Менің шығармашылық жұмысым
Оценка 4.7

Менің шығармашылық жұмысым

Оценка 4.7
Научные работы
doc
чистописание
Детсад
17.03.2018
Менің шығармашылық жұмысым
«Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру арқылы баланың логикалық ойын дамыту» Атырау облысы, Жылыой ауданы Тұрғызба ауылы №4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің мектепалды дайындық топ тәрбиешісі Ергебек Жазира Әбенқызы Алғы сөз «Логикалық ойлау» дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу- тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс. А.Н.Леоньтев Мақсаты: Балалардың зейінін тұрақтандыру, қабылдауын және танымдық қабілетін жоғарылату. Оқу іс-әрекетіне, ойын әрекетіне белсенді қатысу шығармашылық ізденіске талпындыру жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану. Баланың логикалық ойлау түсігіні ең алдымен оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы жас ерекшеліктеріне байланысты, бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін) теңістіру, орналасуын, саны мен сыңарын белгілеріне қарай табу тәсілдерін меңгереді.«Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру арқылы баланың логикалық ойын дамыту» Атырау облысы, Жылыой ауданы Тұрғызба ауылы №4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің мектепалды дайындық топ тәрбиешісі Ергебек Жазира Әбенқызы Алғы сөз «Логикалық ойлау» дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу- тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс. А.Н.Леоньтев Мақсаты: Балалардың зейінін тұрақтандыру, қабылдауын және танымдық қабілетін жоғарылату. Оқу іс-әрекетіне, ойын әрекетіне белсенді қатысу шығармашылық ізденіске талпындыру жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану. Баланың логикалық ойлау түсігіні ең алдымен оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы жас ерекшеліктеріне байланысты, бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін) теңістіру, орналасуын, саны мен сыңарын белгілеріне қарай табу тәсілдерін меңгереді.
пед оқу.doc
Өтініш қағазы Баяндама аты: «Қарапайым математикалық түсінікті қалыптастыру арқылы  баланың логикалық ойын дамыту» Жұмыс орны :№ 4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп Қызметі:           Мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі Мекен –жайы: Атырау облысы                            Жылыой ауданы                            Тұрғызба  ауылы                                            Аңдау хат Тәрбиеші өз баяндамасында мектепалды даярлық балаларының  логикалық ойлау қабілетін дамыту –тәрбиешінің басты міндеті екенін атап көрсеткен.            Өз сабақтарында балалардың логикалық ойлау қабілетін ойын  әрекетімен ұштастыра отырып, дамытудың тиімді жолдарын көрсете білген.                                                                                         The summary The teasher in the report has noticed that important to a problem of the tutor is a  development of logic abilities of children of preschool group.  On the employment the tutor applies the most effective methods of training of  activization of logic abilities game elements Жоспар       І.   Кіріспе бөлімі      1.  Логика дегеніміз не?          ІІ.  Негізгі бөлімі      1.     Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары.      2 .   Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқу іс­             әрекетінде балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту   бағытындағы жұмыстар.     ІІІ. Қорытынды.             «Тәрбиеші еңбегі – нәтижелі жұмысымен көрінер» «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру арқылы баланың логикалық ой «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру арқылы баланың логикалық ойын дамыту»                                            Атырау облысы, Жылыой ауданы Тұрғызба ауылы №4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің мектепалды дайындық топ тәрбиешісі Ергебек Жазира Әбенқызы  Алғы сөз  «Логикалық ойлау» дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой­ пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір  түрі.Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу­ тәрбие үрдісіндегі  ұдайы жүргізілетін жұмыс.                                                                                                        А.Н.Леоньтев Мақсаты: Балалардың зейінін тұрақтандыру, қабылдауын және танымдық қабілетін  жоғарылату. Оқу іс­әрекетіне, ойын әрекетіне белсенді қатысу шығармашылық ізденіске  талпындыру жаңа әдіс­ тәсілдерді қолдану. Баланың логикалық ойлау түсігіні ең алдымен  оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі,  баланың дамуы жас ерекшеліктеріне байланысты, бала заттың санын, затты салыстыру  (көлемін)  теңістіру, орналасуын, саны мен сыңарын белгілеріне қарай табу тәсілдерін  меңгереді. Міндеті: ­  берілетін тапсырманың орындалуын білу және оны ұғыну керек ; ­  есеп шығарудың әртүрлі жолдарын, тәсілдерін игеру керек; ­  балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын түрлерін пайдалану керек.  Қазақстан Республикасының қазіргі мектепке дейінгі мекемеде жаңа өзгерістер мен  әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын  қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған  Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық  дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім  саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген. Сол себепте қазіргі таңдағы  негізгі талаптардың бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін  қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған, жаңаша, тәуелсіз, ойлай алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу. Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша айтып  кетейін.  Логика  (грек тілінен алынған logic –сөз, ой, ойлау, ақыл –ой) ойлаудың  заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым.          Обьективтік пікірлерге негізделген процесс логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады. Ойлау аса күрделі психологиялық процесс. Бұлардың ішінде психология мен логиканың орны ерекше. 1 Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі – логикалық ойындар.   Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының  ұшқырлығына, өздігінен шешім  қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді.Әр тәрбиеші ойлау қабілетінің  ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет деп біліп, мен де өз  жұмысымда баланың логикалық ойлауын дамытуды  мақсат еттім. Сол себептен  шығармашылық бағыт бойынша жүргізетін жұмысымдағы мақсатым:  Балалардың бойында кіші жастан танымдық, шығармашылық қабілеттерін, интеллекттісін,  қисынды ойлау бейімін  қалыптастырып дамыту, математикалық тілдің элементтерін  меңгерту, яғни «математикалық сауаттандыру»     балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту;     қиялдарын ұштау;     тапқырлыққа жетелеу;     қызықты ойындар мен тапсырмаларды орындауға қызығушылығын арттыру.          Міндеттерім     балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету;     логикалық ойындар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру;     балалардың математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру. Мектепалды даярлық,  балаларының логикалық ойлауларын дамытудың негізгі кезеңіне  жатқызуға болады. Өйткені балалардың ойлары осы кезде нақты –бейнеліден абстрактылы  ойлауға қарай дамиды. Сондықтан мектепалды даярлықта балалардың ой ­ өрісі  қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өздерінің ойларын дәлелдеуге  үйрене бастайды.          Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз – қарапайым математикалық  алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз.Оны жүйелі түрде  шыңдау тәрбиешінің басты міндеті. Сондықтан да тәрбиеші балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дамыта  алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.Логикалық тапсырмаларды  үнемі жүргізіп отырсақ, біз балалардың тек пәнге қызығушылығын ғана емес, логикалық  ойлауында мынадай тәсілдер арқылы дамыта аламыз. Ұғым қалыптастырудың логикалық тәсілдері:  Талдау­ бұл нәрселерді бөліктерге жіктеу және олардың белгілерін                       айқындап көрсету. Мысалы «Апельсин» біз ойша оның пішіні дөңгелек, бүдірлеу,  түсі­қызғылт сары, ішкі құрылымы кішкене бөліктерге бөлінген.  Жинақтау­талдау нәтежесінде алынған белгілерін,бөліктерін ойша біртұтас бүтінге (cid:216) (cid:216) (cid:216) (cid:216) (cid:216) (cid:216) (cid:216) біріктіру. Мысалы: ол көкөніс.  Салыстыру­ нәрсенің мәнді, мәнсіз белгілеріне қарай ұқсастықтары мен  ерекшеліктерін анықтау. Мысалы: Апельсин және алманы алсақ пішіні бірдей көлемі әртүрлі.   Абстракциялау­нәрсенің белгілі бір белгілерін ойша баса көрсету және оны  басқалардан дерексіздендіру. Мысалы: олардың екеуінің формасы бір, дөңгелек  Жалпылау­ біріңғай нәрселерді ойша кейбір кластарға біріктіру.   Мысалы: геометриялық пішінге жатқызу.  2 Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру ұйымдастырылған оқу іс­ әрекеттерінде, интеграциялық сабақтарда түрлі формаларда өткізуге болады. Мысалы.  Мерекелік кеш (әзіл­жұмбақтар, ребус, сөзжұмбақ, математикалық фокус), математикалық логикалық ойын, есеп­жаттығу (танграм, стомахион, пентомино, құрақ құрату),  дидактикалық ойын т.б.                                                               Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде.  Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау  жолымен ашылады.  Тапсырма орындау 2 кезеңнен тұрады;  Ауызша немесе сурет бойынша тапсырманы орындауға бағыт беру. Бұл  баланың қабылдауына, есте сақтауына, ойлауына ықпал етеді;  Ойын жаттығулар арқылы зейінін тұрақтандырып, іс әрекетті тікелей  орындау арқылы баланың дамуын анықтаймыз. Ойнай отырып ойлауға бағыт  береміз.   Заңдылықтарын табу Бала ойлауын анықтауға арналған тапсырмалар:  Көзбен көре отырып таңдау.     Күрделі пішінді заттарды талдау, іріктеу  Қатарды жалғастыру  Қатесін табу  Ой толғау  Сөздік логикалық ойын  Жетіспейтін заттарды табу.  Баланың  қажеттілігі  мен қызығушылығын  түсіне  білу, бүлдіршіндердің  ой ­ өрісін  іс – қимылын жан – жақты дамыту тәрбиешінің басты міндеті.  Бүлдіршіндердің логикалық қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы  ұғымдарын ойын арқылы үйретудің заттары әртүрлі геометриялық пішіндерден  құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың  жұмбақтар жаттаудың маңызы зор. Өйткені жасырын тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу баланың ми қыртысының  жұмысын шыңдайды, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Логикалық ойлауға түскен  құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Логикалық ойлауы  дамыған бала шығармашылыққа, ойлана әрекет етуге, өзінің іс ­әрекетін талдауға үйренеді.  Балалардың логикалық ойлауын дамытудың қажеттілігі туралы әдіскерлер А. Я. Зорина,  Ж.Икрамова, т.б ерекше атауға болады. Сонымен бірге Қазақстандық ғалымдарЕ.  Әбілқасымова, А. Баймадиева сынды ғылымдардың еңбектерін естен шығармауымыз керек. Мектепалды даярлық балаларының алғашқы сатысы іс­әрекеті логикалық тапсырмаларды  ойын әрекеттерін, ұштастыра отырып бастаған дұрыс. Бала ойынға қызығу арқылы оның  ой­өрісі,қиялы , логикалық ойлауы қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық қабілеттерін дамыту мынадай  тапсырмаларды орындаудан басталады.                       1.Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анограмма, сиқырлы  шаршылар, геометриялық фигуралар); 3                                             2.Не артық? 4 6.  Ертегі кейіпкерін ретімен сызық арқылы қос. Артығын тап?                                                                    «Жан­жануарлардың төлдерін ата» , «Қарама­қарсы кескінді тап», «Бірдей өрнекті тап», «Ертегі кейіпкерлерін ретімен тап», «Тез ойла,көп ойла»т.б  тапсырмаларды орындағанда оның бір ғана жауабы болмайтынын , көп екенін , тағы іздеуге болатынын  түсінеді. Күнделікті сабақтарымда логикалық тапсырмаларды бере отырып,  баланың ой­өрісі дамиды.  Мысалы бірнеше заттардың бейнесін көрсеткен кезде, бала сол суреттерге қарап, топтап,  жүйелеп логикалық ой қортындысын жасайды. Мысалы: Бұл суреттердің ішінен сәйкес  келмей тұрғанын табу  деп суреттер көрсетіп, мына суретте не артық деп сұрасақ ,бала  артық заттарды атайды.(Қосымша1) Осы тектес суретшінің қатесін тап суретін көрсетіп, тапсырмаларды орындатуға болады. (Қосымша2)  әуленің ойыншықтары: қоян, піл, қонжық арыстан, көбелек,тышқан қайда  жасырынған? (Қосымша3) Мына суреттегі артық затты тап, қалғандарын бір сөзбен ата.( Қосымша 4) деген логикалық тапсырмалар балаларды тапқырлыққа ойлай білуге үйретеді.           Логикалық ойлауы дамыған бала шығармашылыққа, ойлана әрекет етуге, өзінің іс  ­әрекетін талдауға үйренеді.          Қорыта келе,бала аталған жұмыс түрлері, бала үшін, оның танымын, логикасын  арттыру үшін өмірде қажетті екенін көрсетеді, яғни олардың шығармашылық деңгейін  көтереді, қызығушылықтарын арттырады.Өзімнің тәжірибемде балалардың қиялына қанат  бітіріп, ойлау,таным қабілеттерін жетілдіріп, тапқырлыққа баулу үшін әр түрлі әдіс­ тәсілдерді сабағыма қолданамын, Осы мақсатта балалардың логикалық ойлау қабілетін  жетілдіруде математика сабағының рөлі ерекше. Математика сабағынан жоспарымды  және тест тапсырманы ұсынбақпын. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру мен логикаға   байланысты  арналған тест.                                   Мектепалды дайындық топтарына 5 1) Уақытты бағдарлау. Кеш мезгілін белгіле?  2.     Пішіндерді ретімен орналастыр. 3)Бағдаршаны боя. 4) Артық затты тауып қорша.  6                         .                                 5)  6 санының алдындағы көршісін тауып белгіле? 1) 3.                       3) 4. 2) 5.                      4) 7. 6) Айгүлде 6 алма бар. Оған Асан 2 алма берді. Айгүлде неше алма  болды? 1) 7.                      3) 8. 2) 6.                      4) 5. 7) Артық  таңбасын  қойып шық.   7   5.        2      4.        0       5.  3    6.        9      3.       10     9. 8) Амалдарды орында. 9)  7 сан құрамын жаз. 10) Сандарды ретімен жаз.  0 3 4 1 2 5 7 8 6 9 10. 7 Білім беру саласы: Таным                                    Бөлімі: Қарапайым математикалық түсінікті қалыптастыру. Сабақтың тақырыбы:10 саны мен цифры. Сабақтың мақсаты: Білімділік:10 санын екі санның қосындысы түрінде жазу, кез келген 10 сан нан кем санды 10­ға дейін толықтыру,  Дамытушылық:Сын тұрғысынан ойлау техникаларының элементтерін пай далана отырып, оқушылардың ойлау,  есте сақтау қабілеттеріне және сөйлеуге дағдыландыру, ақыл­ой белсенділігін күшейту. Тәрбиелік:Оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерін енгізу шапшаңдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі:  (саяхат сабақ) Әдіс­тәсіл:сұрақ­жауап,ойын,әңгімелесу. Көрнекілігі:ертегінің кейіпкерлері,сурет,карточка дәптер, сиқырлы математика. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Оқушылар: Арайлап атқан таңға сәлем. Шуағын шақан күнге сәлем. Жайқалып өскен бізге сәлем. Ақыл беріп тәрбиелеген, Апайларым сендерге сәлем. ІІ.Жаңа сабақ. Тәрбиеші: Бір, екі, үш, Сынып іші тып­тыныш. Жалқаулықты тастаймыз Сабақты біз бастаймыз. Бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Себебі біз Математика әлеміндегі, ертегілер еліне  саяхатқа шығамыз.  Мақта қыз бен мысық ертегісі. Бұл ертегіні өткен көркем  әдебиет сабағында оқыған болатынбыз. Суретке қарап осы ертегіні кім  қысқаша кім айтып  береді? Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысық ты шақырады. Мысық келмейді. Қыз: Келмесең келме– деп,мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: — Неге шақырдың?  — депсұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: — Ендеше қатығыңды төгем— дейді. Мақта қыз: — Мен құйрығыңды кесіп аламын— дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығың кесіп алады.  — Мақта қыз құйрығымды берші—дейді.  Қатығымды қайтарған соң, құйрығыңды беремін дейді. Енді мысық  бізден көмек сұрап тұр. Мысыққа құйрығын қайта алуға көмектесеміз бе? Ол  үшін біз тапсырмаларды орындауға көмектесейік. Сәт сапар, достар! Сиырдың «Тез ойла,көп ойла» деген ойын тапсырмасын орындайық. 1.9 санының құрамын ата.  2.Бір жігіт қалаға бара жатыр еді,жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға  барды? 3.Бір қауын ауыр ма, әлде бір алма ауыр ма? Жаңа сабақ: 10 саны мен цифр құрамымен таныстыру.10 саны екі таңбалы сан екенін  түсіндіру. 10 санында 10 бірлік барын айту. 10 саның жазылуымен таныстыру. 1 мен нол  санынан құралғанын түсіндіру.10 сан құрамы 5+5,6+4,7+3,8+2,9+1 қосындысы арқылы  шығатыны туралы түсінік беру. Ал енді ағаштың тапсырмасын орындайық. Ойын: « Кім жылдам?» 1.Не көп?  Не аз? 2.Әр топтағы заттарды салыстыр? 3.Қосу және азайту амалдарын орындау.(карточкамен жұмыс) 8  Қыздардың тапсырмасы. 1.7­ге тең болатын өрнектерді ата? 2.Бір аптада неше күн бар? 3.Тап және көрсет: таңбаларды  атап беру. Сергіту сәті Ал, балалар тұрайық Алақанды ұрайық. Оңға  қарай иіліп  Солға қарай иіліп. Бір отырып,бір тұрып Бір тынығып алайық. Дүкеншінің тапсырмасы. Дәптермен жұмыс. 1.Сөредегі заттардың санын тауып санау және жазу. 2.1­10дейін  тура кері  сану. 3.Есепті шығар. 1+2=  2+2=   4+3=  6+1= Тауықтың тапсырмасы «Геометриялық фигураларды атау». Соқыр  теке ойыны. (қол қимылы арқылы жасалатын ойын) Оқушылар фигуралардың атын атап беру. Тышқанның тапсырмасы артық затты тап. 1.Мысалы: алма, ананас,доп,банан. 2.1­10 дейін үш тілде санау. ІІІ.Қорытынды 1.Балалар бүгінгі сабақта біз қай ертегі кейіпкерлерінің тапсырмасын орындадық? 2.Қай сан құрамымен таныстық? Үйге тапсырма : Санамақ жаттап келу 9 Білім беру саласы: Таным Бөлімі: Қарапайым математикалық түсінікті қалыптастыру. Тақырыбы: 1­5 ке дейінгі сандарды қайталау . Сабақтың мақсаты :  1­ ден 5 – ке дейінгі сандар туралы өткенді пысықтау; геометриялық фигураларды табу қабілетін дамыту;логикалық тапсырмаларды шешуді үйрету; Көрнекілігі :   Дидактикалық  материалдар  Оқыту әдісі :    сұрақ­жауап, әңгімелесу, көрсету. түсіндіру.  Іс ­әрекет бөлімдері Педагогтің іс­әрекеті Балалардың іс­әрекеті Өлеңді бәрі қайталап айтады.  Күз мезгілі 3 ай Ынталандыру. Сезімін ояту Шаттық шеңберіАмандасу Қуан, шаттан! Алақай! Қуанатын күн келді! Қайырлы таң, Қайырлы күн. Күліп шықты күн бүгін. Ұйымдастырылған оқу іс ­ әрекет  барысы Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Балалар, бүгін  біз үшін ерекше сабақ. Бізге бүгін көп  қонақтар келіпті. ­ Балалар қазір жылдың қай мезгілі? ­Күз мезгілінде неше ай бар? ­қыркүйек, қазан, қараша. Қызықты сәт. Жүгіріп қоян кіреді. Қолында сыйлығы  бар. Қоян: Сәлематсыздар ма! Балалар. Тәрбиеші: Сәлематсыз ба? қоян,  көңілдісің ғой? Қоян: Ия балалар бүгін менің туған  күнім, маған қасқыр сыйлық берді. Тәрбиеші: Сыйлығыңды бізге көрсетесің  бе? Қасқыр саған не сыйлады екен? Қоян: Білмедім? Ендеше сыйлықты бірге ашып көрейік. Қоян: Ой балалар мына қораптың ішінде  дым жоқ қой! Сонда мені қасқыр  алдағаны ма? Тәрбиеші: Қоян тоқта ренжіме қораптың ішінде хат жатыр. Хатты ашып көрейік. Тәрбиеші: Қоян қасқыр саған  тапсырмалар беріпті сол тапсырманы  орындасаң сыйлығыңды табасың депті. Қоян: Қандай тапсырма? Тәрбиеші: Тапсырма математика  сабағына байланысты екен. Қоян: Ооооой, балалар тапсырманы  орындауға маған көмектесесіңдер ме? Тәрбиеші: Балалар қоянға көмектесеміз  бе? 1 тапсырма: «Сан қатары» Балаларға жеке карточкалар таратылып  беріледі. 0....2....4 .....1.....3.....5 5....3....1.... .....4.....2.....0 1 0 2 ­ тапсырма: «Қай пішінге ұқсас?» Жеке карточкаларда заттардың  1 1 суреттері беріледі. Жанындағы бос  төркөзге қай пішінге ұқсас екенін салып  көрсетеді. 3 ­ тапсырма: Екі қаз ұшып барады, Биіктен төмен қарады. Аяқ нешеу, бас нешеу? Жауабын кім табады? Алма бағы жайнаған, Қызыл алма айналам. Алдым үзіп екеуін, Тағы да алдым екеуін, Алдым сонда нешеуін? Сергіту сәті: Кел санайық, екеуміз. Бас бармағым ­ папам, Балаң үйрек ­ апам. Ортан терек ­ ағам Шылдыр шүмек ­ мен Титтей бөбек ­ сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз. Тәрбиеші: Міне, балалар, сабаққа өте  жақсы қатыстыңдар. Қоянға көп көмек  көрсеттіңдер. Қасқырдың  тапсырмаларын орындап қоянның  сыйлығын тауып бердіңдер. Өздеріңнің  ойларыңды, тапқырлықтарыңды,  қиындықтан қорықпайтындарыңды  көрсеттіңдер. Жарайсыңдар балалар  .Сабаққа жақсы қатысқан балаларды  мадақтау Оқу іс­әрекеттен күтілетін нәтиже:  Баланың білуі: санамақтарды, бес санын білді.  Баланың меңгеруі: санның құрамын, таңбалануын меңгерді.  Баланың жасай алуы: алған білімдерін дамытып, іскерлікте пайдалана білу                                          ІІІ.Қорытынды         «Тәрбиеші еңбегі – нәтижелі жұмысымен көрінер»   1 1 Қорыта келгенде, мектеп жасына дейінгі балалар оқу үрдісінде «логикалық  ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден, балалардың  білімін берік меңгерту  құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын,  белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Осындай  логикалық тапсырмалар  баланы жан ­ жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Осы бағыттағы ізденістің нәтижесінде балалардың логикалық  ойлау қабілетін арттыру бағытындағы тапсырмалардың  басты назарында  болуының әсері де болар. Тобымдағы балалардың ойлау қабілеттері жоғары  деңгейдегі балалар көріне бастады.             Математика сабағында логикалық тапсырмаларды орындау  нәтижесінде балалардың ақыл­ойын, шығармашылығын дамытып, білім  көрсеткіші көтерілді.  Математика сабағында білім көрсеткіші 60 % ­ға  жоғарлады. Осы тұрғыдан алғанда балаларға логикалық ойлауын  қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар көбірек қолдансақ, соғырлым  нәтиже де жоғары болады .Логикалық тапсырмаларды орындау барысында  балалардың ойлау қабілеті арқылы зейіні тұрақталады,сөздік қорлары  кеңейіп,балалардың бойында белсенділік, тапқырлық, ұжымдық дағдылар  қалыптасады.           Еліміздің ертеңі, тәуелсіздігіміздің тұғыры ­ бүгінгі ұрпақ. Сондықтан  бүгінгі күн талабына жан­ жақты дамыған жігерлі, білімді, өресі биік,  денсаулығы мықты парасатты азамат тәрбиелеуді міндет  етеді. Еліміздің  болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы  бүгінгі ұрпақ  бейнесінен көрінеді.    1 2 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:  1.Математика оқыту әдістемесі 2.Ашық сабақтар сайты 3.45minut.kz республикалық басылым 4.Бала мен балабақша №9 2014ж 5.Бала мен балабақша № 3 2014 ж. 6.Бала тәрбиесі № 2 2014 ж , № 4 2013 ж     1 3 1 5

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым

Менің шығармашылық жұмысым
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.03.2018