Математика логикалық тапсырмалар 1 сынып
Оценка 4.6

Математика логикалық тапсырмалар 1 сынып

Оценка 4.6
Научные работы
математика
1 кл
11.11.2018
Математика логикалық тапсырмалар 1 сынып
Математикадан 1 - сыныпқа арналған кеспелер Карточка №1. 1. Бұтақта 10 торғай отыр еді. 6торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды? 2. Асанда 9 теңге болды. Ол 1 теңге тауып алды. Неше теңге болды?? 3. Сыныпта 9 ер бала, ал қыздардың 4 - еуі кем. Қыздар нешеу? 4. Үстелде 6 кітап және одан екеуі артық дәптер жатыр. Дәптер нешеу? 5. Арай 5 баға алды. Оның 4 - еуі бестік бағасы. Неше 4 - тік баға алды? 6. Анар математика сабағында 1 бестік, әдебиеттен 2 бестік, музыкадан 1 бестік бағасын алды. Барлығы неше баға алды? 7. Дилназда 3 марка, Асанда 7 марка. Дилназда Асанға қарағанда неше марка кем? Карточка №3. 1. Айдар 8 марка сатып алды. 4 маркасын жоғалтты. Қаншасы қалды? 2. Анар 6 бестік бағасын алды. Сосын тағы 3 бестік бағасын алды. Барлығы неше баға? 3. Құмырада 3 раушангүл, ал қоңыраугүдің 2 - уі артық. Қоңыраугүл нешеу? 4. Өзенге 8 үйрек келеді, ал қаздың 2 - уі кем. Қаз нешеу? 5. Пакетте 7 мәмпәси бар. Оның біреуі ирис, қалғаны шоколад. Неше шоколад бар? 6. Арғын мен Диаста 9 мұз кәмпит бар. Арғын 4 - еуін жеді, Диас та сонша жеді. Қанша қалды? 7. Айданада 3 шоколад пен 1 мұз кәмпит бар. Шоколадтың мұз кәмпитке қарағанда нешеуі артық Карточка №2. 1. 8 тоқаш болды. 2 - уі желінді. Қанша қалды? 2. Үстелде 5 алмұрт пен 3 апельсин. Барлығы қанша? 3. Тимурда 6 кітап бар, ал Алинада 2 кітап артық. Алинада неше кітап бар? 4. Біз 3 газет жаздырттық, ал журналдың 2 - і кем. Журнал нешеу? 5. Құмырада 10 гүл. Оның 3 - уі бәйшешек, ал қалғаны раушан. Раушан нешеу? 6. Құмырада 3 гүл бар еді, тағы 4 гүл салды, ал 2 гүлді алды. Қанша қалды? 7. Құмырада 5 раушангүл және 4 бәйшешек. Раушангүлдің бәйшешекке қарағанда нешеуі артық? Карточка №4. 1. 10балапан болды. 3 балапан қашып кетті. Неше балапан қалды? 2. Шыңғыста 7 теңге, Батырханда 3 теңге. Барлығы қанша? 3. Айсұлуда 5 кәмпит, ал Арнұрда 1 кәмпит кем. Арнұрда неше кәмпит? 4. Пакетте 5 алмұрт бар, ал сөмкеде 3 алмұрт артық. Сөмкеде нешеу? 5. Аулада 5 мысық жүр.. Оның біреуі қара, қалғаны сұр. Сұр мысық қанша? 6. 7 мысық болды. 2 мысық кетті, ал 3 мысық келді. Неше мысық болды? 7. Аулада 7 мысық пен 3 күшік бар. Қайсысы көп және қаншаға көп?
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.11.2018