«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»
Оценка 4.8

«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»

Оценка 4.8
Раздаточные материалы +1
docx
классное руководство
7 кл
16.01.2017
«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық    мақтанышымыз»
Мақсаты: І. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. ІІІ.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Ауызша журнал. Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер, карта, мақал-мәтелдер, Отан,жер туралы нақыл сөздер. Сабақ барысы: Кіріспе бөлім: Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»
Рәміздерім Рай.docx

1 қыркүйек

Сабақтың тақырыбы:  «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық  

             мақтанышымыз»

Мақсаты: І. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің      пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

                  ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

                   ІІІ.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: Ауызша журнал.

Көрнекілігі:   Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер, карта, мақал-мәтелдер, Отан,жер туралы нақыл сөздер.

   Сабақ барысы:

Кіріспе бөлім:

Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Отан –жерім,Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді..

Отан-ұран, Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

         2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар  форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті.

Ендеше, «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік  символы» атты ауызша журналымызды бастаймыз.

 

Журналымыздың бірінші беті: Тұңғыш Президент.

1-оқушы: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

2-оқушы: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.

3-оқушы: Қазақстан

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен саурған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп, уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

4-оқушы : Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

Бұның бәрі Елбасының арқасы.

Шықты тарап ой-данадан,

Бері қарап жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар Президенті

5-оқушы: Оянады көңілден қайдағы арман,

Бақыт желі ескендей жайлап алған.

Президентім бар менің елі түгел,

Ақ киізге көтеріп сайлап алған.

 

Журналымыздың екінші беті : Еңселі Елтаңба.

Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен  Шота Аман Уәлиханов.

Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ  бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

 

 

1-оқушы: 

Қатар шапқан  қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған  жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

2- оқушы:

Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің,

Таратады хас үлгі

Киесіндей жерімнің.

Бабам тұлпар жаратты,

Құлынында танып-ақ.

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды шаңырақ.

Тәуелсіздік көркі ол да,

Өркениет өрінде.

Нұр төгеді елтаңба

Ақ орданың төрінде.

 

Журналымыздың  үшінші беті:     Тұғырлы туымыз.

Жүргізуші: Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран- тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.

Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі  монументші-суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.

Қазақ халқы  сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры  ұзақ болсын деген ойдан туған.

Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

1-оқушы:

Айнымайды аспаннан                  Жанатын да өзі отша

Біздің тудың болуы                     Жалын шарпып бетіңді

Оны халық қашанда                       Туымыз да қазақша

Биікке іліп қояды.                         Сөйлеп тұрған секілді.

 Ибрагим Ескендір «Көк тудың желбірегені» әні (интернеттен клип жіберу )

          Журналымыздың төртінші беті:  Асқақтаған Әнұран.

Жүргізуші: Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды  түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.

1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.

2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік  Әнұранның авторы  Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

         Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде

«Менің Қазақстаным»  әні 10 қаңтарда 2006 жылы,  Елбасын  ұлықтау рәсімінде орындалды.

Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.

1-оқушы:   Әнұран

Әнұраным –жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Бақыт-бірлік күн талабы.

Тоқтамайды дабыр әні

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам Әнұраны!

 

2-оқушы:

Барша халық таныған                      

Біздің үміт, тілекті.                           

Шырқалғанда әнұран 

Шаттық кернер жүректі                        

Жеңіс туын көтерген

Жарыстарда сан қилы,

Жетіп бізге шетелден

Көкке әнұран шалқиды.

Шәмші атаның сазды үні

Жігер беріп қайратты,

Бәрімізді мәз қылып,

Жаңғыртады аймақты.

                                 Ойындар мен тапсырмалар

 

1.Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:

Елтаңба                                 Байрақ                           Әнұран

Ел                                           Бай                                       Ән

Таңба                                      ай                                        Ұра

Таң                                          қар                                      Ұн

Аң                                           ар                                         нан

 

2.Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы  айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.

1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген.             (Елтаңба)

2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар.         (Ту)

3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады.        (Әнұран)

 

Қорытынды:  Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Менің елімнің рәміздері»

Мақсаты:

·                      Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздермен жан-жақты  таныстыру;

·                      Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне,халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;

·                     Оқушыларға мемлекеттік рәміздерің аса маңызды екенін, оны құрметпен  мақтан тұту керектігін ұғындыру,ой өрісін кеңейту;

·                     Отанды сүюге,рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ҚР рәміздері, нақыл сөздер, слайд

Барысы:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздердің назарларыңызға «Менің елімнің рәміздері» атты тәрбие сағаты өткізгелі отырмыз. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

(Әнұраны орындалады)

Жоспар:

          І бөлім: “Еліміздің рәміздері”

          ІІ бөлім: “Тұғыры биік Қазақстан”  

               а) “Қазақ елі- менің Отаным”

               ә) “Жылдар жемісі”

              б) “Бәрін білгім келеді”

              в)  Картамен жұмыс

        ІІІ бөлім: Қорытынды

Мұғалім:  Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең,өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран  бекітілді.  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен   4-маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді.

      ҚР Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда референдумда қабылданды.  9-бөлім, 98-баптан тұрады. 9-бабында ҚР мемлекеттік рәміздері- Туы,  Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілген.34-бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.

Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын,бүкіл болмыс ерекшелілігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.

Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек.

 

Мақтансаң мақтан елім деп,

Тани біл елдік таңбаңды.

Елтаңба,Туын,Әнұран-

Тәуелсіздікке тәнтбелгі-

Қасиетті осы рәміздер.

Еліме рух, мән берді,

    Иесі оның мына біздер,-деп тәрбие сағатымыздың біріншіі бөлімі «Еліміздің рәміздері»- көшейік.

Көк жүзінде көгілдір

Гүл жайнаған мөлдір нұр.

Қазақстан жалауы-

Азаттықтың алауы.

Желбірейді аспанда,

Отан орны асқарда.

2-оқушы:  Ту

Мөлдір,бұлтсыз ашық аспан күмбезің,

Бейнелеген алтын шапақ күн көзін.

Адалдық пен пәктік көңіл нышаны

Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.

Көгілдір түс мөлдір,таза пәктігім,

Ырымдады болса екен деп сәтті күн.

Бейбітшілік,тыныштықтың нышаның,

Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.

Өрнексіз тұр қолтаңбасы дәуірдің,

Қадам бастық,артта қалды ауыр күн.

Қазағымның ұлттық «Қошқар мүйізі»

Әлі күнге көкейінде бауырдың.

                   Қазағымызға таныс өрнек ежелден

Қуат берген, зұлымдықтан жебеген.

Қастерлеген «Қошқар мүйіз» өрнегін,

Қасиеттің бір күніне теңеген.

Қыран құстай маңғазы да қырағы

Болса екен деп Бейбітшілік тұрағы,

Сондықтанда да көк туымда қалықтап,

Қыран бүркіт қанат жайып тұрады.

 

Өр қанатты сұңқардың

Қанатымен шырқар кім?

Қазақстан Отаным,

Әлем білген атағын.

Жарқыраған әр танды

Мемлекеттік Елтаңба.

Халқымыздың бейнесін

Кең таныта өрлесін.

4 - оқушы: Елтаңба

Көгілдір түс аясында шаңырағым шарықтап,

Жүйрік пырақ қанатты тұр қанатымен қалықтап.

Сәулесіндей күннің алтын уықтар тұр шаншылып.

Қасиетті Елтаңбаға қарап тұрсақ анықтап.

Түп төрінде жұлдызым тұр жаңа жанған бағымдай.

Мәңгі бақи тұрса екен өз орнынан алынбай.

Ортасында «Қазақстан» деген жазу жазылған,

Шаттандырып шабыт берген жүрегімнің қанындай.

Шаңырақ тұр арқау болып,бар жүгінді арқалап,

Шаңырағым биік болса шарықтайды шартарап.

Елім үшін шексізөмір,тіршіліктің нышаны,

Қазақ елі бар әлемге үлгі болып тарқамақ.

Көк клемдей желде ескен қанатты бар пырағы,

Елтаңбада екі жаққа мойын бұрып тұрады.

Желмаядай жүйрік болған, ай мүйізді пырағым,

Сол пырақпен бейнеленген ата баба тұрағы.

Жарық жұлдыз жарқыраған елтаңбаның төсінде,

Баршамызға бағдар берген айлы түннің кешінде.

Міне осындай суреттелген Елтаңбасы елімнің,

Әлі талай сақталады бүкіл әлем есінде.

5 – оқушы: Мемлекеттік Әнұран – еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес.

Жеңістерге қолбасыдай,

Ерліктердің жолдасындай

Еліміздің әнұраны

Жүректерде жаңғырады.

Жаршысндай даңқымыздың

Жан серігі халқымыздың.

6 – оқушы:   Әнұраным

Әйгілісің әуеніңмен әлемге,

Әнұраным, пәктігінді дәлелде.

Қазағыма қайсар шабыт бергендей,

Ұран болып айтыла бер әр елде.

Жүрегінен орын алып елімнің,

Шартараптан шарықтаумен көріндің.

Әсем әнді әуеніңмен тербеткен,

Белгісісің кең жазира жерімнің.

Әрлі әуенің шартарапты шайқады,

Күштілігін бүкіл халық байқады.

Шабыт берген Әнұранды әрқашан

Маңғыз елім мақтанумен айтады.

Мұғалім:  Мемлекеттік туымыздың авторы кім?

7-оқушы: Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.

ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі.1938 жылы 12-қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғаоғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.

Мұғалім:  Қазақстан дейтін Отан анамыздың Елтаңбасының авторы кім?

8-оқушы: Жандарбек Мәлібекұлы.

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген саулетші. 1942 жылы Қызылорда обылысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының саулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас саулетшісі, қазір Астанада тұрады.

9-оқушы: Шотаман Ыдырысұлы Уәлихан.

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға нңбегі сіңген саулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызыметкері.

Мұғалім: Ал Әнұранымыз қалай өмірге келді? Авторлары кім?

10 – оқушы: Шәмші Қалдаяқов.- әнін жазған.

Шәмші Қалдаяқов есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұраны айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп, әндерінің қай қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып, оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен. Халқының жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған ұлы сазгер есімі ұмтылмайды. Халық жүрегінде

мәңгі сақталады.

11 – оқушы: Жұмекен Нәжімеденов.- сөзін жазған.

1960 жылдардын бері қазақ поэзиясы мен прозасына өзінің ұлттық бояуы қанық, айшықты қолтаңбасын қалдырған дара тұлғалардың бірі. Ол 1935 жылы Атырау обылысы Теңіз ауданы Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяқовтың  «Менің Қазақстаным» атты әніне сөз жазған. Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге днйн ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді.

12 – оқушы: Нұрсұлтан Назарбаев.- сөзін жазған.

Достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған, еліміздің президенті.Елбасының болашаққа деген талпынысы, еңбекке ерте араласуы балалық кезден басталған екен. Жер жаннаты Жетісудің төскейінде, Шамалған ауылында болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің басшысы дүниеге келген. Ол 1991 жылдан бері  ҚР Президенті болып келеді.

Мұғалім:

Отаным Қазақстан туған елім,

Кең екен ғой қаншама дархан жерің.

Қасиетті қара жерді қалың жаудан

Қоршап қалды ұрпағы үшін батыр, ерің.

Қазағым, тілің қандай, дінің қандай,

Табиғат та тербеледі тірі жандай.

Көкірегіңде тізілген тауларыңның

Арасынан батқан күн, атар таңдай.

Қазақстан елтаңбаң бар, әнұраның,

Көк байрақта қалықтап тұр бақ қыраның

Жан жағы оюланып әшекей боп

Тауыпты көк аспан, күн тұрағын.

Туған жұртым, туған халқым, туған ұлым,

Сақтайық, жоғалтпайық қазақ салтын.

Тік ұстап туымызды, еңселі боп

Орындайық бабалардың аманатын, дей келе тәрбие сағатымыздың келесі бөлімі  «Тұғыры биік Қазақстан» деп аталады. Бұл бөлім жарыс түрінде өтпекші. Жалпылама Қазақстан туралы білімдеріңді жинақтайсыңдар балалар.

ІІ бөлім: «Тұғыры биік Қазақстан» (Жарыс бөлімі)

Қыран және Барс топтары жарысады

А)Қазақ елі – менің Отаным

1. Тәуелсіздікті қай жылы алды?

2. Қазақстанның егенмендігі туралы декларацияны қай   

    жылы қабылдады?

3. Қазақстан – «Еуразияның кіндігі» деп  неліктен аталады?

4. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында?

5. Еліміздің жер көлемі

6. ҚР шекарасының жалпы ұзындығы 

7. Солт.-тен оңтүстікке дейінгі шекарасы қанша   шақырым?

8. Қазақстанда қанша облыс бар?

9. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

10. ҚР-сы неше мемлекетпен шектеседі?

11. ҚР-ның тұңғыш президенті кім?

12. ҚР-ның жаңа Астанасын атаңыз

13. Ұлттық валюта теңге қашан айналымға енгізілді?

14. ҚР-ның қазіргі конституциясы қашан қабылданды?

15. ҚР-ның рәміздерін атаңыз

Ә) Жылдар жемісі

(Слайдта сандар беріледі, оқушылар мағынасын ашады)

Б) Қазақстанға саяхат

Топтарға Қазақстанның өзендері, көлдері, облыстары, таулары, жазықтарының аттары аталады.Картадан көрсету керек.

Мұнайлы өлке(Батыс Қазақстан), Қазақтың ұшақ шоқысы (Сарыарқа), Күріш өсіретін аймақ (Қызылорда облысы), Ең ірі өзен (Ертіс), Еліміздің бас қаласы орналасқан өзен (Есіл), ең ірі тау (Тянь Шань)

В) «Бәрін білгім келеді» (слайдта сұрақтар беріледі)

«Бәрін білгім келеді»

10.   16 желтоқсан Қазақстан  Республикасының тәуелсіздік  туралы  заңы

қабылданды. 21 желтоқсанда ТМД  құрылды. (1991)

10. Қазан  айында тұңғыш  ғарышкер  Тоқтар Әубәкіров  ғарышқа самғады(1992)

10. Тұңғыш  Конституция  қабылданды. 12 қарашада  төл теңге  дүниеге  келді.

(1993)

10. Мемлекеттің  тұңғыш  ордендері мен медальдары  дүниеге  келді. 30 маусымда

ұшқыш Т.Мұсабаев  аспан  көгіне  көтерілді. (1994)

10. 30 тамыз  жаңа  Ата заң қабылданды. (1995)

20. Алматыда  тәуелсіздік  ескерткіші  ашылды. (1996)

20. Елорда  Астанаға  көшірілді. Қазақстан-2030 жолдауының  шығуы. Жалпы

ұлттық  татулық  пен  қуғын-сүргіндерді  еске алу  жылы. (1997)

20. Халықтар  тұтастығы мен тарих  жылы. (1998)

20. Ұрпақтар  бірлігі  мен сабақтастығы  жылы (1999)

20. Мәдениетті қолдау  жылы. (2000)

30. Қазақстандағы  Ресей  жылы. (2006)

30. Денсаулық  жылы. (2002)

30. Ауыл  жылдары.(2003-2005)

30. Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға 20 жыл.  7 қаңтарда жаңа  әнұран

қабылданды. (2006)

30. Қазақ  тілін  қолдау  жылы. (2007)

40. Астанаға  10 жыл (2008)

40. Қазақстанның Украинадағы  жылы (2009)

40. ЕҚЫҰ самммиті (2010)

40.  1- желтоқсанда  Республика жұртшылығы  тұңғыш рет  Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевты  республикамыздың президенті етіп сайлады. (1991)

40. Маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды.  Маусым айында Тәуелсіз

Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады. (1992)

50. Қысқы VII Азияда олимпиадасы (2011)

50.  3 сәуірде  кезектен тыс  Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев болды. (2011)

50. Қазақтың бір туар ұлы Абай Құнанбайұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО

бойынша атап өтілді.( 1995)

50. Халық санағы болды.Қазақстан халқының саны 1600000 –ға жуықтады.(2008 )

50. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.(1997)

(Әділқазы алқалары жеңген команданы анықтайды)

ІІІ бөлім:  Қорытынды.

Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерін, сендердің күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет …

Отан сендерге зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін. Отаншылық сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады.» деген. Сондықтан оқушылар елбасымыздың сенімін ақтайтындай азамат пен азаматша болайық дегім келеді.

(Оқушылар ант қабылдайды)

Мұғалім: Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың тендігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ  елін бүгінде әлем таниды.

 

 

 

 


 

Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»

Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»

Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш

Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш

Ай астында қазақ үй Қалықтаған жас сұңқар,

Ай астында қазақ үй Қалықтаған жас сұңқар,

Журналымыздың төртінші беті:

Журналымыздың төртінші беті:

Ойындар мен тапсырмалар 1

Ойындар мен тапсырмалар 1

Менің елімнің рәміздері» Мақсаты: ·

Менің елімнің рәміздері» Мақсаты: ·

Мақтансаң мақтан елім деп, Тани біл елдік таңбаңды

Мақтансаң мақтан елім деп, Тани біл елдік таңбаңды

Болса екен деп Бейбітшілік тұрағы,

Болса екен деп Бейбітшілік тұрағы,

Елім үшін шексізөмір,тіршіліктің нышаны, Қазақ елі бар әлемге үлгі болып тарқамақ

Елім үшін шексізөмір,тіршіліктің нышаны, Қазақ елі бар әлемге үлгі болып тарқамақ

Күштілігін бүкіл халық байқады

Күштілігін бүкіл халық байқады

Достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған, еліміздің президенті

Достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған, еліміздің президенті

Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында? 5

Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында? 5

Алматыда тәуелсіздік ескерткіші ашылды

Алматыда тәуелсіздік ескерткіші ашылды

Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс

Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.01.2017