Математикадан 1 - сыныпқа арналған кеспелер
Карточка №1.
1. Бұтақта 10 торғай отыр еді. 6торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды?
2. Асанда 9 теңге болды. Ол 1 теңге тауып алды. Неше теңге болды??
3. Сыныпта 9 ер бала, ал қыздардың 4 - еуі кем. Қыздар нешеу?
4. Үстелде 6 кітап және одан екеуі артық дәптер жатыр. Дәптер нешеу?
5. Арай 5 баға алды. Оның 4 - еуі бестік бағасы. Неше 4 - тік баға алды?
6. Анар математика сабағында 1 бестік, әдебиеттен 2 бестік, музыкадан 1 бестік бағасын алды. Барлығы неше баға алды?
7. Дилназда 3 марка, Асанда 7 марка. Дилназда Асанға қарағанда неше марка кем?
Карточка №3.
1. Айдар 8 марка сатып алды. 4 маркасын жоғалтты. Қаншасы қалды?
2. Анар 6 бестік бағасын алды. Сосын тағы 3 бестік бағасын алды. Барлығы неше баға?
3. Құмырада 3 раушангүл, ал қоңыраугүдің 2 - уі артық. Қоңыраугүл нешеу?
4. Өзенге 8 үйрек келеді, ал қаздың 2 - уі кем. Қаз нешеу?
5. Пакетте 7 мәмпәси бар. Оның біреуі ирис, қалғаны шоколад. Неше шоколад бар?
6. Арғын мен Диаста 9 мұз кәмпит бар. Арғын 4 - еуін жеді, Диас та сонша жеді. Қанша қалды?
7. Айданада 3 шоколад пен 1 мұз кәмпит бар. Шоколадтың мұз кәмпитке қарағанда нешеуі артық
Карточка №2.
1. 8 тоқаш болды. 2 - уі желінді. Қанша қалды?
2. Үстелде 5 алмұрт пен 3 апельсин. Барлығы қанша?
3. Тимурда 6 кітап бар, ал Алинада 2 кітап артық. Алинада неше кітап бар?
4. Біз 3 газет жаздырттық, ал журналдың 2 - і кем. Журнал нешеу?
5. Құмырада 10 гүл. Оның 3 - уі бәйшешек, ал қалғаны раушан. Раушан нешеу?
6. Құмырада 3 гүл бар еді, тағы 4 гүл салды, ал 2 гүлді алды. Қанша қалды?
7. Құмырада 5 раушангүл және 4 бәйшешек. Раушангүлдің бәйшешекке қарағанда нешеуі артық?
Карточка №4.
1. 10балапан болды. 3 балапан қашып кетті. Неше балапан қалды?
2. Шыңғыста 7 теңге, Батырханда 3 теңге. Барлығы қанша?
3. Айсұлуда 5 кәмпит, ал Арнұрда 1 кәмпит кем. Арнұрда неше кәмпит?
4. Пакетте 5 алмұрт бар, ал сөмкеде 3 алмұрт артық. Сөмкеде нешеу?
5. Аулада 5 мысық жүр.. Оның біреуі қара, қалғаны сұр. Сұр мысық қанша?
6. 7 мысық болды. 2 мысық кетті, ал 3 мысық келді. Неше мысық болды?
7. Аулада 7 мысық пен 3 күшік бар. Қайсысы көп және қаншаға көп?
Математикадан 1 сыныпқа арналған кеспелер
Карточка №1.
1. Бұтақта 10 торғай отыр еді. 6торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды?
2. Асанда 9 теңге болды. Ол 1 теңге тауып алды. Неше теңге болды??
3. Сыныпта 9 ер бала, ал қыздардың 4 еуі кем. Қыздар нешеу?
4. Үстелде 6 кітап және одан екеуі артық дәптер жатыр. Дәптер нешеу?
5. Арай 5 баға алды. Оның 4 еуі бестік бағасы. Неше 4 тік баға алды?
6. Анар математика сабағында 1 бестік, әдебиеттен 2 бестік, музыкадан 1 бестік бағасын
алды. Барлығы неше баға алды?
7. Дилназда 3 марка, Асанда 7 марка. Дилназда Асанға қарағанда неше марка кем?
Карточка №3.
1. Айдар 8 марка сатып алды. 4 маркасын жоғалтты. Қаншасы қалды?
2. Анар 6 бестік бағасын алды. Сосын тағы 3 бестік бағасын алды. Барлығы неше баға?
3. Құмырада 3 раушангүл, ал қоңыраугүдің 2 уі артық. Қоңыраугүл нешеу?
4. Өзенге 8 үйрек келеді, ал қаздың 2 уі кем. Қаз нешеу?
5. Пакетте 7 мәмпәси бар. Оның біреуі ирис, қалғаны шоколад. Неше шоколад бар?
6. Арғын мен Диаста 9 мұз кәмпит бар. Арғын 4 еуін жеді, Диас та сонша жеді. Қанша
қалды?
7. Айданада 3 шоколад пен 1 мұз кәмпит бар. Шоколадтың мұз кәмпитке қарағанда нешеуі
артық
Карточка №2.
1. 8 тоқаш болды. 2 уі желінді. Қанша қалды?
2. Үстелде 5 алмұрт пен 3 апельсин. Барлығы қанша?
3. Тимурда 6 кітап бар, ал Алинада 2 кітап артық. Алинада неше кітап бар?
4. Біз 3 газет жаздырттық, ал журналдың 2 і кем. Журнал нешеу?
5. Құмырада 10 гүл. Оның 3 уі бәйшешек, ал қалғаны раушан. Раушан нешеу?
6. Құмырада 3 гүл бар еді, тағы 4 гүл салды, ал 2 гүлді алды. Қанша қалды?
7. Құмырада 5 раушангүл және 4 бәйшешек. Раушангүлдің бәйшешекке қарағанда нешеуі
артық?
Карточка №4.
1. 10балапан болды. 3 балапан қашып кетті. Неше балапан қалды?
2. Шыңғыста 7 теңге, Батырханда 3 теңге. Барлығы қанша?
3. Айсұлуда 5 кәмпит, ал Арнұрда 1 кәмпит кем. Арнұрда неше кәмпит?
4. Пакетте 5 алмұрт бар, ал сөмкеде 3 алмұрт артық. Сөмкеде нешеу?
5. Аулада 5 мысық жүр.. Оның біреуі қара, қалғаны сұр. Сұр мысық қанша?
6. 7 мысық болды. 2 мысық кетті, ал 3 мысық келді. Неше мысық болды?
7. Аулада 7 мысық пен 3 күшік бар. Қайсысы көп және қаншаға көп?
Карточка №5.
1. 7 кесе болды. 2 – уі сынды. Нешеуі қалды?
2. Бұтада 4 қарға және сонша торғай отыр. Барлығы қанша?
3. Дианна 7 жаста, ал Алдиар одан 1 жас кіші. Алдиар неше жаста?
4. Дүкенде 8 үтік сатылды, ал шамның 2 уі көп сатылды. Неше шам сатылды?
5. Саябақта 7 ағаш өсіп тұр. Оның 3 уі қайың. Қанша емен ағашы?
6. Саябақта 4 ағаш бар еді.. Алдымен 2 қайың отырғызды, кейін тағы сонша отырғызды.
Қанша ағаш болды?
7. Саябақта 6 қайың мен 2 терек өсіп тұр. Теректің қайыңға қарағанда нешеуі кем?
Карточка №6.
1. Сабинада 7 қалам бар еді.. Ол досына 3 уін сыйлады. Қанша қалды? 2. Бұтада 7 құс отыр. Тағы 3 құс ұшып келді. Неше құс болды?
3. Бірінші сөреде 2 кітап, ал екінші сөреде 5 кітап артық тұр. Екінші сөреде неше кітап бар?
4. Дарина 5 жаста, ал Мадина Даринадан 2 жас кіші. Мадина неше жаста?
5. Сыныпта 10 бала. Оның 6 уы ер бала. Қыз бала нешеу?
6. Сыныпта 10 бала. 3 бала шығып кетті, 2 бала кірді. Неше бала болды?
7. Сыныпта 9 ер бала мен 10 қыз бала. Қыздардың ер балаларға қарағанда нешеуі артық?
Карточка №7.
1. Пальтода 6 түйме болды. Үш түйме үзіліп қалды. Неше түйме қалды?
2. Айдос 4 алма мен3 алмұрт жеді. Барлығы неше жеміс жеді?
3. Сәуле 3 қабатта тұрады, ал Марат 1 қабат жоғары тұрады.. Марат нешінші қабатта
тұрады.?
4. Көлде 10 шортан балық және одан 2 уі кем жайын балық жүр. Жайын балық нешеу?
5. Ануарда 10 теңге болды. Дәптер алғаннан кейін 5 теңгесі қалды. Дәптер неше теңге
тұрады?
6. Айсанада 10 теңге болды. 4 теңгеге дәптер және 5 теңгеге қалам сатып алды. Неше
теңгесі қалды?
7. Жанарда 5 теңге, Анарда 9 теңге. Кімнің ақшасы көп және қаншаға көп?
Карточка №8.
1. Кеседе 8 өрік бар. Айдос 2 өрікті жеді. Қанша қалды?
2. Бақшада 6 раушангүл мен 3 түймедағы өсіп тұр. Барлығы неше гүл өсіп тұр?
3. Сыныпта 5 шкаф, ал одан 2 уі кем терезе бар. Сыныпта неше терезе бар?
4. Үстіңгі сөреде 4 кітап, ал астыңғы сөреде 3 кітап артық. Астыңғы сөреде неше кітап?
5. Қорада бірнеше күрек болды. 3 күректі алғанда 5 күрек қалды. Қорада неше күрек болып
еді?
6. Данашта 2 қарындаш болды. Толқын Данашқа 2 қарындаш берді, Айгүл 3 қарындаш берді.
Данашта неше қарындаш болды?
7. Құмырада 10 қызғалдақ пен 5 сарғалдақ бар. Қай гүл көп және қаншаға көп?
1.Аян 5 ертегі,ал Диана одан 4 ертегі артық оқыды.Диана
неше ертегі оқыды?
1. Сыныпта 17 ұл бала және одан 7еуі кем қыз бала ойнап
жүр.
Сыныпта неше қыз бала ойнап жүр?
2. Алимжан 7 сурет,ал Лана одан 3 сурет кем салды.Лана
неше сурет салды?
2. Үстелде 13 кітап,сөреде 5 кітап кем жатыр.Сөреде неше
кітап жатыр? 3. Қорада 6 үйрек және одан 4еуі артық тауық
жүр.Қорадағы тауық нешеу?
3. Гүлжанда 25 кәмпит бар.Ал Сымбатта 5 кәмпит кем.
Сымбатта неше кәмпит бар?
4. Қоймада 10 қап бидай болды.
Оның 8 қап бидайы сатылды.
Қоймада неше қап бидай қалды?
4. Арланда 14машина,
Тамерланда 10 машина бар.
Оларда барлығы неше машина бар?
5.Атамның 18 теңгесіі бар еді.Ол 13 теңгесін жұмсады.Оның
қанша теңгесі қалды?
5. Арайлымның қолында 15 шар бар еді.Ол Наргизаға 7
шар берді.Арайлымда неше шар қалды?
6.Атамның шапаны 17теңге,ал әкемнің шапаны 13 теңге
тұрады.Атамның шапаны әкемнің шапанынан қанша қымбат?
6. Аулада 7 бала доп ойнап жүр еді.3 бала үйіне
кетті.Аулада неше бала қалды?
Логикалық есептер.
*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?
*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
*4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
*Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы
ма?
*Бір айда 5 жексенбі бола ма?
*Үш ат жегілген арба 30 км жүрді.Бір аттың жылдамдығы қандай?
*Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып
келеді.Барлығы неше қаз?
*Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?
*Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7 *Үш қыз бір сыныпта оқиды.Айгүл,Гүлназ,Айнаш.Айгүл Гүлназдан үлкен,Гүлназ Айнаштан
үлкен.Кім сонда үлкені?
*Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса,1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
*Бақытжанның 4 ұлы,олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше
баласы бар?
*Сағат түнгі 10да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
*Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
*марат кешкі сағат 10да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 ға қойды.Ол неше
сағат ұйықтады?
*Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
*Немере атасынан : "Жасың нешеде ? "деп сұрады.Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның
жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем,онда маған 100 жас болар еді.Атасының
жасы нешеде?
*Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
*Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
*Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты
басу керек?
Математикалық жұмбақтар.
Бой – бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес – бестен.
Бұл не? (Қос қол)
2. Үш шырпыдан бір есік,
Құрастырып көр шешіп.
Бұл не? (П әрпі)
3. Жоқ өзінде бас та,
Қас та,
Мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
Бұл не? (Сызғыш)
4. Алпыс төрт тең бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар:
Ақ, қара қып бөлгенде
Бірін – бірі қуғындар.
Ханы үшін де, жаны үшін де
Бермейді олар намысын.
Бұл не? (Шахмат)
5. Жиырма төрт батыр,
Бірін – бірі жеп жатыр.
Бұл не? (Дойбы)
6. Екі аяқты бір ізді,
Үстіне адам мінгізді.
Бұл не? (Велосипед) 7. Тышқаннан басқа батпаған,
Бір шланг, төрт баған.
Бұл не? (Піл)
8. Мың найзалы жалғыз батыр
Жауларына алғызбай жатыр.
Бұл не? (Кірпі)
9. Жүз төрт түйме,
Он бір ине.
Бұл не? (Есеп шот)
10.
Қатар жазып саусақты,
Түйістір екі бармақты.
Екі қолдың арасы,
Қандай әріп қарашы?
Бұл не? (М)
Айқасқан екі таяқ,
11.
Тұрады жоқты сұрап.
Бұл не? (Икс)
Мұз айдында жеті бала.
12.
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай екі бала,
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң жарадың!
(Барлығы 9 бала)
Көлден ұшты жеті қаз,
13.
Қайтып қонды екі қаз.
Қонбады оның нешеуі?
Кәне, кім тез шешеді? (Қонбады 5 қаз)
14. Жаңа ғана шалғында,
Алты бұзау жүр еді.
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты біреуі.
Нешеуі енді жайылып,
Айт, жүргенін айырып.
(Жайылып жүр 5 бұзау)
Табақта бес алма,
15.
Қолымда үш алма,
Інімде екі алма,
Қосқанда барлығын.
Болады неше алма?
Бір алма атама,
Бір алма әжеме,
Бір алма апама,
Бір алма әкеме,
Нешеуін алады?
Нешеуі қалады?
(Барлығы 10, алады 4, қалады 6 алма.)
16. Шығармақ боп кеше есеп,
Жиналған – ды бес есек.
Үшеуі ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек?
(Ынталысы 2 есек)
Аулада бес үйрек,
17.
Қорада үш үйрек.
Бір үйрек тығылды,
Бір үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?
(Қалғаны 6 үйрек)
Алшаға кеп ,күнара
18. Қонушы еді бір ара.
Бүгін тоғыз туысын,
Ертіп келді бұл ара.
Сонда бүгін алшаға,
Келіп қонды қанша ара?
(Қонды 10 ара)
Біреуден қонса қарлығаш,
19.
Жетпейді бір қарағай.
Жұппен қонса қарлығаш,
Артылар бір қарағай.
Қарлығаш пен қарағай,
Қанша айтшы балақай?
(3 қарлығаш, 2 қарағай)
Қанша қоян аулада
20.
Сонша тауық аулада.
Аяқтары он екі,
Санап көрші кәнекей?
(2 қоян, 2 тауық)
Үшеуі аз деп балапан,
21.
Қосты тағы үш балапан.
Табыңдаршы ойланып,
Қанша болды балапан?
(6 балапан)
Ал балалар, балалар
22.
Қағаз бенен қалам ал,
Екі ешкімнің мүйізі,
Кәне, кімдер табады?
Сонда қанша болады?
(4 мүйіз)
Мақан әкеп үш алма,
23. Аман әкеп үш алма,
Нұр, Бек, Сәтке тең бөлді.
Әркім алды неше алма?
(Әрқайсысына 2 алма)
Екі аяқ пен екі қол,
24.
Бір ауыз бен бір тілің...
Нешеу болды кәне, бол,
Санап шығар кім бұрын?
(Барлығы 6 болды)
Тал басында,
25.
Тізіліп,
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да,
Үзіліп,
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның
Жұлынып,
Түсті тағы біреуі.
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі?
(8 жапырақ ілініп тұр)
Ала шапан киініп,
26.
Қарбыз жатыр үйіліп.
Қарбыздарды шетінен
Санап шықтым екіден,
Бесеу болды жұп саны,
Нешеу болды түп саны?
(Барлығы 10 қарбыз)
Мына алты ақ алма –
27.
Нұрбибі мен Жанарға.
Үш сарысы Анарға, Қызыл алма – Манарға .
Қанша сонда бар алма?
(10 алма)
Он асықтың үшеуін,
28.
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі?
Өз қолыңда қалады?
(Қалады 7 асық)
Су құйып ем астауға,
29.
Үш қаз ұшты аспанға,
Үш қасқалдақ, бірқазан,
Екі үйрек, бір сазан,
Бір көксерке, бір қарға
Қосылды кеп бұларға.
Айт, неше құс ұшып жүр,
Неге екенін түсіндір.
(Барлығы 10 құс, 3 қаз+3қасқалдақ+1қазан,+2үйрек+1қарға = 10 құс.
Қалғандары балықтар)
Портфелімде әуелі,
30.
Он үш жаңғақ бар еді.
Науат пенен Сағатқа,
Самат пенен Маратқа,
Апасына Қанаттың,
Екі – екіден тараттым.
Қанша жаңғақ қалғанын
Айта қойшы, ал, жаным?
(3 жаңғақ қалды)
Бірім, бірім, бірім деп,
31.
Үшеуі келеді біртіндеп.
Екім, екім, екім деп,
Үш жұп келеді екеулеп.
Қанша болады өзіңде? Үлпілдеген балапан.
(9 балапан болды)
Бір – бірімен жарасқан,
32.
Төрт аю, екі арыстан,
Екі қоян, бір түлкі.
Бәрі нешеу кім білді?
(Барлығы 9 аң)
Қос теректің басында,
33.
Қос – қос қарға қонып отыр.
Қос жұп екен расында,
Саны қанша болып тұр?
(4 қарға)
34.
Ағай бізді жинады,
Сегіз қолғап сыйлады.
Қамқор болған ағамыз,
Біздер қанша баламыз?
(4 бала)
35. Жайылып жүр сегіз лақ,
Үшеуі оның егіз лақ.
Есептеуге сен шебер.
Бала болғың келсе егер,
Сегіз лақтың енесін
Тез есептеп бересің?
(Енесі 5 ешкі)
Себет іші толы алша,
36.
Ірі – ірі көп алша.
Бірін бердім атама,
Бірін бердім апама,
Бірін бердім анама,
Бірін бердім ағама,
Бірін бердім Жанарға, Бірін бердім Маралға,
Бірін бердім Ерланға,
Бірін бердім Нұрланға.
Сенсең менің сөзіме
Алша көп қой десек те,
Жетпей қалды өзіме.
Бәрі қанша алша алды?
Есептей қой ерінбей.
(8 алша алды )
37.
Асан, Айша екеуі –
Қос қуыршақ, екі құлыншақ,
Екі ойыншық, бір күшік.
Құстай ұшып,
Үйден шықтық.
Бәріміз біз нешеуміз?
(Бәрі 9)
Үстімдегі жейдеме
38.
Көз саламын кей – кейде.
Түймелерге қараймын,
Қайта – қайта санаймын:
Бес түйме бар өңірде,
Екі түйме жеңімде.
Төс қалтаны түймелер
Қос оған бір түймені.
Жапсырылған қиықша –
Екі пагон иықта
Апам бұған жаңадан
Екі түйме қадаған:
Қанша болды түймелер,
Жауабын тез кім берер?
(10 түйме)
39.
Буынғаным Бір белдік,
Мұны, қане,
Бір делік,
Екі қолғап,
Бір шалбар.
Және үстімде бір тон бар.
Барлық бала кимей ме:
Екі шұлық,
Бір жейде.
Оған енді тосылмай,
Екі етікті қосыңдар.
Қанша болды киімім?
(Киімі 10 болды)
40.
Әсел шұлық тоқып отыр,
Ләйла сабақ оқып отыр,
Сара сырмақ сырып отыр,
Нұрлан өрмек құрып отыр,
Бекен отын тасып жатыр,
Дария қазан асып жатыр.
Қуыршағын жуындырып,
Ләззат отыр киіндіріп.
Алданбайды Мұрат бірақ,
Апасынан кәмпит сұрап.
«Жоқ» десе де қоймай жатыр,
Бірер талға тоймай жатыр.
Қанша бала ойнап отыр?
Қанша бала тоймай жатыр?
(7 бала ойнап отыр, 1 бала тоймай отыр)
41.
Біз үлкен жан ұя,
Ең кішіміз Әлия.
Қалғанымыз мыналар:
Раушан, Болат, Дариға,
Айтжан, Ержан, Даналар, Гүлжанымыз тағы бар,
Қане, есептеп алыңдар.
(Барлығы 8 бала)
42.
Терезеден қарадым,
Тары жеген шүпірлеп,
Тауықтарды санадым:
Бір, екі, үш, төрт, бес...
Кептер ұшып барады,
Оларға да қарадым.
Келсе дағы санағым,
Үлгіре алмай қаламын:
Алты, жеті, сегіз, тоғыз...
(Тауықтар 5, кептерлер 4)
Математикалық өлең есептер.
1. «Кім қаншада?»
Салтанат екіде,
Бақытжан жетіде,
Екеуін қосып шыққаның
Сәулеттің жасын ұққаның.
Білгің келсе егер сен,
Сәулеттен үш жас шегерсең,
Қиын емес онша да
Сағаттың жасы соншада.
(2+7=9 – Сәулеттің жасы, 9 – 3 = 6 – Сағаттың жасы)
2. «Санамақ»
Бақшаға
Жақсы аға
Көп – көп
Ойыншық
Келді алып:
Бір балық,
Екі есек,
Үш үйрек,
Төрт түлкі, Бес бүркіт,
Алты арғымақ,
Жеті жарқанат.
Сегіз саулық,
Тоғыз тауық,
Он торпақ.
Болма есепке сен шорқақ!
Ауызша,
Жазбаша
Қосып шық.
Бақшаға
Жақсы аға
Қаншама
Әкелді
Ойыншық?
(55 ойыншық)
3. «Бәрі қанша құс болды?»
Мынау да бір санамақ,
Өздерің көр саралап:
Төбеден төрт бөктергі,
Аңдыпты қос кептерді.
Шаңқылдаса көк қарға,
Үн қоспапты көп қарға.
Секем ап бір дауыстан,
Безектеп бес сауысқан
Алты белден асыпты,
Тым – тырақай қашыпты.
Үш үкі үркіп ұшыпты,
Тасқа құлап түсіпті.
Жарда жеті жапалақ
Отырғанда қаталап,
Топ – топ тоғыз тоқылдақ,
Қарғып кеткен топырлап.
Сөйтіп, қызық іс болды,
Бәрі қанша құс болды? (31 құс)
4. «Бәрін бірге ойлап қой»
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең бамқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.
(17 бас мал)
5. «Торғай нешеу?»
Талдан ұшты топ торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында төртеу қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келеді,
Алдында төртеу, топ келеді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзеліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу есепкер.
(бес торғай)
6. «Қосу»
Дүкеннен кеп сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші,
Сонда бәрі,
Қанша болды,
Қолда бары?
(Алты)
Математикалық тақпақтар.
1. «Қуырмаш» Қуыр – қуыр, қуырмаш,
Тауықтарға тары шаш. Бас
бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкентай бөбек.
Қуыр – қуыр ... ,
Бас бармақ, сен тұр, қойыңа бар,
Балаң үйрек, сен тұр, қозыңды бақ.
Ортан терек, жылқыңа бар,
Шылдыр шүмек, сен, түйеңді айда.
Кішкентай бөбек, кішкенем,
сен үйде қазанның түбін қырып жеп,
пеш түбінде жата ғой.
2. «Саусақтар»
Балаларым тұрыңдар
Сөзге мойын бұрыңдар!
Бас бармақ!
Жатып алдың талайдан,
Бұзауларды бақ айнам.
Кешке үйге келгенде,
Құйып берем ақ айран.
Балаң үйрек!
Шөп жиналып бітпеген,
Сен сонда бар жұртпенен.
Кешке үйге келгенде
Май беремін, құрпенен.
Ортаң терек!
Сен ортаншы бөбегім,
Қырда бүгін көп егін.
Сен қырманнан келгенде
Кәмпитті үйіп – төгемін.
Математика логикалық тапсырмалар 1 сынып
Математика логикалық тапсырмалар 1 сынып
Математика логикалық тапсырмалар 1 сынып
Математика логикалық тапсырмалар 1 сынып
Математика логикалық тапсырмалар 1 сынып
Математика логикалық тапсырмалар 1 сынып
Математика логикалық тапсырмалар 1 сынып
Математика логикалық тапсырмалар 1 сынып
Математика логикалық тапсырмалар 1 сынып
Математика логикалық тапсырмалар 1 сынып
Математика логикалық тапсырмалар 1 сынып
Математика логикалық тапсырмалар 1 сынып
Математика логикалық тапсырмалар 1 сынып
Математика логикалық тапсырмалар 1 сынып
Математика логикалық тапсырмалар 1 сынып
Математика логикалық тапсырмалар 1 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.