Математика панiнен сабак жоспары "Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. "(2-сынып)
Оценка 5

Математика панiнен сабак жоспары "Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. "(2-сынып)

Оценка 5
Разработки уроков
docx
математика
2 кл
04.05.2017
Математика панiнен сабак жоспары "Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. "(2-сынып)
Мақсаты: Көбейту, бөлу амалдары туралы алған білімдерін одан әрі жетілдіру. Соның ішінде көбейтудің ауыстырымдылық қасиетіне тоқталу. Амалдардың бір-бірімен байланысын байқату. Ұйымшылдыққа, белсенділікке, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу. Ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту. Көрнекілігі: ноутбук, құстардың суреттері, кеспе қағаздар, сызбалар, геометриялық фигуралар. Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, талдау, жинақтау, жаттығу Сабақтың типі: жаңа сабақ Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. а) Амандасу, түгендеу ә) Сабаққа даярлығын қадағалау. ІІ. Психологиялық дайындық. Тілейміз көктем шуағын, Тілейміз жаздың ұзағын. Тілейміз күздің жемісін Тілейміз қыстың қарлысын.
№4.docx
Математика, 2 «А»  сынып. Тақырыбы: Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. (2-сынып) Мақсаты: Көбейту, бөлу амалдары туралы алған білімдерін одан әрі жетілдіру. Соның ішінде көбейтудің  ауыстырымдылық қасиетіне тоқталу. Амалдардың бір­бірімен байланысын байқату. Ұйымшылдыққа, белсенділікке, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу. Ой­өрісін, есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту. Көрнекілігі: ноутбук, құстардың суреттері, кеспе қағаздар, сызбалар, геометриялық фигуралар. Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, талдау, жинақтау, жаттығу Сабақтың типі: жаңа сабақ Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. а) Амандасу, түгендеу ә) Сабаққа даярлығын қадағалау. ІІ. Психологиялық дайындық. Тілейміз көктем шуағын, Тілейміз жаздың ұзағын. Тілейміз күздің жемісін Тілейміз қыстың қарлысын. ­Тілегіміз не туралы болды?    – жыл мезгілдері ­Қазір жылдың қай мезгілі?      ­көктем ­Көктемде қандай ерекшеліктер болады?   ­қар ериді, күн жылынады, құстар келеді, көк шығады, т.б. ­Ал балалар, бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі – қонақтар келіп отыр, сіздердің математикалық білімдеріңізді  бақылауға және құстар келіпті тапсырмаларымен. ­Әуелі өткен сабақты еске түсіріп жіберейік. ІІІ. Ой қозғау. (топпен жұмыс) а) Топтастыру стратегиясы ә)Венн диаграмма көбейту     бөлу ІҮ. Жаңа сабақты хабарлау. А) Кестемен жұмыс.   –Кестеде неше баған бар?                ­5 баған ­Неше қатар бар?                             – 3 қатар ­Барлығы қанша ұяшық бар?                5 ∙ 3 = 15 (ұяшық) 3 ∙ 5 = 15 Ә) Текшелермен жұмыс. –Неше қатар орналасқан?     – 4 қатар – Неше баған?                         – 5 баған ­Барлығы қанша текше?     4 ∙ 5 = 5 ∙ 4 = 20 (текше) Ереже: (хормен) Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді. Ү. Тақырыпты меңгерту. ­Құстардың тапсырмаларын орындайтын кез келді. Әрбір тапсырмаға буын беріліп отырады. Яғни, «Әй, жа­ рай­сың!» сөзі шығу керек! (құстарға қысқаша тоқталу) «Әй,» – Аққуды халық қасиетті құс санайды. Оны ауламайды, етін жемейді. Аққу – айрықша таза, кербез,  сұңқылдаған сұлу үнді құс. №2. (топпен жұмыс) «жа-» – Тоқылдақтың тұмсығы өткір, мықты болады. Ағашты тесіп, құртарды теріп жейді. Ағаштың діңін  тесіп, ұя жасайды. №4. (тақтамен жұмыс, әрбір топтан бір оқушы шығады) Қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастыру, кері  есеп құрастыру. Сергіту сәті «Картоп өсіру, жинау» «-рай-» – Бүркіт – көк күмбезінде қалықтап ұшқан қыран құс. Бүркіттің тұмсығы өте мықты. Ол өзінің тұмсығымен ұстаған аң­құстардың етін жұлып жейді. №5. Тексеру керек – 32 және 27 дәптер Тексеретін қалды – 30 дәптер Тексеріп қойды – ? дәптер Ш: (32 + 27) – 30 = 59 – 30 = 29 (32 – 30) + 27 = 29 32 – (30 – 27) = 29                          Жауабы: 29 дәптер тексеріп қойды. «-сың!» – Қарлығаш — қанаттары үшкір әрі ұзын, құйрықтары екі айыр. Олардың үлкендігі торғайдай және адам мекеніне жақын жүреді.  №6. (Геометриялық фигуралармен жұмыс) Төртбұрыштардың периметрін есептеу. ҮІ. Бекіту. – Құстар туралы халық болжамдарын білгілеріңіз келе ме? Олай болса мына берілген тапсырмаларды  орындап тастайық. а) «Кім шапшаң?» №3(жеке жұмыс) ә) Сәйкестендіру тесті (топтық жұмыс) ҮІІ. Қорытынды. А)Үйге тапсырма. №7   186­бет    Ә) Бағалау.

Математика панiнен сабак жоспары "Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. "(2-сынып)

Математика панiнен сабак жоспары "Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. "(2-сынып)

Математика панiнен сабак жоспары "Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. "(2-сынып)

Математика панiнен сабак жоспары "Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. "(2-сынып)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.05.2017