«Мен мемлекеттік тілді білемін» өлеңді мәнерлеп оқу сайысы.
Оценка 4.6

«Мен мемлекеттік тілді білемін» өлеңді мәнерлеп оқу сайысы.

Оценка 4.6
Лекции
docx
обществознание
Взрослым
05.04.2019
«Мен мемлекеттік тілді білемін»  өлеңді мәнерлеп оқу сайысы.
Мақсаты: балаларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
сайыс мен мемл.docx
«Мен мемлекеттік тілді білемін»  өлеңді мәнерлеп оқу сайысы.  Мақсаты: балаларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына,  мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа баспай,  мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері,  салт­дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.  Оқушылардың ой­ өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын  молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.  Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Менің тілім – менің  мақтанышым»» атты өлеңді мәнерлеп оқу сайысына қош  келдіңіздер.  Қазақ осы ағыл­тегіл көл­ көсір,  Қазақ осы « Өнер алды­ тіл дейтін»,  Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,  Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін,­  деп  ақын ағамыз  Қ.Мырзалиев айтқандай, ұлы қазақ даласында 130­ дан астам ұлт  өкілдері татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Қазақстан  жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай  мақсатпен біз бүгін қазақ және басқа ұлт өкілдерінің арасында осы  сайыс ұйымдастырылып отыр.  Мұғалім: Тіл мәселесі – ежелден қашан да өткір, өзекті мәселе.  Халқымыздың өз ұрпағын өз тілінде сөйлетудің өзі арман болғанын  көріп, өз келешегін өзі шындап уайымдай бастады.  Балаларға екі топқа бөлеміз. Әр топтың өзінің атың айтады. Мұғалім: Туған тілім қазынам,алтын кенім,  Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.  Қош келдің туған өлке,бесігіңе,  Қасиетті бабамның тілі менің. Дұшпандардың талайын қызыл тілмен,  Қылыштай сүйектерден тілімдедің.  Өтсе де талай ғасыр,қилы заман,  Қасиетті тілім менің бүлінбедің.        Ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамын.   1. Сауалнама:  • Сенің атың кім?  • Сен қай сыныпта оқисың?  • Сенің жасың нешеде?  • Ана тілің ­ қай тіл?  Бірінші топ өз өлеңдерін мәнерлеп оқиды.  Мұғалім: Туған тілім ­ бабам тілі ­ өз тілім  Туған тілім –анам тілі ­ өз тілім.  Туған тілім ­ далам тілі ­ өз тілім  Туған тілім ­ адам тілі ­ өз тілім.  Ендігі кезекте келесі екінші топ өздерін таныстырды,өз өлеңдерін  мәнерлеп оқиды Мұғалім: Қазақ халқының ана тілі­қазақ тілі. Қазақ екендігімізді  көрсететін ұлттық аспап­домбыра, ұлттық өрнек­ою, жігіттің сәні­ тұлпар, ұлттық ойын­асық, көкпар,бәйге,т.б, киіз үйіміз,өзімізге тән ұлттық киімдеріміз, әшекейлеріміз, ұлттық зергерлік бұйымдарымыз бар.   Әділ­қазы өз шешімдерін шығарғанша, ана тілі туралы мақал­ мәтелдерді жалғастырып көрелік  .  Әділ­қазылар сөз сөйлейді,мадақтамалар береді.  Мұғалім: Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі,  намысы,тыныс­тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын,  еркіндігінің үні. Оны сендер де құрметтеп, қорғай біліңдер.  Ынтымағы жарасқан халықтардың бесігі болған шуақты  Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де, еңбекқор ұл­қызы  болып өсе беріңдер!  Назарларыңызға рахмет!

«Мен мемлекеттік тілді білемін» өлеңді мәнерлеп оқу сайысы.

«Мен мемлекеттік тілді білемін»  өлеңді мәнерлеп оқу сайысы.

«Мен мемлекеттік тілді білемін» өлеңді мәнерлеп оқу сайысы.

«Мен мемлекеттік тілді білемін»  өлеңді мәнерлеп оқу сайысы.

«Мен мемлекеттік тілді білемін» өлеңді мәнерлеп оқу сайысы.

«Мен мемлекеттік тілді білемін»  өлеңді мәнерлеп оқу сайысы.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.04.2019