«Қостанай қаласы білім бөлімінің №18 мектеп-гимназиясы» ММ
Мектепке дайындық
Мұғалімге әдістемелік нұсқаулық
Утина А.Қ.
1 тоқсан
9 сағат
№ |
Тақырыбы |
Мақсаты |
1 |
Зат. Зат қасиеттері |
Зат ұғымымен, қасиеттерімен (түсі, ерекше белгілері) таныстыру. Заттарды қасиеттері бойынша іріктеуге, сипаттауға үйрету |
2 |
Заттарды сипаттау |
Заттардың адамның дене мүшелерімен қабылдауы, қолдануы туралы түсінік беру. Заттарды сипаттауға үйрету. |
3 |
Заттардың құрылымы. |
Заттардың құрылымымен таныстыру. Заттарды бөлшектеуге, бөлшектерін салыстыруға үйрету. |
4 |
Заттарды салыстыру |
Заттарды өлшемі, саны бойынша салыстыруға үйрету |
5 |
Симметрия |
Симметрия туралы түсінік беру. Сурет бөлігін симметриялы жалғастыруға үйрету |
6 |
Заттардың суретін салу. Реті бойынша салу |
Заттардың суретін сан реті, қайталану реті бойынша салу, суреттін дайын бөлігін жалғастыру. Оқушылардың есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын дамыту. |
7 |
Заттардың әрекеті және кері әрекеті. |
Заттармен орындалатын әрекеттерді талдау. |
8 |
Бақылау жұмысы |
Зат және онымен орындалатын амалдардың оқушылардың ұңыну деңгейін текесеру |
9 |
Қайталау |
Қатемен жұмыс жүргізу. Оқушылардың тоқсан бойынша алған білімдерін тиянақтау |
Мұғалімге ескертулер:
1. Сабақ алдында қажетті материалдарды және жабдықтарды дайындап алу.
2. Әр сабақта міндетті түрде түрлі түсі қарындаш болуы қажет.
3. Тек мұғалім нұсқаған тапсырманы орындауын талап ету. Орындалатын тапсырмаларды мұғалім өзі дауыстап оқуы қажет.
4. Тапсырманы түсінбеген немесе орындауға қиналатын оқушылармен жеке жұмыс жүргізіледі.
5. Әр орындаған тапсырмаға талдау жасалады.
6. Егер сабақ сонында уақыт қалған жағдайда, өткен тақырыптардан тапсырма беруге немесе логикалық жаттығу орындатуға болады.
7. Сабақ сонында қосымша тапсырмаларды алдынғыларын тез орындаған алғыр оқушылар орындайды немесе уақыт қалған жағдайда барлық сынып орындауы мүмкін.
8. Әр сабақтың басында өткен тақыыпты міндетті түрде қайталау қажет.
9. Сабақта үлгірмеген тапсырмаларды оқушыларға үйге беріледі.
10. Бақылау жұмысы кезінде мұғалім түсініктеме бере алады.
11. Сабақ ұзақтығы 35 минуттен асапау тиіс.
12. Сабақта мұғалім жағымды, көңілді жағдай туғызуы қажет.
13. Бақылау жұмысына берілетін тапсырмалар алдынғы сабақтарда орындалған тапсырмаларға ұқсас болады.
Сабақ №1
Зат. Зат қасиеттері
Сабаққа дайындық:
1. Доп әкелу
2. Әртүрлі заттар салынған суреттер болу (10 дана).
Сабақ барысы:
Жаңа сабақ:
- Балалар, біздін айналамызда не бар? Олар несімен ерекшеленеді? Заттардың түстері қандай болады? Қандай түстерді білесіндер? Олардың кейбіреуі үлкен болса, кейбірі кіші болады. Олардың кейбірін жеуге, ал кейбіреуін киюге болады. Сабаққа қажетті құралдар да заттарға жатады. Бүгін сабақта біз заттармен және олардың ерекшеліктерін тани білеміз.
Тапсырма 1 (ауызша): Мұғалім заттың суретін көрсетеді. Оқушыдан заттың түсін, өлшемін, пішімі қандай деп сұрайды. Әр зат бойынша бірнеше сұрақ қоюға болады. Мысалы: Лимон – қышқыл, дөңгелек, сары, тағамға жатады.
Тапсырма 2 (дәптерде): №1 жаттығу. Тапсырма орындауға 3 түрлі (қызыл, сары, жасыл) қарындаш дайындауын талап етеді. Мұғалім сызуды орындауы қадағалап, дүрыстап отырады.
Тапсырма 3 (ауызша): мұғалім доп тастап, зат атайды. Оқушы заттың түсін атауы тиіс. Мысалы: түлкі – сарғыш, аю – қоңыр немесе ақ т.с.с.
Тапсырма 4 (дәптерде): Дәптердегі №2 жаттығу. Жабайы жануарлар қайда тұрады? Ал үйде қандай жануарлар тұрады? Талдау жүргізу. Торларды дұрыс бояуын қадағалау
Сергіту сәті: «Болады, болмайды ойыны». Мұғалім затты мен оның бір қасиетін атайды. Дұрыс болса оқушылар шапалақтайды. Дұрыс болмаса орыннан тұрып секіреді. Мысалы: алма көк – секіреді, шие дөңгелек – шапалақтайды.
Тапсырма 5 (ауызша): Дәптердегі №3 жаттығу. Мұғалім заттардың әрбірі туралы сөйлем құруын сұрайды.
Тапсырма 6 (жазбаша): Дәптердегі № 4 тапсырма. Мұғалім әр қатарда артық заттың барын және оны тауып бояу қажет екенің хабарлайды.
Тапсырма 7 (жазбаша): Мұғалім оқушының берілген әріптерден сөз құрап, сол заттың суреттерін тор ішіне салуды сұрайды.
Қосымша тапсырма: Мұғалім оқушыларға жұмбақ жасырады:
Қабат-қабат
қаттама,
Ақылың
болса, аттама.
(Кітап)
Басында екі
таяғы бар,
Төрт
аяғы бар,
Сегіз
тұяғы бар,
Иегінде
сақалы бар.
(Ешкі)
Басы —
тарақ, арты — орақ.
(Қораз)
Ерте
тұрдым,
Екі айыр жолға түстім.
(Шалбар)
- Сабақ аяқталды!
Сабақ №2
Заттарды сипаттау.
Сабаққа дайындық:
1. Әр түрлі заттар салынған қорап әкелу
Сабақ барысы:
Қайталау (ауызша): Мұғалім сұрақ қояды: Зат дегеніміз не? Әр заттын қандай ерекшеліктері бар? Біз қазір ойын ойнаймыз:
Бір оқушы бір зат атайды, қасында отырған оқушы сол заттың қасиетін атайды. Мысалы:
Үстел – ағаштан жасалған, қоян – жабайы жануар.
Жаңа сабақ:
- Өткен сабақта біз заттардың қасиеттерін тани білуге үйрендік, ал бүгінгі сабақта оларды сипаттауға, яғни олардың қасиеттері бойынша ажырата білуді үйренеміз. Әр заттын түсі, пішімі, өлшемі бар. Кейбір заттардың түсі бірдей болса, олардың өлшемі, немесе жасайтын қызметі әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы: шие мен алма – олар несімен ұқсас? (Түсі бірдей, жеміс-жидекке жатады). Ал несімен ұқсамайды? (шие қышқыл, өлшемі кіші).
Тапсырма 1 (дәптерде): Дәптердегі №1 жаттығу. Оқушылар әр затты сипаттады, содан соң екі затты алып оның ұқсастығын көрсете алуын тиіс.
Тапсырма 2 (дәптерде): Дәптердегі №2 жаттығу. Мұғалім әр затқа берілген белгілерді оқып, содан кейін ғана суретін салуға болатынын ескертеді.
Сергіту сәті: «Затты көрсет». Мұғалім бір затты атайды, оқушылар соны көретуі керек. Мысалы: Машина, Түлкі, Поезд, Балапан, Балық, Ағаш.
Тапсырма 3 (дәптерде): мұғалім тапсырманы орындамас бұрын әр затты сипаттауын сұрайды. Содан соң оқушылар артығын тауып, бояйды. Екі тапсырма орындауы тиіс. Екіншісін орындауға үлгірмеген оқушыларға тапсырма үйге беріледі.
Тапсырма 4 (ауызша): Ғажайып қорап ойыны. Мұғалім қорапты үстел үстіне қойып, бір оқушыны шақырады. Қорапқа алдына ала бір зат салынады. Мысалы: жұмсақ ойыншық, оқу құралдары, алма, банан, т.с.с. Қалған оқушылар сол затты табуы тиіс. Бірнеше рет ойнатуға болады.
Тапсырма 5 (дәптерде): Дәптердегі №4 жаттығу. Оқушылар заттарды сипаттайды, ұқсас заттарды тауып, олар несімен ұқсайтынына талдау жасайды.
Қосымша тапсырмалар:
Жұмбақтар жауабын тауып, суретін салады:
Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа)
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)
Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас.
(нан)
Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат.
Бұл не сонда?…
(сағат)
- Сабақ аяқталды!
Сабақ №3
Заттардың құрылымы.
Сабаққа дайындық:
1. Суреттер әкелу (оқушы саны бойынша)
Сабақ барысы:
Қайталау (ауызша):
- Балалар, өткен сабақта біз заттарды сипаттауға үйрендік, заттар туралы сөйлемдер құрдық, заттарды салыстырып, талдадық. Осы тақырыпты тағы да бір қайталап шығайық. «Затты тап» ойыны. Ойынға оқушының бірі шығып, мұғалім оның құлағына бір сөз жасырады. Жасырған сөзді оқушы айтпай-ақ, сипаттау қажет. Қалған оқушы сол сөзді табады. Дұрыс жауап тапқан оқушыға жұлдызша беріледі.
Жаңа сабақ:
- Бүгінгі сабақта біз заттардың құрылымымен танысамыз. Әр зат бірнеше бөліктерден тұрады. Мысалы: Машина – дөңгелектері, руль, кабина, орындық, қозғалтқыш. Адам – қол, аяқ, мұрын, көз, шаш, дене. Компьютер – монитор, процессор, пернетакта, тышқан. Сол сияқты әлемдегі барлық заттар бөліктерден тұрады. Мысалы компьютердің мониторы өзі бірнеше бөліктен тұрады. Оны біз жоғары сыныптарда өтеміз.
Тапсырма 1 (Ауызша). Дәптердегі №1. Оқушылар суреттерде берілген әр затты бөліктерге бөліп, талдау жасайды.
Тапсырма 2. (Ауызша). Дәптердегі №2 жаттығу. Бұл тапсырманы ауызға немесе оқушылар жаза білсе жазбаша орындаған дұрыс. Оқушылар үйдің қандай бөліктерден тұратыны жайлы айтады.
Тапсырма 3 (жазбаша): Дәптердегі №3 жаттығу. Мұғалім әр заттың құрамындағы бөліктерді оқиды, оқушылар осы белгі бойынша сурет салады. Оқушылардың суреттері әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: Сүйек, қабық дегенде – алма, шие, қарбыз тағы да басқа жеміс-жидек сала алады.
Сергіту сәті: «Амандасу» ойыны. Балалар, біздің қолымыз, аяғымыз т.б. бөліктеріміз бар. Біз кездескенде қалай амандасамыз (қолмен). Бүгін басқа да дене мүшелерміз бар екенің есімізге түсіреміз. Мұғалім қол дегенде оқушылар қолдарын қасындағы оқушының қолына тигізу қажет. Ойын солай жалғасады: Бас, аяқ, қол, мұрын, құлақ, қол, табан, қол, аяқ, т.с.с.
Тапсырма 4 (жазбаша): Дәптердегі №4 жаттығу. Мұғалім оқушылардың әр түрлі қарындаш пайдаланып суретті бояу керектігін ескертеді. Мысалы: Қуыршақтың аяғын бір түспен, көйлегін басқа түспен. Дәл солай қалған екі сурет.
Тапсырма 5 (ауызша): «Бөлігін тап» ойыны. Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Бір оқушы затты атаса, қасындағы көршісі сол заттың бөлігін атауы тиіс.
Тапсырма 6 (ауызша): Әр оқушыға бр суреттен беріледі. Бір суретте заттың бір бөлігі болса, екіншісінде екінші бөлігі. Мысалы: жапырақ пен гүл, машина мен дөңғалағы, т.с.с. карточкалар саны жұп болуы тиіс, өйткені олар кездейсоқ оқушыларға таратылады. Оқушылар сыныпты аралап жүріп өзіңің бөлігін не құрамына кіретін затты табуы тісті.
Тапсырма 7 (жазбаша): Дәптердегі №5 жаттығу. Оқушылар бөліктерін салу қажет. Үш шәйнекті бірдей етіп салуы қажет.
Қосымша тапсырма:
Бөліктерден туратын заттың суретін салу. Бұл тапсырманы үй жұмысы ретінде ұсынуға болады.
- Сабақ аяқталды!
Сабақ №4
Заттарды салыстыру.
Сабаққа дайындық:
1. Суреттер, карточкалар дайындау
Сабақ барысы:
Қайталау (ауызша):
- Алдынғы сабақта біз сіздермен заттың құрылымымен танысқан болатынбыз. Заттар бірнеше бөліктен тұратынын білдік, ал енді осы тақырыпты тағы да қайталайық! Ол үшін біз екі топқа бөлінеміз. Әр топ өзінің алдын ала ойластырған суретін салуы тиіс. Бір оқушы шығып заттың тек бір бөлігін сала алады. Топта 6 оқушы болса, алты бөліктен тұратын сурет шығады.
Жаңа сабақ:
- Бүгінгі сабақта біз заттарды салыстырамыз, заттарды қалай салыстыруға болады? Ұзын-қысқа, жуан-жінішке, биік-аласа бола алады.
Суреттер көсерту. Ал мына суреттерде қай зат ұзын? Қай зат аласа? Әр суретте 2 заттан кем болмауы керек. Мысалы 3 ағаш, олардың жуандығы мен биіктігі әртүрлі, т.с.с.
Тапсырма 1 (дәптерде): Дәптердегі №1 жаттығу. Мұғалім жұмсақ заттарды тауып қарындашпен торға алуын сұрайды. Барлық жұмсақ заттар саналады.
Тапсырма 2 (дәптерде): Дәптердегі №2 жаттығу. Мұғалім оқушылардың 4 түсті қарындаш дайындауын талап етеді. Мұғалімнің нұсқауында берілген түспен ғана бояуын қадағалау қажет.
Тапсырма 3 (ауызша): Логикалық есептер шығару:
А) Айшаның жасы 10-да, Ермектің жасы 8-де, ал Ержан 6-да. Балалардың ішінде қайсысы үлкен?
Б) Айран 180 тенге тұрады, ал балмұздақ 205 тенге тұрады. Алматта 195 тенге ақша бар. Ол қандай зат сатып алады?
В) 1 сыныпта 5 қыз бала және 10 ұл бала оқиды, ал 2 сыныпта 8 қыз бала және 9 ұл бала оқиды. Қай сыныпта оқушы саны артық.
Сергіту сәті: «Неше зат сонша секір» ойыны.
Мұғалім барлық оқушылардың тұрып, секруін сұрайды. Бірақ, дқрыс секіру үшін дұрыс жауап беру қажет.
Иттің неше аяғы бар (4) – 4 рет секіреді.
Адамның неше қолы бар (2)
Құстың неше қанаты бар (2)
Ең жақсы баға (5)
Нешінші сыныпта оқисыңдар (1)
Адамның неше құйрығы бар (0)
Мысықтың неше құйрығы бар (1).
Тапсырма 4 (дәптерде): Дәптердегі №3 жаттығу. Оқушылар заттарды пішімі бойынша салыстырады. Әр пішімдес суретті белгілі қарындаш түсімен ерекшелейді. Соңында артығын санап шығуы тиіс.
Тапсырма 5 (дәптерде): Дәптердегі №4 жаттығу. Жұмсақ және қатты заттары әр түрлі түспен бояу қажет. Мұғалім тағы да қандай жұмсақ, қандай қатты заттарды білесіңдер деп, талдау жүргізеді.
Қосымша тапсырма: Оқушылар логикалық есептерді шығаруда қызығушылық білдіріп, тағы да есеп берулерін сұрайды, сабақ соңында логикалық есептер беруге болады:
1) Сен, мен және сенмен бірге мен. Барлығы неше адам. (2)
2) Оқушы мектепке бара жатыр, оған қарсы тағы бір оқушы өтіп барады. Мектепке неше оқушы бара жатыр (1)
3) Әжесі барлық немерелеріне 3 бөрік тоқып берді. Әжесінде неше немере бар (3)
4) Футбол ойнағанда бөтен қақпаға Пернебек 7 гол соқты.Ойын 10:6 есебімен аяқталса, онда Пернебек ойнаған команда жеңді ме, жеңілді ме? (Пернебектің командасы жеңді. Жалғыз Пернебектің өзі 7 доп соқса, онда команда 6 доп соғуы мүмкін емес).
5) Спортшылар жолмен жүгіріп келе жатыр. Бір спортшы алдынан санағанда да, артынан санағанда төртінші жүгіріп келеді. Жолмен неше спортшы жүгіріп келе жатыр? (7 спортшы.Үшеуі алдында, үшеуі артында, спортшы ортада).
6) Аспазшы шұжықты төрт рет бөлгенде, неше бөлік шықты? (5 бөлік)
- Сабақ аяқталды!
САБАҚ №5
Симметрия
Сабаққа дайындық:
1. А4 форматында қағаз беттері, әр оқушыға балалар қайшысы
Сабақ барысы:
Қайталау (ауызша):
- Өткен сабақта біз заттарды салыстыруға үйрендік, заттарды қалай салыстыруға болады? (Ұзын-қысқа, жуан-жінішке, биік-аласа бола алады). Өткен сабақты қалай ұғынғандарынды білу үшін біз сурет саламыз. Бір топ оқушы ұзын-қысқа, екінші топ – жуан-жінішке, үшінші топ тең-тең емес, төртінші топ – биік-аласа, бесінші топ жұмсақ-қатты. (Әр топ өзінің жұмысын көрсетеді, қалған оқушылар дүрыс, не дұрыс еместігіне талдау жасайды). Мұғалім оқушылар жұмыстарын бақылап, қателерін дұрыстап отырады. Соңында оқушыларға сұрақ қояды неге олай ойлайсың? Дұрыс салдым деп ойлайсындар ма?
Жаңа сабақ:
- Бүгін біз «Симметрия» деген ұғыммен танысамыз. Симметрия дегеніміз - фигуралардың ортасына қатысты фигураларының пішіні брдей болуы (айнадағыдай). Симметриялық сурет салайық ол үшін парақ бетті екіге бүгеміз, тақтадағы суретті саламыз. Осы суретті қайшымен қырықып шыққанда не көрдіңдер? Қандай зат шықты? (Саңырауқұлақ).
- Ортасында сызық бар, симметриялық осі деп аталады. Сол сызықты сызғышпен сызып шығыңыз. Симметриялық осі көлденең және тігінен болуы мүмкін.
Тапсырма 1 (дәптерде): Дәптердегі №1 жаттығу. Оқушылар берілген суреттерге сызғыш пайдаланып симметриялық сызық қоюы керек. Мұғалім қадағалап, симметриялық сызықтың дүрыс қойылуын бақылайды.
Тапсырма 2 (дәптерде): Дәптердегі №2 жаттығу. Мұғалім алдын-ала тапсырманы түсіндіріп алады. Заттың бір бөлігі ғана салынғанын ескертеді, екінші бөлікті оқушы өзі бірдей етіп салу қажет. Содан соң дайын суретті бояйды. Суреттер өлшемі кішігірім – сондықтан да оқушының ұқыптылығын талап етеді.
Сергіту сәті: «Айна» ойыны. Сергіту сәтін өткізуге бір оқушы шақырылады. Ол спорттық жаттығу орындайды, қалғаны қайталайды. Мысалы: қолын көтерсе – барлық оқушылар қолын көтереді, т.с.с.
Тапсырма 3 (дәптерде): Дәптердегі №3 жаттығу. Мұғалім оқушыларға тапсырманы орындамас бұрын нұсқау береді: Алдымен неше тор қалғанын санап шығамыз, содан соң сонша торға сызық жүргіземіз, қөлбеу сызықтарды ең сонында саламыз.
Тапсырма 4 (ауызша): Мұғалім тақтаға келесі фигуралар салады оқушылар фигураның симметриялық не симметриялық еместігін анықтайды
- Симметриялық емес
- Симметриялық
- Симметриялық
- Симметриялық емес
- Симметриялық
Қосымша тапсырма: Дәптердегі №3 жаттығу. Оқушылар бұл тапсырманы сыныпта үлгермеген жағдайда, үйге шығармашылық тапсырма ретінде беріледі.
- Сабақ аяқталды!
САБАҚ №6
Заттардың суретін салу. Реті бойынша салу.
Сабаққа дайындық:
1. Суреттер, карточкалар.
Сабақ барысы:
Қайталау (ауызша):
- Өткен сабақта біз «Симметрия» ұғымымен таныстық. Симметрия туралы сіздер не білідіңіздер? Семметриялық ось дегеніміз не? Симметриялық суреттерге мысал келтіріңіздер.
Жаңа сабақ:
- Ал бүгін біз заттарды бейнеуге үйренеміз. Сіздер бейнелеу сабағында сурет салып үйрендіңіздер. Ал бүгін біз логикалық қабілетімізді дамытатын суреттермен жұмыс жасаймыз.
Тапсырма 1 (дәптерде): Дәптердегі №1 жаттығу. Мұғалім оқушыларға тапсырманы алдын ала түсіндіреді. Әр торда суреттін бір бөлігі ғана берілген. Оқушылар қалған бөліктерін салады. Оқушының қиялы мен шығармашылық қабілетіне қарай әр түрлі суреттер шығуы мүмкін. Жаттығуды тез орындаған оқушыларға суреттерін бояуды ұсына аласыз.
Тапсырма 2 (жазбаша): мұғалім тақтаға 3 сурет іліп қояды. Бір минуттен кейін алып тастайды. Оқушылар суреттерді есте сақтап қалуы тиіс. Мұғалім суретерді алып тастағаннан кейін, оқушылар қағазға есінде қалғанын салады.
Тапсырма 3 (дәптерде): Дәптердегі №2 жаттығу. Оқушылар сандардың ретімен орналасуы бойынша сызықтар салып сурет салады. Дарынды санауды жақсы менгерген балаларға 10 көлемінде қосу және азайту амалдары бойынша сызық салу арқылы беруге болады.
Сергіту сәті: Оқушыларға есептер беріледі. Мысалы 2+1 десе, оқушылар 3 рет секіреді. 2-1, 1 рет секіреді.
Тапсырма 4 (дәптерде): Дәптердегі №3 жаттығу. Оқушылар торлардағы суреттерді реті бойынша жалғастырады. Фигуралар қайталап, суреттерін торға салады.
Тапсырма 5 (ауызша): «Суретті жалғастыр ойыны». Ойын сайыс ретінде өтеді. Мұғалім ойын ережелерімен оқушыларды таныстырады: әр қатардан бір оқушы шығып суреттін бір бөлігін салады, ол отырғаннан соң екінші оқушы шығып суреттін тағы бір бөлігін салады, ойын қатардағы оқушылардың барлығы суретке өз бөлігін қосқан соң ғана аяқталады. Соңында қай қатар суретті жақсы салғаны анықталады.
Қосымша тапсырма: Дәптердегі №4 жаттығу. Бұл тапсырма жылдам орындайтын оқушыларға не сабақ соңында уақыт қалғанда беріледі. Басқа жағдайда үй жұмысы ретінде ұсынылады.
- Сабақ аяқталды!
САБАҚ №7.
Заттардың әрекеті және кері әрекеті.
Сабаққа дайындық:
1. Суреттер, карточкалар, заттар.
Сабақ барысы:
Қайталау (жазбаша):
- Өткен сабақта біз суреттер сан реті және қайталану реті бойынша салып үйрендік. Осыны қайталау үшін карточкалармен жұмыс жасаймыз. Карточкаларда келесі тапсырмалар бар:
1) Нүктелердің орынына жетіспейтін сандарды жаз: 4 ... 6.....8.....10, 7....5,4....,.....1
2) Фигураларды реттілігі бойынша жалғастыр:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3) Берілген суреттерден жасыл түсті затты тауып боя:
Жаңа сабақ:
- Бүгінгі сабақта біз заттың орындайтын әрекетімен танысамыз. Мысалы: оқушы – сабақ орындайды, айтады, баға алады. Түлкі – азық іздейді, алдайды. Ал теледидар не істейді? Компьютер не істейді? Кез келген зат, адам, жануар, техникалық құрал арнайы әрекет жасай алады?
Тапсырма 1 (ауызша): Дәптердегі №1 жаттығу. Оқушылар заттардың атауын айтып, олардың кем дегенде 3 әрекетін атайды. Бұл тапсырма дайындағанда мұғалім басқа да қолданыстағы немесе сыныптағы заттарды қолдана алады.
Тапсырма 2 (дәптерде): Дәптердегі №2 жаттығу. Қара қарындаш алып оқушылар зат пен одан алынатын нәтижені сәйкестендіру қажет. Мысалы: ҮН – НАН, ЖЕМІС-ЖИДЕК-ТОСАП, т.с.с
Тапсырма 3 (ауызша): Дәптердегі №3 жаттығу. Оқушылар сызықтарға қарап отбасы мүшелерінің қандайй әрекетпен айналысып жатқанын айтады.
Сергіту сәті: «Болады – Болмайды!» ойыны. Мүғалім оқушыларды орынынан тұрғызып, ойын ережелерімен таныстырады. Мұғалім заттың дұрыс әрекетін айтқанда – оқушылар шапалақтайды. Кері әрекетте – бір орында секіреді. Мысалы:
Қарға ұшады (шапалақтайды)
Ағаш жүгіреді (секіреді)
Адам ұшады (секіреді)
Балық жүзеді (шапалақтайды)
Шырша сөйлейді (секіреді), т.с.с.
Тапсырма 4 (дәптерде): Дәптердегі №4 жаттығу. Мұғалім оқушыларға кесте толтыру ережесін түсіндіреді. Әр жолдағы тапсырманы оқушылар мұғаліммен бірге орындайды. Тапсырмаларды мұғалім түсіндіріп алғаннан соң ғана орындауға рұксат беріледі. Әрекеттін орындау нәтижесін дүрыс торға жазуын талап етеді.
Тапсырма 5 (дәптерде): Дәптердегі №5 жаттығу. Оқушылар әр маманның кім екенің, оның қандай әрекет жасайтының талдайды. Орындайтын әрекетін тор ішіне жазады.
Қосымша тапсырма: Мұғалім оқушыларға Гүл отырғызуды реті бойынша орындау әрекетінің суретін салу. 3 суреттен кем болмауын оқушыларға ескерту қажет.
- Сабақ аяқталды!
САБАҚ №8.
Бақылау жұмысы
Сабаққа дайындық:
1. Әр оқушыға арналған зат (оқушы саны бойынша)
Сабақ барысы:
Кіріспе (ауызша):
- Тоқсан бойына біз сіздермен зат деген ұғыммен таныстық. Заттың қандай қасиеттерін білесіңдер (түсі, пішімі, өлшемі). Біз заттарды саны, өлшемі бойынша салыстырдық. Симметрия ұғымымен таныстық, симметриялық заттарды анықтап, осін сыздық. Заттардың суретін де салдық, орындайтын әрекеттерін де анықтадық.
Жаңа сабақ:
- Бүгін сабақта өткен тақырыптарды қалай ұғынғандарыңызды білеміз. Ол үшін жеке карточкаларда берілген тапсырмаларды өз беттеріңмен орындап шығасыңдар. Алдымен мұғалім әр тапсырманы түсіндіріп, бақылау жұмысына дайындық жүргізеді.
1 нұсқа
1. Артық
затты тауып боя:
2. Симметриялық суреттін екінші бөлігін салып, симметриялық осін өткіз:
3. Пішіндерді ретімен жалғастыр:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4. Заттардың орындалу әрекетінің нәтижесін кестеге толтыр:
Зат |
Әрекет |
Нәтиже |
ҚАЗ |
А әріпін Ү әрпіне ауыстыр әріптерін орынымен ауыстыр |
|
1 |
1 саның қос |
|
1 |
Қасына 4 жаз |
|
Шығаратын дыбысы |
|
|
кілт |
Суретін сал
|
|
5. Мына қасиеттері бойынша сурет сал:
Сары, қышқыл, дөңгелек
2 нұсқа
1. Артық затты тауып боя:
2. Симметриялық суреттін екінші бөлігін салып, симметриялық осін өткіз:
.
3. Пішіндерді ретімен жалғастыр:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4. Заттардың орындалу әрекетінің нәтижесін кестеге толтыр:
Зат |
Әрекет |
Нәтиже |
ҚЫС |
Ы әрпін А әрпіне ауыстыр |
|
1 |
3 саның қос |
|
2 |
Қасына 0 жаз |
|
Шығаратын дыбысы |
|
|
Гүл |
Суретін сал
|
|
5. Мына қасиеттері бойынша сурет сал:
Дөңгелек, тәтті, жасыл.
САБАҚ № 9.
Қайталау. Қатемен жұмыс
Сабаққа дайындық:
1. Доп, дәптер.
Сабақ барысы:
Қатемен жұмыс.
Мұғалім оқушылармен бірге бақылау жұмысын талдайды:
1 тапсырмада артық затты табу және бояу қажет. 1 нұсқада – алма, сағат. 2 нұсқада – гүл, саңырауқұлақ.
2 тапсырмада оқушылар суреттің екінші бөлігін салып, симметриялық ось өткізеді.
3 тапсырма орындағанда оқушылар фигураларды қайталану реті бойынша орналастырады.
4 тапсырмада: Нәтиже жазылатын торда: 1 нұсқа - Күз, 2,14, ГАВ, кілт суреті. 2 нұсқа – Қас, 4, 20, МЯУ, гүл суреті.
5 тапсырмада: 1 нұсқада – лимон. 2 нұсқада – қарбыз (басқа да жеміс-түрлері болуы мүмкін). Мысалы: Қарбыз емес, жасыл алма.
Тапсырма 1 (ауызша): мұғалім оқушыларға ұсынған допты, олар бір біріне лақтырып, мұғалімнің сұрақтарына жауап беруін сұрайды: Төртбұрыш, қара түсті заттарды атаңыздар. Қызыл түсті, дөңгелек пішінді заттарды атаңыздар, т.с.с
Тапсырма 2 (дәптерде): Дәптердегі № 1 жаттығу. Берілген есептерді шығарып, сол санға сәйкестендіріп боя: Мысалы 1суретте - жауабы 2-ге тең болса - көк, 3 – сары, 4 – қызыл, 5 – жасыл
Сергіту сәті: «Айна ойыны». Бір оқушы шақырылады, оған мұғалім бір затты жасырып құлағына айтады. Мысалы: ағаш, компьютер, ұшақ, т.с.с. Оқушымен бірге қайталап отындап, оның қандай зат екенің оқушылар табуы қажет.
Тапсырма 3 (дәптерде): Дәптердегі № 2 жаттығу. Мұғалім оқушыларға тапсырманы түсіндіргенде, олардың реті бойынша қайталанып жазу керектігін түсіндіреді. Пішіндерді сызық аяқталғанша дейін жазып шығу қажет.
Тапсырма 4 (дәптерде): Дәптердегі № 3 жаттығу. Бұл тапсырма өткен сабақтарда берілгендіктен, оқушыларға орындау қиын емес. Өлшеуге арналған заттардың ішінде артығы көзілдірік екенің оқушылар дәлелдеу қажет.
Қосымша тапсырма:
Логикалық есептер:
1. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? (2 сағат).
2. Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді? (40 шақырым).
3. 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі? (4 минут).
4. 2 кг мақта ауыр ма, 2 кг темір ауыр ма?(бірдей).
5.
Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан
ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? (алмұрт).
-
Сабақ аяқталды!
2 тоқсан
7 сағат
№ |
Тақырыбы |
Мақсаты |
1 |
«Солға», «оңға», «жоғары», «төмен» ұғымдарымен танысу. |
«Солға», «оңға», «жоғары», «төмен» әрекеттерін орындау. |
2 |
Cызықтар. |
Сызықтар арқылы заттар салу. Сызықтарды жалғастыру, қисық сызықтарды қолдану. |
3 |
Қарапайым геометриялық фигуралар. |
Қарапайым геометриялық фигуралармен таныстыру. |
4 |
Координаталық түзу салу. |
Заттардың координаталық нүктелер бойынша қозғалуы |
5 |
Сан |
Сандарды салыстыруға үйрету. Сандарды реті бойынша орналасуына байланысты тапсырмалар орындау. |
6 |
Өзіндік жұмыс. |
«Геометриялық фигуралар. Сызық. Сан» тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру |
7 |
Қайталау. Қатемен жұмыс. |
Қатемен жұмыс жүргізу. Оқушылардың тоқсан бойынша алған білімдерін тиянақтау. |
Сабақ №1.
«Солға», «оңға», «жоғары», «төмен» ұғымдарымен танысу.
Сабаққа дайындық:
1. Санау таяқшалары не сіріңке таяқшалары
2. Әртүрлі заттар салынған суреттер болу.
Сабақ барысы:
Жаңа сабақ:
- Бүгін сабақта біз кеңістікте қозғалыс жасап жаттығамыз.
Мұғалім оқушылардың әрекет жасауын сұрайды:
- Он жақ қолымызды жоғары көтереміз (түсіреміз);
- Сол жаққа бүрыламыз;
- Орнымыздан тұрып, оң жаққа бір қадам жасаймыз;
- Төмен отырамыз (тұрамыз).
Жаттығуды орындауға қиналатын оқушыларға сол жақта – терезе, оң жақта – есік деп мұғалім бағдар беруне болады.
Мұғалім адамдар мен жануарлар, ертегілерден суреттер ұсынып, магнит арқылы кімнің қайда қозғалыс жасайтыны туралы әңгімелеседі. Мысалы қасқыр мен лақтың суреттерін алып: Лақ кімнен қашады? десе, оқушылар қасқырдан лаққа бағдар қояды:
, ,
Тапсырма 1 (дәптерде): Дәптердегі № 1 жаттығу. Мұғалім оқушыларға нұсқау береді, маймылдан қарағанда оң жаққа, сол жаққа, жоғары мен төменге суреттердің дұрыс салуын қадағалайды.
Тапсырма 2 (ауызша). Сурет сал. Тапсырма тақтада орындалады. Ол үшін тақта 2-ге бөлінеді: сол және оң жаққа. Оқушылар тақтаға шығып, мұғалімнің айтуы бойынша тапсырманы орындайды. Мысалы: оң жаққа алма сал, сол жаққа жалау сал, сол жаққа үшбұрыш сал, т.с.с. 5-6 оқушы шақырылып, тақтада сурет салады.
Тапсырма 3 (дәптерде): Дәптердегі № 2 жаттығу. Тапсырманы дәптерде орындамас бұрын оқушыларға тор көзді қағаз парағын беріп, пішін салдыртуға болады. Мысалы: тік төртбұрыш. Оқушылар орындалу ретін түсінгесін ғана дәптерде берілген тапсырмалар орындалады
Сергіту сәті: «Солға, оңға». Мұғалім «оңға», «солға» деген сөздерді айтып тұрады. Сол кезде добы бар оқушы «оңға» дегенде оң жағындағы оқушыға доп лақтырып, оқушының атын атайды. Дәл солай барлық сынып доппен ойнап шығады.
Тапсырма 4 (ауызша): Мұғалім санау таяқшаларын дайындауды сұрайды. Оқушыларға санау таяқшаларымен орындалатын тапсырма беріледі: солға қарап тұрған жалауша жасаңыз, енді тек қана бір таяқшаны орын ауыстырып он жаққа қарап тұрған жалауша жаса. Таяқшаларда сол жаққа, жоғары қарап тұрған бағдарлар сал.
Тапсырма 5 (дәптерде): Дәптердегі № 3 жаттығу. Оқушылар бағдар арқылы кімнің қай жерде тұратының қарындашпен сызып көрсетеді. Жауаптарын оқушылар түсіндіруі тиіс.
Тапсырма 6 (ауызша): Тақтаға кездейсоқ түрде бірнеше сурет ілінеді. Мысалы: Үй, аю, қуыршақ, т.с.с. Оқушылар түсіндіреді: Аю үйдің сол жағында, ал құыршақтын жоғары жағында. Дәл солай берілген басқа да суреттер жайлы пікірлерін айтады.
Қосымша тапсырма:
Логикалық есептер:
1. Арманның сол жағында Ермек отыр, ал Ермектің оң жағында Аслан отыр. Кім ортасында отыр? (Аслан)
2. Ағаштың жоғарында 5 торғай отыр, төменде 2 торғай жем шұшып жүр. Ағаштан 3 торғай ұшып кетсе, барлығы неше торғай қалады? (4)
3. Алма 4 қабатта тұрады, ал Сараның пәтері Айжанның пәтерінен төмен, бірақ 1 қабатта емес. Сара қандай қабатта тұрады? (2).
- Сабақ аяқталды!
Сабақ №2.
Сызықтар.
Сабаққа дайындық:
1. Суреттер, карточкалар, жіп немесе сым.
Сабақ барысы:
Қайталау (ауызша):
- Өткен сабақта біз «Солға», «оңға», «жоғары», «төмен» ұғымдарымен таныстық. Ал енді басымызды бұрып сол жағымызға қарайық, оң жаққа қараймыз. Жоғары қарап, басымызды төмен түсіреміз. Ал енді осы жаттығуды көзбен жасап көріңіздер. Бұл жаттығу көз шаршағанда жасауға болады.
Жаңа сабақ:
- Бүгін біз сызықтармен танысамыз. Сіздер қандай сызық білесіздер? (Түзу және қисық). Балалар жип арқылы сызықтар салады.
Тапсырма 1 (ауызша): Бұл тапсырма мұғалімнің басқаруымен орындалады. Алдынғы сабақта оқушылар осындай тапсырма орындағанымен, қарапайым түрде берілді. Алдымен тақтаны торларға бөліп қояды, немесе торларға бөлінген дайын плакат қолданады. Балалардың алдында сызықтар жүргузу схемасы болады. Әр оқушы тақтаға шығып бір әрекет орындайды. Осылай барлық сынып схема бойынша сурет құрады:
Тапсырма 2 (дәптерде): Дәптердегі № 1 жаттығу. Алдынғы сыныппен орындаған тапсырмаға сәйкес орындалады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы нүктеден бастау керектігін ескертіп отырады. Екі жаттығу оқушыға таныс болса, үшіншісін түсіндіру қажет, дайын фигуранын схемасын етіп арнайы сызықтар бойына жазылады.
Тапсырма 3 (дәптерде): Дәптердегі № 2 жаттығу. Оқушылар берілген сөздерді оқып шығып, олардың ішінде негізгі екі сөзді тандап алады. Сол сөзге байланысты создерден қисық сызықтар жүргізеді. Создер жазылған торлардың үстімен сызық жүргізуге тыйым салынады.
Сергіту сәті: «Түзу сызық» бұйрығы бойынша оқушылар орында тұрады, «Қисық сызық» дегенде оқушылар алға не артқа енкейеді.
Тапсырма 4 (ауызша): - біз сызық арқылы сурет салуға болатынын, екі сөзді байланыстыруға болатын тапсырмалар орындадық. Ал граф деген сөз нені білдіреді?
Граф — заттар (нысандар) мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығын айтады.
Граф құру арқылы логикалық есептер шығаруға болады.
Мысалы: сайысқа 4 футбол командасы қатысады. Барлығы неше ойын ойналады. Осыны табу үшін граф құрамыз. Жауабы: 6 ойын ойналады, немесе 3+2+1 ойын.
Тапсырма 5,5 (дәптерде): Дәптердегі № 3,4 жаттығу. Оқушылар граф әдісін қолданып логикалық есептерді шығарып үйренеді. Мұғалім №3 есепті шығаруда оқушыларға түсініктеме беріп отырады, ал №4 жаттығуды оқушылар өз бетмен шығарып көруге тырысады.
- Сабақ аяқталды!
САБАҚ №3.
Қарапайым геометриялық пішіндер.
Сабаққа дайындық:
1. Геометриялық пішіндер суреттері.
2. Қайшы
Сабақ барысы:
Қайталау (ауызша):
- Өткен сабақта біз «Сызық» ұғымымен таныстық. Сызықтар қандай болады (Түзу және қисық). Түзу сызық салу үшін біз қандай құрал қолданамыз (Сызғыш). Қисық сызықтардан қандай заттарды жасауға болады (толқын, бұлт, т.с.с). 2 оқушы тақтаға шығып түзу және қисық сызық салады.
- Енді мынадай жаттығу жасаймыз: мен «түзу» дегенде тік тұрып, «қисық» дегенде, оң жаққа, содан соң сол жаққа бұрыласыздар. Сонда денеміз қисық сызық болып қалады.
- Ал граф дегеніміз не? Граф арқылы біз қандай есептер шығарып үйрендік?
Жаңа сабақ:
- Бүгінгі сабақта біз геометриялық пішіндермен танысамыз. Қандай геометриялық пішіндер білесіңдер? Оқушылар білген пішіндерді атайды және тақтаға шығып, суретін салады. Оқушылар негізгі геометриялық пішіндерді салып, атауы тиіс: дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шаршы. Мұғалім оқушыларға басқа да пішіндер суретін көрсетіп, таныстырады. (ромб, трапеция, паралеллограмм, пирамида, конус, цилиндр).
Тапсырма 1 (ауызша): Дәптердегі №1 жаттығу. Мұғалім оқушыларға бірнеше пішіндер бар суреттен неше пішін салынғанын табуды ұсынады.
Тапсырма 2 (дәптерде): Дәптердегі №2 жаттығу. Мұғалім жаттығуды орындау алдында оқушылардан суреттін қандай пішіндерден құрылғанын анықтайды. Оқушыларға берілген мысал бойынша сәйкестендіру орындау ұсынылады.
Тапсырма 3 (дәптерде): Дәптердегі №3 жаттығу. Танграм – бұл қызықты логикалық жаттығу, ол жеті пішіннен тұрады. Осы жеті геометриялық пішінді қосқанда қүрделі зат шығады. Тапсырма орындау үшін оқушыларға төртбұрышты қағаз беріледі. Қағазды оқушылар берілген үлгі бойынша сызып, қайшымен қиып, дәптерге берілген заттарды құрады, кем дегенде бір зат құруы тиіс.
Сергіту сәті: «Болады – болмайды» ойыны. Оқушылар мұғалімнің бұйрығы бойынша тұрып әрекет орындайды. Егер ол зат өмірде болатын болса – қолдарын шапалақтайды. Егер болмаса – бір орында секіреді.
Мысалы:
Үшбұрышты теледидар (болмайды);
Төртбұрышты шар, (болмайды);
Төртбұрышты үстел (болады);
Үшбүрышты ай (болмайды);
Сопақша шырша (болмайды);
Дөңгелек күн (болады).
Тапсырма 4 (ауызша): Мұғалім геометриялық пішін суретін көрсетеді, оқушылар сол пішінге ұқсас заттарды атайды.
Тапсырма 5 (дәптерде): Дәптердегі №4 жаттығу.
Оқушылар мұндай тапсырманы алдынғы сабақтарда орындаған, мұғалім тек қандай түспен бояу қажеттігін түсіндіреді.
Қосымша тапсырма:
3 тапсырма орындау үшін жасаған геометриялық пішіндерден (танграм) заттар жасау.
- Сабақ аяқталды!
САБАҚ №4.
Координаталық түзу салу.
Сабаққа дайындық:
1. Түрлі түсті қағаз, қайшы.
2. Доп
Сабақ барысы:
Қайталау (ауызша):
- Өткен сабақта біз геометриялық пішіндер салып үйрендік. Әр оқушы тақтаға шығып, өзіне таныс бір пішін салады. Пішіндер қайталанбауы тиіс.
- Қандай пішіндердің бұрышы болды?
Тапсырма 1 (дәптерде): Дәптердегі №1 жаттығу. Мұғалім оқушыларға берілген бір суреттін жобасын құруға ұсынады. Оқушылар дәптерде берілмеген жоба да жасауы мүмкін, бірақ геометриялық пішін арқылы жасау қажеттігін ескертіп отыру қажет. Геометриялық пішіндерді түрлі түсті қағазға салып, қиып, ақ қағаз бетіне жабыстырады.
Жаңа сабақ:
Үй жұмысына оқушылардың көп уақыты жұмсалады, сондықтан жаңа сабаққа тапсырма аз беріледі. Мұғалімнің жаңа сабаққа мақсаты – координаталық сызық жайлы түсінік беру.
- Бүгінгі сабақта біз координаталық сызық салып, онымен жұмыс жасап үйренеміз болады.Координаталық түзу сәуле түірнде болады. Әр сан – бұл координаталық сызық нүктелері.
0 1 2 3 4 5
Оқушылар мұғалімнің көмегімен координаталық сызық салады.
Тапсырма 2 (дәптерде): Дәптердегі №2 жаттығу.
Координаталық сызықтың нүктелері бойынша жасырылған сөзді табыңыз. Әріппен координаталық сызықтын нүктелерін сәйкестендіру арқылы ПЕРНЕ, МОНИТОР деген сөздер шығады. Оқушыға сызықтың нүктелері (1) мынадай түрде жазылатынын мүғалім түсіндіріп кетеді. Әйтпесе, оқушылар тапсырманы дұрыс түсінбеуі мүмкін.
Сергіту сәті: «Неше - сонша» ойыны. Мұғалім:
- Иттің неше аяғы бар - 4 (Оқушылар сонша рет тұрып, отырады).
- Мысықтын неше құлағы бар (2)
- Өрмекшінің неше аяғы бар (8)
- Адамның неше мұрны бар (1)
- Кұстың неше қолы бар (0) – кұста қол жоқ, қанаты бар.
- Машинаның неше дөңгелегі бар (4)
- Аюдың неше қанаты бар (0).
Тапсырма 3 (ауызша): Дәптердегі №3 жаттығу. Координаталық сызықтың нүктелері бойынша әріпті тауып, сол әріпке басталатын заттарды атайды. Бірінші оқушының жауабын екіншіге қайталауға болмайды.
Тапсырма 4 (ауызша): Дәптердегі №4 жаттығу. Оқушылар координаталық сызықта жіберілген қатені тауып, дүрыстайды. Жауабын түсіндіреді.
Қосымша тапсырма: Жұмбақтар:
1. Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді.
(Қар)
2. Желден желігеді
Судан шегінеді. (От)
3. Жылт-жылт етеді
Жылғадан өтеді. (су)
4. Өзімнен өзгенің бәрін көремін. (Көз)
5. Сылдырдан қорқады, шошынып жортады. (Қоян)
- Сабақ аяқталды!
САБАҚ №5.
Сан.
Сабаққа дайындық:
1. Санау таяқшалары (10 дана).
2. Сандар жазылған карточкалар.
3. Доп
Сабақ барысы:
Қайталау (ауызша):
- Өткен сабақта біз координаталық жазықтық туралы түсінік алдық. Осындай сызықтың қарапайым сызықтан қандай айырмашылығы бар? (сызықтың бағдары бар, сандары өсу ретімен жазылған, т.с.с)
Жаңа сабақ:
Тапсырма 1 (дәптерде): Дәптердегі №1 жаттығу. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды? Менде неше таяқша бар? (Таяқша жоқ). Оны қандай санмен жазуға болады? (Нөлмен). Дәл осы сияқты 1,2,3...9 таяқша көрсетіп. Көрсеткен таяқшаға сәйкес оқушы дәптердінде сан жазып отыруы тиіс. Бұл қатардың қандай айырмашылығы бар? (әр сан алдынғы саннан 1 санға артық).
Тапсырма 2 (ауызша): Тақтада 0 мен 9 арасындағы сандар жазылып тұр. Мұғалім сұрақ қояды, ал оқушылар кезекпен тақтаға шығып, тапсырманы орындайды:
- 7 санынан кейінгі санды алып таста (8)
- Есепті шығарып, жауабында шыққан санды алып тастау: 2+3 (5).
- Адамда неше аяқ бар? Сол санды алып тастау (2)
Жаттығу барлық санды алып тастағанға дейін жүргізіледі.
Тапсырма 3 (дәптерде): Дәптердегі №2 жаттығу.
Сәйкестендіру орындау ұсынылады. Мұғалім оқушыға түсінік береді: Санға сәйкес заттарды санап, сәйкестендіру сызығын жүргізу қажет.
Тапсырма 4 (дәптерде): Дәптердегі №3 жаттығу. Сандардың ретімен жазылуы үшін қандай сан жетіспейтінін оқушылар табу қажет. Мұғалім 2 есепке назар аударуын сұрайды, қандай ретпен орналасқан? 3 есепте қандай сандар жетіспейді? Оқушылар сандарды дәптерлеріне нүкте орынына жазуы керек.
Сергіту сәті: Мұғалім допты оқушыға лақтарып сан айтады, оқушы сол санның «көршілерін» атап, допты басқа оқушыға лақтырып, сан атады. Ойын осылай жалғасады.
Тапсырма 5 (дәптерде): Дәптердегі №4 жаттығу. Мұғалім оқушыларға тапсырманы түсіндіреді. 1 санынан бастап өсу ретімен әр дөңгелектен сызықша жүргізу қажет. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, бір бірінің даптерлерін тексеріп, талдайды.
Тапсырма 6 (дәптерде): Дәптердегі №5 жаттығу. Кесте берілген, әр кестенің басында сан, ал астында сол санға тең болатын заттар салынған. Мысалы: 5 санына бес жұлдызша берілген, бұл дұрыс теңдік, оқушы тек берілген жұлдызшаларды бояп шығады. Ал 4 санына жүректер саны сәйкес емес, сәйкес болу үшін тағы бір жүрек салу қажет. Оқушы барлық тең және тең болмайтын жағдайларды байқап, сан мен заттар тең болмаса, қасына қажетті затты салады.
- Сабақ аяқталды!
САБАҚ №6
Өзіндік жұмыс.
Сабаққа дайындық:
1. Әр оқушыға нұсқа бойынша карточка.
Сабақ барысы:
Кіріспе (ауызша):
- Тоқсан бойына біз сіздермен «Солға», «Оңға», «Жоғары», «Төмен» ұғымдарымен таныстық, «Граф», «Координаталық сызық» туралы мәлімет алдық. Геометриялық пішіндерді танып, олармен әр түрлі әрекет жасадық, қағаз бетіне жоба жасадық. Граф дегеніміз не? Қандай сызықтар болады? Координаталық сызық дегеніміз не? Оның қарапайым сызықтан қандай айырмашылығы бар?
- Қандай геометриялық пішіндермен таныстық? Сандарды өсу ретімен атап шығыңыздар?
Жаңа сабақ:
- Бүгін сабақта өткен тақырыптарды қалай ұғынғандарыңызды білеміз. Ол үшін жеке карточкаларда берілген тапсырмаларды өз беттеріңмен орындап шығасыңдар. Алдымен мұғалім әр тапсырманы түсіндіріп, бақылау жұмысына дайындық жүргізеді.
1 нұсқа
1. Сурет сал: сол жаққа алма, оң жаққа пияз, жоғары жаққа шие, төменге қияр суреттері сал
2. Нүктеден бастап, торлаға мына схема бойынша сурет сал:
3. Координаталық сызықтың нүктелері бойынша жасырылған сөздерді табыңыз, белгіленген жерге суретін сал:
0 1 2 3 4 5 6 7
(4), (6), (7), (1), (3), (5)
4. Геометриялық пішіндерді қолданып, көбелектің суретін салыңыздар.
2 нұсқа
1. Сурет сал: сол жаққа алмұрт, оң жаққа сәбіз, жоғары жаққа қырыққабат, төменге өрік суреттерін салып
2. Нүктеден бастап, торлаға мына схема бойынша сурет сал:
3. Координаталық сызықтың нүктелері бойынша жасырылған сөздерді табыңыз, белгіленген жерге суретін сал:
0 1 2 3 4 5 6 7
(2), (4), (1), (4), (5)
4. Геометриялық пішіндерді қолданып, үйдің суретін салыңыздар.
Сабақ №7.
Қатемен жұмыс. Қайталау.
Сабаққа дайындық:
1. Доп, дәптер.
Сабақ барысы:
Қатемен жұмыс.
Мұғалім оқушылармен бірге бақылау жұмысын талдайды:
1 тапсырма оқушылардың «солға», «оңға», «жоғары», «төмен» ұғымдарын тексеруге арналған. Суреттердің дұрыс салынуы оқушылардың қандай деңгейде бұл ұғымдардың ұғынғанын байқатады.
2 тапсырмада оқушылар тор бойына берілген схема бойынша суретін салады. Бірінші нұсқада жылан суреті, ал екінші топта балық суреті шығуы тиіс.
3 тапсырма координаталық жазықтықтың нүктелері мен сандарын сәйкестендіріп, оқушылар жасырылған затты тауып, суретін салады. 1 нұсқада – алмұрт, екінші нұсқада – сағат.
4 тапсырмада: Нәтиже жазылатын торда: 1 нұсқа - Күз, 2,14, ГАВ, кілт суреті. 2 нұсқа – Қас, 4, 20, МЯУ, гүл суреті.
5 тапсырмада: Оқушыларға тек геометриялық пішін қолданып, сурет салу міндеттеледі. 1 нұсқада – көбелек. 2 нұсқада – үй ( 2 нұсқаның 3 тапсырманы 1 нұсқаға қарағанда күрделенген болғасын, бұл тапсырмасы жеңіл болып келеді).
Тапсырма 1 (ауызша): мұғалім оқушыларға ұсынған допты, олар бір біріне лақтырып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:
Төртбұрыш дегенде, оқушылар төртбұрышты заттарды атайды, сопақша – сопақша пішінді заттарды атайды. Мысалы: сопақша дегенде оқушылар – шар, қияр, қауын т.с.с жауап береді. Тапсырма орындауда барлық геометриялық пішіндерді қолдануға болады.
Тапсырма 2 (дәптерде): Дәптердегі № 1 жаттығу. Оқушылар берілген пішіндерді санап шығады. Барлығы 9 пішін шығады. Бұрыштары бар пішіндерді оқушылар бояп шығары
Сергіту сәті: «Неше, сонша». Түсініктемесі 4 сабақта беріледі.
Тапсырма 3 (дәптерде): Дәптердегі № 2 жаттығу. Мұғалім оқушыларға тапсырманы Граф әдісімен шығарылатынын түсіндіреді. Оқушылар заттардың бір-бірмен ара қатынасын табу үшін сызық сызады. Неше қатынас пайда болады? (9)
Тапсырма 4 (дәптерде): Дәптердегі № 3 жаттығу. Тапсырманы мұғалім дауыстап оқиды, оқушылар мұғалімнің нұсқауымен торлар бойынша сызып отырады:
- Сабақ аяқталды!
3 тоқсан
9 сағат
№ |
Тақырыбы |
Мақсаты |
№ |
1 |
Жиын ұғымы. Заттарды топтастыру. Қапшықтар |
Жиындардың элементтерін топтастыруға және бөлшектеуге үйрету. |
1 |
2 |
Жиындарды салыстыру. Жиындарды теңестіру. |
Жиындағы элементтерді саны, өлшемі бойынша салыстыру. Жиындарды бір біріне теңестіруге үйрету. |
1 |
3 |
Жиындарды кіріктіру және біріктіру. Жиындардың қиылысуы. |
Бір жиынға екінші жиыды кіріктіруге үйрету. Жиындардың белгі бойынша қиылысуы жайлы ақпарат беру. Жиындарды салыстыру |
1 |
4 |
«Ақиқат» және «жалған» ұғымдары |
«Ақиқат» және «жалған» ұғымдарымен таныстыру |
1 |
5 |
Терістеу |
Терістеуге байланысты есептерді шығару |
1 |
6 |
Логикалық есептер шығару |
Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту. |
1 |
7 |
Кодтау және кері кодтау |
Ақпаратты кодтауға үйрету. Cурет бойынша кодтау. Сан және әріп бойынша кодтау. |
1 |
8 |
Бақылау жұмысы |
Тоқсан бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру |
1 |
9 |
Қайталау. Қатемен жұмыс |
Қатемен жұмыс жүргізу. Тоқсан бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтау. |
1 |
Сабақ №1.
Жиын ұғымы. Заттарды топтастыру. Қапшықтар
Сабаққа дайындық:
1. Суреттер
2. Карточкалар.
3. Доп.
Сабақ барысы:
Жаңа сабақ:
- Бүгін сабақта біз «Жиын» ұғымымен танысамыз.
Мұғалімге: Жиын (Множество; set) — нақты немесе абстрактылы объектілердің жиынтығы; Жиын қандай да бір объектілердің ортақ нышандарымен біріктірілген және біртұтас бүтін ретінде ұсынылатын біртекті элементтер жиынтығы. Ол элементтерін жиын элементтері деп атайды. Мысалы: қасқыр, түлкі, піл – жануарлар жиының элементтері.
Тапсырма 1 (ауызша): Оқушыларға төрт түрлі суреттер кездейсоқ түрде беріледі. Оқушыларға балалар лотосының суреттерін беруге болады. Мысалы: жануарлар, жемістер, киімдер, гүлдер. Оқушылар өз жиының сынып бойынша іздеп жүріп табуы тиіс. Төрт топ жинақталады, әр топ – белгілі элементтерден тұратын жиын. Әр жиын өз элементтер санын санап, атауларын айтады.
Тапсырма 2 (дәптерде): Дәптердегі № 1 жаттығу. Мұғалім оқушыларға бір жиынға жататын заттарды бояуды ұсынады. Қандай зат артық қалды? Ол неге артық? Ол зат қандай жиынға жатады? (Қолғап, теннис ракеткасы, емен жанғағы, бүлдірген артық).
Тапсырма 3 (ауызша): Мұғалім тақтаға плакатқа салынған қапшықтар суретін іліп қояды, немесе тақтаға қапшық суретін салады. Бұл қапшықтар суреттерді жапсыруға арналған сондықтан да 5-6 сурет сиятындай болуы тиіс. Әр оқушы тақтаға шағып, суретті алып, жиынына дұрыс орналастыруы тиіс. Оқушылар өз жауабын түсіндіреді.
Мысалы: қияр көкөністер жиынына жатады, көйлек киімдер жиынына жатады
Тапсырма 4 (дәптерде): Дәптердегі № 2 жаттығу. Оқушылар әр жиындағы артық затты тауып, оны сызықпен өз жиынына апару қажет.
Сергіту сәті: «Кұс, жануар, балық» ойыны. Мұғалім доп лақтырып оқушыларға «Кұс, жануар, балық» деп санамақ айтады. Доп алған оқушы жануар немесе кұс атауын, немесе балық атауын атайды.
Тапсырма 5 (ауызша): «Мен білемін...» ойыны. Мұғалім кіріспе сөзден бастайды: «Мен білемін... 4 ағашты». Оқушылар жалғастырады: емен, қарағай, шырша, қайын, терек.
Келесіде киім, жидек, азық түлік, құралдар болуы мүмкін. Оқушылар мұғалім айтқан санға сәйкес заттарды атайды.
Тапсырма 6 (дәптерде): Дәптердегі № 3 жаттығу. Әр жиынның атауын тап, оқушыларға тағы бір элемент суретін салу ұсынылады.
Тапсырма 7 (ауызша): «Артығын тап» ойыны.
Мұғалім бір жиынды атайды. Оқушылар сол жиынға жатпайтын элемент аталса, қол соғып, шапалақтайды. Мысалы:
Мен мектепке дәптер, қалам, кітап, қуыршақ (шапалақтау), қарындаш, күнделік, ит (шапалақтау) аламын.
САБАҚ №2.
Жиындарды салыстыру. Жиындарды теңестіру.
Сабаққа дайындық:
1. Фишкалар әр түрлі. Қапшық.
2. Суреттер.
3. Доп.
Сабақ барысы:
Қайталау (ауызша):
- Өткен сабақта біз «Жиын» ұғымымен таныстық. «Жиын» дегенді қалай түсінесіздер? Жиынға мысал келтіріңіздер?
Тапсырма 1 (дәптерде): Дәптердегі № 1 жаттығу. Мұғалім тапсырманы түсіндіріп, оқушыларға сәйкестікті дұрыс орындауды талап етеді. Қазақтың ұлттық асы «Бесбармақ» пісіру үшін қажетті азық-түлікті бөлек, ал тосап пісіру үшін не керек? деген сұрақтар қояды.
Жаңа сабақ:
- Бүгінгі сабақта біз жиындарды салыстырып үйренеміз.
Мұғалім қапшыққа салынған фишкаларды (немесе түймелерді) оқушыларға көрсетіп, сұрақ қояды:
Фишкалар жиыны артық па? Әлде біздің сыныптың оқушылар жиыны артық па? (Ол үшін біз фишкаларды және оқушыларды санап шығуымыз қажет). Ал санауға болмайтын болса? Ол жағдайда не істейміз? (фишкаларды оқушылар санымен тең ). Ал егер фишкалар жетпесе ше? (Онда оқушылар саны артық болады).
Тапсырма 2 (дәптерде): Дәптердегі № 2 жаттығу. Суретте не көріп тұрсыңдар? Қандай жиындар берілген (қоян және қырыққабат). Осы жиындар тең бе? Сұраққа санамай жауап бере аласыдар ма? Ол үшін не істейміз. Әр қоянды қырыққабатпен сызық арқылы сәйкестендіреміз. Енді кімнің артық екенің айта аласыз ба? (Иә, қырыққабат саны артық).
Тапсырма 3 (ауызша) : «Жиындар тең бола ма?»
- Менің қолымда қандай заттарды көріп тұрсыздар? (қарындаш). Нешеу (3), ал екінші қолымда (3 қарындаш). Екі қолдағы қарындаштар жиыны тең бе? (Иә).
Мұғалім бір қарандашты алып тастап, оның орынына қалам алады? Ал енді екі жиын тең бе? Егер оқушылар тең деп жауап қайтарса, оқушыларға бұл әр түрлі элементтер, олардың саны ғана бірдей екенің түсіндіру қажет. Мұндай жиындар тең емес.
Сергіту сәті: «Жейміз - жемейміз» ойыны. Егер мұғалім жеуге болатын затты атаса, онда оқушылар қолдарын жоғары көтереді, жеуге болмайтын затты атаса, оқушылар орнына отырады. Мысалы: Алма, орындық, шұжық, айран, автобус, қарбыз, т.с.с.
Тапсырма 4 (дәптерде): Дәптердегі № 3 жаттығу.
1 жаттығуды оқушылар мұғалімнің көмегімен орындайды, қалған екі жаттығуды өз бетімен орындап көреді. Бірінші есепте үшбұрыштар саны артық болу үшін, тағы да екі үшбұрыш салу қажет, екінші есепте үш қызанақ салу кажет, ал үшінші есепте 2 жапырақ салу керек.
Тапсырма 5 (дәптерде): Дәптердегі № 3 жаттығу. Оқушыларға бағдар ішіне заттарды санап, олардың санын жазу нұсқауы беріледі, содан соң дөңгелек ішіне оқушылар теңдік не теңсіздік белгісін қояды. Алдынғы тапсырмадағыдай, бірінші есепті мұғаліммен бірге, 2-3 есепті оқушылар өз бетімен орындайды.
Қосымша тапсырма (ауызша):
Логикалық есептер:
1) Анасы Сәулеге 1 алма, 1 апельсин берді, ал Саматқа 1 алмұрт пен 1 апельсин берді. Сәуле мен Саматтың алған жиындары тең бе? (жоқ). Неге?
2) Әлия өз туған күнінде сыныптағы оқушыларға кәмпит әкеліп таратты, барлық оқушыға таратқан соң онда 3 кәмпит қалды. Қандай жиын кем?
3) Жаңа жылда Аяз ата мерекедегі барлық балаларға бір кітаптан сыйлады, ал Алматқа ойыншық машина ұсынды. Қандай жиын артық – балалар ма әлде кітаптар жиыны ма?
- Сабақ аяқталды?
САБАҚ №3.
Жиындарды кіріктіру және біріктіру. Жиындардың қиылысуы.
Сабаққа дайындық:
1. Суреттер.
Сабақ барысы:
Қайталау (ауызша):
- Өткен сабақта біз жиындарды теңестіріп және салыстырып үйрендік. Ал енді жиындарды біз қалай
Тапсырма 1 (дәптерде): Дәптердегі № 1 жаттығу. Мұғалім оқушыларға бірдей қапшықты табуды ұсынады. Оқушылар бірдей қапшықты тауып, сәйкестендіру сызығын жүргізеді.
Жаңа сабақ:
- Бүгінгі сабақта бір жиындарды бір-біріне кіріктіріп және жиындарды бірдей белгілеріне қарай біріктіріп үйренеміз.
Мұғалім оқушыларға суреттерді көрсетеді. Мына суреттерде қандай заттар көріп тұрмыз: қияр, шырша, сәбіз, пияз, жасыл шар. Бұл заттар бір жиыннын элементтері бола алады ма? (Жоқ). Оларды жиындарға бөліп көрейік: қияр, сәбіз, пияз – көкөністер жиыны, шырша – ағаштар жиынына, ал шар – ойыншықтарға жатады. Неше жиын құрдық? (3). Ал енді байқайық, бұл заттарды біріктіретін белгі бар ма? Болса, қандай. Түсі бойынша – қияр, шырша, шар – жасыл түсті. Пішіні бойынша – жар, пияз – дөңгелек пішіні бар.
Ал енді мына заттарды байқайық. Мұғалім алдын ала оқушыларға бір ойыншық алып келу тапсырмасын береді. Немесе суреттерді қолданады: доп, құыршақ, машина, ұшақ, паровоз. Ал енді мына суреттер қандай жиынға жатады? (Бұл ойыншықтар), ал машина, үшақ, паровоз өз алдына көлік түрлеріне жатады. Ойыншықтар жиынына ойыншық көлік жиыны кіреді.
Тапсырма 2 (дәптерде): Дәптердегі № 2 жаттығу.
Берілген заттарды бір белгі бойынша дөңгелетіп ерекшелеуді ұсынады. Қандай белгі арқылы заттардың жиын құратының түсіндіреді.
Тапсырма 3 (ауызша): Оқушыларға суреттер беріледі. Олар пішіндері бірдей заттарды табуы қажет. Мұғалім олардың өз бетімен заттарды біріктіруін бақылайды, тек дұрыс орындамаған жағдайда көмектеседі
Сергіту сәті: «Бірдей, бірдей емес» оқушылар щеңберге құрып тұрады. Мұғалім нұсқау береді: Сіздер жиын боласыздар, ал .... (сыныптан бір оқушы) зат болады. Шеңбер – бұл жиын, ал оқушы – жиын элементі болады, егер ол сол жиынға жататын болса, сеңдер щеңберге оны кіргізесіндер, егер ол жиынға жатпаса, кіргізбеуге тырысасыңдар. Ал, енді бастаймыз: щеңбер жиһаз жиыны, ....... айна (кіргіземіз), ол оқушы шеңберге кіріп, басқа оқушы жалғастырады. Оқушы шеңберге кірмеген жағдайда, мұғалім сұрақ қояды: Кіргізу үшін біз қандай жиын болуымыз тиіс?
Тапсырма 4 (дәптерде): Дәптердегі № 3 жаттығу. Оқушылар сызық арқылы заттарды шеңбер ішіне орналастырады. Қандай ретпен орналастырғанын түсіндіреді.
Тапсырма 5 (ауызша): Оқушыларға ауызша мысал келтіруге ұсынылады? Бір жиынның ішінде тағы бір жиын болу мүмкін бе?Мұғалім бірінші мысалды өзі келтіреді: жануарлар – қой, ешкі, тигр, түлкі, қасқыр, қоян. Оның ішінде қой мен ешкі үй жануарларына жатады, қой, ешкі, қоян шөппен қоректенеді. Оқушылар мұғалімнің айтқан заттарынан бірдей белгі тауып біріктіреді.
Тапсырма 6 (дәптерде): Дәптердегі № 4 жаттығу. Оқушылар жабайы жануарларды атайды, олардың үй жануарларынан айырмашылығын анықтап, сары түсті жануарлардың жабайы жануарлар арасында және үй жануарларының арасында кездесетінің байқайды.
Қосымша тапсырма:
Мұғалім ауызша бірнеше зат атайды. Оқушылар оның ішінен қайсысы қате айтылғанын бақылап отырады. Мысалы: раушан, бәйшешек, қызғалдақ, бұршақ, түймедақ, лала, лаванда. Артығы бұршақ.
Дәл осылай бірнеше жиын элементтерін қайталап өтуге болады.
- Сабақ аяқталды!
САБАҚ №4
«Ақиқат» және «жалған» ұғымдары.
Сабаққа дайындық:
1. Суреттер.
Сабақ барысы:
Қайталау (ауызша):
- Өткен сабақта біз жиындарды біріктіріп, олардың қандай белгілер арқылы қиыстыруға болатынын білдік. Жиындарды біріктіру және қиыстыру схемаларын сыздық. Қазір сол тақырыпта мына тапсырманы орындап көріңіздер
Тапсырма 1 (ауызша): Мұғалім тақтаға бірнеше сурет іліп қояды, немесе бірнеше сурет салынған презентацияны көрсетеді. Суреттер әр тақырыпта болуы мүмкін. Оқушылар оларды жиындарға бөліп ұқсас заттарды ортасына қояды. Мұғалім оқушының жауабын дәлелдеуін сұрайды. Неге бұл заттар әр жиыннан болса да, біріктіруге болады? Қандай белгі арқылы біріктірдің?
Жаңа сабақ:
- Бүгінгі сабақта біз рас және өтірік жағдайларды қарастырамыз. Бірақ бұл сөздерді қолданбай математикалық тілде «Ақиқат» және «Жалған» деп атаймыз.
Тапсырма 2 (дәптерде): Дәптердегі № 1 жаттығу. Мұғалім тапсырманы оқушыларға түсіндіреді. Бұл тапсырма әр заттың атауын жазудан дұрыс табуымен байланысты, егер жазу мен сурет сәйкес келмесе, онда оқушылар жазуды сызып тастайды.
Тапсырма 3 (ауызша): Мұғалім оқушыларға сурет көрсетіп, жалған атау береді. Мысалы: ұшақ суретін көрсетіп машина дейді, оқушылар орында отырып қолдарын жоғары көтереді, егер мұғалімнің берген атауы дұрыс болса, еш қимыл жасамай отырады.
Тапсырма 4 (дәптерде): Дәптердегі № 2 жаттығу. Әр жануарға өзіне тиісті тағамын сызықпен сызып сәйкестендіру қажет. Оқушылар өз жауаптарын мұғалімге дәлелдейді. Мысалы: мысық сүтпен қоректенеді – бұл ақиқат, мысықтың сәбізбен тамақтанады деп көрсетілген – бұл жалған, т.с.с. жалғаса береді.
Сергіту сәті: «Ақиқат не жалған» ойыны. Мұғалім сөйлемдер айтады, егер сөйлем дұрыс болса, онда оқушылар орынан тұрады, егер жалған болса отырады. Мысалы:
- Аю орманда тұрады (тұрады);
- Кемелер аспанда жүреді (отырады);
- Қойлар джунглиде жүреді (отырады);
- Сыныпта оқушылар түгел;
- Машинаның 4 дөңгелегі бар (тұрады);
- Трактордың ішінде 5 адам отырады;
- Тырна – ол жабайы жануар (отырады).
- Торғайлар қыста жылы жаққа ұшпайды (тұрады).
Тапсырма 5 (дәптерде): Дәптердегі № 3 жаттығу. Оқушылар берілген заттардың артығын тауып, бұл жыл мезгіліне неге жатпайтынын түсіндіреді.
Тапсырма 6 (дәптерде): Дәптердегі № 4 жаттығу. Оқушыларға кестеден жазылған сөз тіркесі мен заттардың сәйкес болуын қамтамасыз ету қажет. Мұғалім жаттығуды түсіндіреді: зат пен оның сөзбен жазылған түсінігі бірдей болу үшін біз не істейміз? Артығын сызып тастаймыз, ал жетіспесе – қасына суретін саламыз. Мысалы: соңғы тапсырмада 8 қызыл шар керек, демек, 8 шарды санап, қызыл түске бояйды.
Қосымша тапсырма: Оқушылаға үйде «ақиқатқа» жатпайтын бір жағдайды суреттеу ұсынылады. Мысалы өмірде болмайтын жануарды не затты салу. Мысалы: ағашта өсіп тұрған саңырауқұлақтарды, т.с.с.
- Сабақ аяқталды!
САБАҚ № 5.
Терістеу.
Сабаққа дайындық:
1. Суреттер, карточкалар .
2. Доп
Сабақ барысы:
Қайталау (ауызша):
- Өткен сабақта біз «Ақиқат» және «Жалған» пікірлерімен таныстық. «Ақиқат» ұғымына мысал келтірейік.
Мұғалім оқушыларға доп лақтырып, «Ақиқат» немесе «Жалған» дейді, оқушылар мысал келтіруі тиіс. Мысалы «Ақиқат» - сары лимон, «Жалған» - көк қарбыз, жасыл ешкі, немесе толық сөйлемдер – Қазір түн болып тұр, қазақ тілі сабағы болып жатыр. т.с.с.
Тапсырма 1 (ауызша): «Болады, болмайды» ойыны. Мұғалім мысалдарды айтады: оқушылар «ақиқат» болса, қол соғады, «жалған» болса – шапалақтамайды. Мысалы:
- Машинаның дөңгелектері төртбұрышты;
- Шырша жасыл болады (қол соғады);
- Бірқазан орманды мекендейді;
- Ай дөңгелек пішінді (қол соғады);;
- Біз 4 сыныпта оқимыз. Т.с.с
Жаңа сабақ:
- Бүгінгі сабақта заттардың қарама-қайшы қасиетін тауып, заттарды салыстыра аламыз:
Мұғалім суреттер көрсетеді: қысқа және ұзын лента, жуан және жінішке қарындаш. Үлкен доп және кіші доп, үй аласа және биік. Жол қисық және түзу. Оқушылар көрсетілген заттардың қасиеттерін атайды.
Тапсырма 2 (ауызша): Мүғалім допты оқушыларға лақтырып бір сөз айтады, оқушылар оны терістеуі қажет. Мысалы: доп үлкен десе, оқушылар доп үлкен емес, кіші дейді. М: Алма қышқыл. О: алма тәтті, т.с.с.
Тапсырма 3 (дәптерде): Дәптердегі № 1 жаттығу. Оқушылар сәйкестендіру орындауы тиіс. Мысалы: алма үлкен, өрік кішкентай, жылан үзын, жұлдызкұрт қысқа, мыстан кемпір ызалы – ақшақар мейірімді. Жираф ұзын – қой аласа.
Тапсырма 4 (дәптерде): Дәптердегі № 2 жаттығу. Оқушылар бірінші қатардағы сөздерді оқып оған қарама-қайшы сөзді екінші қатардан тауып сызықпен байланыстырады.
Сергіту сәті:
Мұғалім допты лақтырып оқушыларға теріс пікір айтады. Мысалы: Мұғалім: М - бұл сан, оқушы: М- бұл сан емес, ол әріп. Арыстан – бұл құс, арыстан құс емес, ол жануар. Дәл солай ойын барлық оқушы өатысып болғанша ойналады. Мұғалім оқушылардың өз пікірін мндетті түрде терстеуін сұрайды, оқушылар «Емес» сөзі арқылы терістеуге болатынын түсіну қажет.
Тапсырма 5 (дәптерде): Дәптердегі № 3 жаттығу. Мұғалім оқушыларға тапсырманы толық түсіндіру қажет: Геометриялық пішіндер 3 қатарда тұратыны, бірінші қабат қай жерден басталатынын анықтап алады. Қай үйде қандай түс тұратының түсіндіру қажет. Оқушылар бұл тапсырмада 8 қате тауып, ерекшелейді.
Тапсырма 6 (дәптерде): Дәптердегі № 4 жаттығу. Оқушы логикалық жолмен қандай қорапта қай жеміс орналасқанын табады. Мұғалім тек бірінші пікір жалған екенің ескертеді. Сонда бірінші қорапта – лимон, екіншіде – алма, үшіншісінде – алмұрт болады.
Тапсырма 7 (ауызша): Мұғалім тақтаға бірнеше сурет іліп қояды, суреттер әр түрлі тақырыпта болуы мүмкін. Суретті көрсетіп, олардан осы зат туралы пікір құруын сұрайды, міндетті түрде «Емес» сөзі оқушы жауабында қайталануы тиіс. Мысалы:
Шортан ол кұс емес, балық. Көкек – балық емес, ол құс. Қалам азық-түлік емес, ол оқу құралы, т.с.с.
- Сабақ аяқталды!
САБАҚ №6.
Логикалық есептер шығару.
Сабаққа дайындық:
1. Доп
Сабақ барысы:
Қайталау (ауызша):
- Өткен сабақта біз теріс пікір құрып үйрендік, заттарды терістеу арқылы салыстырдық. Осы тақырыпқа байланысты ойын ойнап көрейік, мен заттың қасиетін атаймын, сіздер маған оның қарама-қарсы қасиетін атайсыздар, мысалы: қатты – жұмсақ. Мұғалім оқушыларға доп лақтыралды, оқушы допты қайтарып, қарама-қарсы қасиетін атауы қажет: үлкен – кіші, биік – аласа, ақ – қара, түн – күн, таза – кір, ашық – жабық, жуан – жінішке, т.с.с.
Тапсырма 1 (дәптерде): Дәптердегі № 1 жаттығу. Тапсырма алдынғы сабақтағы №7 жаттығуға ұқсас. Бірақ, бұл тапсырма қиындатылған, екі пікірді жалған пікірге ауыстыру қажет және жауаптарын оқушылар әр үйдн астына жазады. Жауабы: Әсел – 1 үйде, Айгүл екінші үйде, ал Арман – үшінші үйде түрады.
Жаңа сабақ:
- Бүгінгі сабақта біз логикалық есептер шығарып үйренеміз. Өткен сабақтарда біз бірнеше логикалық тапсырмалар орындадық. Сабақ бойына біз логикалық есептерді әртүрлі әдістермен шығарамыз.
Логика деген сөз гректің “Легос”, “Логос” деген сөздерінен алынган. “Легос” сөйлеу, түсіндіру, “Логос” ақыл ой деген соз. Логика деп дүрыс ойлаудың заңдары және ережелері туралы ғылымды айтамыз. Адам баласының түрмысында дүрыс ойлау күрделі роль атқарады. Адамның ойы дүрыс болу үшін, ол белгілі бір ережелерге, зандарға бағынуға тиісті. Логикалық есептерді бірнеше әдістермен шығаруға болады, оның ішінде 1 сыныпқа Граф әдісі, кесте құру арқылы шығару және салыстыру әдістерін таңдауға болады.
Тапсырма 2 (дәптерде): Дәптердегі № 2 жаттығу. Бұл тапсырманы оқушылар кесте құру әдісімен шығарады. Мұғалім бұл тапсырманы оқушыларға түсіндіріп, көмек береді. Егер кестедегі бала аты мен шар түсі сәйкес келсе онда кесте ұяшығына «+» белгісі қойылып, қалған ұяшықтарға «-» қойылады. Сонда Әсемде қызыл шар, Майра көк шар, ал Самат жасыл шар тапты деген жауап шығады.
Тапсырма 3 (дәптерде): Дәптердегі № 3 жаттығу. Алдынғы орындалған тапсырма үлгісімен орындалады. Жаттығуды оқушыларға қарындаш қолданып, өз бетімен шығарып көруге ұсынылады. Мұғаліммен бірге сонында қателерін дұрыстайды.
Сергіту сәті: Мұғалім доп лақтырып, әріп айтады. Оқушы сол әріпке сөз айтады. Мұғалім оқушылармен алдын ала тақырыпты келісіп таңдайды. Мысалы: «Мектеп», «Сынып», «Жеміс-жидек», т.с.с тақырыптарды ұсынуға болады.
Тапсырма 4 (дәптерде): Дәптердегі № 4 жаттығу. Оқушыларға граф әдісн қолданып есеп шығару ұсынылады. Оқушылар бұл әдіспен таныс болғандықтан, өз бетімен орындау ұсынылады. Мұғалім тек түсініктеме береді. Балалар арасындағы ара қатынасты көрсету үшін сызық қолданылады. Жауабы: 6 рет амандасады.
Тапсырма 5 (дәптерде): Дәптердегі № 5 жаттығу. Тапсырма салыстыру әдісі арқылы орындалады. Мұғалім оқушылармен талдау жүргізеді. (Егер ұзын болса қандай түсті болуы мүмкін, егер жуан қарындаш қызыл болса, онда қысқа және ұзын қарындаш қызыл түсті бола алмайды. Оны алып тастап, қалған екі қарындашқа талдау жүріземіз).
Тапсырма 6 (дәптерде): Дәптердегі № 6 жаттығу. Оқушыларға сандарды ретімен жау ұсынылады. Оқушылардың нүктелердің орнына дұрыс сандар жазуын мұғалім қарап, тексереді.
Қосымша тапсырма: «Қызықты есептер»
1. Әлемдегі ең үлкен кастрюльге не кірмейді? (Оның қақпағы)
2. Өзенде қандай тастар болмайды (құрғақ)
3. Әтеш өзін-өзі кұспын деп айта ала ма? (Жоқ, өйткені ол сөйлемейді)
4.
Екі
адамның бірі солға, бірі оңға қарап тұр,
олар бір-бірін көре ала ма? (Иә, бір-бірне қарама-қарсы
тұрса)
САБАҚ №7.
Кодтау және кері кодтау.
Сабаққа дайындық:
1. Машина суреттері, жасыл, қызыл, сары жолақтар.
2. Әріптердің суреттері.
Сабақ барысы:
Қайталау (ауызша):
- Өткен сабақта біз логикалық есептер шығардық. Біз оларды қалай шығардық? Осыған орай тағы да бір логикалық есеп шығарамыз:
Дәрігер, мұғалім және спортшы 5 қабатты бір үйде тұрады. Дәрігер 3 қабатта тұрады. Мұғалім дәрігерден жоғары қабатта тұрады, бірақ 4 қабатта тұрмайды, спортшы пәтері дәрігердің пәтерінен төмен, бірақ 1 қабатта емес. Кім қандай қабатта тұрады? (Мұғалім 5 қабатта, спортшы 2 қабатта). Есепті салыстыру әдісімен шығару ұсынылады. Оқушылар дәрігердің тұратын пәтерін білгендіктен, содан аттанып орындайды.
Жаңа сабақ:
- Бүгінгі сабақта біз ақпаратты жасыруға немесе кодтауға үйренеміз. Кейбір кодтарды біз түсінеміз, кейбірін әлі де үйрену қажет. Мысалы: біз бағдаршамның жасыл түсіне ғана жүреміз. Сөздерді не заттарды кодтау үшін арнайы кодтау алфавиті болады. Ол бағдаршамның белгісіндей бәрімізге бірдей болады, сіздер өзараңызда кодтау алфавитін жасап, хабарласуынызға да болады. Ондай арнайы код қолданатын адамдар тыңшы болады.
Тапсырма 1 (дәптерде): Дәптердегі № 1 жаттығу. Әр әріптін үстінде жеміс-жидек суреті бар. Алдымен мұғалім оқушылардан бұл қандай жеміс-жидектер екенің, қалай аталатынын сұрайды. Әр әріпке бір жемістің сәйкес келетінің түсндіреді. Оқушылар осы кестеден алған әріптерден сөздер құрайды. Кілт, Лақ, Парта, Қол, Тарақ, Қаз сөздері шығады. Шыққан сөздерді оқушылар белгіленген сызыққа жазады.
Тапсырма 2 (дәптерде): Дәптердегі № 2 жаттығу. Мұғалім тапсырманы оқушыларға түсіндіреді: әр әріпке бір пішін сәйкес болып келеді, төменде бірнеше пішімдер тобы берілген, пішін мен сөзді сәйкестендіріп, оқушы тапқан сөзін сызыққа жазады.
Сергіту сәті:
Сынып екіге бөлінеді – 1 топ: жүргіншілер, 2 топ: машина жүргізушілері. Екі топ қарама қарсы тұрады. Мұғалім жасыл жолақты жүргізушілерге, ал қызыл жолақты жүргіншілерге көрсеткенде, машиналар жүреді, адамдар тұрады. Сары жолақты көрсеткенде барлығы тұрады.
Тапсырма 3 (ауызша): Мұғалім оқушларға әріпті көрсетеді. Оқушылар сол әріпке басталатын сөздерді атайды. 5-6 әріптін суретін қолдануға болады. Мысалы: Б- барабан, балапан, барыс, бөлтірік, бармақ, бала, бестік, белбеу, т.с.с.
Тапсырма 4 (дәптерде): Дәптердегі № 3 жаттығу. 2 тапсырмада пайдалаған кодтау кестенін пайдаланып, сол тапсырманы кері әрекет жасап, орындайды. Мұғалім тапсырманы түсіндіргенде, оқушылардың пініндерді дұрыс салуы мен сызыққа орналастырып жазуын сұрайды.
Тапсырма 5 (дәптерде): Дәптердегі № 4 жаттығу. Заттардың суреттері берілген, мұғалім оқушылармен қандай заттар берілгенін талдайды, содан соң ғана оларға жасырылған сөзді табуды ұсынады.
Қосымша тапсырма:
Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа)
Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді.
(қырыққабат)
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
(сәбіз)
Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз)
Әр желінің асты толған
көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
(қияр)
Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма)
Ақ құман жүр
жүзіп.
Су бетін сүзіп.
(аққу)
- Сабақ аяқталды!
САБАҚ №8.
Бақылау жұмысы
Сабаққа дайындық:
1. Әр оқушыға нұсқа бойынша карточка.
Сабақ барысы:
Кіріспе (ауызша):
- Тоқсан бойына біз сіздермен қандай тақырыптар өттік?(Жиын, «Ақиқат», «Жалған» ұғымдары, Терістеу, логикалық есептер шығардық, кодтау кестелерімен жұмыс жасап үйрендік). Жиын дегеніміз не? Қандай жиындарды білеміз? Жиындарды салытыра аламыз ба? «Ақиқат» және «Жалған» ұғымдарға мысал келтіріңдер. Терістеуге мысал келтіріңдер. Логикалық есептерді қалай шығаруға болады? Кодтау үшін не болу қажет? (кодтау алфавиті не кестесі)
Жаңа сабақ:
- Бүгін сабақта өткен тақырыптарды қалай ұғынғандарыңызды білеміз. Ол үшін жеке карточкаларда берілген тапсырмаларды өз беттеріңмен орындап шығасыңдар. Алдымен мұғалім әр тапсырманы түсіндіріп, бақылау жұмысына дайындық жүргізеді.
1 нұсқа
1. Жиындардың арасына <,>,= белгілерін қойып, жиындарды салыстыр:
2. Сөз тіркестерін оқып, суретпен салыстыр. «Ақиқат» болатындай өзгерт:
Бес көк қарындаш |
|
Алты қарбыз |
|
Төрт сағат |
|
Жеті жасыл жапырақ |
3. Келесі пікірлер берілген.
1) Қуыршақ бірінші қорапта емес.
2) Машина бірінші қорапта
3) Үшінші қорапта қонжық емес.
1 және 3 пікір «жалған», ал 2 пікір ақиқат болғанда қай ойыншық қандай қорапта ораналасады. Сызықпен көрсет:
4. Кодтау кестесін пайдаланып келесі сөздері пішіндермен сәйкестендіріп жасырылған сөздерді тап:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
А |
С |
Р |
Н |
Т |
М |
Қ |
Л |
Ы |
К |
Ш |
И |
-____________, ___________,
___________, ______________.
2 нұсқа
1. Жиындардың арасына <,>,= белгілерін қойып, жиындарды салыстыр:
2. Сөз тіркестерін оқып, суретпен салыстыр. «Ақиқат» болатындай өзгерт:
Торт ашық сандық |
|
Алты сары алма |
|
Үш ұшақ |
|
Бес жасыл жапырақ |
3. Келесі пікірлер берілген.
4) Қуыршақ бірінші қорапта
5) Машина бірінші қорапта емес
6) Үшінші қорапта қонжық емес.
2 және 3 пікір «жалған», ал 1 пікір ақиқат болғанда қай ойыншық қандай қорапта ораналасады. Сызықпен көрсет:
4. Кодтау кестесін пайдаланып келесі сөздері пішіндермен сәйкестендіріп жасырылған сөздерді тап:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
А |
С |
Р |
Н |
Т |
М |
Қ |
Л |
Ы |
К |
Ш |
И |
____________, ___________,
___________, _____________.
Сабақ №9.
Қатемен жұмыс. Қайталау.
Сабаққа дайындық:
1. Доп, дәптер.
2. Бақылау жұмысының карточкалары
Сабақ барысы:
Қатемен жұмыс. Мұғалім оқушыларға өткен сабақтағы бақылау жұмысының карточкаларын үлестіріп, кеткен қателерді оқушылармен бірлесіп талдайды:
1 тапсырмада оқушылар заттарды санап, тең немесе тең емес белгісін қояды. 1 нұсқада - сиырлар мен сарымсақ саны кем болса, 2 нұсқада –автобус пен алмұрт саны кем. Бұл тапсырманы оқушылар еш қиындықсыз орындай алады.
2 тапсырманы орындауда оқушылар кестемен жұмыс жасаған, әр жолдағы сөзді оқып оның оң жақтағы суретін сәйкестендіреді. Суреттегі заттарды алдын ала санау қажет, егер артық болса, онда артығын қарындашпен сызып тастайды, жетпеген жағдайда заттың суретін қасына салып жалғастырады.
3 тапсырма оқушылардың «Ақиқат», «Жалған» және терістеу ұғымдарын қайталауға арналған. Оқушы сыныпта орындағандай, ең алдымен бір пікірді негізге алады, содан соң оны салыстырып қалған екеуін табады. 1 нұсқа – 1 қорапта- машина, екінші қорапта –қоңжық, 3-де – қуыршақ.
2 нұсқа – 1-де қуыршақ, 2 қорапта - қонжық, 3 қорапта – машина.
4 тапсырмада оқушылар кодтау кестесін пайдаланып әр нұсқа 4 сөзді тауып, сызықтарға жазады. Жауаптары: 1 нұсқа – Асық, Тымақ, Қылыш, Ақыл сөздері болса, екінші нұсқада – Астық, Мысық, Мақта, Санамақ – деген сөздер болуы керек.
Тапсырма 1 (дәптерде): Дәптердегі № 1 жаттығу.
Мұғалім оқушыларға берілген пікірлерді оқып шығады, оқушылар пішіндерді салыстырып, кімнің қайда тұратынын табыңыз. Жауабы: Бірінші үйде – қоян, екінші үйде – түлкі үшінші үйде – қасқыр түрады.
Тапсырма 2 (дәптерде): Дәптердегі № 2 жаттығу. Граф әдісімен шығарылу ұсынылады. Мұғалім оқушыларға бір дөңгелектен екіншісіне тек бір сызық қана жүргізуін талап етеді. Жауабы: Футболдан спорттық сайыста
Сергіту сәті:
Сергіту сәті: Мұғалім доп лақтырып, әріп айтады. Оқушы сол әріпке сөз айтады. Мұғалім оқушылармен алдын ала тақырыпты келісіп таңдайды. Мысалы: «Көлік», «Сынып», «Жануарлар», т.с.с тақырыптарды ұсынуға болады.
Тапсырма 3 (дәптерде): Дәптердегі № 3 жаттығу. Алдында өткен «Кодтау» тақырыбында берілген. Жеміс-жидектер мен әріптерді сәйкестендіріп, сөздері табу қажет. Жауабы: аспап, қасық, тырна.
Қосымша тапсырма (ауызша):
Логикалық есептер шығару:
1. Әлияның екі алмасы бар, оған ағасы тағы 3 алмұрт берді. Әлияда неше алма бар (2)
2. Қаз бір аяғымен 4 кг тартады, ал екі аяғымен түрса (4 кг)
3. 2 жұмыртқа 10 минут піседі, ал 4 жұмыртқа неше минут піседі (10 минут).
4. Бір үйдің балалары. Асан 6 жаста, Қанат Жанаттан жасы үлкен, ал Жанат Асаннан кіші. Балалардың ішінде кім үлкені, ортаншысы және кішісі.
5. Алматыға бара жатқан пездбен дәрігер, мұғалім, инженер және машинист келе жатты. Олардың үшеуі Астанада тұратын досына қонаққа бара жатты. Осы адамдардың ішінде кім конаққа бара жатты? (Машинист бармайды, оған поезды Алматыға дейін жүргізу қажет).
- Сабақ аяқталды!
4 тоқсан
8 сағат
№ |
Тақырыбы |
Мақсаты |
1 |
Информатика кабинетінде қауіпсіздік техника ережелері. Компьютер дегеніміз не? |
Информатика кабинетінде қауіпсіздік техника ережелерімен таныстыру. Компьютерді қосуға және өшіруге үйрету. Компьютер құрылымымен таныстыру. |
2 |
Операциялық жүйе |
Практикалық тапсырма орындау. Папка жасау, атын өзгерту. |
3,4 |
Тышқан. Тышқанмен орындалатын әрекеттер |
Тышқанның батырмаларының орындайтын әрекеттерімен танысу.Дайын суреттерді бояу. |
5,6 |
Пернетақта. Пернетақтамен жұмыс |
Қарапайым мәтін теру ережелерімен таныстыру. Ауызша хабарлау бойынша мәтін теру |
7 |
Қорытынды бақылау жұмысы |
Оқушылардың оқу жылы бойыншаа алған білімдерін тексеру |
8 |
Қайталау |
Оқушылардың жыл бойына алған білімдерін тиянақтау |
САБАҚ №1
Информатика кабинетінде қауіпсіздік техника ережелері.
Сабаққа дайындық:
1. Компьютерлер.
2. Суреттер.
Сабақ барысы:
Жаңа сабақ:
- Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақ өткен сабақтардан несімен ерекше?(Сабақ компьютерлік сыныпта өткізіледі). 4 тоқсан бойына сіздер компьютермен жұмыс жасап үйренесіздер.
«Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «есептеуіш», яғни есептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютер өз алдына бірнеше құрылғылардан тұрады. Олармен бүгін танысамыз және қосып үйренеміз. Ал компьютермен жұмыс жасамас бұрын біз компьютерлік кабинеттегі техникамен жұмыс жасау ережелерімен танысуымыз қажет.
Мұғалім қауіпсіздік техникасы ережелерімен оқушыларды таныстырады. Мұғалім ережелерді айтады. Оқушылар мұғалімнің сөзін қайталайды:
Кабинетке кіру үшін:
1. Қолымыз таза болуы тиіс, жоғары киіммен кіруге болмайды. Кабинетке артық зат әкелуге болмайды
2. Мұғалімнің руқсатынсыз кіруге болмайды
Компьютерде жұмыс жасағанда:
1. Компьютер тек мұғалімнің рұқсатымен қосуға болады
2. Компьютер құрылғыларын, сымдарды қолмен ұстауға тыйым салынады.
3. Пернелерді тарсылдатып басуға болмайды, пернетақтаға заттарды қоюға болмайды.
4. Кабинетте жүруге, сөйлеуге, басқаларға кедергі жасауға болмайды.
Компьютерде жұмыс жасап болған соң:
1. Компьютерді дұрыс өшіру.
2. Жұмыс орынын қалыпқа келтіру қажет.
Тапсырма 1 (дәптерде): Дәптердегі № 1 жаттығу. Оқушылар суретті қарап, қауіпсіздік техникасы ережелерін атауы тиіс. Төменде берілген орынға тағы да бір ереже суретін салады
Тапсырма 2 (ауызша): Дәптердегі № 2 жаттығу. Мұғалім оқушыларға компьютерде отыруда талаптарға сүйену керектігі жайлы хабарлайды. Мысалы: монитор мен көз ара қашықтығы 70 см –дей болуы тиіс. Оқушылар қай суретте оқушының дұрыс отырғанын тауып, дәлелдейді. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:
Басты жоғарға көтеріп отыруға болады ма? Үстелдің үстіне еңкейіп отырып, жұмыс жасауға болады ма? т.с.с сұрақтар қойып, қалай дұрыс отыру керектігін оқушылар өз бетімен табады.
Тапсырма 3 (ауызша): Дәптердегі № 3 жаттығу. Суреттегі құрылғыларды оқушылар білгенің атайды. Егер оқушылар ол құрылғыны білмесе, мұғалім түсіндіреді.
Сергіту сәті: Сергіту сәті компьютерлік сыныпта орындалатын болғасын, оқушыларға тұруға болмайды. Орында отырып орындайды. Мұғалім дұрыс ереже айтса, оқушылар екі қолын көтереді, дұрыс болмаса төменге түсіреді. Мысалы:
- Кабинетте жүруге болады (төменге);
- Мұғалімнің рұқсатынсыз кабинетке кіруге болмайды (жоғары), т.с.с.
Практикалық жұмыс:
Тапсырма 4 (компьютерде): Компьютерді қосу және өшіру.
Компьютерді қосу үшін:
1. Розетканы электр желісіне қосады.
2. Желілік блоктың қосу батырмасын басады
3. Мониторды қосу батырмасын басады.
- Компьютер қосылған соң біз экранда жұмыс үстелін көреміз. Жұмыс үстелінде әр түрлі бумалар мен құжаттар бар. Ол сендердің сабақ орындайтын үстелдеріне ұқсайды. Құжаттарды, бумаларды немесе мәзірлерді ашу үшін экрандағы меңзерді тышқанды жылжытып керек жерге апарып қою қажет. Ашу үшін тышқанның сол жақ батырмасына шертуіміз қажет.
Компьютерде жұмыс жасау барысында міндетті түрде көзге арналған жаттығулар орындалады:
1) Көздерді оңға – солға, солдан оңға қарай қозғалту;
2) Көз қарашығын көкке одан төменге қарату;
3) Сағат тілі бойымен көзді айналдыру;
4) Тез арада көзді ашып – жұму;
5) Көздерді солжақ астыңғы бұрыштан, оңжақ үстіңгі бұрышқа қарату. Дәл солай бірақ енді керісінше жасау.
6) Екі көзімізді алақанмен 10 секундтай жауып тұру. Алақандағы жылу көзге тарайды.
Әрбір жаттығуды кемінен 6 рет қайталау қажет.
Компьютерді өшіру:
Жұмыс жасап болған соң компьютерді міндетті түрде өшіру қажет. Ол үшін төмендегі ПУСК батырмасына басамыз. Алдымызға мәзір шығады. Бұл мәзірді басты мәзір дейді. Төменде Өшіру (Выключение) батымасын тауып, басу қажет. Содан соң ғана мониторды өшіреміз.
Ескерту: компьютерді қосып, тез өшіруге болмайды.
- Ал бүгінгі сабақта біз қандай ережелермен таныстық. Компьютерлік сыныпта нені жасауға болмайды? Егер компьютерден жағымсыз иіс шықса, не ісейсіздер? Егер компьютер жұмыс жасап тұрып өшіп қалса ше? Розеткаларды қозғауға болады ма?
- Сабақ аяқталды!
САБАҚ №2
Операциялық жүйе.
Сабаққа дайындық:
1. Компьютерлер
2. Бума, құжаттар мен таңбаша суреттері
3. Суреттер (пернетақта, қол, портфель, тағам, кітап, жоғарғы қиім, электр розеткасы, т.с.с техника ережелеріне қатысты суреттер)
Сабақ барысы:
Қайталау (ауызша):
- Өткен сабақта біз информатика кабинетіндегі компьютерлік техникаға қойылатын талаптармен таныстық. Әр сабақ сайын сабақ басында біз ол Ережелерді есімізде үстап, қайталап отыруымыз қажет. Осы Ережелерді еске түсіру үшін мыса суреттермен жүмыс жасаймыз.
Мұғалім оқушыларға суреттерді таратады, әр оқушыға бөлек сурет және 1 минут дайындық уақыты беріледі. Әр оқушы өзінің суретіндегі заттарды пайдалана отырып қауіпсіздік ережелерінің бірін айтады.
Жаңа сабақ:
- Бүгінгі сабақта біз «Операциялық жүйе» деген ұғыммен танысамыз. Біздің компьютерлерімізде қандай операциялық жүйе орнатылған? Оны компьютерді қосқанда білеміз.
Мұғалім компьютер қосып, Windows жазуы шыққанын күтеді. Оқушылардың назарын осы сөзге аудартады. егер операциялық жүйе болмаса, онда компьютер жұмыс жасамайды. Бұл компьютердегі ең басты программа. Оның өзінің арнайы белгілері бар. (Суреттерді немесе презентация көрсетеді). Мұғалім жасаған әр әрекетін интеративтік тақта арқылы көрсетіп отырған жөн.
- Бума – қарапайым бумаға ұқсайды. Мысалы мынау қағаздан жасалған бума. Оның ішіне суреттер, қағаздар салып қоюға болады. Оның ішіне тағы бір бума салуға болады. Дәл сол сияқты компьютердегі бумаларға электронды суреттеріңді, жазған шығармаларыңды салып қоюға болады. Компьютерде дайын бумалар бар, егер өзіндік бума жасаймыз десек, жасап өз атымызбен сақтауға болады.
Файл – бұл біздің салған суретіміз не жазған шығармамыз болуы мүмкін, ал таңбаша бұл компьютердің басқа бір жерінде жатқан бумаларды тез ашуға арналған белгіше. Олармен сіздер әлі келешекте танысасыздар.
- Жаңа бума жасау жұмыс үстелінің кез келген жеріне оң жақ барымасымен шертіп, шыққан мәтінмәндік мәзірден СОЗДАТЬ – ПАПКУ бұйрығын таңдау қажет. Сол жерде жаңа бума пайда болады. Бума астына оның атауы жазылады. Ол үшін бума астындағы төртбұрыштың ішіне тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, өзіміздің атымызды жазамыз. Содан соң «Enter» пернесін шертеміз, немесе басқа жерге меңзерді нұқсап, шертеміз.
Практикалық жұмыс:
Тапсырма 1 (компьютерде): Дәптердегі № 1 жаттығу. Оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен бума жасайды. Бума жасау нұсқаулығы дәптерде беріледі.
Сергіту сәті: Мұғалім оқушыларға кез келген сөздер айтады. Егер ол сөздер компьютерге қатысты болса, оқушылар алақандарын соғады. Мысалы: паровоз, кеме, құжат (алақан соғады), монитор (алақан соғады). Көзге арналған жаттығулар жасайды.
Тапсырма 2 (дәптерде): Дәптердегі № 2 жаттығу. Оқушыларға мұғалім буманың атын өзгерту бойынша нұсқаулық береді. Оқушылар қағаз бетінде әрекеттің дұрыс орындалу ретін көрсетеді.
Тапсырма 3 (компьютерде): Оқушылар буманың атауын өзгерту әрекетін орындайды. Буманың атауын өзгертуде өздерінің дәптерде жасаған реті бойынша орындайды. Осылайша алдынғы тапсырманы компьютер комегімен орындауға тырысады. Тапсырманы оқушылардың өз бетімен орындауға мүмкіндік беріледі. Оқушылар орындай алмаған жағдайда мұғалім көмек береді.
Қосымша тапсырма: УДАЛИТЬ бұйрығын пайдаланып буманы жойыңыз. Ол қай жерге жойылады? Оқушыларға бұл тапсырманы үйге беруге болады. Бірақ Ескерту жасау қажет! Тек өзіңіз жасаған бумаларды жоюға болады! Мұғалімнің рұқсатынсыз еш буманы жоюға болмайды.
САБАҚ № 3.
Тышқан. Тышқанмен орындалатын әрекеттер.
Сабаққа дайындық:
1. Компьютерлер
Сабақ барысы:
Қайталау (ауызша):
- Өткен сабақта біз бума, файл және таңбаша ұғымдарымен таныстық. Жаңа бума құрып үйрендік, оның атын өзгерттік. Осы ұғымдарды сендер тани білу керексіздер.
Тапсырма 1 (дәптерде): Дәптердегі № 1 жаттығу. Тапсырма №2 сабақтың 2 тапсырмасындай орындалады. Оқушы файлды жою әрекетін ретпен орналастыру қажет. Мұғалім оқушылармен бірлесіп тапсырмаға талдау жасайды. Тышқанның сол жақ және оң жақ батырмаларын қандай жағдайда басу керектігін анықтайды
Жаңа сабақ:
- Бүгінгі сабақта біз тышқанмен жасалатын әрекеттермен танысамыз. Қолымызда тышқанды дұрыс ұстауға үйренеміз. Ол үшін біз тышқанның қай батырмасы қандай амал орындайтынын талдайық. Біз өткен сабақта тышқанның оң жақ батырмасымен жұмыс жасадық, оны басқанда мәзір шығатының білеміз. Бүгін сол жақ батырымасымен жұмыс жасаймыз.
Мұғалім оқушылардың тышқанды дұрыс үстауына назар аударады. Тыщқанның батырмаларының жасайтын әрекеті дәптерлерінде жазылған.
Практикалық жұмыс:
Тапсырма 2 (компьютерде): Файлды тышқан көмегімен жою. Оқушылар алдынғы сабақта жасаған бумаларын қоржынға апарып тастайды. Қоржын қажет емес ақпаратты сақтап қоюға арналған.
- Апарып тастау үшін тышқанның сол жақ батырмасын бума үстіне қоямыз, содан кейін басып тұрып, тышқанды қоржынға қарай жылжытамыз. Қоржынға әкелген соң, саусағымызды тышқанның батымасынан аламыз. Бума қоржынға түседі.
Сергіту сәті: Алдыменен көзге арналған жаттығулар өткізіледі (№1 сабақта берілген). Содан соң оқушылар орындарында отырып, «Айна» ойының ойнайды. Мысалы: Мұғалім сол жақ қолын көтеріп, екінші қолымен мұрын ұстайды. Оқушылар мұғалімнің әрекетін қайталайды. Содан соң оң қолымен аяғын, сол қолымен оң құлағын ұстайды. Оқушылар мұғалімнен қалмай орындауы тиіс.
Тапсырма 3 (компьютерде): «Корзина» бумасын ашу. Бума ашу үшін тышқанның сол жақ батырмасын 2 рет шерту қажет.
- Сіздер өз бумаларыңызды таптыңдар ма? Дәл осылай кез келген буманы басқа бума ішіне апарып тастауға болады.
Тапсырма 4 (дәптерде): Дәптердегі № 2 жаттығу. Оқушылар тышқанның сол жақ батырмасы орындайтын амалдар бар суреттерді ерекшелейді. Мұғалім оқушылармен бірлесіп талдау жасайды: тышқанның оң жақ батырмасы тек мәзірлерді ашыға болады, ал негізгі амалдарды сол жақ батырмамен орындайды: екі рет шерту арқылы ашуға болады, бір рет шерту арқылы ерекшелеуге болады, бір рет шерту арқылы мәзірдің бір белгісін ашуға болады. Тықшанның сол жақ батырмасын ұстап түрып кез келген белгіні басқа жерге апарып тастауға болады.
- Сабақ аяқталды!
САБАҚ № 4.
Тышқан. Тышқанмен орындалатын әрекеттер.
Сабаққа дайындық:
1. Компьютерлер
2. «Раскраска» бағдарламасы.
Сабақ барысы:
Қайталау (ауызша):
- Өткен сабақта біз тышқанмен таныстық. Оның батырмаларының орындайтын әрекеттерімен таныстық. Сол жақ батырмасы қандай әрекеттер орындайды? Оң жақ батырмасы арқылы нені ашуға болады?
Жаңа сабақ:
- Бүгінгі сабақта біз тышқанды пайдаланып сурет салып көреміз. Суретті компьютерде салмас бұрын дәптерде салып көреміз.
Тапсырма 1 (дәптерде): Дәптердегі № 1 жаттығу.
Практикалық жұмыс:
Тапсырма 2 (компьютерде):
Оқушылар компьютердегі дайын суреттерді бояйды. Ол үшін компьютерде «Раскраска» бағдарламасы орнатылады. Мұғалім оқушылардың тышқанды дұрыс ұстауға, экран бойынша жылжытып үйретеді.
Сергіту сәті: Алдыменен көзге арналған жаттығулар өткізіледі (№1 сабақта берілген).
«Болады – болмайды» ойыны ойнатылады. Егер компьютерде әрекеттерді орындауға болатын болса, оқушылар кол сағады, орындауға болмаса қолын көтереді. Мысалы:
- Компьютерде ойын ойнауға болады (қол соғады).
- Компьютер журе алады (қолын көтереді);
- Компьютерде сурет салуға болады (қол соғады);
- Компьютермен ағаш жаруға болады, т.с.с.
Тапсырма 2 (дәптерде): Дәптердегі № 2 жаттығу. Оқушылар берілген суреттердің қандай сурет салу құралдарының барын айтады. Егер ол құрал сурет салу құралы болмаса сызып тастайды.
- Сабақ аяқталды!
САБАҚ №5
Пернетақта. Пернетақтамен жұмыс
Сабаққа дайындық:
1. Компьютерлер
2. Пернетақта суреті карточкаларда
Сабақ барысы:
Қайталау (ауызша):
- Өткен сабақта біз сурет салып үйрендік. Сурет салу құралдарымен таныстық. Біз қандай сурет салу құралдарын білеміз? Өткен сабақтан алған білімімізді мына тапсырма арқылы қайталаймыз:
Тапсырма 1 (дәптерде): Дәптердегі № 1 жаттығу. Оқушылар сәйкестендіру орындайды. Қандай құрал қай әрекет жасайтынын түсінеді. Мұғалім тапсырманы барлық оқушы орындап болған соң бірлесіп талдайы.
Жаңа сабақ:
- Бүгінгі сабақта біз компьютердің тағы бір құрылғысы пернетақтамен танысамыз. Пернетақта болмаса компьютер жұмыс жасай алмайды, ол негізгі құрылғы. (Пернетақта суреті дәптерде берілген). Алдымыздағы пернетақта суретіне қарайық. Барлығы пернетақтада 101 перне бар. Олар әр түрлі, кейбірімен біз бүгін ал кейбірімен келесі жылы танысамыз. Пернетақтада орысша қазақша және ағылшынша әріптер бар. Бірақ қазақ тілінде немесе орыс тіліне ауысу үшін монитордың төменгі оң жағында тіл индикаторын табуымыз керек.
Оқушыларға тіл индикаторын басып компьютерде қандай тілдер барын анықтау тапсырмасы беріледі.
Мұғалім оқушыларды негізгі жұмыс жасау пернелерімен таныстырады
ENTER – бір жолға төмен түу немесе азат жолдан жазуға арналған
Backspase – Сол жақтан бір таңба өшіреді
Бос орын – екі сөзді бөледі
Shift – Бас әріппен жазу үшін басылады. Осы пернені ұстап тұрып әріп бар пернені басса онда бас әріп жазылады.
Тапсырма 2 (дәптерде): Дәптердегі № 2 жаттығу. Мұғалім таныстырған пернелерді тауып, оқушылар бояйды.
- Ал компьютерге әріптерді енгізу үшін бізде арнайы мәтіндік редактор бағдарламасы болады. Біз Блокнот бағдарламасымен жұмыс жасаймыз. Оны ашу үшін біз ПУСК – Все программы – Стандартные – Блокнот программасын тандаймыз.
Мұғалім бағдарламаны ашып үйретеді. Оқушы аша алмаған жағдайда көмек береді.
Сергіту сәті: Мұғалім компьютер құрамындағы құрылғыларды атайды, оқушылар – дұрыс болғанда қолдарын көтереді, дұрыс болмаса – алдына еңкейеді. Оқушыларды кабинеттен тыс шығарып, тапсырманы тұрып орындатуға болады. Мысалы: Пернетақта, қасқыр, күзен, тышқан, жүйелі блок, кірпіш, бетонды блок, монитор, радио, т.с.с
Практикалық жұмыс:
Тапсырма 3 (компьютерде): Мына сөйлемдерді Блокнот бағдарламасында жазып, нүктелердің орнына өз көшеңді жаз:
Біз Қостанайда тұрамыз. Қостанай сұлу қала. Қаланың көшелері үлкен. Мектеп .......көшесінде. Мен ............. көшесінде тұрамын
(Практикалық жұмыс жасау кезінде міндетті түрде көзге арналған жаттығулар орындалады).
Тапсырма 4 (дәптерде): Дәптердегі № 3 жаттығу. Оқушылар дәптердегі нұсқаулықты қарап, құжатты сақтап үйренеді. Оқушылардың компьютерде жұмыс жасау дағдысына орай кейбірі тапсырманы орындай алмауы мүмкін, мұғалім әр оқушыға сақтау жолын үйретеді.
- Сабақ аяқталды!
САБАҚ №6
Пернетақта. Пернетақтамен жұмыс
Сабаққа дайындық:
1. Компьютерлер
2. Пернетақта суреті
Сабақ барысы:
Қайталау (ауызша):
- Өткен сабақта біз пернетақтаның кейбір пернелерімен таныстық. Қандай пернелерді білесіңдер? Осы пернелер туралы алған білімдеріңді мына жаттығу арқылы қайталап шығайық:
Тапсырма 1 (дәптерде): Дәптердегі № 1 жаттығу. Оқушылар сәйкестендіру орындайды: перне және оның орындайтын әрекетін сызықпен қосады.
- Қандай перне сізге таныс емес? (Esc). Қалай ойлайсыңдар бұл перне нені орындайды?
Мұғалім оқушыларға компьютер өшіру амалын көрсетіп соңғы терезеде Esc басу арқылы компьютер өшірілмегенін байқатады. Оқушыларға үйде осы амалды қайталау ұсынылады.
Жаңа сабақ:
- Бүгінгі сабақта біз пернетақтаның тағы да бірнеше пернесімен танысамыз. Пернелердің ішінде бағдарлар салынған пернелерді табыңыз. Ол пернелер не үшін арналған қалай ойлайсыздар? (Солға, оңға, жоғары, төмен жылжытуға). Бірге басып көрейік (Мұғалім басып көрсетеді, окушылар өзінің қағаздан жасалған пернетақтасынан тауып, оларды бояйды.).
- Тағыда бір танысатын пернеміз оң жақтаң бір таңбаны жоюға арналған. Ол Delete деп аталады. Өздеріңіздің қағаздан жасалған пернетақтаңыздан сол пернені табыңыз және бояңыздар.
Осы пернелерді қолданып бүгін біз бірнеше тапсырмалар орындаймыз.
Ол Жүмыс үстеліндегі Қателер атты Блокнот бағдарламасында жасалған файлды ашамыз.
Практикалық жұмыс:
Тапсырма 2 (компьютерде):
Оқушылар дайын құжатты ашқан соң, жазылған сөздерді көреді, бағдары бар пернелерді қолданып олар осы қателерді дұрыстайды.
Кұжатта келесі мәтін беріген:
Мен компюттерлд құрылыыысын білемин. Ол мныдай құрылғылааарадан тұраы: жүйелі блокк, тышанқ, пернеатұат.
Сергіту сәті: САБАҚ №5 берілген сергіту сәтіне ұқсас өткізіледі. Өзгешеліг: мұғалім пернелерді атайды, оқушылар дұрыс болғанда – қолын көтереді, дұрыс болмаса – секіреді (кабинеттен тыс өткізілген жағдайда). Мысалы: Delete, асық, Backspase, А әрпі, монитор, Enter, сканер, Shift, кесте, Alt, домбыра, т.с.с.
Тапсырма 3 (компьютерде):
Оқушыларға карточкада суреттер беріледі. Суреттегі заттың атауын оқушылар Блокнот бағдарламасында жазады. Мұғалім оқушылардың жазуды қатесіз орындауын бақылайды.
Тапсырма 4 (дәптерде): Дәптердегі № 2 жаттығу.
Берілген мәтінді өндеуде қандай пернелер пайдаланғанын оқушылар ерекшелейді. Мұғаліммен бірге оқушылар талдау жүргізеді. Оқушылар мәтінді түзетуде тек 2 пернені қолданбағанын айтады: Esc, Enter.
- Сабақ аяқталды!
САБАҚ №7.
Қорытынды бақылау жұмысы.
Сабаққа дайындық:
1. Әр оқушыға нұсқа бойынша карточка.
Сабақ барысы:
Кіріспе (ауызша):
- 1 сынып бойынша біз информатикадан әр түрлі тақырыптар өттік. Осы тақырыптар арқылы біз логикалық ойлау қабілетімізді жетілдіріп, информатиканың негізгі ұғымдарымен таныстық.
Оқушылар өткен тақырыптар жайлы ой бөліседі.
Жаңа сабақ:
- Бүгін сабақта біз қорытынды бақылау жұмысын орындаймыз. Ол соңғы жұмысымыз болғандықтар, әр түрлі тақырыпта, жазбаша түрде өткізіледі. Ол үшін жеке карточкаларда берілген тапсырмаларды өз беттеріңмен орындап шығасыңдар.
Алдымен мұғалім әр тапсырманы түсіндіріп, бақылау жұмысына дайындық жүргізеді.
1 нұсқа
1. Суреттердің екінші бөлігін салып, шыққан суреттерді боя? Бұл заттар қандай жиынға жатады? Жиын атауын астына жаз:
_____________________
2. Нүктеден бастап, торлаға мына схема бойынша сурет сал. Қандай зат пайда болды? Астына жаз:
3. Кодтау кестесін пайдаланып келесі сөздері пішіндермен сәйкестендіріп жасырылған сөздерді тап:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
А |
Б |
Р |
Н |
Т |
М |
Қ |
Л |
О |
К |
Е |
Ы |
______________, ___________________
4. Пернетақтадан мына пернені тауып, боя:
1) Жаңа жолға көшу немесе енгізу пернесі.
2) Сол жақтан бір таңба жою пернесі.
2 нұсқа
1. Суреттердің екінші бөлігін салып, шыққан суреттерді боя? Бұл заттар қандай жиынға жатады? Жиын атауын астына жаз:
_________________
2. Нүктеден бастап, торлаға мына схема бойынша сурет сал. Қандай зат пайда болды? Астына жаз:
3. Кодтау кестесін пайдаланып келесі сөздері пішіндермен сәйкестендіріп жасырылған сөздерді тап:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
А |
Б |
Р |
Н |
Т |
М |
Қ |
Л |
О |
К |
Е |
Ы |
__________, ______________________
4. Пернетақтадан мына пернені тауып, боя:
1) Бас әріптен жазу пернесі.
2) Оң жақтан бір таңба жою пернесі.
Сабақ №8.
Қатемен жұмыс. Қайталау.
Сабаққа дайындық:
1. Доп, дәптер.
2. Бақылау жұмысының карточкалары
3. Компьютерлер.
Сабақ барысы:
Қатемен жұмыс. Мұғалім оқушыларға өткен сабақтағы бақылау жұмысының карточкаларын үлестіріп, кеткен қателерді оқушылармен бірлесіп талдайды:
1 тапсырмада оқушылар заттардың екінші бөлігін салып, оларды бояп қандай жиынға жататынын анықтап, астына жазады. санап, тең немесе тең емес белгісін қояды. 1 нұсқада - көкөністер, 2 нұсқада – жеміс-жидек жиыны берілген. Бұл тапсырманы оқушылар еш қиындықсыз орындай алады.
2 тапсырманы орындауда оқушылар алдымен нүктені тауып, қандай сан жазылған сонша тор қозғалатынын түсіндіреді: бірінші қатардағы сызықтарды салып болған соң екінші қатарға көшеміз деп, оқушылардың тапсырманы дүрыс орындауын мұғалім қадағалайды. Бірінші нұсқада – кеме суреті шықса, екінші нұсқада – саңырауқұлақ шығуы тиіс.
3 тапсырма орындауда оқушылар 3 тоқсанда пайдаланған кодтау кестесі арқылы қандай сөз жасырылғанын табуы керек, табылған сөз код қасындағы сызыққа жазылады.. 1 нұсқа – тымақ, ботақан. 2 нұсқа – арба, алтыбақан.
4 тапсырмада оқушылар дайын пернетақтадан екі пернені бояйды. 1 нұсқа – Enter, Backspase. 2 нұсқада – Shift, Delete.
Тапсырма 1 (дәптерде): Дәптердегі № 1 жаттығу.
Логикалық тапсырма: Оқушылар шарлардың өлшемдерін салыстырып, қай шарды қандай түске бояу қажеттігін анықтайды. Жауабы: Ең кішісі – көк, орташасы – қызыл, үлкені – сары шар.
Тапсырма 2 (компьютеде):
Мұғалім дайын слайд береді. Слайдарда әр түрлі геометриялық пішіндер бар. Оқушылар сол пішіндерден заттар құруы қажет.
Тапсырма 3 (дәптерде): Дәптердегі № 2 жаттығу. Мұғалім оқушылардың «ақиқат» және «жалған» ұғымдарын ұғынуын тексеру үшін логикалық тапсырма береді. Оқушылар пікір құру арқылы балалардың қайсысы қандай түсті балмұздақ алғанын атабады.
Тапсырма 4 (компьютеде):
Оқушылар алдынғы сабақта жұмыс жасаған «Раскраска» бағдарламасымен жұмыс жасайды.
Қосымша тапсырма:
Логикалық есептер шығар:
1) Бір қаздың салмағы 5 кг, бір аяқпен тұрған қаздың салмағы қандай (5 кг)
2) Алма Сараның апасы, Алма Ерланның қарындасы. Отбасындағы балалардың қайсысы үлкен. (Ерлан)
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.