Өзін –өзі тану сабағының жоспары
Мектеп:№21 орта мектебі Мерзімі:12.02.2016ж. Сабақ №__
Мұғалім:
Сынып: 3Ә Оқушылар саны: 10 Тақырып: Мейірімділік - асыл қасиет.
Құндылық: Сүйіспеншілік.
Қасиеттері: қайырымдылық,адамгершілік,мейірімділік
Сабақ мақсаты: Сүйіспеншілік құндылығы негізінде, оқушыларға мейірімділік жайында ұғым беру.
Міндеттері:
-қайырымдылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
-өзара сыйластыққа, адамгершілік қарым қатынастарын дамыту;
-мейірбандылыққа тәрбиелеу;. Ресурстар:
дәптер, оқулық, жағдаяттар жазылған карточкалар,қима қағаздар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
1.Тыныштық сәтi.
Орманға саяхат.
Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.
Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Көз алдарыңызға елестетіңіз, 15-кабинеттен шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.
Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден, шашымыздан сипайды.
Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.
Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.
Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.
Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, мектепке қарай аяңдаймыз. 15-кабинетке келіп өз орнымызға отырайық.
Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.
2.Үй тапсырмасын тексеру:
«Мен мейірімді баламын» әңгіме (4-5 сөйлем). Сабақ барысын талдау:
3.Дәйексөз.
Меәірімділікті анадан үйрен
Халық мақалы.
3.1. Берілген мақалды оқу.
3.2. Дәптерге жатқа жазу.
3.3. Дәйексөздің мағынасын ашу.
-Бұл дәйексөзде не туралы айтылған?
4. Мұғалім сыйы. Жақсылық жасасаң, өзіңе қайтіп келеді
• Видеофильм не туралы?
• Мейірімділік байқала ма?
• Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімде болдыңдар?
5.Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс.
5.1. Топқа бөлу:
Тапсырма. Ситуациялық сұрақтар
1ТОП.1.Сен көшеде келе жатып, бір құшақ газет-журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің…
2.Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің шөлдеп мазасызданып кетті…
3.Сен көшеде келе жатып екі-үш баланың кішкене күшікті тапен атқылап жатқаның көрдің сен не істер едің…
2 ТОП.
-Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің.
-Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің. Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен сен не істер едің?
- Үлкен кісі мен сырқат адамға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы айтыңдар
5.2. Қорғау
5.3. Қорытынды
6.Үй тапсырмасы.
“Мейірімді істер” тақырыбына сурет салу
7.Топпен ән айту. Жан анам
1.Елжіреп жататын Ертегіңе
Есімде балапан күндерім
сол айтқан ертегі жетегінде
Керемет Түс көрген Түндерім
Қайырмасы:
Шуақты Нұрыңмен Ұрпағың ер жеткен
Анашым аяулым Сағындым
Киініп бесікте Әлдилеп тербеткен
келеді Сәби боп Таңылғым
2.Ақниет арайлы келбетіңнен
Көрдім мен Бақыттың Ак таңын
Осын-ау Дөңгелек Жер бетінде
Өзіңдей асыл жан таппадым
Қайырмасы:
Шуақты Нұрыңмен Ұрпағың ер жеткен
Анашым аяулым Сағындым
Киініп бесікте Әлдилеп тербеткен
келеді Сәби боп Таңылғым
3.Жан ана Әлемде біздер үшін
Ешкім жоқ Өзіңдей құрметті
Бар адам ән арнап сіздер үшін
Бас иіп тұруға міндетті...
Қайырмасы:
Шуақты Нұрыңмен Ұрпағың ер жеткен
Анашым аяулым Сағындым
Киініп бесікте Әлдилеп тербеткен
келеді Сәби боп Таңылғым
• Соңғы тыныштық сәтi.
(С. Аманғалиеваның Табиғат әуені музыкасын ақырын қосып қою)
Ал енді өздеріңді еркін сезініп, көз алдымыздан бүгінгі сабағымызды қысқаша жүгіртіп өтейік.
Балалар, тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме, сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса, сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.
-Балалар сіздерге бүгінгі сабағымыз үшін рахмет айтамын.Бүгінгі сабағымыздың әр сәтін жүрегімізге түйіндеп қояйық дегім келеді.Өзін-өзі танудан ашық сабақ жоспары
Сабақ жоспары.docx
Өзін –өзі тану сабағының жоспары
Мектеп:№21 орта мектебі Мерзімі:12.02.2016ж. Сабақ №__
Мұғалім:
Сынып: 3Ә Оқушылар саны: 10
Құндылық: Сүйіспеншілік.
Қасиеттері: қайырымдылық,адамгершілік,мейірімділік
Тақырып: Мейірімділік асыл қасиет.
Ресурстар:
дәптер, оқулық,
жағдаяттар
жазылған
карточкалар,қи
ма қағаздар.
Сабақ барысын
талдау:
Сабақ мақсаты: Сүйіспеншілік құндылығы негізінде, оқушыларға
мейірімділік жайында ұғым беру.
Міндеттері:
қайырымдылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
өзара сыйластыққа, адамгершілік қарым қатынастарын дамыту;
мейірбандылыққа тәрбиелеу;.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
1.Тыныштық сәтi.
Орманға саяхат.
Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, өзімізді еркін,
тыныштықта сезінеміз.
Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Көз алдарыңызға
елестетіңіз, 15кабинеттен шығып, дәлізден өтіп, далаға бет
алдыңыз.
ақырын ғана бетімізден, шашымыздан сипайды.
Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры
Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық,
жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір
минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып
өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс!
Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай
бет аламыз.
Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің
сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі
ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз.
Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.
Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай
тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным
тимеуі керек, кез келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп
дем аламын.
Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз
жібереміз. Келген ізімізбен, мектепке қарай аяңдаймыз. 15
кабинетке келіп өз орнымызға отырайық. Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді
ашамыз, бірбірімізге қарап күлімсірейміз.
2.Үй тапсырмасын тексеру:
«Мен мейірімді баламын» әңгіме (45 сөйлем).
3.Дәйексөз.
Меәірімділікті анадан үйрен
Халық мақалы.
3.1. Берілген мақалды оқу.
3.2. Дәптерге жатқа жазу.
3.3. Дәйексөздің мағынасын ашу.
Бұл дәйексөзде не туралы айтылған?
4. Мұғалім сыйы. Жақсылық жасасаң, өзіңе қайтіп келеді
• Видеофильм не туралы?
• Мейірімділік байқала ма?
• Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімде
болдыңдар?
5.Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс.
5.1. Топқа бөлу:
Тапсырма. Ситуациялық сұрақтар
1ТОП.1.Сен көшеде келе жатып, бір құшақ газетжурнал көтеріп келе жатқан
пошташыға кездестің…
2.Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің шөлдеп мазасызданып кетті…
3.Сен көшеде келе жатып екіүш баланың кішкене күшікті тапен атқылап
жатқаның көрдің сен не істер едің…
2 ТОП.
Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз
бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің.
Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің. Олар суға
түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен сен не істер едің?
Үлкен кісі мен сырқат адамға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы
айтыңдар
5.2. Қорғау
5.3. Қорытынды
6.Үй тапсырмасы.
“Мейірімді істер” тақырыбына сурет салу
7.Топпен ән айту. Жан анам
1.Елжіреп жататын Ертегіңе
Есімде балапан күндерім
сол айтқан ертегі жетегінде
Керемет Түс көрген Түндерім
Қайырмасы:
Шуақты Нұрыңмен Ұрпағың ер жеткен
Анашым аяулым Сағындым
Киініп бесікте Әлдилеп тербеткен
келеді Сәби боп Таңылғым
2.Ақниет арайлы келбетіңнен Көрдім мен Бақыттың Ак таңын
Осынау Дөңгелек Жер бетінде
Өзіңдей асыл жан таппадым
Қайырмасы:
Шуақты Нұрыңмен Ұрпағың ер жеткен
Анашым аяулым Сағындым
Киініп бесікте Әлдилеп тербеткен
келеді Сәби боп Таңылғым
3.Жан ана Әлемде біздер үшін
Ешкім жоқ Өзіңдей құрметті
Бар адам ән арнап сіздер үшін
Бас иіп тұруға міндетті...
Қайырмасы:
Шуақты Нұрыңмен Ұрпағың ер жеткен
Анашым аяулым Сағындым
Киініп бесікте Әлдилеп тербеткен
келеді Сәби боп Таңылғым
• Соңғы тыныштық сәтi.
(С. Аманғалиеваның Табиғат әуені музыкасын ақырын қосып
қою)
Ал енді өздеріңді еркін сезініп, көз алдымыздан бүгінгі
сабағымызды қысқаша жүгіртіп өтейік.
Балалар, тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,
жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың
арасында жанашырлық,қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін
сезініңдер. Сездіңдер ме, сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да
мейірімді. Олай болса, сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық
көрсете аласыңдар.
Балалар сіздерге бүгінгі сабағымыз үшін рахмет айтамын.Бүгінгі
сабағымыздың әр сәтін жүрегімізге түйіндеп қояйық дегім келеді.
Мейірімділік-асыл қасиет.
Мейірімділік-асыл қасиет.
Мейірімділік-асыл қасиет.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.