Математика. 1-ден 5-ке дейін санау.
Оценка 4.6

Математика. 1-ден 5-ке дейін санау.

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
математика
Детсад
27.01.2018
Математика. 1-ден 5-ке дейін санау.
Открытое занятие по математике для средней группы с казахским языком обучения. Тема разработки "Счет от 1 до 5". Ребята отправляются в увлекательное путешествие в страну знаний, где на их пути встречаются различные задания, которые надо решить. Только тогда они могут добраться до золотого ключика.
Сабақ математика.docx
Білім беру саласы: Таным. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы:1ден 5­ке дейін  санау. Мақсаты: 5Саны көлемінде реттік санау, сандық және реттік санауды  айра  білу (есептік және реттік санау), « қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс  жауап беру;қағаз бетінде бағдарлауға үйрету;заттардыңарасынан  геометриялық фигураларды  таба білуге үйрету; 5затты ұзындығына қарай  сәйкестіндіру, заттарды ұзындығының кемуіне және өсуіне қарай   орналастыру(заттың ішінен ең ұзынын(қысқасын) алу керек деген ережені  ұстану). Үлестірмелі материал: әр балаға ұзындығы  10­нан 2­сантиметрге дейін  біртіндеп қысқарып отыратын 5жолақша беру керек, пішіндер, сурет. Билингвальды компонент: бір­один, бес­пять, сопақша­овал. Балалар бүгін бізде ерекше күн, бізге көпапайлар келді. Балалар барлығымыз  жылулық шеңбер бойына тұрып қонақтармен амандасайық. Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылып, Құтты қонақ келіпті, Төріне міне еніпті, Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой, Ал қанекей бәріміз, «Сәлеметсіз бе,»дейік үлкенге, Сәлеметсіздер ме, апайлар! (балалар қонақтармен амандасады). ­ Балалар  қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі ­Күз мезгілінде неше ай бар? Үш ай бар:Желтоқсан, қаңтар, ақпан ­Бір аптада неше күн бар? Бір аптада жеті күн бар:дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі,  жексенбі. ­Балалар біздің оқу қызметіміз қызықты өту үшін мен сендерді математика  әлеміне саяхатқа шақырғым келіп тұр. Математика әлемінде әр түрлі тапсырмалар бар саларды орындауымыз  керек.Бірақ балалар осы тапсырмаларды орындасақ бізге алтын кілт сыйға  беріледі. Егерде осы тапсырманын барлығын орындасақ алтын кілт сыйға берілетін себебі,  математика сабағынан жақсы білен балаларға алтын кілт  табыс беріледі.Балалар, қараңдар қандай әдемі қорапша жатыр, қане ашып   көрейікші. ­Балалар қораптың ішінде тапсырма бар екен. 1­тапсырма:Үстелде жатқан цифралардың арасынан 3пен 4 сандарын  табындар және солар туралы тақпақ айтып беріңдер (тақтада жұмыс). Балалар 3 пен 4 цифрын тауып тақтаға іледі тақпақ айтады. Тақпақ: Екіліктен кейін қараңдар                3­саны шықты жарандар                Үшінші орын тұрағы                 3­ілмектен тұрады.                       Төрт ­атақты төрт түлік,                       Төрт түлікке тоқшылық.                       Жылқы, сиыр, қой, ешкі,                        Өсір бәрін көп қылып. ­ Балалар 1ден 5ке дейін санайды, кері санайды, орыс тілінде, ағылшын  тілінде санайды. ­Дурыс айтасындар бірінші тапсырманы орындадық.Ары қарай жүрейік  математика әлемі неткен қызық.  ­Балалар  қараңдар жерде әдемі хат жатқан сияқты, қане ашып көрейік.Ішінде тағы бір тапсырма бар екен. Балалар хаттың ішінде жолақшалар бар екен . 2­тапсырма: 5 жолақшаны ұзындығының кемуіне және өсуіне қарай бір  қатарға орналастыру. ­Жолақшаларды ең ұзынынан бастап ең қысқасына дейін қағаз бетіне жайып  қойындар.2­3 баланы шақырып, жолақты жоғарыдан төмен, төменнен жоғары  жылжыта отырып, өлшемін ретімен атауды сұраймын. Балалар  біз  тапсырмаларды орындап шаршаған сияқтымыз енді бойымызды сергітіп  алайық. Сергіту сәті: Бір аю келіп өкіріп,                         Екі қоян секіріп                         Үш ит келді үргілеп                         Төрт қасқырға секіріп                         Бес қозы қашып құтылып                         Қасқыр қалды тұтығып. ­Балалар бойымызды сергітіп алдық енді ары қарай жүрейік, алдымызда әр  түрлі пішіндер жатады. Бір пішіннің артында тапсырма бар екен. 3­тапсырма:Тіктөртбұрыштың ортасына шеңбер, оң жағына шаршы, сол  жағына үшбұрышыты орналастыруларын сұраймын. ­Тіктөртбұрыштағы пішіндер қалай орналасқан?  (үшбұрыш, шеңбер, шаршы). ­Дұрыс орналастырдындар балалар , жарайсындар. ­Балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойын: «Қоян қандай фигуралардан құрылған?» Балаларға жұмбақ жасырамын: Дөнгелек те, емес  Шеңбер де емес, Бірақ соған ұқсап тұр.Бұл не? (сопақша).Қоян қандай пішіндерден  құрылғанын сұраймын. ­Неше пішін  дөңгелек ?(2) ­Неше пішін сопақша?(5) ­Дурыс айтасындар балалар. ­Балалар  қараңдар мен бір сурет көріп турмын.Тәрбиеші балалармен бірге  суретті қарап шығады  және сурақтар қояды. ­Балалар, суретші мына суретті қай ертегіге арнап салған? ­Суретші «Қолғап» ертегісіне неше аңнын суретін салыпты? ­ Бұл ертегіде  бірінші болып кім келеді? ­Түлкі нешінші келді? ­Дұрыс балар сендер тапсырманы дұрыс орындадындар. Балалар, біз  тапсырманы дұрыс орындаған себебімізден мына қолғаптың ішінен бірнесе  шығып тұрған сияқты қане көрейіші не екен бұл? Ой, балар бұл алтын кілт  қой алақай! Біз алтын кілке ие болдық! Біз тапқыр бала болдыққой! Біз алтын  кілке ие болдық! ­Балалар, алтын кілтті алып, тобымызға қайтайық! ­Балалар, сендер ҰОҚ өте белсенді қатыстындар, рахмет сендерге бүкіл  тапсырманы орындадық . Балалар  біз бүгін қайда бардық, математика  әлемінде қандай тапсырмалар орындадық( санадық, жолақшаларды кемуіне  және өсуіне қарай орналастырдық, әртүрлі пішіндерді тіктөртбұрышқа  орналастырдық)  Әрі, алтын кілтке ие болдық! ­Жарайсындар балалар ,белсенді қатысқандарыңа мен сендерге сыйлықтар  бергім келіп тұр әрі осы алтын кілтті сыйға тартқым келіп тұр! Сабақтың соңы. «№9  «Ақбота бөбекжайы» №5 «Ақ көгершін» тобы   «1ден 5 ке дейін санау»                                    Тәрбиеші: Калиева Е.Т. Темиртау, 2018 жыл

Математика. 1-ден 5-ке дейін санау.

Математика. 1-ден 5-ке дейін санау.

Математика. 1-ден 5-ке дейін санау.

Математика. 1-ден 5-ке дейін санау.

Математика. 1-ден 5-ке дейін санау.

Математика. 1-ден 5-ке дейін санау.

Математика. 1-ден 5-ке дейін санау.

Математика. 1-ден 5-ке дейін санау.

Математика. 1-ден 5-ке дейін санау.

Математика. 1-ден 5-ке дейін санау.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
27.01.2018