Методика правописание музыкальных диктантов
Оценка 4.9

Методика правописание музыкальных диктантов

Оценка 4.9
Руководства для учителя
docx
музыка +1
Взрослым
19.02.2017
Методика правописание музыкальных диктантов
Мазмұны 1. Кіріспе ------------------------------------------------------------------------------ 2 2. Музыкалық диктант жазу алдында оқушының музыканы сезіну дағдысын қалыптастыру ----------------------------------------------- 3 3. Сольфеджио курсын оқытуда музыкалық диктант жаздырудың негізгі міндеттері ------------------------------------------------ 7 5. Музыкалық диктант жазудың әдістемелік құрылым ------------------- 9 6. Музыкалық диктанттың түрлері -------------------------------------------- 13 8. Диктант жазуға арналған музыкалық жаттығулар ---------------------- 18 8. Қорытынды ------------------------------------------------------------------------ 21 9. Қолданылған әдебиеттер ------------------------------------------------------- 22
метод муз дикт.docx
Мазмұны 1. ------------------------------------------------------------------------------ 2 2. Музыкалық диктант жазу алдында оқушының музыканы      сезіну дағдысын қалыптастыру ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 3 Кіріспе 3. Сольфеджио курсын оқытуда  музыкалық диктант      жаздырудың негізгі міндеттері ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 7 5. Музыкалық диктант жазудың әдістемелік құрылым ------------------- 9 6. -------------------------------------------- 13 Музыкалық диктанттың түрлері 8. Диктант жазуға арналған музыкалық жаттығулар ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 18 8. Қорытынды ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 21 9. Қолданылған әдебиеттер ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­  22 1 Кіріспе          Музыкалық диктант жазу ­  оқушының музыкалық қабілетін дамытуға арналған өте қызықты және пайдалы жаттығу жұмысының бір формасы. Бұл жұмыста музыкалық диктанттың пайдасы, оны қалай жазу керектігі, оны жазудың әдістемесі ұсынылып отыр. Музыкалық диктант ең алдымен баланың музыкалық есту қабілетін дамытып, теориялық алған білімі мен тәжірибелік дағдысын   ұштастырып,   музыкалық   шығарманы   орындағанда   үйлесімді пайдалана   білуге   үйретеді.   Музыкалық   диктантты   жазып   үйрену   кезінде сонымен бірге ырғақты диктант бірге жүргізіліп отырса оқушының музыкалық қаблетін арттыру жмысы өз нәтижесінің  жемісін берері анық. Диктантта ең алдымен тек естігенді сезіну ғана емес, сонымен бірге оны жазу, қағазға   түсіру   жүзеге   асырылады.   Күнделікті     оқыту   үрдісінде,   тәжірибе барысында   біздер   есту   қабілеті   жоғары   ноталарды,   үйлесімділікті,   жеке аккордттарды   айырып   айта   алатын   оқушының   оны   жаза   алмайтынын   жиі кездестіреміз. Осы әдістеме арқылы осы жағдайлардың алдын алуға болады деп ойлаймын. Бұл   музыкалық   диктантты   жазу   әдістемесі   музыка   пәнінен,   сольфеджио, домбыра,қобыз,сырнай  тағы   басқа   түрлі   аспаптарда   ойнауға   үйрететін мұғалімдерге   пайдалануға   ұсынылады.     Сольфеджио   сабағының   ең   басты жұмысының   жаттығулары(гаммаларды әндету,интервалдар,аккордтар,секвенциялар   мен   әр   түрлі   мелодиялық айналымдар),т.б.Осы   аталған   жұмыстар   баланың   есту,қабылдау   қабілетінің артуына   ықпал   етеді.Соның   ішінде   ладтық   құрылым,гармониялық   әуенді іштей сезіну және ноталық мәтінді оқи алу мен жазба әуендерді  есту арқылы сараптама жасау оқушының музыкалық қабілетін көркейтіп,кеңейтуде басты жұмыс болып саналады. бірі­вокалды     дыбыстау 2 Музыкалық диктант жазу алдында оқушының музыканы сезіну дағдысын қалыптастыру.                                               Вокалды дыбыстау        Вокалды дыбыстау жаттығулары оқушының сольфеджио сабағында алған теориялық   және   практикалық   білімін   жетілдіре   түседі.Дыбыстау жаттығуларын   орындаған   кезде   мұғалім   әуеннің   орындалу   сапасын қадағалап,дұрыс   айтылуына   ықпал   етуі   қажет.Мәселен:дыбыстың   таза шығуы,құрылымы,демнің   еркін   шығуы,әуенді   созып   орындау,дәл   осындай сольфеджио   жаттығуларын   орындауда,тональдікке   негіздеу   басты   рөл атқарады.Оқытудың бастапқы кезінде дыбыстау жаттығуларын хормен немесе топтарға бөлініп айту қажет,ал жеке орындауға соңынан көшкен дұрыс.       Дыбыстау жаттығулары бастапқы кезде жәй,еркін ырғақта мұғалімнің қол қимылының көмегімен орындалып,уақыт өте келе бұл жаттығулар әр түрлі ырғақта көркемделуі тиіс. Жаттығуды ладтан және берілген дыбыстан айту қажет.Ладтан   дыбыстау   жаттығуларына   гаммаларды   әндету,ладтың басқыштарынан   құралған   әуендерге,тональдіктер   мен   секвенциялар, интелвалдар   және   аккордтардың   ладтағы   шешімдері   жатады.Ладтың басқыштарын   қабылдау,   сезінуде   үлкен   көрнекілік   ретінде   бастапқы музыкалық білім беру жүйесінде әр түрлі әлем халықтарының әдісін көрсетуге болады.Мәселен:басқыштарды   немесе   музыкалық   дыбыстардың   орналасуы мен дыбысталуын таяғымен көрсету ,венгерлік жүйе бойынша қол қимылы жүйесі,   сонымен   қатар   басқа   да   әдіс­тәсілдерді   пайдаланып   отыруға болады.Мәселен:саусақтар арқылы санап көрсету,кесте бойынша әндету,рим сандарымен   реттік   белгілеу   арқылы   жуан   және   жіңішке   дыбыстарды салыстыра   отырып,әрқайсысын   құстар   мен   аңдардың   дыбыстауына,даусына сәйкестеп   мысал   келтіре   түсіндіру,т.б.Оқушының   гармониялық   естуі   мен сезіну   қабілетін   қалыптастыруға   немесе   бірітіруде   дайындық   жаттығулары күнделікті орындауда іске асырылып отырғаны жөн.Көп дауысты жаттығулар мен   сольфеджио   айту   үшін   интервалдар   мен   аккордтарды   әндету,олардың гармониялық дыбысталуын есте сақтау қабілеті мен іштей сезіну мүшесінің дыбыстау   құралы   үнемі   қызмет   атқарып   отырады.Бір   дауысты   және   көп дауысты жаттығулар орындау кезінде қол қимылы әдісі арқылы көрсету,соның ішінде   екі   қолмен   бір   мезетте   көрсету   оқушылардың   жаттығудың   немесе 3 әуеннің шығарманың өлшемін орындау барысында қатаң сақтауын,дыбыстар ұзақтығын   дәл   санап,өз   уақытында   орындалуына   ықпал   етеді.Осындай жаттығуларды   орындаумен   қатар   өтілген   интервалдар   мен   аккордтарды жүйелі түрде әндету жұмыстары жүргізіліп отыру керек.Оның ішінде берілген дыбыстың гармониялық және мелодиялық түрлеріне көңіл бөлу қажет.Мұндай әндетулер   жоғары   сынып   оқушылары   үшін   тиімді,олар   интервалдар   мен аккордтардың   шешімін,айналымдарын   табу   барысында   берілген   тональдікті естен шығармай,үнемі оның басқыштарын әндетіп,іштей бағыттап отырулары тиіс.   Мұндай   бағыттау   жұмыстары   жаттығу   айту   барысында   және   дауыс көлемін   дамыту,жаттықтыру   кезінде   аталған   тональдікті   әндету   арқылы дамиды.Вокалды   дыбыстау   жаттығулары   көбінесе   сабақ   басында орындалады,дауыс   ырғағын   орнықтыруда   немесе   ноталық   ырғақтандыру кезінде,   бірақ   бұған   көп   уақыт   кетірудің   қажеті   жоқ,себебі   бұл   басты жұмыстанудың   қосымша   бір   бөлігі   болып   табылады.Вокалды   дыбыстау жаттығуларына музыкалық шығармалардан алынған үзінділер мен мұғалімнің құрастырған музыкалық жаттығулары қызмет ете алады.    Парақтан оқу немесе әндету.         Сольфеджио сабағының негізгі құрылымы парақ бетінен дыбыстап әндету болып   табылады.   Дыбыстап   әндету   кезінде   әуеннің     дұрыс   айтылуы,дәл дыбыстау,музыкалық   мәтінді   сауатты   оқу,   әндетіп   жүргізу,музыкалық құрылымды   сезінуге   тәрбиелейді.Мұндай   жұмыстану   оқу   жылының барысында барлық жыл бойы жүргізіліп отыруы қажет.Сольфеджиода әндету кезінде таза дыбыстар тізбегін,дыбыстардың дұрыс нық дыбысталуына, әуенді жатқа айтуға,ал кейін таныс емес әуенді айтып үйренуге аса көңіл бөлінуі қажет.Осындай   мезетте   мұғалім   оқушының   дирижерлеу   қабілетін   дәлдігін санау   үрдісін   қадағалап   отыруға   міндетті.Вокалды   хорға   арналған   дауыс жаттығулары   хор   сабағында   жүргізілуіне   қарамастан,теориялық   сабақтарда мұғалім бірнеше күннен бастап,оқушының ережелерді дұрыс сақтауына ықпал етуі   тиіс.Мәселен:дыбысты   таза   дұрыс   дыбыстау,дем,   тыныс   алуын бөлшектеу,оқушының   әндету   кезінде   дұрыс   отырысына   үлкен   мән   беру қажет.Сондай­ақ мұғалімнің басты міндеті – төменгі сынып оқушыларының дауыс   диапозонының   дауыстау,дыбыстау   қашықтығын   анықтап   алуы тиіс.Мысалы:төменгі   сыныптарда   (   до   I   оттава   мен   ми   II   оттава)     ара қашықтығында.Ал,жоғары   сыныптарда   бұл   аралықты   кеңейтуге болады.Сонымен   қатар   дауыс   диапазоны   шектеулі   оқушыларда   кездесіп жатады.Дауыс   аппаратын   күштемей,жүйелі   түрде   жұмыстанып,бірте­бірте кеңейтіп   отырған   пайдалы.Жеке   жұмыстану   кезінде   орындалып   отырған шығарманы басқа тональдікке өзгерту оқушының дауыс ырғағының көлеміне қарай Сольфеджио сабағында аспаптың сүйемелдеуінсіз әндету өте тиімді. Бастапқыда   әуенді   аспатың   көмегімен   айта   отырып,ал   дағдылана   келе 4 аспаптың   көмегінсіз   айту   оқушының   дауыс   ырғағын   жне   дәл   дыбыстауын, дыбысты   таза   үндестіруіне   үлкен   ықпал   етеді.Кейбір   қиын   тапсырмаларда немесе   әндету   кезінде   оқушының   қиналып,дыбысты   таза   айта   алмай, тоналдікке музыкалық құрылымынан ауытқып кетіп жататын кездері де болып жатады.        Бұл көбіне төменгі сынып оқушыларында кездесіп жататын жәйт.Мұндай жағдайда оқушыға гармониялық сү йемелдеу қажет болатындықтан,төменгі сынып оқушыларын көбінесе аспаптың көмегімен сүйемелдеп отыру дұрыс. Гармониялық   есту   мен   бірігіп   айтуды   дамыту   үшін,әндету   кезінде жеңілдетілген екі дауысты жаттығулардан мысал келтіре жұмыстану керек. Екі   дауысты   әуендету   үшін,ең   алдымен   жеңіл   әнді   немесе   әуеннің   негізгі дыбыстарын “унисон” ету арқылы айтқызу.Осы арқылы дауыстардың бірін­ бірі мен қарама­қарсы орындалуы,әрі қарай “канон“ айту арқылы,екі дауыста бір әуенді кезектесіп,кей­кезде бір мезгілде әндетіп,дыбыстарды өз орнымен әндете тізбектеу.Практикалық жұмыстың ең бастысы – оқушының музыкалық есту,даму   қабілетін   арттыруда   парақтан   әндетудің   берері   мол.Бұл   үшін оқушыға таныс емес шығарма не дыбыс парақтан оқылуы керек,сол сияқты бұрын үйретілмеген екі дауысты әуен.Парақтан оқу оқушыларда бірте­бірте қалыптасады.Ол   үшін   оқушыны   белгілі   бір   есту   тәжірибесінің   болуы қажет.Метроырғақты   сезінуі,ұзақтықтарды   топтастыру   ережесін   білуі, аспаптың   сүйемелдеуінсіз   әндету   дыбысты   тануы   және   дыбыстарды   жаза орналастыра   білуі   қатаң   талап   етіледі.Сонымен   қатар,оқушы   музыкалық құрылымды   анықтап,тональдікте   кейін   бір   құрылымнан   екінші   құрылымға ауысып,ажырратып   отыруы   тиіс.Жұмыстану   барысында  оқушыны   ішкі  есту қабілетін   дыбысты   немесе   әуенді   жан   дүниесімен   қабылдап,ойына   сақтап, іштей еркін білуге үйрету қажет.Парақтан оқу барысын дамытуда оқушының ойлау қабілеті арқылы іштей таза дыбыстауына  мүмкіндік жасаған жөн.Ол үшін   оқушыны   дыбыстан­дыбысқа   әуенді   үзбей,мәтінді   тоқтамай,берілген тональдіктен ауытқып кетпей,айтуын талап етудің қажеті жоқ. Орындалатын мысалды алдымен толық  ашып,сараптап алған жөн.Бұны төменгі сыныптар мұғаліммен   бірге   жасаса,ал   жоғары   сынып   өз   бетімен   де   жасай   береді. Сараптауда   негізіне   тізбектеу,құрылым,метроырғақ   тональдіктер   қаралады. Дайындық   жаттығу   әдісін   пайдаланған   жөн.Парақтан   оқу   берілген тональдікке   бағыттап   әндету   өтек   қажет.Негізінен   оқушылардың   өздері белсене   қатысып,тональдікке   біріге   отырып,бет   бұрған   дұрыс,ол   үшін берілген тоникадан дыбысын алып,баянның көмегімен тональдікке бағыттап айту   қажет.Сонымен   қатар   тональдікке   бағыттаудың   басқа   да   әдістерін қолдануға   болады.Мәселен:берілген   тональдіктен   бірнеше   гармониялық тізбектер мен аккордтар сол тональдікті дәлдейтін шығармамен жаттығудың бірінші негізгі дыбысын сол тональдіктен беру не болмаса естіртіп ойнаудың өзі   оқушылардың   өзбетінше   бағытталып   әндетуге   даяр   тұруына   бірден­бір себеп   болады.Әндетуге   арналған   музыкалық   мәтіндер   сыныпта   еш 5 қиындықсыз,жеңіл тапсыпмалар алунуы қажет.Оның ішінде оқушыларға таныс әуендер мен ырғақты айналымдаар кездесуі керек.Тапсырмалардың көркемдік құндылықтарының   әр   түрлі   болуы   оқушылардың   деңгейіне,   жас ерекшеліктеріне сай болуы қатаң қадағалану қажет.Сольфеджио сабағында әндету төменгі сынып оқушыларының көп уақыт бойы ұжымдық айтуын қажет ететіні   анық.Ал,жеке   орындау   кейінгі   уақыт   еншісіне   қала   бермек. Жаттығуларды  әндетуде пайдалы  әдістердің бірі – жатталған  әуенді басқа тональдікке көшіру,сондай­ақ таныс емес әенді парақтан басқа тональдікке көшіріп,көзбен оқып айту – өте тиімді тәсілдердің бірі.   Ырғақты сезімді қалыптастыру         Музыкалық құрылымдағы дыбысты нақты дыбыстау қандай қажет болса, ырғақты   қалыптастыру   да   оқушының   музыкалық   қабілетін   арттыруда   өте қажет нәрселердің бірі:сольфеджио айту,диктант,есту анализі.Бірақ одан да жақсы көрсеткішке жету үшін,метроырғақты дамытуда жатталған не болмаса оқылған шығарманың ырғағын ,арнайы ырғақты жаттығуларды таңдап алу да әу бастан балалардың қозғалыс қабілетін ескере отырып жасағаны дұрыс.Дәл осылай   мысал   арқылы   баланың   дыбыс   ұзақтықтарын   түсінуінде   алғашқы қадам бола бастайды.Мәселен:төрттік дыбыс адымдау,сегіздік дыбыс жүгіру, жарты   дыбыс   айналу,бүтін   дыбыс   отыру,жайылу.Осы   секілді   ырғақты жаттығулардың   тағы   бір   қатарын   ұсынуға   болады.Олар:ырғақтың   суретін сөздер арқылы буындап бөліп көрсету,таныс әуеннің ырғағын соғу,ырғақтың суретін   қолмен   соғу,қарындашпен   тықылдату   жолдары   арқылы,берілген әуеннің не шығарманың кейбір бөліктерінде әр түрлі жануарлардың жүрісін бейнелеу,осындай   жаттығуларды   оқушылар   мұғаліммен   бірге   белсене қатынаса отырып жасаса,онда ырғақты қалыптастыру жұмысының нәтижелі болары   сөзсіз.Дәл   осы   жерде   ырғақты   диктант   жазу       бірден­бір   керек нәрсе.Ырғақты   диктант   жазғанда   қарындашпен   қол   соғу   немесе   ұрмалы аспаптарда    соғып   көрсетсе, оны  оқушылар   қағаз  бетіне  түсірулері  қажет. Ырғақты   қалыптастыруда     тағыда   пайдалы   әдістің   оқушыларға   мұғалімнің алдын­ала   дайындаған   ырғақты   диктанты   ол   бірнеше   жолдарға   тізілген   әр түрлі   дыбыс   ұзақтықтары   ,   олар   тактге   бөлінбеген,   бірақ     өлшемдері белгілеулі   тұрады.   Мұндай   жұмыстану   барысында   барлық   жаттығулар   әр түрлі   екпінді   және   әр   түрлі   өлшемде   болғаны   дұрыс.Мұғалім   мұндай жаттығуларды өзі де ойлап тауып жаңартып  отыра алады.Дегенмен әр жаңа ырғақтың   пішінімен   айналуы     эмоция   арқылы   қабылданып   содан   кейін   іс жүзінде   орындалуын   естен   шығармау   керек.Ырғақты   дамыту   барысында дирижерлау әдісі ең басты рөл атқарады, бірақ оны өз бетімен түсініп дұрыс қабылдап   кеткенше   өз   бетімен   жұмыстанбағаны   жөн.Бастапқы   кезде дирижерлау әдісі оқушыларға қиынға түсуі мүмкін. Сондықтан оны кез келген қимылмен алмастыруға болады,бірақ әр үлестің тең әрі дәл орынлауы қажет. 6 Мәселен: тактдегі ырғақты бөлек көрсету, арқылы осыдан бірте­бірте әлді үлес   бөлініп,   кейін   өлес   сұлбасы   анықталады.Дирижерлық     үлеспен жұмыстану барысында әнді жатталған әуенді және жаттығулармен әуендерді тыңдаудан бастаған жөн.Соның ішінде есту сараптамасы. Есту сараптамасы: Оқушының есту қаблетін дамытудағы негізгі жұмыстанудың бірі әндетумен  қатар есту сараптасмасы бірге жүреді.Басты бағытты ұғыну , ең алдымен  қабылдаудан басталады. Сондықтан оқушыны әуенді не сазды тыңдай білуге  үйрету керек. Әуенді қабылдау есту базасын қалыптастырады және көптеген  әуендік құбылыстармен түсініктерді тануға көмектеседі. Ол әуендік  жұмыстардың басқада көлемімен өте тығыз байланысты. Олар: әндету  жаттығулары, парақтан әндету, шығармашылық жұмыстану және диктант.  Есту сараптамасымен жүйелі түрде жұмыстану, оқушының ішкі есту мүшесін , әуендік есін, ой қаблетін кеңейтіп, оның есту қаблеті өзіне әуендік есті  сіңіреді. Ол оқушының гармониялық естуінің өсуіне ерекше бағыт береді.  Есту сараптамасы мен  сольфеджио нәтижесінде оқушыға шығарманы аспапта сараптап шығаруына , ойнауына іс жүзінде көмектеседі. Естумен сараптау бір  мезгілде екі бағытта жүріп отыруы қажет. Бірінші бағыт: музыкалық   шығармалармен олардан алынған үзінділерді сраптау болса, екінші бағыт – әуен тілінің жеке элементтерін  сараптау. Бұл жоғарыда айтылған мәселелер  сольфеджио сабағының басты жұмыстары болып табылады.  Сольфеджио курсын оқытуда  музыкалық диктант жаздырудың негізгі міндеттері              Диктант  (латын тілінде аударғанда) –айтамын, оқимын деген мағына береді.Диктант   шағын музыкалық үзінділерді мұғалімнің орындауында есту бойынша жазу (әдетте фортепианада орындалады). Сольфеджио сабақтарында есту қабілетін дамыту әдісі ретінде қолданылады. Үзінді (фрагмент) 8 рет, кішігірім үзілістермен орындалады.                Мұғалімдер ансамбльдердің орындауында түрлі жанр, құрал, стиль бойынша   сапалы   жазбаларды   тыңдауға   мүмкіндік   болады.   Сапалы   таңдау жасау үшін бірнеше қайтара тыңдау керек.  Концерт кезінде қайталауға мүмкіндік жоқ. Сондықтан оқу кезінде, мектепте шығарманың барлық фактурасын сауатты меңгеру керек. Тек бір диктантпен дағдыны қалыптастыру өте қиын, көпшілігі (музыкаға) ансамбльге арналған аспаптар құрамы жағынан түрлі музыкаларды жазуға ұмтылады.  7 Уақыт үйретуші аясын кеңейтіп, музыкалық мектепте диктанттардың түрлі фактуралы ансамбльдер мен оркестрлердің жазбаларын енгізуге болады. Сольфеджио   курсын   оқыту   дегеніміз   тек   осы   және   қосымша   пәндердің практикалық   жаттығулары   ғана   емес,   сонымен   бірге   оқушының   білімін жетілдіруге бағытталған жұмысы. Осындай білім бекітуге арналған жаттығу – музыкалық   диктант.   Негізінде,   музыкалық   шығарманың   үзіндісін   жазып, жадында орындап шығарманы сақтау үшін  жақсы дамыған есту қабілеті мен теориялық білімінің үлкен қоры болу керек. Естігеніңді нақты талдау үшін сол үзіндінің музыкалық тілінің заңдылықтарын түсіну жеткіліксіз, ол үшін алған   теориялық   білімнің   арасындағы   тікелей   байланыс   болу   керек.   Бұл музыкалық жазуда ең  бірінші міндет.                   Музыкалық диктант жазудағы екінші міндет ішкі есту қабілеті мен музыкалық есте сақтау қабілетін дамытуға ықпал ету. Бұлар бір бірімен тығыз байланысты   және   олар   біртұтас   ұғым   ретінде   қарастырылады.   Бірақ   олар оқушының музыкалық қабілетінің екі бөлек қыры.  Ішкі   есту   қабілеті   –оқушының   бір   немесе   бірнеше   дыбысты   естіген   кезде елестету. Сонымен бірге ішкі есту алдымен      түрде әрбір адамға тән болуы мүмкін,  алайда   жұмысты   орындау   барысында   ол  жауапкершілікті   сезінген, нақты бағытқа бағытталған болуы керек. Музыкалық есте сақтау ішкі есту қабілеті арқылы пайда болады. Солфеджио оқулықтарына   жазған   автолара   болашақ   кәсіби   музыканттың     есте   сақтау қабілетін керек деген. Осылайша музыканың есте сақтау әуенді жаттау ғана емес сонымен бірге аналитиканың есте сақтау, яғни оның құрылысн толық сте сақтау: әуенін, музыканың формасын, аккордтардың орналасуымен қызметі құрылысын,   фактура   мен   дауысты   тану   ерекшелігі,   яғни   нота   мәтінін көзбенталдағанда көрінетін элементтер.  «Естимін – түсінемін – жазамын» деген бағыттағы диктантты жазудың күрделі үрдіс  белгілі бір білім ғана емес, есту қабілетін дамыту деңгейін ғана емес, сонымен қатар арнайы дайындықпен дағдыны қажет етеді.           Сольфеджиодан диктант жазудың негізгі әдістемесі ­ музыкалық диктант жазуға үйретуді көрсетеді, мақсат етеді. Педагогикалық практикада диктант жузу көбінесе тек есте сақтаудың бір қырын – сезіну және естігенін жазуды көздейді. Соның ішінде музыкалық есте сақтау, яғни эмоционалды, ештеңені талдамай – ақ ішкі түйсікпен естілген дыбысты ішкі естуге   бағыттауға көп жаттығу   жасамайды.   Сонымен   бірге   оқушылардың   шығармашылық мүмкіндіктері   аз   пайдаланылады,   практикалық   әрекетке   толы   музыкалық материал қолданылмайды.  8 Есте сақтау мен ішкі есту қабілетіне бағытталған жұмыс әдістері әдістемелік тұрғыда белгіленіп, дайындалмаған сольфеджио класында диктант жазу ішкі есту мен музыкалық есте сақтауды дамытуды мақсат етеді. Диктант   жазу   жұмысындағы   үшінші   міндет   –   оқушының   парктикалық музыканың   жұмысының   нәтижесінде   жинақталған   тәжірибе   мен   теориялық түсініктерді   бекіту   мен   практикалық   дағдыны   меңгеру.   Көптеген қажеттіліктер музыканы практика жүзінде жаза алмау мен білімін практикада қолдана алмау. Осылайша  жазбаша жұмыстар диктант теориялық білім мен практикалық дағдыны бекітудің ең тиімді формасы. Бұл жерде теориялық пәндер  (қарапайым   музыка   теориясы,  үйлесімділік   (гармония)   талдау)   мен сольфеджио курсы арасында тығыз байланыс орнау керек.                    Теориялық   түсініктерді   есту   арқылу   жүзеге   асыру   сольфеджио сабақтарының   барлық   формаларында   пайдаланылады,   яғни   интонациялық жаттығуларды   шырқауда   есту   қабілетін   талдауда   ,   қағаздан   оқу   кезінде пайдаланылады.  Тек   диктант   формасы   ғана   өз   бетінен   естігенді   толық   әрі нақты талдауды қажет ететін жұмыс түрінде теориялық түсініктерді бекітуде аса пайдалы.  Диктантта ең маңыздысы тек естігенді сезіну ғана емес, сонымен бірге оны жазу,   қағазға   түсіру.   Тәжірибе   де   біздер   есту   қабілеті   жоғары   ноталарды, үйлесімділікті, жеке аккордттарды айырып айта алатын оқушының оны жаза  алмайтынын жиі кездестіреміз.  Сольфеджио   сабақтарында,   соның   ішінде   диктантта   пайдаланылатын музыкалық   материалдардың   түрлілігінің   тәрбиенің   мәні   зор,   ол   оқушының танымын,   білімін   кеңейтіп,   музыкалық   жадын   байтады.   Сольфеджио сабағының   барысында   нота   мәтінін   талдау   жүргізу   жиі   қолданылса, сольфеджио   бойынша   балаларға   арналған   репертуарлардан   мысалдар келтірілсе, есту қабілетін талдауға жекелеген элеметтер емес  , музыкалық шығармалардан   үзінді   алса,   тапсырмаларды   көшіруге   тапсырмалар   біріксе, ­мұндай тәжірибелер диктант жазу дағдысын дамытуға үлкен әсер етуші еді. Ал диктант жазу   сольфеджио класындағы жай жаттығу жұмысы емес, ал музыканы қағазға,жазуға түсірудің тиімді тәсілі болар еді.Жоғарыда аталған мәселелерді   қорытындылай   келе   сольфеджиода,   музыкалық   есту   қабілетін дамыту сабақтарында музыканы жазу, яғни музыкалық диктант өте маңызды әрі тәжірибесі тұрғыда пайдалы жұмыс болып табылады. Музыкалық диктант жазудың  әдістемелік құрылымы   9 Музыкалық материалды таңдау        Музыкалық диктант есту қабілеті арқылы музыканы жазу болғандықтан, ең алдымен диктантқа арналған материалды дұрыс таңдай білу қажет.  Революцияға дейінгі кезеңде диктанттың материалы арнайы құрастырылған жаттығулардан тұрды. Негізгі тақырыбы музыкалық теория болып табылады. Көбінесе   метро­ритмикалық   және   аралық   (интервал)   қиындықтар   болды. Жаттығулардың   музыкалық   сапасы   қандай   болса   да,   ол   автордың шығармашылық дарынына байланысты, басты идеяға тәуелді.         Диктантты жазу үшін музыкалық әдебиеттердің түпнұсқа үлгілері қызмет етеді.     Мысалдар   айқын   әрі   көркемдік   жағынан   сенімді   болса,   музыкалық диктанттың да мақсатына жетуіне көмектеседі. Оқытушы   немесе   жинақты   құрастырушы   материалдарды   іріктеген   кезде үзіндінің   мағыналы   әрі   түсінікті   формада   болу   қажеттігін   ескеру   қажет. Мысалдың тым қысқа болуы оның көркемдік құндылығы мен маңыздылығын жояды.Үлгіні   бөлу   қиындықтары   маңызды   болып   табылады.   Қарапайым критерияға үлгінің модальды, үндестік, метро­ритмикалық жағы қызмет етеді. Бұл   сөзсіз   негізгі   белгілері.   Бұдан   басқа   үзіндінің   стилі   мен   жанры   үлкен маңызды   рөлге   ие.     Бұдан   басқа   шығарманың   стилінің   интонациялық ерекшелігі   де   диктант   жазуда   маңызды.   Диктантқа   мысалды   таңдағанда отырып,   оның   айқын,   тартымды   болуын   қадағалау   керек,   сонда   оңай   есте сақталады. Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе, музыкалық диктант жұмысына музыкалық материалдарды дұрыс таңдау өте маңызды. Нота мәтінін  бекіту Оқытушы оқушыларға есту арқылы   музыканы жаздырған кезде   қағаздағы фиксацияның дәлдігі мен толықтығына ерекше назар аудару қажет.Өкінішке орай, оқытушылар оқушылардың дыбыстарды сенімді жазып, оның ырғағын дұрыс   топтастыратынына   қанағаттанады.   Бұндай   жазу   дұрыс   деп   саналып, жоғары   бағаланады.   Оқушылардан   ешқандай   темп,   динамика,   штрих   (түр) және құрылым белгілері талап етілмейді. Оқушыларға  осы талаптарды, яғни: 1. Нотаны дұрыс және әдемі жазу. 2. Лиганы орналастыру. 3. Фразаны, тынысты белгілеу. 4. Легато, стаккато, динамиканы айыру және белгілеу. 5. Үзіндінің характері мен екпінін анықтау, жазуға арналған дұрыс өлшемді және санау бірлігін дұрыс таңдау. 6. Вокалдық топты бір дауыстылықта, көп дауыстылықта дайындай білу. 7. Әрбір жеке дауыс желісін дұрыс жүргізу. 8. Мелизм  шарттарын айыру,   10 9. Партитураға және  көпдауысты бір жолға жаза білуді   үйрету керек. Жоғарғы оқу орындары мен колледждерде студенттердің   есту қабілетінің дамуы мен теориялық дайындығы жеткілікті игереді, ал бұл талаптарға сай болмайтыны практика жүзінде байқалады. Диктанттың орындалуы:Оқушы қағазға естігенін толық және сауатты түсіру  үшін диктанттың орындалуы мінсіз болуы тиіс. Бастысы үлгі сауатты және дәл орындалуы тиіс. Ешқандай сызылған немесе арнайы белгіленген болмауы  керек. Қиын ырғақ пен үндестікті жіберіп алмау керек. Әсіресе, такттың  күшті бөліктерін жасанды дыбыспен түрту зиян. Автордың темпімен көрсетілгендей үзіндіні орындау қажет. Одан әрі бірнеше қайтара ойналғаннан кейін алдыңғы темп бәсеңдейді. Бірақ алғашқы әсердің сенімді   және   қатесіз   болуы   маңызды.  Әсіресе   көп   дауысты   мысалдарды орындау   кезінде   дауыстануды   дұрыс   сақтау   керек.   Дауыстың   қозғалысын дұрыс тыңдап жаза – алу мызыкалық естуді түсіндірудің нәтижесі болу керек Музыкалық диктант жазу үрдісі:  Алдыменен педагог жазу жұмысын бастар алдында   қалыптастырған   жағдайдың   мыңызы   зор.   Егер   оқушының   назарын диктант жазылатынын, оның екі немесе үш дауысты екенін, соны тезірек жазу керектігін айтса, оқушы ол музыкалық шығарманы тыңдап, оны сезінбейді, тек шұғыл түрде жазып, дайындап айтады, қанда есеппен жазылатынын қағазға түсіруге асығады. Кейбір мұғалімдер орындалатын нысанды қабылдаумен есте сақтау   үшін   тональдылыққа   бейімдеу   керектігін   айтады.   Тәжірибе көрсеткендей   музыкалық   диктант   жазуда   дайындалып,   қолайлы   жағдай туғызатын қажетті негізгі сатылары:  1. Оқушылар музыканы тыңдайды. Ол оқушы ұнау үшін ол әсер етіп, нақты, мәселері орындалуы тиіс. 2. Тыңдағанда алған әсерлерін  оқытушымен бірге бөліседі. 3. Оқытушы немесе класс тоналдылықты атап, әуенді ойнайды. 4.Музыка   қайтадан   ойнаған   кезде   оқушы   оның   ладо­гармониялық, құрылымдық және метро­ритмикалық ерекшелігін талдайды.  5.Қатысушы   есінде   сақталғанын   жазуға   кіріседі.   Соңында   жазуға   бөлінген уақыт аяқталғанда, диктант тексеріледі.   Диктантты тексерудің түрлі әдістері: а. Барлық класпен орындау. б. Оқушының жеке дәптерін тексеру арқылы в. Оқытушының үлгісін класс алдында ұжыммен бірге талдау. г. Әрбір оқушының жазу дәптерінде ойналуын және өзін­өзі тексеру, қатесін түзету арқылы жүргізіледі. 11 Алдымен   сіз   тыныстың   екі   тактыны   естіп,   содан   соң   ырғақты   фразаны тыңдаңыз. Содан соң дұрыс ырғақты элементті тыңдаңыз.  Алдымен сіз тониканы естисіз. (До мажор), содан соң сол тональдылықтағы әуенді естисіз. Содан соң ноталар қатарынан дұрыс нотаны тауып белгілейсіз. (До мажор). Сольфеджиодан диктант жазуға қалай үйренуге болады?                 Музыкалық диктант  –  есту қабілетін дамытуға арналған пайдалы әрі қызықты жаттығулардың бірі, өкінішке орай, көпшілігі сабақтағы жұмыстың бұл   формасын   (түрін)   ұната   бермейді.   «Неге?»   деген   сұраққа   көпшілігі «қолымыздан келмейді» деп жауап береді. Бұл үшін екі ережені жадыңызда ұстау керек. Біріншіден, сольфеджиодан диктант жазу үшін, оларды алдымен жиі әрі көп жазу керек. Сондықтан алдымен және ең бастысы сольфеджиодан сабақты жібермей қатысу керек, өйткені олардың әрқайсысында музыкалық диктант жазылады. Екінші ереже: Өз бетіңмен және батыл әрекет ет! Әрбір ойналғаннан   кейін   оны   дәптерге   жазуға   тырысу   керек,   мысалы   бірінші такттегі   бір   нотаны   емес,   түрлі   жердегі   бірнеше   нотаны   (соңында, ортасындағы,   бесінші,   үшінші   т.б.   такттерді   жазу   керек.   Бір   нәрсені   қате жазамын деп қауіптенбеу керек, қатені түзетуге болады. Алайда бас жағында қалып   қойып   нота   парағын   бос   қалдырып,   қалып   қою   ыңғайсыз   болады. Ендеше,   сольфеджиодан   музыкалық   диктант   жазуға   арналған   ұсыныстарға көшейік.   Музыкалық   диктант   қалай   жазылады?Алдымен,   музыкалық шығарманың орындаларында тональдылықты анықтаймыз, кілттік белгілерін белгілеп,   өзімізге   осы   тональдылықты(   гамма,   үш   дыбыстылық,   қосымша сатыларын)   есімізге   түсіреміз.  Диктант   басталмас   бұрын   мұғалім   сыныпты диктанттың 90% сол тональдылықта болады. Егер тональдылық 5 бемольды болса, онда бемольды өз орнына белгілеу керек. Музыкалық диктантты ойнау. Алғашқы айналымнан кейін : қанша такт, көлемі қандай, қайталаулар бар ма, қай нотадан басталып, қай нотамен аяқталады, ерекше ырғақтың суреттері (пунктирлік ырғақ, синкопа, он алтылық, триольдар, үзілістер бар ма? Бұл сұрақтарды өздеріңізге қойып, тыңдар алдында сізге бағыт беріп, шығарма ойналып болғаннан кейін оған жауап беруіңіз керек.  Алғашқы   айналымнан   кейін   дәптерлеріңізге   негізгі   (кілттік)   белгілер   мен тактілер белгіленіп, алғашқы және соңғы ноталары жазылу керек. Тактының санына тоқталсақ, олар әдетте сегіз болады. Олардың сегізін бір жолға немесе төртеуін   бір,  төртеуін   екінші   жолға   белгілеу   керек.   Егер   диктант   16  такт болса, 4х4, немесе 8х2 жұп орналастырамыз.  Егер 9 такт кездесіп жатса (3+3+3) немесе 12 болса (6+6), кейде 10 тактылы диктант кездеседі (4+6). Екінші   айналымда:   әуен   қай   сарында   ойналады,   қалай   дамиды,   онда қайталамалар бар ма, болса, қай жерлерде екеніне мән беріледі. 12 Мысалы:   музыкада   сөйлемнің   басында   1­2   такт   және   5­6   такт,   әуенде   де секвенция, яғни бір сарын түрлі сатыдан естіліп, қайталаулар анық естіледі. Екінші айналымнан кейін бірінші, аяқталар алдындағы және есіңізге сақтай алсаңыз төртінші тактты да дәптерге жазу керек. Егер екінші сөйлем біріншісі қайталаудан басталса, оны да жазып қою өте маңызды.   Егер   екінші   айналымнан   кейін   дәптерде   көлемі,   алғашқы,   соңғы нотасы жазылып, такт белгіленбесе, онда мұғалімнен қанша такт бар, көлемі қанша? деп сұрауға болады.  Үшінші және одан кейінгі айналым: Алдымен дирижер болып, ырғақты есте сақтап, оны жазып алу керек. Екіншіден,   нотаны   бірден   ести   алмасаң   әуенді   талдап:   қозғалысының бағыттарын (жоғары, төмен) , баяулығын (сатыбойымен бе, немесе секірмелі түрде   ме,   ара   қашықтығын)   ,   аккордтардың   дыбыстарындағы   қозғалыс анықталады.   Үшіншіден,   мұғалімнің   өзге   балаларға   айтқан   ескертпелерін тыңдап,   дәптеріңе   қарап,   қателері   болса,   түзетіп   отыру   керек.   Соңғы   екі айналым жазылған музыкалық диктантты тексеруге арналады. Тек нотаның жоғарылығын   ғана емес, сонымен  бірге штиль,  лига,  альтерация  белгілерін қою (мысалы   бекарьдан кейін диез мен бемоль қою) тексерілді. Өздеріңіз байқағандай   музыкалық   диктант  жазу  өте   күрделі  емес.  Үйден   музыкалық әдебиеті бойынша берілген шығармаларды нотамен қарау  керек.   Бұл әдіс ноталарды тез жаттап алуға, диктантты жақсы жазуға  көмектеседі.  Музыкалық диктанттың түрлері .              Көрнекі   диктантты   оқытушы   тақтада   жазып   көрсету   мақсатында жаздырады.   Мұғалім   дыбыстап   бүкіл   сыныптың   алдында   оқушыларға естілуін   ,   дирижерлық   жасап,   әуенді   ойнап,   оны   нотаға   түсіру   үрдісін көрсетеді   .   Мұндай   диктант   дайындық   жаттығуларынан   кейін   өз   бетімен нотаға   жазып   үйрену   мен   түрлі   диктант   жазуда   кездесетін   қиындықтарды жеңуде көмектеседі. Бұл мұғалімге бір жаңа топпен жұмыс жүргізуде түгел топқа бірдей дұрыс, әрі қажетті әдістемелік бағыт беру кезінде өте тиімді әдіс.   Мұндай   диктантты   оқушылардың   бірі   де   жүргізуге   болады.   Бұл оқушының   жазбаларының   жазылу   бағыты   мен   әдістерін   көруге   мүмкіндік береді.         Күні бұрын талдау диктанты. Алғашқы екі айналымнан  кейін мұғалім ұсынған мысалды талдайды. Оның екпінін , көлемін, тональдылығын, әуенінің құрылымын анықтағаннан кейін мысалдың   жекелеген   ерекшеліктеріне   тоқталып,   интонацияның   иірімдерін, ырғақтың   фигураларына   түсінік   беріп,   оны   ойнап,   айтып   береді.   Осындай 13 талдаудан кейін диктант тағы да орындалады, содан соң оқушылар өз бетімен орындайды. Диктанттың бұл формасы диктанттағы жаңа ырғақтық фигуралар мен басқаша дыбыстар пайда болған т.б. қиындықтар кезінде қолайлы. Кей кезде   мұғалім   оқушылардың   назарын   белгілі   бір   нәрсеге   аударарда   жалпы талдау жасау емес, тек бір, сынып үшін қиын нәрсеге назар аударып, талдау керек.             Эскизді диктант.Сыныппен  шығарманы ойнап оны анықтағанан кейін мұғалім оны басынан аяғына дейін емес, тек екінші сөйлемнен жазу керектігін таныстыруға болады. Немесе жекелеген элементтің түрін, мысалы: секвенция, каденция   мотивін   т.б.   жазу.   Бұл   диктантта   барлық   мысалды   емес,   тек мысалдық фрагменттерін жазуға болады. Осы әдіс кезінде оқушыларға нота жазатын дәстүрге тактының санын белгілеп, содан соң нысандық жекелеген бөліктерін   жазуға   болады.Мұғалім   фрагменттерді   жазу   ретін,   мысалы алдымен каденцияларды, содан соң бірінші және екінші фразаларды жазу т.б. Бұл   әдісті   үйренгенмен   кейін   оқушы   алдымен   есте   сақтаған     үзінділерін (фрагменттерін), содан соң қалғандарын жазуға болады. Бұл жұмыстың түрі оқытудың түрлі сатысында оқушылар эскизді жазбаларға үйреніп кеткенше қолданылады.Мұғалімнің   ескертуінсіз,   өз   бетімен   музыкалық   әдебиеттен, нақты аяқталған түрде кез­келген нысанды алуға болады.  Еркін   тональдылықтағы   диктант­Нысанға   алған   шығармамен   танысқанан кейін, жазуға кіріскенге дейін белгілі уақыт бөлінеді. Оның түрлі өте көп: Сынып   болып   тониканы   әндетіп,   содан   соң   интоннациялық   кешендерді орындайды.Мұғалім   тек   тоникалық   үшдыбыстылықты   орындайды.   Сынып неғұрлым жақсы дайындалған болса, соғұрлым тональдылық жақсы естіліп, оқушылар   мұғалімнің   музыканы   тыңдаған   кезде   өздері     ойша   бағытталып отырды.   Бұдан   соң   тональділік   белгіленеді.   Оны   мұғалім,   немесе   сынып оқушысы айта алады. Сольфеджиодан сабақ беру үрдісі кезінде оқушының бойында   тональдылық   жоғарлылығын   анық   тануға   үйретіп,   есту   қабілетін жоғарылатады.Кей   кезде   тоналдылықты   өздері   естіп   отырған   бағытында белгілеп, жазуға тапсырма беріледі.Мұндай диктантты жеке тексеру керек. Тексеріп болған соң мұғалім нысан қай тональдылықтың орындалғанын айтып, қателескендерге өз жазбаларын түзеуге мүмкіндік береді.  Жадын,   есте   сақтауды   дамытуға   бағыталған   диктант­   Диктант   музыкалық жады мен ішкі есту қабілетіне бағыталғанымен сабақ барысында  диктанттың арнайы   формаларын   қолдану   керек.   Мұндағы   басты   міндеті:   орындалатын нысанды есте сақтау , ал оны жазу. Өткізу әдісі:Мұғалім мысалды 2­3 рет ойнайды.   Содан   соң   мұғалімнің   белгісімен   сынып   ойша   әуенді   қайталап 14 шығады. Егер біреулерге түсініксіз болса,тағы бір қайталап шығады. Содан соң тональдылық белгіленіп,оқушы есінде не қалғанын жазады. Диктант жазу кезінде,   тексеру   кезінде   қайталанбайды,   сынып   тыныш   болу   керек   . Белгіленген   уақыт   біткенен   соң   диктант   тағы   бір   рет   ойналып,   сынып қателерін түзетеді.Мұндай диктанттардың материалдары  ашық, әуенді,  сазды болуы керек. Алдымен қысқа (2,4 такт) дыбысы аз, мысалдар бір фразадан тұруы керек. Сонда өзінің назарын, есінде қалғанын бақылап үйренеді, содан соң   шағын   сөйлемдерді   есте   сақтап,   жаттығады.   Олардың   құрылымы күрделене   түсуі   керек.   Жадын   дамытуға   арналған   жаттығуларды   тексеру кезінде   мысалдың   жазбалары   емес,     оны   фортепианода   орындауы   назарда болады. Бұл кезде орташа музыкалық қабілеті бар оқушылардың музыкалық есте   сақтауында   дыбыстар   нақты,анық   болмауы   мүмкін,   сондықтан фортепианода ойнау осыларды нақтылауға, есте сақтауға көмектеседі.       Өздік диктант немесе таныс музыканы оқушының өз бетімен жазу жұмыс жасай   алатындығын   тексеру   бағытында   ,   және   оқушының   үй   тапсырмасын тексерудің   формасы   ретінде   таныс,   жадында   сақталған   шығарманы   жазу тапсырылады.   Бұл   тапсырма   кезінде   жаңа   музыканы,   жадында   сақтауға жаттығу жұмысы жүргізілмейді. Алайда ішкі есте қабілетінің негізінде жазба жасау   өте   тиімді,   пайдалы   тәсіл.Өздік   диктант   сынып   жұмыстары   кезінде түрлі нұсқада жүргізіле алады.Музыкалық шығарма немесе ән айтылып, оның тональдылығы,   көлемі   белгіленіп,   содан   соң   оқушылар   есте   сақталғаны бойынша,   музыканы   тыңдамай,   жазуды   бастайды.Мұғалім   оқушыға   қай шығарманы  жақсы есте  сақтаса  соны жазуды  да  ұсына  алады.  Ең  бастысы сыныпта   тыныштық   болуы   керек.   Бұл   тапсырманың     қиындығы   мұғалім тональдігін 1­ші дыбысты анықтауға көлемін белгілеуге көмектесе алмайды. Сондықтан бұл тапсырма тек 1­ші форма орындалғанан кейін беріле алады. Жазбаларды   тексеру   кезінде   оқушыларға   не   жазғанын   орындап   беру тапсырылады. Сонда оқушының қателігін нақты байқауға болады. Осы форма бойынша   жұмыс   жүргізуде   алдымен   шумағын   жазып.   содан   кейін   вокалды шығарманы   –   ән,   романс   т.б.   жазуға   болады.   Өздік   диктант   баланың шығармашылық белсенділігін арттыруға көмектеседі. Оқушыларға өздерінің шығармаларын   жазуға,   екінші   сөйлемді   ойдан   құрауға   мүмкіндік   беруге болады.   Бұл   өз   бетімен,   үйден   жұмыс   жасауға,   жазуға   жаттығуда таптырмайтын, тиімді әдіс.  Диктанттың орындалу кезеңдері: 1. Әуендік­бір дауысты, екі және одан да көп дауысты Үйретуші диктанттардың жіктелуі: 15 2. Үйлесімділік   (гармониялық)   –ГО­ГА   фактурасында   немесе   ансамбль аккомпаненті 3. Ырғақтық (ритмикалық) –әртүрлі шулы аспаптармен 4. Кластердегі ырғақтық­ әуендік аспаптармен, 5. Түрлі тасымалдағыштардағы композициялар 6. Тембрлік – әртүрлі аспаптарды анықтау т.б. бөлінеді. Көлеміне қарай диктанттың түрлері: 1. Шағын – синтагмадан шағын текшеге дейін 2. Стандартты – стандартты текшеге қарап (4,8,12,16,32 такт) 3. Үлкен – бірнеше текшеден тұратын композиция Фиксациялау әдісі (жазылу техникасы бойынша) 1. Жылдам жазу –дыбыс –белгі (стенография) 2. Ауызша диктант – есту бойынша анықтап, саусақпен жауап беру 3. Модельдеу – композиция мен үзіндінің (фрагменттің) үлгісін құрау. 4. Жатқа жазу – талдаумен (шартты белгілері болады) 5. Коррепция (түзету тыңдаудан кейінгі өңдеу) Диктанттың түрлері Нота қатарындағы ноталар­ (алгоритм бойынша) дәстүрлі әдіс 1. Эскиз – үлгілеу блогындағы модельдер (экранда көрсету) 2. Құрамындағылардың   сипатталу   кестесі   –шифры,   сандары,   әріптері, белгілері. 3. Ауызша – саусақпен жауап беру. 4. Коррекция (түзету) –тыңдағаннан кейінгі өңдеу. Мақсаты: ауызша талдау­өз көзқарасын жазылған жазбаларға қарап негіздеу. Оқу диктантының жұмыс кезеңдері : Мұғалім оқушылардың алдына түрлі міндеттер қояды.  диктанттың түрін белгілейді;   диктанттың типін белгілейді;  фиксациялау әдісін ұсынады;  жұмыс алгоритмін жариялайды;  ауызша талдау алгоритмін ұсынады. Жұмыс үрдісі  Диктант өткізудің нұсқалары өте көп. Мұғалім әр оқушыға,сыныпқа тапсырма береді. Жұмыс нәтижесі: Жұмыс тобы көп болмаса, әрқайсысының жұмысын тексеруге болады, алайда тек 4 жұмыстың өзі көп уақыт алады. Сондықтан оқушыларға дұрыс жауапты көрсетіп, қателерін  өздеріне тауып, түзетуге мүмкіндік беруге болады. Содан соң өздерін бағалайды.  16 Бағалау алгоритмі: Қатесі болмаса ­5; Бір қате болса­4; Екі қате болса­3; Үш, одан да көп қате болса­2; Егер   қателер   барлық   оқушыда   бірдей   болса,   онда   бұл   тақырып   сынып бойынша меңгерілмеген деген қорытынды жасалады.  1) Сәйкестік­ белгілер санының (дыбыстардың )ырғақта да, әуенде де бірдей келуі   және   модельдерінің   басталуы   да   бір   уақытта   болуы.   Ырғақтың басымдылығы әуен моделінің бірінші дыбысына келеді.  2) Ығысу –дыбыстар саны бірдей , бірақ басталуы бір –екі дыбысқа ығысқан жағдайда ритмикалық (әуендік )басымдылық әуендік модельдің 2,3 дыбысына келеді.  3) Қосу­  ырғақтық және әуендік модельдерде дыбыс санынынң түрлі болған жағдайында жұп және тақ :2­3, немесе 3­4 дыбысқа келеді. Сонда ырғақтық басымдылық   үнемі   өзгеріп,   әрбір   келесі   модельде   жаңа   дыбысқа   өзгеріп отырады.   Алғашқы   кезде   өзгерген   модельдерді   қолдануға   болмайды. Оқушылар үшін қарапайым синтагманы қабылдау оңай болады. Ал күрделі модельдерді,   талдау   жазбаларын   диктантын   жазуға   нақты   дағды қалыптасқаннан кейін кірісу керек.  4) Кластерді тану. Диктанттың бұл типі арнайы мақсатты көздейді. Мысалы : джаз фестивалінде орындаушының айтқанын нотаға түсіріп алу керек болады.                  Орындаушы   стилінің   классификациясын   анықтау   үшін   оның орындауындағы   шығарманың   импровизациялық   кластерін   анықтау   керек. Көлемі жағынан бұл шағын диктант , ол 6 кластердің біреуі бойынша   бір немесе   екі   фразадан   орындалады.   Нотаны   анықтау   қажет   емес,   үзіндінің «колоритіне» қарап,бір тыңдағаннан гамманы атауы керек. Алдын­ала көрсету мен талдаудан кейін кластерлерді оқушылар  еркін таба алады.  Жоғарыда айтылған  талаптарға сай мына ноталық мәтіндегі жаттығуларды ұсынамын. 17 18 19 20 Қорытынды.         Жоғарыда айтылған сольфеджио сабағының бір бөлігі болып саналатын  музыкалық диктант жазудың әдіс­тәсілдерін күнделікті сольфеджио  сабақтарында қолданылып отырса,ол оқушының эстетикалы, музыкалық  қаблетін арттыруда зор көмегін тигізері сөзсіз. Музыкалық диктантты жазудың  аталған түрлерін жүйелі түрде сабақта қолданып,оны оқушы, дұрыс уақытылы  кезең­кезеңімен ұсынып,әр оқушының есту , сезіну , қабылдау , ішкі көркею  қаблеттерін дер кезінде ескере отырса ұстаз еңбегі еш кетпейді. Әр сабақ сайын  музыкалық диктанттын әр –түрлі кезеңіне ауысып отырса онда оқушының  музыкалық қаблеті оның ішінде: есту ,сезіну, ішкі түйсік, қабылдау рефлекстері  оянып ішкі жан дүниесі музыкалық дыбыстарды таза дұрыс қабылдауларына зор  ықпал етеді.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қазіргі заман ағымына қарай   білімді, озық ойлы, жан дүниесі көркем, музыкалық қаблетті, ішкі жан дүниесі  ашылмай жүрген балаларды қосымша білімге құлшындырып соның ішінде  музыкалық білім саласында сауатты да сапалы білім алып шығулары үшін   білімді де білікті ұстаздардың іс­тәжірибелері аса қажет. 21 Қолданылған әдебеттер тізімі 1. Калмыков- Фридкин «Солфеджио» ОдноголосиеІ-ІІ часть Москва 1975г 2. Л. Давыдова «Сольфеджио» 5-класс Москва 1983г 3. О. Аверьянова «Отечественная музыкальная литература» Москва 1972г 4. Д. Калинина «Рабочая тетрадь» сольфеджио 5-класс Ленинград 1965г 1962г 5. В.Вахромеев «Элементарная теория музыки» Музгиз 6. Ә.Ибн-Сина «Музыка теориясы бойынша зерттеулер құндылықтары» Алматы 1987 ж 7. Э.Б. Абдуллин «Теория и практика музыкального образования» Москва 1983г 8. Ю.Б. Алиев «Методика музыкального воспитания детей » Воронеж 1988г 9. В.И.Холопова «Теория музыки» издательство «Лань» 10. Майкл Пилхофер «Теория музыки для чайников» 2010г Воронеж 2000 г 22 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №11 С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ мектеп интернат кешені «Өнер» бөлімі Әдістемелік құрал 23 Құрастырған : Кужахметова П.А 24

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов

Методика правописание музыкальных диктантов
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.02.2017