттарына жетуге, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Қойлыбаева Бақыт.docx
ШҚО Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылы   «Тоғас батыр атындағы орта мектебі»КММ Даярлық сынып мұғалімі Қойлыбаева Бақыт Даярлық сыныбы       Математика Сабақтың тақырыбы: 10 саны Сабақтың мақсаты: Білімділік: 10 саны және құрамымен таныстыру, 10 санын жазуды үйрету. 10 көлеміндегі  қосу, азайту амалдарын орындау жолдарын түсіндіру. Дамытушылық : Оқушылардың оқу танымдық және ойын іс ­ әрекетін қатыстыру арқылы  пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін, ой ­ өрісін дамыту. Ойлау қабілеттерін  дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту. Тәрбиелік: Өзгені тыңдап, өз ойларын еркін айтуға тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын  арттыру. Алға қойған мақсаттарына жетуге, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу. Типі: Жаңа білім меңгерту. Түрі: танымдық сабақ Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойландыру, ойын т. б. Технологиясы: дамыта оқыту және сын тұрғысынан ойлау Көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырмалар 10 саны, кесте, үлестірмелер Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлем саған, алтын күн! Сәлем саған, көк аспан! Сәлем саған, достарым! Сәлеметсіз бе, ұстазым! Психологиялық дайындық. Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын, Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын. Ғылымдар патшасы боп дараланып,, Математика қызыққа тоймайтұғын. Кіріспе: ­ Балалар, жылдың неше мезгілі бар? ­ 4 жыл мезгілі бар. ­ Қазір жылдың қай мезгілі? ­ Қыс мезгілі. ­ Бұл кезде барлық баланың жақсы көретін қандай мейрамы келе жатыр? ­ Жаңа жыл мерекесі. ­ Жаңа жыл несімен қызықты? ­ Аяз Ата, Ақшақар, шырша. ­ Олай болса, математикадан алған білім ­ тірегімізге сүйене отырып ортадағы шыршаны  безендірейік. «Шырша безендіру» ойыны: Шарты: шыршада сандар ілулі тұр. Мен өрнектер топқа таратып беремін Санға сәйкес  өрнектің мәнін табасыңдар. Сыныпты 4 топқа бөлемін. Әр топқа ат қою. 1 ­ топ: «Тапқырлар» 2 ­ топ «Ойшылдар» 3 ­ топ «Білгірлер» 4 ­ топ «Алғырлар» XXI ғасырда Қазақстанды әлем танып өркениетті ел қатарына қосылды. Егемендік  алғаннан кейін еліміз 117 орынан 61 ­ орынға жылжыды. 50елдің қатарына қосылуды меже  тұтып отыр. ­ Еңселі 50елге ену үшін біз қандай болуымыз керек? ­ Білімді болу деген не? Дарынды тұлға өмірде кездескен қиындықты жеңе алады. Болашаққа қадам басқан еліміз  дамыған, білімді болуы тиіс. Бүгінгі сабағымызда біз де “Болашақ баспалдағымен”көтеріліп, білім шыңына шығу  арқылы білімімізді көрсетейік. Егеменді еліміздің туын желбірету арқылы өз үлесімізді  қосайық. Міне, біз де «Болашақ баспалдағының» шыңы Әр баспалдақтың тапсырмалары бар. Сол тапсырмаларға жауап беруіміз керек. ІІ. Қызығушылықты ояту Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Бесті беске қосқанда, Болады екен он саусақ. Оқушылар ойлана бастайды, болжалдайды. 10 саны туралы айтады. ІІІ. Мағынаны тану. 10 саны Оқулықпен жұмыс 1 ­ ден 10­ға дейін тура және кері санату. 10 санын жазып үйрету. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандары қандай сандар? 10 саны неше таңбадан құралған? Дұрыс, 10 саны екі таңбалы сан деп аталады. Жазылуын түсіндіру. Екі тор көзге жазылады, 1 оң жақ бөлікке, 0 сол жақ бөлікке жазамыз. 1. Ойлан, тап! 2. Біліміңді байқа! Салыстыр: 3>2 5 ­ 4=1 2<3 3 ­ 2=1 Сергіту сәті: Оңға, оңға, түзу тұр, Солға, солға түзу тұр, Алға қарай бір қадам, Артқа қарай бір қадам, Жоғары – төмен қараймыз. Орнымызды табамыз. 3. Ой қозғау Кім шапшаң? 123...... Сандарды ретімен ата. ІҮ. Ой тұжырым. Меңгере біл! Математикалық тест 1. 9­дан кейін тұратын сан. а) 7 ә) 10 б) 5 2. Кесіндіні тап. а) ә) б) 3. 9+1 өрнегінің мәні н тап. а) 10 ә) 9 б) 8 4. Өрнектің екінші қосылғышын тап. 2+4 = 6 а) 4 ә) 2 б) 6 5. Мұнда қандай сан қалып қойған? ­ 5= 5 а) 7 ә) 10 б) 8 Интерактивті тақтадан жауабын көрсетіп жұптық бағалау ұйымдастырылады. Балалар, міне «Білім шыңына» да жеттік. Өркениетті 50 елдің қатарына қосылуға бізде өз  үлесімізді қостық деп айта аламыз. Көк туды желбіретейік. Берілген тапсырмаларды  толығымен орындадық. Білімнің сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңына Ұқыптылық пен зеректілік, Жеткізеді сіздерді Математика сырына. Ү. Бағалау. Жеңімпаз топты байқау.  Әр оқушының жұмысын бағалап, мадақтау.

Математика "10 саны және цифры"

Математика "10 саны және цифры"

Математика "10 саны және цифры"

Математика "10 саны және цифры"

Математика "10 саны және цифры"

Математика "10 саны және цифры"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.01.2018