Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің
Байқоныс жалпы орта білім беретін мектебі
«МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНДАҒЫ АГРЕССИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ»
АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Автор:
Кайдарова Г. Б.–жоғары санатты педагог-психолог
Пікір жазған:
ТайболатовҚ. М.– С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, гуманитарлық-педагогикалық факультетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі декан орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі.
Кайдарова Г. Б.
«Мектеп оқушыларындағы агрессивті мінез-құлық және оны шешудің жолдары»авторлық бағдарламасы. – Байқоныс жалпы орта білім беретін мектебі, 2019. – 20 б.
Авторлық бағдарлама «Қане танысайық», «Вербальды агрессиямен жұмыс», «Вербальды емес агрессиямен жұмыс», «Қорыққанда не істеу керек? «Мен неден қорқамын?», «Үрей сезімінен арылу», «Өзіне басқалар көзімен қарау», «Мен бәрінен де әдемімін» және қорытынды сабақтардан құралған.
© Кайдарова Г. Б.
© Байқоныс жалпы орта білім беретін мектебі, 2019
МАЗМҰНЫ
1 |
Түсінік хат............................................................................................. |
4 |
2 |
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері............................................ |
6 |
3 |
Қойылатын талаптар мен күтілетін нәтижелер.................................. |
7 |
4 |
Оқу-тақырыптық жоспары.................................................................. |
8 |
5 |
Оқу сабақтарының кешені................................................................... |
10 |
6 |
Қорытынды.......................................................................................... |
19 |
7 |
Қолданылған әдебиеттер..................................................................... |
20 |
ТҮСІНІК ХАТ
Агрессия мәселесі қазіргі таңда біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі, себебі біз онымен күнде көшеде, транспортта, мектепте кездесеміз. Қоғамда болып жатқан террор, жәбірлеу, суицидтің өсуі сияқты әлеуметтік қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия мәселесі зерттеудің негізгі обьектісі болып отыр. Соңғы уақытта адамдағы агрессивті мінез-құлық проблемасын зерттеу бүкіл әлем психологтарының өзекті зерттеу бағытына айналып отыр. Бүгінгі таңдағы бұқаралық ақпарат құралдары жеткіншектерді агрессивті әрекеттерге еліктіріп, үйретуде. Жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың әрқайсысының өзіне тән жеке даралық ерекшеліктері бар. Сондықтан мектеп психологі алдында тұрған проблемаларының бірі – тиімді көмек көрсету. Соңғы жылдары мектеп қабырғасындағы балаларда агрессивтілік мінез және әрекет бой көрсетіп келуде. Мектеп оқушыларының агрессиялы мінез-құлқын зерттеуде Басса-Дарки сұрақтамасы кеңінен қолданылып келеді. Жеткіншек жастағы агрессияның алдын-алу үшін мінез-құлықтағы әлеуметтік ауытқушылыққа себепші индивидтік, жеке-даралық, әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық факторларға жүйелі талдау жүргізілуі, ауытқушылықтан сақтандыратын тәрбиелік алдын-алу жұмыстары толық үздіксіз жүргізілуі керек. Сондықтан жеткіншектегі ерте қалыптаспаған мінез-құлықтың мәселесі оның қалыптасуының сипаттамасын жүйелі талдау және үздіксіз адекватты тәрбиелік-корекциялық жұмыс баланың жағымсыз әлеуметтенуіндегі агрессиялы мінез-құлықтан сақтап қалудың сәті болып табылады.
Агрессивті мінездің бірнеше себептері бар:
1. Бұл эмоциональды функциялардың бұзылуы әлсіз, құбылмалы мінезді балалар;
2. Отбасындағы қиыншылықтар;
3. Стресс, әлеуметтік өзгерістер немесе басқа да жағдайлардың өзгеруі;
4. Шамадан жоғары өте қатал тәрбие, қолдау мен көмектің болмауынан;
5. Шамадан көп еркелету, кез-келген еркелігін орындау, әрекеттеріне шек қоймау;
6. Ата-аналарынан көрген мінез қасиеттеріне еліктеу
Агрессивтібалаларменжұмысістеуережелері:
1.Баланың сұранысы мен қажеттілігіне мұқият болу;
2. Агрессивті емес мінез – құлықтың үлгісін көрсету;
3.Баланы жазалауда бірізді болу, тек нақты іс - әрекеті үшін жазалау керек;
4. Жазалау баланың абыройына нұқсан келтірмеуі шарт;
5. Ашу – ыза кезінде оны тарқата білу тәсілдерін үйрету;
6. Белгілі бір себепті жағдайдан кейін балаға өз ашу – ызасын білдіруге мүмкіндік беру;
7.Айналасындағы адамдардың және өзінің жеке басының эмоционалдық жағдайын танып білуге үйрету;
8. Эмпатияға деген қабілеттілігін дамыту;
9. Баланың міңез – құлқы аясын кеңейту;
10. Дау – жанжалды жағдайларда өзін ұстай білу дағдыларын пысықтау;
11. Өзіне деген жауапкершілікті сезіне білуге үйрету[14]
Демек, бала ата-анасымен қарым-қатынасқа зәру, ата-анасына жақын болғысы келу, өзін өкпе мен жан азабынан қорғауы. Баланы үнемі сынап отырса, ол жек көріп өседі, егер кінәлап отырса, ол өзін кінәлі сезініп өседі, мысқылдап отырса, тұйықталады. Еш уақытта баланы басқамен салыстырмаңыз. Бұл жердегі ең басты нәрсе нәтижелі жетістік емес, сезім, сәттілік, ішкі сезім бостандығы, ой бостандығы, сыртқы қимыл бостандығы қимылдан, мимикадан білінеді. Осы аталған мәселелерді шешу барысында келесідей авторлық бағдарламаны қолдануға болады.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Бағдарламаның мақсаты.Мектеп оқушыларында кездесетін агрессивті мінез-құлықы бар балаларды ғылыми тұрғыдан зерттеп (қарастырып), психологиялық-педагогикалық түзету жұмыстарын ұйымдастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
- вербальды және вербальды емес агрессияны төмендету;
- бойындағы қорқыныш сезімдерін сейілту;
- өз-өзіне деген сенімділігін дамыту;
- эмоциялықерік-сферасындамыту;
- ішкірезервтерінтірекетіп, өзін-өзібақылаудағдыларындамыту.
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР МЕН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Жүргізушіге қойылатын талаптар
Жұмыс кезінде жүргізуші:
- Мектеп оқушыларының психологиялық ерекшелігін жетік білу;
- Оқушылармен топтық жұмысты ұйымдастыру формасын, әдіс-тәсілдері мен принциптерін білуі қажет;
- Жүргізуші арнайы психологиялық дайындықтан өткен психолог бола алады;
- Тренингтің сәтті өтілуін және нәтижелілігін анықтайтын психологтың жеке тұлғасы маңызды фактор болып табылады. Сондақтан коррекциялық жұмыс барысында жасөспірімдермен жүргізуші жағымды атмосфера құруы керек.
Топтық сабақтарды ұйымдастыру
Әр сабақ 1 академиялық сағатқа есептелінген, жүргізілу жиілілігі - аптасына бір рет. Сабақтар динамикалық жаттығулар жүргізу үшін ыңғайлы кең бөлмеде жүргізілуі керек. Сондай-ақ бөлмеде сынып тақтасы немесе электронды тақта болуы қажет.
Күтілетін нәтиже:
- жасөспірімдердің үрей деңгейін төмендеуі;
- өзін-өзі бағалауды қалыптастыру;
- өз-өзіне сенімділігін жоғарлату;
- агрессия деңгейін төмендету;
- қорқыныштан арылу.
ОҚУ-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Бағдарламадаойын, топтық жаттығулар, пікір алмасу, әңгіме-сұхбат, шағын дәріс, би терапия элементтері әдістері қолданылады.
Коррекция жұмысының формалары:
- жекелей жұмыс;
- жұппен;
- топтық жұмыс.
Кездесу уақыты:аптасына бір сабақ.
Сабақ ұзақтығы: 45 минут
№ |
Тақырыбы |
Мақсаты |
Сағат саны |
Жұмыс формасы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Қане танысайық |
Балалармен танысу. Сыныппен жұмыс істеуге байланысты ережелерді ұйымдастыру |
1 |
Әңгіме, танысу жаттығулары, сыныптың негізгі ережелерін ұйымдастыру. Эмоциялық қысымды төмендету, «Айдаһар» ойыны |
2 |
Вербальды агрессиямен жұмыс
|
Вербальды агрессияны шығару, тікелей дене агрессиясын қимыл арқылы шығару, кері әсерлерден арылып, өзіне сенімділігін арттыру, ептілікке үйрету |
1 |
Сәлемдесу жаттығулары, «Жемістермен ұрысамыз», «Екі тайпаның төбелесі», «Үшінші көз, оян!», «Бірге ойласып жасалған қимыл» ойындары |
3 |
Вербальды емес агрессиямен жұмыс
|
Вербальды емес агрессияны төмендету, артық эмоциялық және бұлшықеттік қысымды азайтуға көмектесу, жағымсыз көңіл күйді жойып, күш қуатын арттыру |
1 |
«Мазақтау», «Екі қой», «Тух-тиби-дух» ойындары
|
4 |
Қорыққанда не істеу керек? «Мен неден қорқамын?» |
Оқушылар бойындағы қорқыныш сезімдерінен арылту |
1 |
Қыздыру жаттығуы «Жаңбыр» немесе «У-шу», Пікірталас, «Мен неден қорқамын» тақырыбында сурет салу, «Тербелу» ойыны, релаксация |
5 |
Қорыққанда не істеу керек? «Мен неден қорқамын?» (4-ші сабақтың жалғасы) |
Оқушылар бойындағы қорқыныш сезімдерінен арылту |
1 |
«У-шу» қыздыру жаттығуы, мәселелеік жағдаят, релаксация
|
6 |
Үрей сезімінен арылу
|
Үрей деңгейін төмендету, үрейді жою және өзіне сенімділікті арттыру |
1 |
«Қайықтар», Тышқан және қақпан ойындары |
7 |
Өзіне басқалар көзімен қарау
|
агрессивті балаларды аз ренжуге үйрету, өзіне қоршағандардың көзімен қарауға мүмкіндік беру, балаларға сергек болуға мүмкіндік беру, көп уақыт бір шаруамен айналысқан соң қысымын азайтып, шаршағанын басу, балаларды жинақталған ашуларын сыртқа шығаруды үйрету. |
1 |
«Дырылдауық», «Қағаз доптар», «Кішкентай елестер» ойындары,
|
8 |
«Мен бәрінен де әдемімін».
|
Баланың өзін- өзі бағалауын арттыру, балаларды ептілікке тәрбиелеу, өзін-өзі ұстау, бойын босаңсытып, кері әсерлерден арылту |
1 |
«Төмендегі сөздерді сеніммен қайтала» жаттығуы, «Бұзылатын мұнара» ойыны, «Өз биіңді ойлап тап», «Демал да, тамаша ойлан», релаксация |
9 |
Қорытындылау сабағы
|
Ойын арқылы балалардың ойында әр түрлі ережелерді сақтауға үйрету. Балаларды өзара тіл табыса білуге үйрету, талғамын арттыру, өзіне сенімділігін нақтылау, еңбек етуге тәрбиелеу. Өзара тіл табысуға, бөлісе білуге үйрету. |
1 |
«Шуақты күн», «Төмпешіктер», «Көшіп, қону», «Құпия», «Қорытынды сурет» жаттығулары
|
ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ КЕШЕНІ
1 – сабақ
Тақырыбы: Қане танысайық
Мақсаты:Балалармен танысу. Сыныппен жұмыс істеуге байланысты ережелерді ұйымдастыру
Сабақ барысы
«Танысу» жаттығуы
Қатысушылар дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Бірінші бала көршісіне қарап өзінің атын және атының бас әрпінен келетін сүйікті көкөніс немесе жеміс-жидекті айтады. Көршісі «өте жақсы» деп жауап беріп, ол бірінші баланың атын, ұнататын көкөнісін (жемісін) қайталап барып, өзін таныстырады. Осылай әр ойыншы өзін таныстырмас бұрын – бірінші, екінші, т.т. осылай алдындағы балалардың атын, ұнататын жемісін қайталап барып, өзін таныстырады.
Ескерту: Әр ойыншы өзін таныстырып жатқанда, басқа ойыншылар зейін салып тыңдап, өзінен алдыңғылардың бәрін қайталап барып, өзін таныстыру қажет.
«Қысқы серуен» ойыны
Балалар отырып, қарды жинап, оң қолмен иықтан асырып лақтырады. Сосын дәл сол қимыл сол қолмен қайталанады. Жаттығу 3 рет орындалуы қажет.
Жүргізуші: Біз үстімізді қарға былғадық, енді үстімізді қағайық. Балалар ең алдымен оң аяқтарын, сосын сол аяқтарын қағады.
Жүргізуші: Біз серуендеп келдік, енді бөлініздер. Алақандарымызбен қолымызды, аяғымызды, бетімізді, құлағымызды, мұрынымызды уқалаймыз. Құлағымызды, арқамызды, ішімізді жақсылап уқалаймыз. Біз аздап шаршадық, енді дем алуымыз қажет. Кезекпен бір қолды, сосын екінші қолды кезекпен босатамыз. Негізігі жаттығуға көшкенде балалар шеңбер болып тұрып, жымыйып, бір-бірінің қолдарын ұстау қажет.
«Топтың ережелерін ұсыну және талқылау» әңгімесі
1-этап: Топтағы тәртіп ережелері:
1 е р е ж е – Сабаққа кешікпей келу
2 е р е ж е – Белсенді болу
3 е р е ж е – Біріміз сөйлегенде – бәріміз тыңдаймыз
4 е р е ж е – Критикасыз тыңдаймыз
2-этап: Амандасуды ойластыру
Амандасу: Жүргізуші қолын созады, балалар жүргізушінің қолдарына өз қолдарын қояды, содан кейін жүргізуші өз қолын қояды. Барлығы сәл еңкейіп, қолдарын жоғары сермеп «Сәлеметсіз бе?» деп амандасады.
3-этап: Қоштасу. Балалар қоштасудың өзіндік тәсілдерін ойлап табады.Сәлемдесу мен қоштасу барлық сабақ барысында сақталады.
«Айдаһар» жаттығуы
Топ қатарласып тұрады, әр қатысушы алдыңғы ойыншының белінен ұстайды. Саптың алдындағы ойыншы дракон «басы», соңғы қатысушы «құйрығы». «Басы»«құйрығын» ұстауға тырысады, ал басы бұлтып ұстатпауы керек. Жаттығу барысында барлық қатысушы қолдарын жібермей қозғалады. Қазіргі сезімімдерін, көңіл-күйін қысқаша білдіреді.
2 – сабақ
Тақырыбы: Вербальды агрессиямен жұмыс
Мақсаты: Вербальды агрессияны шығару, тікелей дене агрессиясын қимыл арқылы шығару, кері әсерлерден арылып, өзіне сенімділігін арттыру, ептілікке үйрету
Сабақ барысы
1. Тақырыбы: «Жемістермен ұрысамыз»
Мақсаты: Вербальды агрессияны шығару.
Барысы: Балаларға жаман сөзбен емес, жемістермен ұрысуды ұсынамыз: «Сен – қиярсың», «Ал сен - сәбіз», «Сен – алма», «Ал сен –асқабақсың», т.с.с.
Ескерту: Жаттығуды бастамас бұрын бұл ойын екенін ескерту. Ал соңында осы айтылған жеміс-көкөністердің жақсы жақтарын айтып өтеміз (балаға кері әсер бермеуі үшін). Мысалы: асқабақ – бұл өте дәмді, тәтті, құрамында өте көп витаминдер бар, бізге пайдалы т.с.с.
2. Тақырыбы: «Екі тайпаның төбелесі».
Мақсаты: Тікелей дене агрессиясын қимыл арқылы шығару.
Барысы: Ойынға кішкене жастықтар керек. Балалар екі топқа бөлінеді. Бұлар екі бір-біріне қарсы ежелгі тайпалар. Әр топ өз тайпасының атын ойлап табады.
Әр ойыншының қолында бір-бір жастықтан. Осы жастықтармен бір-бірінің денесінің әр жеріне жеңіл ұрып, төбелеседі. Ойынның соңында екі тайпаның ойыншыларын бір-бірімен қол алысып, достасуға шақырады.
Ескерту: Жүргізуші балалар төбелесіп ойнап жатқанда бір-бірін қатты немесе оқыс ұрып қоймауын қадағалап тұрады.
3. Тақырыбы: «Үшінші көз, оян!».
Мақсаты: Кері әсерлерден арылып, өзіне сенімділігін арттыру.
Барысы: Жүргізуші: Адам тек көзімен ғана көріп қоймайды. Оның данышпандылығы мен ақылы, ұстамдылығы мен байсалдылығы – үшінші көзінде оянуы мүмкін. Өзіңнің «сұқ саусағыңды» созып, мұрныңның үстіңгі, екі қастың ортасына қой. Бұл жерде сенің үшінші көзің, данышпан көзің. Сағат тілінің бағытымен 6-10 рет уқалаймыз. Уқалай отырып: «Оян, үшінші көзім, оян, үшінші көзім,......» деп бірге айтамыз.
- Енді сендер бұрынғыға қарағанда әлдеқайда ақылды, ұстамды, данышпан болыңдар.
4. Тақырыбы: «Бірге ойласып жасалған қимыл» этюді.
Мақсаты: Ептілікке үйрету.
Барысы: Балалар жұп-жұп болып бөлінеді. Әр жұп бірлескен қимылды көрсетулері қажет.
Тапсырма:
- қайықтың ескегі;
- жіпті жинап орау;
- арқан керу;
- шыны ыдысты (стакан) бір-біріне беру;
- ағашты аралау;
- жұбымен билеу, т.с.с.
Релаксация
3 – сабақ
Тақырыбы: Вербальды емес агрессиямен жұмыс
Мақсаты: Вербальды емес агрессияны төмендету, артық эмоциялық және бұлшықеттік қысымды азайтуға көмектесу, жағымсыз көңіл күйді жойып, күш қуатын арттыру.
Барысы:
«Мазақтау»
Уақыты: 10 минут
«Балалкар допты шеңбер бойымен тарата отырып,» бір бірлерімізді әр түрлі сөздермен атайық. Әр бір сөз «Ал сен... сәбізсің!» дегеннен басалу керек. Бұл ойын екенін естен шығармаңдар, сондыұтан бір бірімізге ренжімейміз. Қорытынды кезейінде шеңберде міндет ті түрде өз көршісіне жағымды сөз айту керек. Мысалы, «Ал сен... күн шуағысың!».
«Екі қой»
Уақыты: 20 минут
Тәрбиеші балаларды жұптарға бөліп, мәтінді оқиды. «Ерте,ерте, ертеде екі қой көпірде кезігіп қалады». Ойынға қатысушылар аяқтарының арасы кең қойып, денесін алдығ қарай созып, алақандарымен және маңдайларымен бір бірлеріне тіреледі. Міндеті – орындарыннан қозғалмай бір бірлеріне қарсы тұру. «м-а-а-а-а» деген дыбыс та шы5ару5а болады. «Қойлар» маңдайларын ауыртып алмау үшн «Қаіпсіздік техникасын» сақтау қажет.
«Тух-тиби-дух»
Уақыты: 15 минут
«Мен сендерге құпия ретінде бір сыйқырлы сөзді айтамын. Бұл ғажайып сөз жаман көңіл күйге, реніштерге және көңіл қалушылыққа қарсы. Ол шынымен жүзеге асу үшін келесілерді орындау керек.қазір сендер бөлме ішінде жүре бастайсығдар, ешкіммен сөйлеспейсіңдер. Сөйлескілірің келсе, қатысушылардың біреуіне қарама-қарсы тұрып оның көзіне қарап, үш рет «Тух-тиби-дух» деп шын көңілмен айтасыңдар. Содан соң бөлмеде жүруді жалғастырасыңдар. Уақыт өте келе біреудің алдына келіп тұрып сыйқырлы сөзді айтасыз. Сыйқырлы сөз орындалу үшін оны бос емес, адамның көзіне қарап тұрып айтасың.
4 – сабақ
Тақырыбы:Қорыққанда не істеу керек? «Мен неден қорқамын?»
Мақсаты: Оқушылар бойындағы қорқыныш сезімдерінен арылту
Барысы:
Қыздыру жаттығуы «Жаңбыр» немесе «У-шу»(5 мин)
Пікірталас (10 мин)
Жүргізуші: өзінің кішкентай кезінде көп нәрседен қорыққанын айтады: қараңғылықтан, жалғыздықтан, үлкен иттерден, тіс дәрігерінен, биіктен т.б. осыдан кейін оқушыларға сұрақ қояды:
· Сендерде осылай болды ма?
· Сендер кшкентай болғанда неден қорықтыңдар?
· Өздеріңнің қорқыныштарыңды қалай жеңдіңдер?
· Еш нәрседен қорықпауға болады ма?
· Қорқыныш не үшін керек?
· Қорықпау үшін не істеу керек?
· Оған кім көмектесе алады?
· Сендер өздеріңнің қорқыныштарың жайлы айтып бере аласыңдар ма?
«Мен неден қорқамын» тақырыбында сурет салу (10 мин)
Жүргізуші: балалар, сендер қалай қорыққандарыңды көрсеттіңдер. Не сезіндіңдер? Өз қорқыныштарыңа ашуланасыңдар ма?
Енді алдарыңдағы қағазды алып мыжып бүктеңдер.
Ал енді жаңағы бетті дұрыстап тегістеп алдымызға қояйық. Енді естеріңе қорқыныштарыңды түсіріңдер де, сол қорқынышты осы парақтарыңа салыңдар.
Балалар өз қорқыныштарының суретін салып олар жайлы айта бастайды. Осыдан барып талқылайды.
Суретті талқылау, оқушылардың әңгімесі.
«Тербелу» ойыны (15 мин)
Керекті қатысушылар –3, олардың ішінде бір ересек болғаны жөн. Екеуі бір метр қашықтақпен бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Қолдарын алдыға созып, ортасында көзі байлаулы бір оқушы тұрады. Оған мынадай нұсқау беріледі: «Аяқтарыңды қозғалтпай артқа шалқай!» Шалқайған оқушы қолын созып тұрған екі оқушыға қарай шалқаяды, екеуі бір-біріне ортадағы оқушыны итереді. Ұзақтығы: 2-3 минут. Осылай тербелу барлық баламен жүргізіліп шығады.
Релаксация сұрақтары:
1. Ойын ұнады ма?
2. Қандай сәттер қиындық туғызды?
5 – сабақ
Тақырыбы:Қорыққанда не істеу керек? «Мен неден қорқамын?» (4-ші сабақтың жалғасы)
Мақсаты: Оқушылар бойындағы қорқыныш сезімдерінен арылту
Барысы:
«У-шу» қыздыру жаттығуы (5 мин)
Мәселелеік жағдаят туғызу (40 мин)
Жүргізуші балалардан алдыңғы сабақта не істегендерін ойларына түсіргендерін сұрайды.
Жүргізуші: иә, сендер қорқыныштарың жайлы сурет салған болатынсыңдар. Мен сендердің сол суреттеріңді жинап алып жағып жіберемін бе деп ойладым. Бірақ, қызық! Ол қорқыныштарыңды көріп тастауға қимадым, мен оларды аяп кеттім. Иә,иә! Ойлаңдаршы, олар қандай күйде екенін, оларды ешкім жақсы көрмейді ғой. Ешқашанда ұнатпаған. Мүмкін содан кейін олар сондай қрқынышты. Қалай ойлайсыңдар?суретті жағымдыға өзгерту
Жүргізуші: мүмкін оларды басқалай бейнелейміз? Мүмкін қарындаштармызбен оларды жақсыға өзгертіп көреміз? Содан кейін бәрі орнына келеді.
·Қалай ойлайсыңдар, оларға не жетіспейді? Суретін салыңдар!
·Олар жақсы болды ма? Олар қуанышты ма?
·Олар қандайболады, суретін салыңдар
·Енді олар сендерге ұнайды ма?
·Әлде қорқынышты ма?
Салған суреттеріне қарап, оқушылар өз қорқыныштарының сондай қорқынышты емес екенін ұғып, жағымды қорытындыға келеді.
Релаксация.
6 – сабақ
Тақырыбы: Үрей сезімінен арылу
Мақсаты: Үрей деңгейін төмендету, үрейді жою және өзіне сенімділікті арттыру
Барысы:
«Қайықтар»
Уақыты: 20 минут
Үлкен көрпешік қажет. Ойынға қатысушылар саны кем дегенде екі ересек және балаллар болуы керек немесе 5-6 балалар. Көрпешік бұл қайық. Балалар теңізшілер. Бір бала капитан. Капитан өз кемесін жақсы көреді және теңізшілеріне сенім артады. Ойынды ересек адам басқарады. Ол капитанға қайықтың ортасында тұру міндетін тапсырады. Қатты соққы кезінде ол кемемен теңізшілерді құтқару үшін теңізшілерге «зәкірді түсір!» немесе «Машинаны тоқтат!» деп бұйрық береді. Содан соң теңізшілер көрпенің шеттерінен ұстап ақырын кемені шайқалта бастайды. Жүргізушінің «боран!» деген бұйрығымен шайқалу қаттылай береді. Капитанға оның міндетін ескертіп айтады. Оның бұйрығы берілген соң кеме ақырындап жерге түседі, барлығы капитанның қолын алып, оны мақтайды.
Тышқан және қақпан
Уақыты:25 минут
Ойынға қатысушылар саны 5-6 адамнан кем болмуа керек. Барлығы шеңбер бойына тұрады, бір бірлеріне аяқтарымен, иықтарымен тіреліп және белдерінен құшақтап тұрады – бұл қақпан. Жүргізуші – шеңбер бойында тұрады. Оның міндеті барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып қақпаннан шығу: «тесікті» іздеп табу, біреуді орнынан қозғалу туралы көндіру, басқа да тәсілдерді қолдана отырып жағдайдан шығу.
Ескерту: ересек «қақпандардың» аяқтары тышқандарды теуіп кетпеуін қадағалау. Егер ересек тышқанның жағдайдан шыға алмай жатқанын байқаса, жағдайды қадағалап: «барлығымыз аяқтарымыз бен қолдарымызды босаңсытып, тышұанға көмек берейік, оған жанашырлық танытайық».
7 – сабақ
Тақырыбы:Өзіне басқалар көзімен қарау
Мақсаты: агрессивті балаларды аз ренжуге үйрету, өзіне қоршағандардың көзімен қарауға мүмкіндік беру, балаларға сергек болуға мүмкіндік беру, көп уақыт бір шаруамен айналысқан соң қысымын азайтып, шаршағанын басу, балаларды жинақталған ашуларын сыртқа шығаруды үйрету.
Барысы:
«Дырылдауық»
Уақыты: 15 минут
Дырылдауық орындықта отыр, қолында орамалы бар. Басқа қатысушылар оның маңайында жүгіріп, оны ызалындырады, оған тиіседі. «Дырылдауық» шыдап отырады, бірақ оны жалықтырған кезде, ол орнынан тұрыпренжіткен адамды қуалай бастайды. Ұсталған бала «дырылдауық» болады. Ересек «ызыландыру» өте ренжітетіндей болмауын қадағалауы керек.
«Қағаз доптар»
Уақыты: 20 минут
Ойын басталмас бұрын бала үлкен қағаз бөлігінен умаждап доп жасау керек. «Екі топұа бөлінеміз, екі топ арасындағы қашықтық төрт метр болу керек. Жүргізушінің бұйрығымен бір бірлеріңе доптарды лақтыра бастайсыңдар. Бұйрық мынадай болады: Дайындал!тыңдаңдар! бастадық! Ойыншылар өз жағындағы доптарды қарсыласының аумағына қарай лақтырып жіберуге тырысу керек. Тоқта! Бұйрығын естіген кезде допты лақтыруды тоқтатасыңдар. Қай топтың аумағында доп аз болса сол топ жеңіске жетеді.
«Кішкентай елестер»
Уақыты: 10 минут
«Балалар! Қазір біз сендермен кішкендай, қайырымды елестің рөлдерінде ойнайтын боламыз. Біздің кішкене тентек болғымыз келіп тұр және аздап бір бірлерімізді қорқытқымыз келеді. Мен шапалақтағанда мен сияқты жасайсыңдар(қолдарын көтеріп, саусақтарын ашып тұрады) және қорқынышты дауыспен «Уууу» деп айтасыңдар. Егер мен ақырын шапалақтасам, онда сендер де «Ууу» деп ақырын дауыспен айтасыңдар. Егер мен қатты шапалақтасам қатты дауыспен айтасыңдар. Бірақ естеріңде болсын, біз мейірімді елестерміз және біздің аздап қана қалжыңдағымыз келіп тұр. Содан соң жүргізуші қолын шапалақтайды: жарайсыңдар! Қалжыңдап болдық, осы жетеді. Енді қайтадан бала кейпіне ораламыз».
8 - сабақ
Тақырыбы: «Мен бәрінен де әдемімін».
Мақсаты: Баланың өзін- өзі бағалауын арттыру, балаларды ептілікке тәрбиелеу, өзін-өзі ұстау, бойын босаңсытып, кері әсерлерден арылту
Барысы:
Төмендегі сөздерді сеніммен қайтала:
Мен ауылдамын.
Қиындықтан қорықпаймын.
Мен жаспын, қандай әдемімін.
Мен ұзақ өмір сүремін.
Менің қолымнан көптеген жақсылық келеді.
Мен барлық туыстарымды жақсы көремін.
«Бұзылатын мұнара».
Жастықтардан үлкен мұнара тұрғызамыз.
Негізгі тапсырма: Қатысушылардың әрқайсысы осы мұнараның үстіне секіреді, секіре отырып қуанышты «жеңімпаз» дауыспен «А-а-а», «Ура», т.с.с деп айқайлайды.
Осы мұнараның қабырғаларын бұзбай секірген қатысушы жеңіске жетеді.
Ескерту: Әр қатысушы өзіне ұнаған биіктікте мұнара тұрғызуына болады.
Әр секіргеннен кейін «демеушілер» жоғары дауыспен: «жарайсың», «өте жақсы!». «Жеңіске жеттің!», т.с.с. сөздермен демеп отырады.
«Өз биіңді ойлап тап»
Жүргізуші шеңбердің ортасында тұрады. Музыканың әуенімен (жылдам немесе жай) әр түрлі қимылда билейді, қатысушылар дәл осы биді қайталайды. Сосын ол қатысушының біреуін ортаға шақырады. Ол ортаға шығып өзінің биін ұсынады, осылай шеңбер бойы кезекпен ортаға шығады.
«Демал да, тамаша ойлан»
Көзіңді жұмып терең дем ал:
- ойша ойлан - «Мен арыстанмын» - терең тыныс алып, деміңді шығар.
- дауыстап айт - «Мен құспын» - тыныс ал, деміңді шығар.
- дауыстап айт - «Мен таспын» - тыныс ал, деміңді шығар.
- дауыстап айт - «Мен гүлмін» - тыныс ал, деміңді шығар.
- дауыстап айт - «Мен бірқалыпты тыныш жағдайдамын» - тыныс ал, демінді шығар.
Релаксация
9 – сабақ
Тақырыбы: Қорытындылау сабағы
Мақсаты: Ойын арқылы балалардың ойында әр түрлі ережелерді сақтауға үйрету. Балаларды өзара тіл табыса білуге үйрету, талғамын арттыру, өзіне сенімділігін нақтылау, еңбек етуге тәрбиелеу. Өзара тіл табысуға, бөлісе білуге үйрету.
Барысы:
Балалар өздеріне таныс ережелерді сақтап, гүлді бір-біріне ұсынып, ол педагогқа гүл шоғы боп оралады. Оны «Шуақты күн» деп атайды. Шуақты күн терезеге түсіп түр. Барлық балалар ұйымдасқан түрде далаға шығып, шеңбер құрып, қол ұстасып көршілеріне мейірлене қарап, бір-біріне жақсы лебіз, жылы тілектерін білдіреді.
«Төмпешіктер»
Еденнің үстіне әр жерге жастықтарды қоямыз, қос аяқтап секіргенде жете алатындай қашықтықта. Ойыншылар – батпақты мекендейтін бақалар. Ал жастықтар - төмпешіктер. Бір төмпешіктің үсті сотқар бақаларға тарлық жасайды, сондықтан да олар көрші төмпешіктерге секіріп: «Ква-ква, жылжышы» дейді. Егер екі бақаға бір төмпешік тар болса, біреуі келесі төмпешікке секіреді, болмаса көршісін «батпаққа» итереді, ол өзіне бос төмпешік іздейді.
Ескерту: Жүргізуші де ойынға араласып төмпешіктердің үстінен секіріп, бақылап жүреді. Егер бақалардың арасында өзара келіспеушілік пайда болған жағдайда, ол секіріп жүріп олардың дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі.
«Көшіп, қону»
Жүргізуші балаларға: «Мына біз отырған бөлмені жақсылап қараңдар, ал енді осы жерде қалай, нені өзгертсек болады? Орындықтар мен үстелді жылжытып қалаған жерге қойыңдар, әлдерің келетін нәрсенің бәрін жылжытыңдар. Кітап, ойыншық, т.с.с. заттарды да орнын ауыстыруларыңа болады. Осы бөлмені танымастай етіп, қалауларыңша жасаңдар. Өте жақсы. Ал енді отырып қараңдар, сендер бөлмені тамаша етіп өзгертіп жібердіңдер. Енді бәрін орын-орнына қойып, бөлмені өз қалпына келтірейік».
Ескерту:Балалардың жасаған тірлігін мақтап отыру қажет, ол баланың қызығушылығы мен құлшынысын арттырады.
«Құпия»
Жүргізуші әдемі қорапшадан қатысушылардың бәріне құпия сыйлық (түйме, моншақ, сағат, сырға, т.б.) тарту етеді. Сыйлықты көршілеріне көрсетпей алақанына салып, жұдырықпен жұмып тұрады. Бір-біріне не нәрсе берілгенін білгісі келген қатысушылар бөлменің ішінде жүріп, келіссөзге келе бастайды.
Ескерту: Жүргізуші бір-бірімен құпиясын алмасып, келіссөзге келуін бақылап тұрады. Келісе алмай тұрған балаға, әрқайсысымен тіл табысуына көмектеседі.
«Қорытынды сурет»
Балалардан алдыңғы сабақтардағы ойын, би жаттығуларды еске түсіріп, алған әсерлерін қағаз бетіне түсіруін өтінеміз. Әсерлерін бояумен немесе кейіпкер, гүлдер, шұғыла, т.с.с. бейнеде көрсетуін сұранамыз. (баланың өз қалауы бойынша, шектеусіз қиялы көрсетеді.)
Ескерту: Баладан суретте нені бейнелегенін сұраймыз. Суретте қандай түстерді талғағаны, заттың (кейіпкердің) қағаз бетіндегі орны, көлемі осының бәрі өте қажет, сіз балаға көмек көрсете алдыңыз ба? Суретінен байқалады. Бала суреті қалай болса да, оны нашар деп айтуға болмайды, оны мақтап, мадақтау қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Агрессивті мінез-құлық – мектеп жасындағы балалардың арасында кең көлемде таралған бұзылушылықтардың бірі, өйткені бұл мақсатқа жетудің тез және эффективті тәсілі.
«Мектеп оқушыларындағы агрессивтілік мінез-құлық және оны шешудің жолдары» тақырыбына авторлық бағдарламада, агрессивті балалардың ата-аналарына келесідей ұсыныстарды ұсынғанды жөн көрдік:
ü Өз мәселелеріңіздібалағаайтпаңыз;
ü Баланың мектепке деген ықыласына дұрыс көңіл аударып, баланың мектепке қызығушылығын арттыруға ат салысқаныңыз жөн;
ü Егер ашулы болсаңыз, өшіңізді баладан алудан аулақ болыңыз;
ü Баланың танымдық процесстерінің дамуына мүмкіндіктер жасау, балаларға арналған арнайы ертегі, қызықты кітаптар оқып бергеніңіз жөн;
ü Теледидардан түрлі қорқынышты, бала дамуына кері әсер ететін фильмдерді көруіне шек қойыңыз;
ü Балаңызға көбірек көңіл бөліп, сенім артыңыз;
ü Егер бала сізбен араласуды қош көрмесе, күшпен көндірмеңіз, өйткені күш көрсету түзеу орнына, бала қарсылығын арттыра түседі;
Агрессивті мінез-құлықты жоюға байланысты ұстаздар қауымына келесідей ұсыныстарды ұсынамыз:
ü Балалармен жеке жұмыста, сабақ барысында, ойын кезінде әр түрлі ойын түрлерін жүргізіңіз;
ü Баланың мейірімділік, әділеттілік, шыншылдық, кішіпейілділік, әдептілік сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған жұмыстар ұйымдастыру;
ü Балалардың ата-аналарымен баласы жөнінде үнемі қарым-қатынаста болғаныңыз жөн;
ü Агрессивтілікті жоюға бағытталған жоғарыда көрсетілген немесе тағы да басқа ойын элементтерін өткізгеніңіз абзал.
Агрессивті балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «Әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, агрессияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінезіндегі кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына бағыттау, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында агрессивті мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкіндік жасалады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. М.Раттер. Помощь трудным детям. – Москва : Прогресс, 1987, с. 275-292
2. Под.ред. В.С. Кукушина. Коррекционная педагогика. Москва – Ростов – на- Дону.- 2004. – 84-99 ст
3. Дубровина И.В. Андреева А.Д. Данилова Е.Е. Вохмянина Т.В. Психокоррекционная и развивающая работа с детьми. – М.: Академия, 1999. – 313с.
4. Лютова Е.К., Монина Г. Б. Шпаргалка для взрослых: Психокоррекционная работа с гиперактивными, агрессивными, тревожными и аутичными детьми. М.: Генезис, 2000.
5. Баженов В.Г., Баженова В.П.. Психолого-педагогическая диагностика и коррекция девиантного поведения школьников. — Тараз, 2003.
6. Заостровцева М.Н., Перешеина Н.В. Агрессивное поведение: коррекция поведения дошкольников. – М.: Сфера, 2006. – 112с.
7. Абрамова Г.С. Возрастная психология. – М., Академ. проект, 2001. – 672с.
8. Агрессия у детей и подростков: Учебное пособие / Под ред. Н.М. Платоновой. – СПб., Речь, 2004. – 336с.
9. Жапарова Г.С. Агрессивтілік және оны жеңу жолдары: маг.дисс.. 6М010300 / СМПИ. Семей, 2011, 71 б.
10. Бейсебаева С.Б. Жастардың девиантты мінез-құлқының дамуына әсер ететін факторлар // ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы, №3(28).2003,132-134б.
11. Қалдыбекова А. Бала агрессиясы, оны психокоррекциялау жолдары. // Мектептегі психология. 2012 №10. 23-25 б.
12. В. Христофорова, Е. Айымов. Тұлғаның мінез-құлқындағы агрессия себептері және жою жолдары. // Мектептегі психология. 2008. №3. 20-21 б
13. «Мектеп және отбасында агрессивті баламен жұмыс істеу ерекшелігі» // Шағын мектеп. 2003.-№4.-33-35 бет
14. О. Смағұлова. Тәрбиесі қиын оқушымен жұмыс. // Тәрбие жұмысы.2004. №5. 12 – 13 бб.
15. Б.Жоламанова. Қиын оқушыны тәрбиелеу. // Бала тәрбиесі. 2005. №5. 40-42 бб.
16. Дубинко Н.А. Влияние когнитивных пpоцессов на пpоявлениеагpессивности в детском возpасте // Вопpосы психологии. 2000. №1. – 57с.
17. Коробкина Н. Наши трудные дети // Практическая психология 2007 № 1(7)
18. Сұлтанбекова А . , Малдыбаева А. Агрессивті мінез-құлық //Қазақстан мектебі 2005 №5. – 27 бет.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.